«
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
3.2.3.1Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық
бөліктерге бөліп, әр
бөлікке ат қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды білдіретін
сөйлемді анықтайды
•
Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар
құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
20
минут
1-
тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
•
Мәтіннің кейіпкерлерін жаз. ____________________________________________
•
Мәтінге ат қой. ______________________________________________________
•
Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлемді тауып, көшіріп жаз.
__________________________________________________________________
2-
тапсырма
Сұрақтардың көмегімен мәтінді үш бөлікке бөліп, қоршап сыз. Әр бөлікке ат қой.
Желдің қандай ойы
болды?
1)_______________
_________________
_________________
Оны қандай жолдармен
жасағысы келді?
2)______________________
_______________________
_______________________
Емен желге қалай
жауап берді?
3)_________________
__________________
__________________
Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын.
Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады.
Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше, жапырақтарын қимылдатып,
желді
мазақ қылғандай болды.
Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара
бұлт басып, күн күркіреді.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра
түсті. Еменді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.
-
Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап
бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.
(Л.М. Жариковтан аударылып, бейімделген)