24
§4.3. Халықтың механикалық өсімін және механикалық өсу
коэффициентін анықтау
Мемлекет аумағындағы халық әртүрлі себептермен қоныс аударады. Кейде,
мемлекет аумағына басқа
елден адамдар көшіп келеді, кейде басқа елге көшіп
кетеді.
Халықтың механикалық өсімі дегеніміз – мемлекет аумағына көшіп
келген адамдар мен көшіп кеткен адамдардың айырмасы.
Мемлекет аумағына
басқа елден көшіп келген адамды
иммигрант, ал көшіп кеткен адамды
эмигрант
деп атайды.
Халықтың механикалық өсу коэффициенті дегеніміз – иммиграция
коэффициенті мен эмиграция коэффициентінің айырмашылығы.
ҰБТ-да келетін есептерде кейде механикалық өсім (жалпы
адамдардың
саны), кейде механикалық өсу коэффициенті беріледі (‰).
1-мысал: 2013 жылдың басында «И» мемлекетінің жалпы халық саны
6 500 000 адам еді. 2013 жылы мемлекет аумағынан 95 000
адам басқа елдерге
көшіп кетті (
эмигранттар), 115 000 адам ел аумағына көшіп келді
(
иммигранттар). 2013 жылы И мемлекетінде механикалық өсім қанша адамды
құрағанын, және механикалық өсу коэффициенті неше промиллеге(‰) тең
болғанын тап.
Шешу жолы:
1-ші қадам: Механикалық өсімді анықтау үшін,
көшіп келген адамдар
(иммигранттар) санынан, көшіп кеткен адамдар (
эмигранттар) санын
азайтамыз:
115 000 – 95 000 = 20 000 адам
2-ші қадам: Механикалық өсу коэффициентін анықтау үшін, механикалық
өсім санын, 6 500-ге бөлеміз, себебі, мемлекеттің халық саны 6 500 000:
20 000
6 500
= 𝟑, 𝟏‰
Жауабы:
2013 жылы «И» мемлекетінің механикалық өсімі 20 000 адамды
құрады, ол мемлекет халқының әр 1000 адамына шаққанда, 3,1 адамды құрайды.
Демек, механикалық өсу коэффициенті
– 3,1 ‰.