Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет14/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

КУӘГЕРЛЕР СӨЙЛЕЙДІ





Игорь Логвиннің коллажы
«Аргуметы и факты Казахстан» гәзетінен
Әбенова Сарқыт Мұхамбетәбіқызы


Менің әжем 1925 жылы сол кездегі Өскемен облысы, Самара ауданы, Ертістің жағасында орналасқан Казнакоп ауылында дүниеге келген. Сарқыт әжем әкесінен ерте айырылып, оны анасы Мұқыпжамал Байділдәқызы тәрбиелеген екен. Бес баланың ішінде ең кенжесі Сарқыт әже екен.
1928 жылы қазақ жерінде кеңес өкіметі кәмпескелеуді бастайды, колхоз, совхоз құруға елдің қорек етіп отырған малын алады. Ел аштыққа ұшырай бастайды. Аштықтың, жоқшылықтың қасіретіне төзе алмаған халықтың көбі жер ауып кетуге мәжбүр болады. Көптеген адамдар Қытайға Шәуешек арқылы қашқан екен. Ал сол кезде Сарқыт әженің отбасы көшуге жағдайы да, көліктері де болмай, ауылда қала беріпті.
Олар Ертістің сағасы Қарасу деген өзеннен балық аулап, күнін көріпті. Сарқыт әженің анасы өте шебер кісі болған екен, біреуге тон, біреуге тымақ тігіп, бір жапырақ нан тауып, балаларына бөліп беріп, асыраған екен. Көбіне орыстардың жұмысына жалданып, солардан бидай, картоп алып, соны қорек етіпті. «Картопты қабығымен жеуші едік» деп есіне түсіреді әжем. Орыстар бидай, картоп, жеміс-жидек егіп, жылдық астығын жинап алып, бидай мен ұн сатып отыратын.
Сол жылдары аштықтың қасіретімен бірге шешек ауыруы да шығып, Сарқыт әже шешек ауыруына шалдығып, әрең жазылған екен. Оның себебі, аш адамдар арам өлген малдың етін қазып алып жеп, содан ауруға шалдығып, қайтыс болатын еді. Дәрігер деген атымен жоқ. «Адам қатты ашыққанда, қатты арықтап, өлер кезінде ісініп кетеді екен» дейді күрсіне Сарқыт әже.
Ол кісі ашаршылықта аман қалып, Ұлы Отан соғысы жылдары халықпен бірге жеңіс күнін жақындату үшін ерен еңбек еткен. Сарқыт әже соғыстан кейін мұғалім оқуын аяқтап, ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысы, Самара ауданы, Бастауыш ауылында Абай атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет жасаған. Қазіргі кезде әжем Алматы қаласында Майкопская көшесінің №36 үйінде қызы мен немерелерімен бірге тұрады.
Жазып алған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет