2
§1. Карта бойынша келетін есептер
§1.1. Карта масштабын анықтау
Масштаб –
жер бетіндегі қашықтықтың, кез-келген
бір объектінің қағаз
бетіне (картаға) неше есе кішірейтіліп түсірілгенін көрсететін өлшем.
Мысалы, жер бетінде ұзындығы 100 км болатын автомобиль жолы карта
бетіне 10 см етіп түсірілсе, автомобиль жолы 1 000 000 есе кішірейтілген деген
сөз. Демек, карта масштабы
1:1 000 000.
Шешу жолы:
Бұл картаның масштабын анықтау үшін, жер бетіндегі
жолдың ұзындығын карта бетіндегі сол жолдың ұзындығына бөлдік. Осы
арқылы, жер бетіндегі жол ұзындығы неше есе кішірейтілгенін тауып алдық.
100 км-ді 10 см-ге бөлу оңайырақ болу үшін, 100 км-дің неше см-ге тең екенін
анықтап алуымыз керек.
100 км = 100 000 м =
10 000 000 см;
𝟏𝟎 𝟎𝟎𝟎 𝟎𝟎𝟎 см
𝟏𝟎 см
= 𝟏 𝟎𝟎𝟎 𝟎𝟎𝟎
;
Достарыңызбен бөлісу: