Халықтың табиғи өсу коэффициенті дегеніміз – туу коэффициенті мен
өлім-жітім коэффициентінің айырмасы, ол промиллемен (‰) өлшенеді. Егер
туу коэффициенті өлім-жітім коэффициентінен жоғары болса, табиғи өсу
коэффициенті оң мәнге ие болады, ал керісінше, өлім-жітім коэффициенті туу
коэффициентінен жоғары болса, онда табиғи өсу коэффициенті теріс мәнге ие
болады.
3-мысал: 2005 жылдың басында «О» мемлекетінің халық саны 3 500 000
адам еді. 2005 жылы «О» мемлекетінде туу коэффициенті 31 промиллеге (‰), ал
өлім-жітім коэффициенті 19 промиллеге (‰) тең болды. «О» мемлекетінің
табиғи өсу коэффициентін және 2005 жылы «О» мемлекетінің табиғи өсімі неше
адамды құрағанын тап.
Шешу жолы:
1-ші қадам: Табиғи өсу коэффициентін табу үшін, туу коэффициентінен
өлім-жітім коэффициентін азайтамыз:
31 ‰ – 19 ‰ = 12 ‰;
2-ші қадам: табиғи өсу коэффициенті 12 ‰ екені анықталды, енді табиғи
өсімнің неше адамды құрағанын табу үшін, 12-ні 3 500 – ге көбейтеміз, себебі
«О» елінің халық саны 3 500 000 адам:
12×3500 = 42 000 адам;
Жауабы:
2005 жылы «О» мемлекетінің табиғи өсу коэффициенті 12 ‰-ге
тең болды, ал халықтың табиғи өсімі 42 000 адамды құрады.
4-мысал: Жыл басында Берлин қаласында халық саны 3 660 000 адам еді.
Жылдық туу коэффициенті 16 промиллеге (‰), өлім-жітім коэффициенті 22
промиллеге (‰) тең болды. Берлин қаласының табиғи өсу коэффициентін тап.
Шешу жолы:
1-ші қадам: Табиғи өсу коэффициентін анықтау үшін, туу коэффициентінен
өлім-жітім коэффициентін азайтамыз:
16 ‰ – 22 ‰ = -6 ‰, яғни табиғи өсу коэффициенті теріс мәнге ие.
2-ші қадам: -6 – ны 3 660-қа көбейтеміз, себебі, Берлин қаласының халық
саны 3 660 000:
-6 × 3 660 = -21 960 адам
Достарыңызбен бөлісу: |