Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
… Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.
— Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді - фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» - деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты…
1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
Ақпараттар
|
+ дұрыс
| |
Әлия неміс офицерімен айқаса кетті.
|
|
|
Неміс офицері Әлияға оқ жаудыра бастайды.
|
|
|
Әлия өлер алдында немістің солдатын атып түсіреді.
|
|
|
Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне хат жазған екен.
|
|
|
2. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.
3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
|