сантиметрге тең.
4-мысал: Егер желдің жылдамдығы 90 км/сағ болса, онда желдің
секундына неше метр жылдамдықпен соғатынын тап.
Шешу жолы: жылдамдықты км/сағ-тан м/с-қа айналдыру үшін, 3,6-ға
бөлу керек. Ал егер, керісінше, м/с-тан км/сағ-қа айналдыру керек болса, онда
3,6-ға көбейтеміз.
𝟗𝟎 км/сағ
𝟑,𝟔
= 25 м/с;
Жауабы:
Желдің жылдамдығы 25 м/с-қа тең.
5-мысал: Қазақстанның темір кенінің қоры 17 млрд тонна. Оның 93%-ы
Соколов-Сарыбай, Қашар, Аят, Лисаков кен орындарында шоғырланған.
Аталған кен орындарының қоры неше тоннаға тең?
Шешу жолы: Бұндай типтегі есептерді қарапайым пропорция құру
арқылы шығарады. Темір кенінің жалпы қорын 100%-ға теңестіріп, Х-ті 93 %- ға
теңестіріп аламыз:
17 млрд т – 100%
X – 93% => X =
17 млрд ×93
100
= 15,8 млрд тонна.
Жауабы:
Соколов-Сарыбай, Қашар, Әйет, Лисаков кен орындарының
қоры 15,8 млрд тоннаға тең.
32
6-шы тарау бойынша есептер (шығарылу жолымен)
1)
100 м жүргенде бірінші рет 165, екінші рет 167, үшінші рет 169
қадам шықты. Бір қадамның орташа мөлшері.
А) ≈ 0,6 м
В) ≈ 0,66 м
С) ≈ 0,7 м
Д) ≈ 0,52 м
Е) ≈ 0,46 м
2)
«А» мемлекетінің аумағында жыл бойы тасымалданатын
жүктің жалпы көлемі 650 млн тонна. Оның 62%-ы теміржол көлігіне
тиесілі. Теміржол көлігінің жылдық жүк тасымалының мөлшерін тап.
А) 430 млн т
В) 403 млн т
С) 419 млн т
Д) 390 млн т
Е) 460 млн т
3)
Егер желдің жылдамдығы 108 км/сағ болса, онда желдің
секундына неше метр жылдамдықпен соғатынын тап.
А) 25 м/с
В) 29 м/с
С) 30 м/с
Д) 20 м/с
Е) 35 м/с
Достарыңызбен бөлісу: |