Жылдамдық шегін төмендетудің қандай артықшылықтары бар?


Шу мен қатты дыбыс деңгейін бәсеңдету



бет2/4
Дата30.01.2023
өлшемі29.18 Kb.
#468944
1   2   3   4
ботагөз апай (1)

2. Шу мен қатты дыбыс деңгейін бәсеңдету
Әл-Фараби даңғылы — Саин көшесін тек қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, жайлылық тұрғысынан да түзету қажет. Барлық жүрдек жолдар ең күшті шудың негізгі көзі саналады. Әл-Фараби даңғылында тұрып, диалог жүргізу үшін сұхбаттасушыға сөзбе-сөз айқайлау керек. Өйткені, шу өте қатты естіледі. Жүйткіген автомобиль шуылы жол бойында орналасқан тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттарындағы адамдар үшін де біраз қолайсыздық тудырады.
Шудың зиянын зерттейтін британдық қауымдастықтың зерттеулеріне сәйкес, 80 км/сағ жылдамдықпен автомобиль 78 децибел шу шығарады. Ал 60 км/сағ жылдамдықпен 75 децибел. 3 децибелдегі айырмашылық шамалы, бірақ бұл өлшем бірлігі логарифмдік болып есептеледі. Мысалы, 1 децибел шу деңгейінің 30%-ға артуын білдіреді, ал 3 децибел айырмашылықты шамамен екі есе арттырады.
3. Экология 
Экологиямыз мен улы газ мәселесі туралы айту қиын. Британдық кадастрдың деректері бойынша, 80 км/сағ және 60 км/сағ жылдамдықпен Еуро-3 және Еуро-4 стандартты автомобильдерінен бөлінетін PM бөлшектерінің көлемі еш өзгермейді және километрге 0,00128 граммды құрайды. Еуро-5 стандарты үшін сандар жылдамдыққа байланысты болмайды, километрге 0,00118 граммды құрайды. Қалдықтардың шығу көлемі күрт тежелу кезінде көп өзгереді. Яғни, бұл жағдайда көлікті тежеуден гөрі жүргізіп отыру маңызды. Бұл ретте, автомобиль қозғалысының жылдамдығы неғұрлым көп болған сайын, жиі тежелуді тудырады. Ал бұл өз кезегінде экологияға кері әсерін тигізеді.
Уақыт айырмашылығы қандай?
Әл-Фараби даңғылындағы Науаи көшесінен Достық даңғылына дейінгі ұзындық 7,5 шақырымды құрайды. Жолды 80 км/сағ жылдамдықпен біркелкі қозғалғанда 5 минут 37 секундқа жетеді. Жаңа жылдамдық режимі бойынша жүру үшін 7 минут 30 секунд қажет. Уақыт айырмашылығы — 1 минут 53 секунд ғана. Бұл бағыттағы жолдың керісінше бағытын анықтасақ, жаңа және ескі жылдамдық режимі үшін тиісінше 6 минут 36 секунд және 4 минут 57 секунд құрайды. Айырмашылық — 1 минут 39 секунд.
Кіші айналма жолы (Малое кольцо) бойынша ең танымал маршруттардың арасында ең ұзыны — Саин мен Рысқұлов қиылысы. Ұзындығы — 16.7 шақырым. 80 км/сағ жылдамдықпен бұл ұзындықты 12 минут 31 секундта, 16 минут 42 секундта 60 км/сағ жылдамдық лимитімен өтуге мүмкіндік береді. Уақыттағы айырмашылық — 4 минут 11 секунд.
Яғни, біркелкі қозғалыс жағдайында, машина басынан бастап жолдың соңына дейін тұрақты жылдамдықпен қозғалатын кезде, рұқсат етілген максимум уақыт шығындарының айырмашылығы кемінде 2, ең көп дегенде 5 минут болады. Адамдар үшін физиологиялық жағынан айырмашылық болады. Бірақ бұл көрсеткіштерге жолда кедергі болмаған кезде жете аламыз. Себебі, айналадағы көліктер жолдағы кедергіге әсер етеді.
Қандай жылдамдықты шектесе де, таңертең және кешкі кептеліс уақытында бұл жолдардағы жылдамдық Yandex.Traffic бойынша сағатына 20-10 немесе тіпті 5 шақырымға дейін төмендейді. Бұл жүргізушілер үшін шындық.
Жылдам трасса қала ішінде болу керек пе?
Кіші айналма жолындағы жылдамдық шегі — 80 км/сағ, тіпті одан да жоғары. Бірақ америкалық қоғамдық көлік және көлік қызметкерлерінің қауымдастығы шығарған «Жасыл кітабында» америкалық стандарттар мен ұсыныстарды қарастырсақ, көптеген келіспеушіліктер бар.
Ең алдымен, тығыз салынған көшелерде қалалық автобустарға басқа жол бөлінуі керек. Яғни толығымен эстакадамен немесе терең траншеямен өту керек. Бұған қоса, автожолдар үшін 50 метрлік еркін аймақ салынуы қажет.
«Жасыл кітапта» экспресс-маршруттар фривеймен ғана жүре алатыны туралы жазылған. Олардың аялдамалары бір-бірінен кемінде 3,5 шақырым қашықтықта орналасуы керек және аялдамалар автожолдан бөлек орналасу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет