Жылдардағы химия өнеркәсібі


Жамбыл суперфосфат зауыты



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі3.74 Mb.
#457581
1   2
Химия өнеркәсібі

Жамбыл суперфосфат зауыты


Зауыттың Жамбыл жерінен салынуына Ресейден жөнелтілетін тыңайтқыштың тұтынушыларға қымбатқа түсуі түрткі болды. Өндіріс ошағын салу идеясы өңірде Қаратау фосфорит кешені салынғаннан басталды.
Жылына 200 мың тонна суперфосфат, 70 мың тонна күкірт қышқылын өңдеуге жоспарланған зауыт арқылы елімізді сондай-ақ Сібір мен Орта Азиядағы егістік алқаптарын қамту көзделген
1947 жылы 11 қазанда жобасы бекітіліп, зауыттың жобалық-сметалық құны сол кезде 57748 мың сомды құрады.
Жамбыл суперфосфат зауыты шаһар орталығынан 6 шақырым қашықтықта орналасатыны белгілі болды.
Жұмысшыларға арналған тұрғын үйлер тұрғызылды.
1950 жылы қыркүйек айында бірінші суперфосфат цехы ашылып, бір айдан кейін-ақ мемлекеттік тіркеуден өтті.
Өндіріс ошағына қаладан 90 шақырым қашық орналасқан Қаратау фосфорит кен орнынан шикізат жеткізілді. Жамбыл суперфосфат зауыты құрылған мезгілде облыс және қаладағы ең ірі зауыт болатын. Кәсіпорынды басқару міндеті зауыт құрылысының басы қасында жүрген Александр Андреевич Ершовқа жүктелді. Уақыт сәтімен жоспарланған басқа нысандар да іске қосыла бастады.

Гурьев химиялық зауыттары


Атырау мұнай өңдеу зауыты
1945 ж. алғашқы өнімін берді. Тікелей айдау, риформинг, термиялык крекингілеу қондырғылары іске қосылды, крекингілеудің газофракциялау қондырғысы жұмыс жасай бастады,
Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады, қайталама процесті дамыту қолға алынды.
1969 ж. тамыз айында зауытта жылдық жұмыс өнімділігі 3 млн. тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты.

Гурьев полиэтилен заводы


1966 жылы 23 наурызда Гурьев хим.зауытында полиэтилен зауыты іске қосылды.

Шымкент химфарм зауыты


Кеңес үкіметі орнап, елімізде алғашқы зауыт-фабрикалар салына бастаған жылдары көпестер ашқан Сантонин зауыты Халық Комиссариаты Түркістан кеңестік Республикасының денсаулық сақтау саласының меншігіне өтеді. 1931 жылы «Казхимтрест» басқармасына қарасты Шымкент «Химфарм» зауыты Бүкілодақтық біріккен химия-фармацевтік «Вохимфарм» өндірістік тресттің құрамына өтті. 1938 жылы «Вохимфарм» «Химфармпром» өндірістік басқарма, 1940 жылғы тамыз айында «Главхимфармпром» Бас басқарма болып өзгерді. Бұл аралықта Шымкент «Химфарм» зауыты бұрынғы шығарып келген өнімдеріне қоса апиын, дермене майын т.б өндіруді қолға алған болатын. Және 2 жаңа бөлім, лаборатория, 10 цех іске қосылған еді.
Соғыс жылдары зауыттың өнім өндіру көлемі күрт артты. Медициналық препараттар шығаруға басымдық берілді. 1942 жылы наурыз айында Мәскеудің алколоид зауыты Қазақстанға көшіріліп, «Химфарм» зауытының құрамына қосылып, зауыт өнімдерінің қатары синтетикалық кодеин, қышқыл фосфорлы кодеин, дионин, никотин қышқылы, кардиомин, атропин, скополамин және новакаинмен толықты. Ал, Свердлов атындағы Киевтің орап-таңу зауыты «Химфармның» құрамына көшіп келген соң, жұмыс ауқымы тағы да кеңейді.
1957 жылы зауыттан 18 түрлі өнім шығарылды. 1965 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің ұйғарымыман Шымкент химия-фармацевтік зауыты КСРО Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, синтетикалық және дәрі-дәрмек шығаруға бет бұрды.
1993 жылғы желтоқсанның 19-ы күні Шымкент «Химфарм» зауыты ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Бұл күнде «Химфарм» ААҚ-ның шығарған өнімдері еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де мәлім. Бір кездері орынборлық көпестің Шымкентке келіп, Сантонин зауытының негізін қалауы нәтижесінде уақыт өте келе, әйгілі «Химфарм» зауыты өмірге келді.

Шымкент фосфор заводы


 1966 жылы 26 наурызда алғаш рет фосфор алынды.
Бүкіл елді фосформен қамтамасыз еткен бұл кәсіпорын қазіргі кезде жұмысы тоқтатылған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет