Жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама



жүктеу 160.85 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі160.85 Kb.



2004-2006 жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы

АНЫҚТАМА

Осы талдау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті ұсынған статистикалық деректер негізінде жүргізілді.

Статистикалық деректерге сәйкес сотқа келіп түсетін қылмыстық істер санының жыл сайын азайып отыратын үрдісі бар.

Соңғы үш жылдың ішінде сотқа келіп түскен қылмыстық істердің саны 18% дерлік азайды (егер 2004 жылы сотқа 63 994 іс, 2005 жылы 58 189 іс түссе, онда 2006 жылы сотқа 51 926 іс түскен).



19,8%-ке аяқталған қылмыстық істер саны төмендеген. Үкім шығарып қаралған істер саны да тиісінше 22% төмендеген:

- 2004 жылы – 38 526 іс;

- 2005 жылы – 35 651 іс;

- 2006 жылы – 30 170 іс.

Аталған кезеңде істерді қарау жеделдігі айтарлықтай арттырылды.

Егер 2004 жылы 27 істің мерзімдері бұзылып (0,04%) қаралса, онда 2005 жылы олардың саны 11 (0,02%) істі, ал 2006 жылы тек 2 (0,004%) істі ғана құрайды.

Бірінші сатыдағы соттар:



  • 2004 жылы 958 істі (түскен істердің 1,5%);

  • 2005 жылы 874 істі (түскен істердің 1,5%);

- 2006 жылы 750 істі (түскен істердің 1,4%) қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған.

Соттар қосымша тергеу жүргізу үшін қайтарған істердің үлес салмағы іс жүзінде өзгермеген.

Талдау көрсеткендей, істердің басым көпшілігі:


  1. ҚК 175-бабында (ұрлық) (2004 жылы – 99 іс, 2005 жылы – 102 іс, 2006 жылы – 77 іс);

  2. ҚК 103-бабында (қасақана ауыр зиян келтiру) (2004 жылы – 72 іс, 2005 жылы – 48 іс, 2006 жылы – 63 іс);

  3. ҚК 179-бабында (қарақшылық) (2004 жылы – 67 іс, 2005 жылы – 63 іс, 2006 жылы – 56 іс) көзделген қылмыстар бойынша қосымша тергеуге қайтарылған.

Мұнымен қоса, соттарға:

  • 2004 жылы – 403 істі немесе қайтарылған істердің 47,2%;

  • 2005 жылы – 395 істі немесе 45,1%;

  • 2006 жылы – 314 істі немесе 41,9% қосымша тергеу жүргізілгеннен кейін қайтадан қайтарылған.

Қосымша тергеуге қайтарылған істердің іс жүзінде жартысы соттарға қарау үшін қайта жіберілмейді.

2004 жылы 391 адамға қатысты (қайтарылған істердің 40,8%), 2005 жылы 320 адамға қатысты (36,6%), 2006 жылы 261 адамға қатысты (34,8%) істерді қосымша тергеуге жіберу туралы қаулылар апелляциялық тәртіппен бұзылды.

Жоғарыда келтірілген деректер істерді қосымша тергеуге қайтару туралы қаулылардың сапа көрсеткіштерінің (6%-ке) жақсарғанын көрсетеді.

2004 жылы барлығы 24 792 адамға қатысты, 2005 жылы 22 991 адамға қатысты, 2006 жылы 21 855 адамға қатысты істер қысқартылған.



Заңды күшіне енген үкімдер бойынша:

- 2004 жылы – 41 755 адам;

- 2005 жылы – 38 965 адам;

- 2006 жылы – 32 905 адам сотталған.

Санаттар бөлігінде аудандық және оларға теңестірілген соттар:

- ұрлық (ҚК 175-бабы) жасағаны үшін: 2004 жылы – 10 997, 2005 жылы – 9 467, 2006 жылы – 7010 адам;

- есiрткi заттарымен және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты қылмыстар (ҚК 259-261-баптары): 2004 жылы – 7646, 2005 жылы 7 072, 2006 жылы – 6964 адамды;

- тонау (ҚК 178-бабы): 2004 жылы – 4 081, 2005 жылы – 4 056, 2006 жылы – 3700 адамды;

- бұзақылық (ҚК 257-бабы): 2004 жылы – 2388, 2005 жылы – 2030, 2006 жылы – 1341 адамды;

- қарақшылық (ҚК 179-бабы): 2004 жылы – 1877, 2005 жылы – 2192, 2006 жылы – 2058 адамды соттаған.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар негізінен:

- адам өлтіру (ҚК 96-бабы): 2004 жылы – 815, 2005 жылы – 740, 2006 жылы – 624 адамды;

- қарақшылық (ҚК 179-бабы): 2004 жылы – 73, 2005 жылы – 69, 2006 жылы – 57 адамды;

- бұзақылық (ҚК 257-бабы): 2004 жылы – 34, 2005 жылы – 43, 2006 жылы – 24 адамды соттаған.



Ақталған адамдар саны:

- 2004 жылы 475 адамды (өндіріспен істері аяқталған адамдардың 0,7%);

- 2005 жылы – 495 адамды (0,8%);

- 2006 жылы – 426 адамды (0,8%) құрайды.

Соңғы үш жыл ішінде соттар ақтаған адамдардың үлес салмағы іс жүзінде өзгермеген.

Ақтау үкімдері шығарылған істер санаттарына талдау жасау негізінен нақ сол бір қылмыс санаты бойынша адамдарды қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартуды айғақтайды.

Санаттар бөлігінде аудандық және оларға теңестірілген соттар көбінесе мына қылмыстар жасағаны үшін сотқа берілген адамдарды:

- алаяқтық (ҚК 177-бабы): 2004 жылы – 24, 2005 жылы – 10, 2006 жылы – 6 адамды;

- билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (ҚК 308-бабы): 2004 жылы – 16, 2005 жылы – 7, 2006 жылы – 9 адамды;

- есiрткi заттарымен және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты қылмыстар (ҚК 259-261-баптары): 2004 жылы – 11, 2005 жылы – 8, 2006 жылы – 6 адамды;

- жеке айыптау істері бойынша: 2004 жылы – 309, 2005 жылы – 353, 2006 жылы – 306 адамды ақтаған.

2006 жылы көбінесе сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алғаны немесе ысырап еткені үшін сотқа берілген (ҚК 176-бабы – 13 адам) адамдардың ақталғанын атап өту керек. Сондай-ақ, адамдардың басым көпшілігі қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдаланғаны (ҚК 307-бабы – 7 адам) үшін ақталған.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар көп жағдайларда адам өлтіргені үшін сотқа берілген (2004 жылы - 9, 2005 жылы – 12, 2006 жылы - 9) адамдарды ақтаған.

Прокурордың сезіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауды қолдануға берген және қамау мерзiмiн ұзартуға берген санкциясына (ҚІЖК 110-бабының тәртібімен) келіп түскен шағым арыздарды зерделеу қаралған шағым арыздар санының 17,1%-ке және қанағаттандырылған шағым арыздар 9,4%-ке көбейгенін айғақтайды.

2004 жылы 627 материал қаралды, оның 166 немесе 26,5% қанағаттандырылды.

- 2005 жылы – 680, оның 113 немесе 17% қанағаттандырылды;

- 2006 жылы 756, оның 129 немесе 18% қанағаттандырылды.

Сот актілерін орындауға байланысты мәселелер бойынша соттар 2004 жылы – 52 172 ұсыныс қарады, оның 47 282 қанағаттандырылды.

- 2005 жылы – 46 029, оның 39 799 қанағаттандырылды;

- 2006 жылы – 53 002, оның 46 581 қанағаттандырылды.

Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде       босату (ҚК 70-бабы), жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру (ҚК 71-бабы) және мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың (ҚК 70-бабының 7-бөлігі) күшін жою бойынша: 2004 жылы – 23 210 ұсыныс қаралып, оның 20 796 (90%) қанағаттандырылды; 2005 жылы – 19 359 ұсыныс қаралып, оның 16 719 (86,4%) қанағаттандырылды; 2006 жылы – 16 135 ұсыныс қаралып, оның 12 670 (78,5%) қанағаттандырылды. Сонымен, қаралған қаулылардың жалпы саны да (30,5%-ке), сондай-ақ қанағаттандырып қаралған ұсыныстардың жалпы саны да (11,5%-ке) қысқарған.

Мерзімінен бұрын-шартты түрде босату туралы қаулыларға жасалған шағымдар және келтірілген протестер саны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 22,5%-ке (2005 жылы – 843 қаулы, 2006 жылы 1088 қаулы) өсті.

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (ҚК 73-бабы) бойынша:

- 2004 жылы – 289 ұсыныс қаралып, оның 209 (72,3%) қанағаттандырылды;

- 2005 жылы – 330 ұсыныс қаралып, оның 255 (77,3%) қанағаттандырылды;

- 2006 жылы – 102 ұсыныс қаралып, оның 48 (47%) қанағаттандырылды.

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы соттар қараған ұсыныстар саны 64,7%-ке азайды, сондай-ақ қанағаттандырылған ұсыныстар саны 25,3%-ке қысқарды.

Бұған жазаны өтеп жүрген сотталғандарды ауруға шалдығуына сәйкес жазаны одан әрі өтеуден босатуға байланысты заңдарды қолданудың сот практикасына 2006 жылы жүргізілген шолу нәтижелері және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне және облыстық және оларға теңестірілген соттарға жіберілген ұсыныстар септігін тигізді деп есептейміз.
Сот төрелігін іске асыру сапасы

Қылмыстық істерді қарау сапасының жақсарған оң үрдісі байқалады.

Апелляциялық және қадағалау тәртібімен 2004 жылы жергілікті соттардың 603 адамға қатысты немесе 0,9% үкімі;

- 2005 жылы 400 адамға қатысты немесе 0,6% үкімі;

- 2006 жылы 318 адамға қатысты немесе 0,5% үкімі бұзылды.

Өткен жылы 2004 жылмен салыстырғанда сот төрелігін іске асыру сапасы 0,4%-ке, ал 2005 жылмен салыстарғанда 0,1%-ке жақсарды.

Мұнымен қоса, аудандық және оларға теңестірілген соттарда сот төрелігін іске асыру сапасының жақсарғаны (0,1%-ке) және керісінше облыстық және оларға теңестірілген соттарда жұмыс сапасының нашарлауына жол берілгені байқалады.

Сөйтіп, егер облыстық және оларға теңестірілген соттарда 2004 жылы апелляциялық және қадағалау тәртібімен бұзылған үкімдердің үлес салмағы 1,5%-ті, ал 2005 жылы ол 3,1%-ті құраса, онда 2006 жылы аталған көрсеткіштер 5,7%-ті құрайды, яғни соңғы үш жыл ішінде облыстық соттар үкімдерінің бұзылу көрсеткіштері іс жүзінде төрт есеге көбейген.


2006 жылы бұзылған үкімдердің басым көпшілігі мына соттарда орын алады: Астана қаласының соты – 13,8%, Жамбыл облыстық соты – 13,4%, Батыс Қазақстан облыстық соты - 13%, Қостанай облыстық соты – 10,3% және Алматы қалалық соты – 10,6%, олар 2005 жылмен салыстырғанда өз көрсеткіштерін айтарлықтай нашарлатты.
2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы апелляциялық және қадағалау тәртібімен облыстық және оларға теңестірілген соттардың бұзылған үкімдерінің диаграммасы

Көптеген жағдайларда сот тергеуінің бір жақты жүргізілуі және оның толық болмағандығы жергілікті соттардың үкімдерін апелляциялық және қадағалау тәртібімен бұзу үшін негіз болып табылады.

2004 жылы сот тергеуінің бір жақты жүргізілуіне және оның толық болмауына байланысты 275 адамға қатысты (жалпы бұзылған істердің 42,6%), 2005 жылы 213 (53,3%) адамға қатысты, 2006 жылы 155 (48,7%) адамға қатысты үкімдер бұзылды.
Үкімдердің бұзылуына талдау жасау аудандық және оларға теңестірілген соттар апелляциялық тәртіппен көбінесе мына істер бойынша:

- есiрткi заттарымен және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты қылмыстар (ҚК 259-261-баптары): 2004 жылы – 32 адамға қатысты, 2005 жылы – 17 адамға қатысты, 2006 жылы – 18 адамға қатысты;

- ұрлық (ҚК 175-бабы) бойынша: 2004 жылы – 31 адамға қатысты, 2005 жылы – 18 адамға қатысты, 2006 жылы – 5 адамға қатысты;

- алаяқтық (ҚК 177-бабы) бойынша: 2004 жылы – 23 адамға қатысты, 2005 жылы – 13 адамға қатысты, 2006 жылы – 10 адамға қатысты;

- жеке айыптау істері бойынша: 2004 жылы 37 адамға қатысты, 2005 жылы 25 адамға қатысты, 2006 жылы 18 адамға қатысты үкімдердің бұзылуына жол бергенін көрсетеді.

Сондай-ақ, 2005 және 2006 жылдары ҚК 177-бабында (алаяқтық) (17 адамға және тиісінше 10 адамға қатысты), 2006 жылы ҚК 120-бабында (зорлау) (12 адамға қатысты), ҚК 103-бабында (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) (11 адамға қатысты) көзделген қылмыстар бойынша істерді қараған кезде көптеген үкімдердің бұзылуына жол берілген.

Үкімдердің қадағалау тәртібімен бұзылуына жол берген істер санаттарын зерделеу, соттардың көбінесе есiрткi заттарының және жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына байланысты (ҚК 259-261-баптары) (2004 жылы 34 адамға қатысты, 2005 жылы 22 адамға қатысты, 2006 жылы 9 адамға қатысты), сондай-ақ сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар (ҚК 339-365-баптары) (2004 жылы 30 адамға қатысты, 2005 жылы 10 адамға қатысты, 2006 жылы 8 адамға қатысты) бойынша істерді қараған кезде көптеген қателер жіберілгенін көрсетті.

Есiрткi заттарының және жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына байланысты істерді қараған кезде көптеген бұзушылыққа жол берілген, ол істердің осы санаты бойынша соттардың үнемі жүзеге асыратын сот практикасын зерделеуі тиісті нәтиже бермейтінін айғақтайды.

Осыған байланысты, осы санаттағы істерді қарау жөнінде практикалық сабақтар өткізіп, тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, Сот төрелігі институтының сабақтар жоспарына осы тақырып бойынша тиісті курстарды енгізуі, сондай-ақ бағдарламаларды үйлестірушілер оқу сабақтар жоспарларын жасаған кезде осыған назар аударуы және осы мәселеге 2007 жыл ішінде сот төрелігін іске асыру нәтижелері бойынша қайта оралуы қажет деп есептейміз.

Жергілікті соттардың негізсіз соттау фактілері айтарлықтай азайды.

Егер 2004 жылы жергілікті соттардың қылмыс оқиғасының, құрамының болмауына және айыптаудың дәлелденбеуіне байланысты тоқтатылған істер бойынша 101 адамға қатысты шығарылған үкімдері апелляциялық және қадағалау тәртібімен бұзылды, ол сотталғандардың 0,2% (41 755) құраса, онда 2005 жылы 30 адамға қатысты үкім бұзылған, ол сотталғандардың 0,07% (40 497) құрайды, 2006 жылы 24 адамға қатысты үкім бұзылған, ол сотталған адамдардың 0,07% (33 996) құрайды.

Бұл ретте, соттар мына баптарда көзделген қылмыстық істерді қараған кезде көптеген бұзушылыққа жол берген:



  • 2004 жылы: ҚК 179-бабы (қарақшылық) – 5, ҚК 177-бабы (алаяқтық) – 4, жеке айыптау істері бойынша – 10 адам.

  • 2005 және 2006 жылдары: ҚК 362-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау) – 4 және 10 адам тиісінше, сондай-ақ жеке айыптау істері бойынша – 5 және 4 адам.

Үкімдер сотталғандардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты (2005 жылы үкімдер 29 адамға қатысты (заңсыз сотталғандардың 85%), 2006 жылы үкімдер 19 адамға қатысты (заңсыз сотталғандардың 79%)) бұзылған және істер тоқтатылған.

2006 жылы соттардың ақтау үкімдерін шығару сапасы 2004 жылмен салыстырғанда (0,3%) жақсарған, алайда 2005 жылмен салыстырғанда (3,4%) нашарлаған. 2004 жылы 34 адамға қатысты, бұл ақталған адамдардың 7,1% құрайды, 2005 жылы 17 адамға қатысты немесе 3,4% құрайды, 2006 жылы 29 адамға қатысты немесе 6,8% ақтау үкімдері бұзылған.

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың негізсіз ақтауға байланысты шығарылған үкімдерінің апелляциялық тәртіппен бұзылуына талдау жасау адамдардың көбінесе мына қылмыстар бойынша:

1) 2004 жылы:

- есiрткi заттарымен және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты (ҚК 259-261-баптары) - 8 адамға қатысты;

- қарақшылық, алаяқтық бойынша – 2 адамнан;

2) 2005 жылы:

- автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын  ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚК 185-бабы) – 8 адамға қатысты;

- бұзақылық бойынша – 2 адамға қатысты;

- жеке айыптау істері бойынша – 2 адамға қатысты;

3) 2006 жылы:

- зорлау бойынша (ҚК 120-бабы) – 6 адамға қатысты;

- есiрткi заттарымен және жүйкеге әсер ететiн заттармен байланысты (ҚК 259-261-баптары) - 4 адамға қатысты негізсіз ақтау үкімдері шығарылғанын көрсетеді.

Баяндалғанның негізінде, үкімдерді шығару сапасына басты назар аударып, соттардың ақтау үкімдерін шығару практикасын зерделеу қажет деп есептейміз.

Өзгертілген үкімдер саны да азайып келеді. 2004 жылы жергілікті соттардың үкімдері апелляциялық және қадағалау тәртібімен 3 207 (4,5%) адамға қатысты өзгертілген, 2005 жылы 2 894 (4,5%) адамға қатысты өзгертілген, 2006 жылы 2 267 (4,0%) адамға қатысты өзгертілген.


Жаза тағайындау

Жазаны тағайындау практикасына талдау жасау соттардың сотталушыларға жазалау шарасы ретінде бас бостандығынан айыруды өте жиі қолданытынын көрсетеді.

2004 жылы сотталғандардың - 46,3%;


  • 2005 жылы - 47,9%;

  • 2006 жылы - 49,0% бас бостандығынан айырылған. Жазаның осы түрін қолдану орташа есеппен 3,1% көбейген.

Бұл ретте, соттар жасалған қылмыстың ауырлығы дәрежесіне байланысты бас бостандығынан айыруды сараланған түрде қолданатын болған.

Ерекше ауыр қылмыстар және ауыр қылмыстар жасаған адамдарға бас бостандығынан айыруды қолдану және керісінше кішігірім ауырлықтағы қылмыстар және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға жазаның осы түрін қолдану көбейді.

2006 жылы ерекше ауыр қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшін 11 839 адам бас бостандығынан айыруға сотталған, бұл бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың 73,5% құрайды, ал 2005 жылы 12 084 адам немесе 65,6% сотталған, 2004 жылы 11 686 адам немесе 61% сотталған.

2004 жылы ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға 6697 адам (35%), 2005 жылы 5767 адам (31,3%), 2006 жылы 3858 адам (24%) сотталған. 2004 жылы кішігірім ауырлықтағы қылмыстар үшін - 775 адам (4%), 2005 жылы - 575 адам (3,1%), 2006 жылы – 357 адам (2,2%) сотталған.

Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаның басқа түрлерін қолданудың (0,03%) көбейіп кеткенін қоспағанда, оларды қолданудың (айыппұл салу – 2,1%-ке, түзеу жұмыстары – 0,3%, шартты түрде соттау – 6,7%, қоғамдық жұмыстар – 1,2%) азайғаны байқалады.

Соттар жазаның осы түрлерін былайша қолданады:

1) 2004 жылы - 1983 адамға (жалпы сотталғандардың 4,8%), 2005 жылы – 1432 адамға (3,7%), 2006 жылы – 896 адамға (2,7%) айыппұл салған;

2) 2004 жылы - 263 адамға қатысты (0,6%), 2005 жылы – 182 адамға қатысты (0,5%), 2006 жылы – 101 адамға қатысты (0,3%) түзеу жұмыстары қолданған;

3) 2004 жылы - 16 062 адам (38,8%), 2005 жылы – 14 613 адам (38,0%), 2006 жылы – 10 554 адам (32,1%) шартты түрде соттауды қолданған;

4) 2004 жылы 14 адам (0,03%), 2005 жылы – 20 адам (0,05%), 2006 жылы – 2 адам (0,06%) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырған;

5) 2004 жылы 1412 адамды (3,4%), 2005 жылы – 1113 адамды (2,9%), 2006 жылы – 724 адамды (2,2%) қоғамдық жұмыстарға тартқан;

6) 2005 жылы – 482 адамға (1,3%), 2006 жылы – 276 адамға (0,9%) бас бостандығын шектеу тағайындаған;

7) 2005 жылы – 6 адамға (0,02%), 2006 жылы – 6 адамға (0,02%) қамауға алуды қолданған.

Істердің санаттары бойынша жаза тағайындау практикасына талдау жасау соңғы үш жылдың ішінде ауырлығы орташа қылмыс жасаған сотталғандарға айыппұл салудың (6,9%) көбейгенін көрсетеді, алайда айыппұл салуды ауыр қылмыс жасаған (0,2%) және кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған сотталғандарға (7%) қолдану азайған.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін түзеу жұмыстарын тағайындау (0,6%) көбейген. Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша: 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда (9,6%) азайған, ал 2004 жылмен салыстырғанда (3%) көбейген. Кішігірім ауырлықтағы қылмыстар бойынша: 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда (3,6%) азайған, ал 2005 жылмен салыстырғанда (2,2%) көбейген.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін шартты түрде соттауды тағайындау (7,4%-ке) көбейген, ал ауырлығы орташа қылмыс үшін (5,1%) және кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындау (2,3%) азайған.

Ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жазалау шарасы ретінде белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруды қолдану едәуір (50%) қысқарды.

Ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту (6,7%) артты, ал кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін оны қолдану (6,7%) қысқарды.

Ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын шектеуді қолдану (2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2,2%, ал 2004 жылы ол қолданылмаған) көбейген және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар сол деңгейде қалған.

2006 жылы ауырлығы орташа және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар жасағаны үшін қамауды тағайындау 2005 жылмен салыстырғанда өзгермеген.

Тұтастай алғанда, жоғарыда келтірілген деректерлер соттардың жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес тағайындайтынын айғақтайды.

Мұнымен қоса, соттардың шартты түрде соттауды және түзеу жұмыстарын тағайындау практикасында ауырлығы орташа және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарға қолдану кезінде олардың санының төмендеген және керісінше қылмыстың ауыр түрлері бойынша көбейген үрдісі байқалады. Баяндалғандарға байланысты, соттардың жекелеген жазалау түрлерін, атап айтқанда шартты түрде соттау және түзеу жұмыстарын тағайындау практикасына шолу жасау қажет деп есептейміз.

Соттардың жазалаудың қосымша түрлерін тағайындау практикасына жүргізілген талдау соттардың айыппұлды және мүлікті тәркілеуді жазалаудың қосымша түрлері ретінде аз қолданатынын, ал мәжбүрлеп емдеуді жиі қолданатынын көрсетті.

Айыппұлды қолдану 0,4% қысқарды, 2006 жылы мүлікті тәркілеу 2004 жылмен салыстырғанда 6,4% көбейді, ал 2005 жылмен салыстырғанда 8,2% азайды.

Мәжбүрлеп емдеуді тағайындау 4,6% көбейді.

Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыруды қолдану (2004 жылы - 0,07%, 2005 жылы - 0,05%, 2006 жылы - 0,07%) іс жүзінде өзгермеген.

Жүргізілген талдау:

- әйелдер жасаған (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 2005 және 2006 жылғыдай 0,4%);



- алкогольдік мас күйде жасалған (2005 жылы 0,9% және 2006 жылы 1,1%);

- бұрын сотталған адамдар жасаған (2005 жылы 1,7% және 2006 жылы 0,7%) қылмыстар санының азайғанын айғақтайды.

Адамдар тобы жасаған қылмыстар бойынша 2005 жылы (0,5%) азайғанымен 2006 жылы олардың (0,4%) көбейгені байқалады.

Мұнымен қатар, қылмыстарды:

- ұйымдасқан топ болып жасағаны үшін (2005 жылы 0,4%, 2006 жылы 0,1%);

- есірткілік мастық күйде жасағаны үшін (2006 жылы 2005 жылғыдай 0,2%) сотталғандар санының көбейгені байқалады.

Сотталған кәмелетке толмаған адамдар саны (2005 жылы 6,1%, 2006 жылы 13,9%) азайған.

Мұнымен қатар, соттардың кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыруды қолдануы 2,3%-ке (2004 жылы 28,9%, 2005 жылы – 29,2%, 2006 жылы - 31,2%) көбейген. Алайда, кәмелетке толмағандарға жазалаудың басқа түрлерін қолдану қысқарған. Сонымен, шартты соттауды қолдану 9,7%, тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары 1,6%, қоғамдық жұмыстарға тартуды 0,6% азайған.



Ұйымдастыру-талдау бөлімі 2003-2005 жылдар кезеңіндегі және 2006 жылдың 9 айына сотталған кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындау практикасын зерделеді, оның нәтижелері облыстық және оларға теңестірілген соттарға жіберілді.

2004-2006 жылдар ішінде жергілікті соттардың қылмыстық істер бойынша сот төрелегін іске асыру жай-күйіне талдау жасау соттардың соңғы үш жыл ішінде қылмыстық істерді қарау сапасын арттыру жөнінде қажетті шаралар қабылдағанын көрсетті, оларды қарау жеделдігі арттырылды.



Баяндалғандарға байланысты, қылмыстық істер бойынша сот төрелегінің сапасын арттыру мақсатында проблемалы мәселелер бойынша (ақтау үкімдері, шартты түрде соттауды және түзеу жұмыстарын қолдану, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар бойынша) сот практикасын зерделеу, кездесетін бұзушылықтардың себептерін анықтау қажет, нәтижелер бойынша оларды жою және біркелкі сот практикасын қалыптастыру жөнінде нақтылы шаралар қабылдау қажет деп есептейміз.
Жоғарғы Соты Аппаратының

Ұйымдастыру-талдау бөлімі



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет