Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН



бет72/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

«ҚазақстанZaman» гәзеті,
22 (689), 29 мамыр 2008 жыл


ҮНДЕУ


Құрметті отандастар!


Қазіргі уақытта бір топ жанашырлар мен энтузиасттар «Ашаршылық құрбандары» атты қоғамдық қор құруды қолға алған. Бұл қордың құрылтайшылары қатарына елім деп еңіреген, ұлт тағдырына қабырғасы қайысқан танымал тұлғалары – зиялы қауым өкілдері, бизнесмендер, ел басқарушы азаматтар кіреді деген үміттеміз.


Сіздерді аталмыш қоғамдық қордың құрылтайшылар қатарына кіруге және осы игі іске белсене атсалысуға шақырамыз.


«Ашаршылық құрбандары» қоры Ашаршылық нәубетін халық жадында мәңгілік сақтау, бұл қасіретті бүкіл адамзатқа жариялау ісін өзінің мақсат-мұраты ретінде тұтады.


Ол үшін келесі әрекеттерді жүзеге асыру жоспарланып отыр:
1. Әр облыстағы мектеп оқушыларын, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерін, зиялы қауымды ашаршылық тақырыбында мәлімет жинау ісіне ұйымдастырып, олардың экспедицияларын қаржыландыру.
2. Әрбір қала және аудан әкімшіліктерінің оқу ісі бөлімдерінің қолғабысымен барлық мектептердің ұстаздары және оқушыларын «Менің жанұям ашаршылық жылдары» және «Біздің ауыл ашаршылық жылдары» атты зерттеу жұмыстарын жазуға ынталандыру және олардың нәтижелерін кітап (кітаптар сериясы) қылып басуды қаржыландыру.
3. Ашаршылық туралы ғылыми зерттеулерді ынталандыру, оларды жарыққа шығаруды қаржыландыру.
4. Ашаршылық туралы көркем шығармалар (әдебиет, сурет, мүсіндеу, музыка салаларында) жазуды, деректі және көркем фильмдер түсіруді қаржыландыру.
5. Әрбір ауылда ашаршылық құрбандарына ескерткіш қою мәселесін жүзеге асыру.
6. Бір күнді «Ашаршылық құрбандарын еске алу күні» деп атап, оны парламент арқылы атаулы күндер тізіміне енгізу.
7. Интернетте Ашаршылыққа арналған сайт ашып, оның жұмысын қаржыландыру.
8. Ашаршылыққа арналған ғылыми конференцияларды ұйымдастыру және қаржыландыру.
9. Орта мектеп және жоғары оқу орындары бағдарламаларына «Ашаршылық» пәнін кіргізу мәселесімен айналысу.
10. Астана қаласы маңында Ашаршылық құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашу (Тель-Авивтегі Яд Вашем секілді) мәселесімен айналысу.


Адамзат тарихын екі кезеңге бөлуге болатын сияқты: сөз заманы және әрекет заманы. Сөз заманы әлдеқашан өтіп, әрекет заманы туған бұл күнде. Әрекетке ниеттелейік, алда атқарылатын іс аз емес!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет