Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика 8-сынып



бет7/16
Дата20.11.2023
өлшемі459.44 Kb.
#483788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар Физика 8-сынып

Бағалау критерийлері

Білім алушы • Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады • Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды • Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды
• Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау әдісін сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты
Тапсырма

20 минут

  1. Изотермиялық сығылу кезінде газ қоршаған денеге 800 Дж жылу мөлшерін береді. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі қандай?

[2]

  1. Белгілі бір процесс кезінде газ 5 МДж жұмыс атқарды. Осы кезде ішкі энергия 2 МДж-ға кемиді.

    1. Газға берілген энергия қайда жұмсалатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде түсіндіріңіз және формуласын жазыңыз.

[2]

    1. Газға қандай жылу мөлшері берілгенін есептеңіз.

[1]

  1. Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен 300 Дж жұмыс атқарылады, ал тоңазытқыш температурасы 280 К.

    1. Қоршаған ортаға бөлінген энергияны анықтаңыз.

[1]

    1. Машинаның ПӘК-ін есептеңіз.

[1]

    1. Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазыңыз.

[1]

  1. Мотоцикл 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 100 км жолда 1,7 л бензин жұмсайды, ал қозғалтқыштың ПӘК-і 20 %. Бензиннің тығыздығы 700 кг/м3. Бензиннің меншікті жану жылуы 46∙106 Дж/кг.

    1. Бензиннің массасын анықтаңыз.

[1]

    1. Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз.

[1]

    1. ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы жұмысты анықтаңыз.

[1]
Жалпы балл: 11



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет