Жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат



жүктеу 155.72 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі155.72 Kb.
2014-2016 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің негізгі параметрлері жөніндегі ақпарат

Астана қаласының бюджеті Астана қаласының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде қалыптастырылды, «Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 194/28-V шешімімен бекітілді және «Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 194/28-V шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 114-2199 қаулысымен іске асырылды.


Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Астана қаласының бюджеті «Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 194/28-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 231/32-V шешімімен нақтыланды.

Астана қаласының 2014 жылға арналған бюджетін осы нақтылау республикалық бюджеттің нақтылануына байланысты өткізілді, оның шеңберінде қала бюджетіне республикалық бюджеттен трансферттер қосымша бөлінді және трансферттерді қайта бөлу қолдау тапты.

Бұдан басқа, қала бюджетінің кіріс бөлігі ұлғайтылды.

Сондай-ақ, осы нақтылау шеңберінде бюджет қаражатының игерілу мониторингі қорытындыларының негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ішкі қайта бөлу жолымен жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындауларды қайта қарады.


Осылайша, енгізіліп жатқан өзгерістердің есебімен Астана қаласының 2014 жылға арналған нақтыланған бюджетінің жалпы мөлшері 372 923,8 млн. теңгені құрды, бекітілген бюджетке өсім 35 715,2 млн. теңге немесе 110,6% (бекітілген бюджет337 208,6 млн. теңге).



2014-2016 жылдарға арналған Астана қаласы бюджетінің

негізгі параметрлері

млрд. теңге


Аталуы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Нақтыланған бюджет

Бекітілген бюджет

Бекітілген бюджет

Түсімдер, оның ішінде:

372,9

318,3

293,7

ЖӨӨ, %

11,8

8,7

6,9

1.Кірістер, оның ішінде:

366,8

311,9

287,8

Салықтық түсімдер

130,1

129,4

137,9

Салықтық емес түсімдер

1,1

0,6

0,7

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

9,1

13,1

3,6

РБ-тен берілетін трансферттердің түсуі

215,8

168,8

145,6

2.Бюджеттік кредиттерді өтеу

0,9

0,9

0,2

3.Қарыздардың түсуі

5,2

5,5

5,7

4.Республикалық бюджеттен субвенциялар

4,1

-

-

5.Қаржы жылының басына бюджеттік қаражат қалдықтары

6,6

-

-

Шығыстар

372,9

224,5

201,2

ЖӨӨ %

11,8

7,1

5,5

Анықтама ретінде:

ЖӨӨ көлемі

3 148,3

3 660,6

4 226,2


«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы

31 наурыздағы № 182-V Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың есебімен «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған 2014 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер



Көрсеткіштер

2014 г.

Өмір сүру минимумы

19 966

Зейнетақының ең төмен мөлшері

21 736

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеу мөлшері

10 450

Жалақының ең төмен мөлшері

19 966

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

1 852

Мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін төленетін ай сайынғы үстеме

10%





Түсімдер
2014-2016 жылдарға арналған жергілікті бюджет табыстарының түсімдерін болжау, Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстерінің ережелерін, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары және бюджеттік параметрлер негізінде бюджеттің түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Астана қаласының 2014 жылға нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 372 923,8 млн.тенгені құрайды.

Астана қаласының 2014 жылға меншікті табыстардың нақтыланған болжамы (трансферттер мен кредиттердің түсімдерін есептемегенде) 141 202,6 млн.теңге сомасында айқындалды, бұл 2013 жылғы бекітілген болжамнан 28 587,9 млн.теңгеге немесе 25,4% артық.

Жергілікті бюджеттің табыстарын арттыруға келесі факторлар ықпал етеді:

- қала экономикасының даму қарқынының болжамды өсуі, оның ішінде, құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіптік өнімнің, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің болжамды өсуі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және шағын кәсіпкерліктің санын арттыру;

- экономикалық белсенді халықтың болжамды өсуі;

- барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіруді жақсарту;

- салық қарызын төмендету және салықтық қызметтер сапасын арттыру.


Шығыстар
Нақтыланған бюджеттің жалпы көлемі 372 923,8 млн.теңгені құрайды. Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған нақтыланған бюджетінің шығындары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын іс-шараларды және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттің барлық басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, сонымен қоса әлеуметтік сала шығыстары 114 041,8 млн.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 31 % құрайды.

Даму бюджеті 2014 жылға арналған инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыталады 209 934,6 млн.теңгені, немесе бюджеттің жалпы көлемінің 56,5% құрады, оның ішінде нысаналы даму трансферттері191 921,9 млн.теңге, жергілікті бюджет18 012,7 млн.теңге.


Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек

млн.теңге

Атауы

2014 жыл

(нақтыланған)

2015 жыл

2016 жыл

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына бекітілген бюджет

7 433,7

7 055,8

7384,7

оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және қайта жаңартуға

38,6

523,4

473,5

Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бұрын қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.

Астана қаласының нақтыланған бюджетінің әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке кететін шығындары 2014 жылы 7 433,7 млн.теңге сомада қарастырылды, оның ішінде:

- мүгедек балаларды әлеуметтік-еңбектік бейімдеуге; жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық көмек көрсетуге және күтімін ұйымдастыруға;

- жалғызбасты қарттарды және мүгедектерді; психоневрологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларды; психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектерді; тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды елорданың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарында әлеуметтік оңалтуға; күш көрсету немесе күш көрсету қауіпі салдарынан қиын жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызмет көрсету; Оралмандарды уақытша орналастыру орталығына түскендерге қызмет көрсету;

- еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, халықты жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыруға (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары);

- атаулы әлеуметтік көмек; тұрғын үй көмегін көрсету; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы беру;

- мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету;

- жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің 20-дан астам түрін көрсету қарастырылған. Әлеуметтік көмек тегін қызметтер түрінде (тісті протездеу, санаторлық-курорттық емдеу, мүгедектерді тасымалдау, басылымдарға жазу), ақшалай төлемдер нысанында (қатты отын сатып алуға, мерекелік және мерейтой күндеріне, ЖОО оқу үшін төлеуге жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне; ерекше мәртебеге ие адамдарға; өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жәрдемақылар) және қалалық жолаушылар көлігі бағдарларында жолақы төлемінен босату түрінде көрсетіледі.

Білім беру

млн.теңге

Наименование

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Білім саласына бекітілген бюджет

42 850,5

36 401,5

38 954,1

оның ішінде білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға

16 533,6

12 099,6

14 290,3

Астана қаласының бюджетінде білім беру саласына 2014 жылы бас-аяғы 42 850,5 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Тұтас алғанда, Астана қаласының білім беру жүйесін дамыту бойынша шығындар балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, сапалы мектептік және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге, түзету мектептерінде балаларды арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.

Елордада сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім беру ғимараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі, ағымдағы жөндеу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ, кітапхана қорларын жаңарту және оқулықтармен толықтыру және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының барлық оқушыларын тегін тамақтандыру қарастырылған.

Бұдан басқа, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар санын, нашақорлық пен алкоголизм жағдайларын төмендету іс-шараларын іске асыру мақсатында бюджетте балаларға қосымша білім беруге қаражат қарастырылды, ол балаларды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, спорт үйірмелерімен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жетім балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыруға қаражат қарастырылған.

Астана қаласының білім беру саласы мекемелерінің желісі 75 бала бақшадан, 10 балалар шағын орталықтарынан, 70 мектептен, 2 қазақ-түрік лицейінен, 1 дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінен, 1 арнайы түзету мектеп – интернатынан, 1 кешкі мектептен, 11 колледжден, 3 психологиялық-медициналық педагогикалық түзету орталығынан, 3 оңалту орталығынан, 1 балалар үйінен, 1 кәмелет жасына толмағандарға арналған панадан, 1 арнайы-түзету мектеп-интернаттан, 1 отбасылық үлгідегі балалар ауылынан, 1 ақпараттандыру орталығынан тұрады, сондай-ақ, балаларды қосымша біліммен қамтуды жаңа Оқушылар сарайы мен 12 ұйым жүзеге асырады.


«Балапан» бағдарламасы


Жобаның аталуы/іс-шара

2014 жыл

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, мың теңге


3 783 564

Балалар саны, адам

23 488

Мемлекеттік бақшалардың саны

75

Жеке меншік бақшалардың саны

41

2014 жылы білім беру объектілерін дамытуға 16 533,6 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде:

республикалық бюджет қаражаты – 14 337,3 млн. теңге, 13 мектептің құрылысына (9 жаңа мектеп, 4 жаңа мектеп), 2 кәсіби – техникалық мектептің (байланыс және энергиямен қамтамасыз ету) және (құрылыс бейіні), 15 бала бақшаның (7 құрылысы аяқталып жатқан бала бақшаның, 2 салынып жатқан бала бақшаның құрылысына және 6 жаңа бала бақшаның) құрылысына;

жергілікті бюджет қаражаты – 2 196,3 млн. теңге, 2 жаңа бала бақшаның құрылысына және 1 бала бақшаға қосымша құрылысты жалғастыруға, Астана қаласының кәсіби оқыту орталығының ғимаратына қосымша құрылысқа.


Денсаулық сақтау

млн.теңге

Атауы

2014 жыл

(нақтыланған)

2015 жыл

2016 жыл

Денсаулық сақтау саласына нақтыланған бюджет

37 478,3

21 858,0

17 195,6

оның ішінде денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға

7 809,8

9 044,5

3 837,7

Азаматтардың медициналық қызметтер алудағы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында 2014 жылғы бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне 37 478,3 млн. теңге қарастырылды.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 18 медициналық ұйым құрайды, оның ішінде: 1 221 кереуетке арналған 5 стационар, 6 амбулаторлық – емханалық ұйым (5 емхана, 1 ЖТҚС алдын алу және күрес орталығы), 1 қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы, 5 өзге де ұйымдар және 2 білім беру медициналық ұйымы құрайды.

Бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде амбулаторлық – емханалық көмекті кеңейтуді, жедел медициналық көмекті жетілдіруді және салауатты өмір салтын қалыптастыруды, Қазақстан Республикасында ЖТҚС алдын алу және күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруды, дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді қарастырады.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуге медициналық тапсырысты 727 644 адам көлемінде орналастыру жоспарлануда, ол келесі тарифтерден тұрады: бекітілген тұрғынға адам басына шаққанда 659 теңге, кеңестік – диагностикалық көмек 250 теңгеден.

Штаттық лауазымдар медициналық ұйымдар мен олардың бөлімшелері жұмыстарының міндеттері мен көлемдері есебімен штаттық нормативтерге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бекіткен бұйрықтарға сәйкес анықталынды.

Дәрі – дәрмектік шығындарды есептеу кезінде медикаменттерге, медицина құралдарына, медициналық мәндегі құралдарға, орау құралдарына, сондай-ақ реактивтерге және диагностикалық (зерттеу) қызметтерді жүргізу үшін қажетті шығыс материалдарына, дезинфекциялық құралдарға, рентген түсірілімдері үшін пленкаларға және т.б. шығыстар ескерілді.

Денсаулық сақтаудың күрделі шығыстары 2014 жылы 4 334,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен - 2 582,5 млн. теңге және жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 1 752,1 млн. теңге. Медициналық ұйымдарды материалдық – техникалық жарақтандыруға 3 788,3 млн. теңге және күрделі жөндеуге – 546,3 млн. теңге бағытталды.

Денсаулық сақтаудың 8 объектісінің құрылысына және 8 денсаулық сақтау объектісін жобалауға – 7 809,8 млн. теңге, оның ішінде:


  • республикалық бюджет қаражаты –7 423,4 млн. теңге;

  • жергілікті бюджет қаражаты –386,4 млн. теңге.

Бюджеттік қаражатты келесі объектілер құрылысына беру жоспарлануда:

  • сол жақ жағалауда 1 АЕК, 2 АМКК орталығының, психохрониктер үшін емдек – өндірістік шеберханаларының, «Астана қаласының Мамандандырылған балалар үй» тамақ блогының құрылысын аяқтауға;

  • 250 кереуетке арналған туберкулезге қарсы диспансер, 250 кереуетке арналған қалалық балалар ауруханасының құрылысын жалғастыруға.

Мәдениет, туризм және спорт


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Мәдениет, спорт және туризм саласына нақтыланған бюджет

23 015,3

10 272,5

11 121,5

оның ішінде мәдениет және спорт объектілерін салуға және қайта жаңартуға

720,3

191,1

546,8

Астана қаласының жергілікті бюджетінде мәдениет, туризм және спортқа 2014 жылы барлығы 23 015,3 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Астана қаласының Мәдениет басқармасы бойынша халықтың мәдени демалуын және ҚР орналасқан халықтың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақтың ұлттық мәдениетін, республика халқының мәдениетін және әлемдік мәдениетті дамытуға, шығармашылық Одақтармен, қоғамдық ұйымдармен өазара байланысқа, фестивальді, байқауларды, конкурстарды, жаңа жылдық іс-шараларды, мерейтойлық және естелік күндерін және басқа да мәдени – көпшілік іс-шараларды өткізуге бағытталды.

Сондай-ақ, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинауға және сақтауға, тарихи – мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз етуге, тарихи ескерткіштерді анықтау, есептеу, қорғау, жаңарту, консервациялау, регенерациялау, қолдану және насихаттау бойынша жұмыстарды іске асыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, пайдалану, есептеу және жаңартуды заңнамамен белгіленген тәртіпте сақтауды бақылауды іске асыру, жас таланттарға, қызметкерлерге қолдау көрсету, материалдық – техникалық базаны нығайтуға және театрландырылған ойын – сауық іс-шараларын, қойылымдарды, спектакльдерді, гастрольдерді ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты қорымандарды әдебиетке кеңінен тартуға, кітапханалар желісін тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және дамытуға, кітап қорын қалыптастыруға және сақтауға бағытталды.

Астана қаласының Мәдениет басқармасына бағынысты медициналық ұйымдар желісін 23 кітапхана, 4 музей, 6 театр, 6 мәдени – демалыс кәсіпорындары: Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан» орталық киноконцерт залы, Мемлекеттік филармония, Жастар сарайы, Астаналық цирк құрайды.

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына бағынысты ұйымдар желісін 10 балалар – жасөспірімдер мектебі, 1 теннис корты, 1 футбол стадионы, 1 коньки тебу стадионы, 1 олимпиадалық резерв дайындау орталығы, 8 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі құрайды.

Туризм және спорт саласына жоспарланған бюджеттік қаражат:



  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, елордалық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, спорттық инфрақұрылымды дамытуға;

  • дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға, спорт резервін, халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауды іске асыруға;

  • дене тәрбиесі және спорттың материалдық – техникалық базасын құруға және нығайтуға;

  • спорттың әр түрі бойынша қалалық құрама командаларын дайындауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз етуге;

  • қала бойынша спорт жарыстарын өткізуге;

  • туристік саланы дамыту үшін жағдай жасауға, Астана қаласының қызмет көрсету және инфрақұрылым жүйесі дамыған халықаралық туристік орталық ретінде қалыптасуына бағытталатын болады.

Мәдениет және спорт объектілерін дамытуға – 720,3 млн. теңге, оның ішінде:

  • республикалық бюджеттен қаражат – 469,1 млн. теңге;

  • жергілікті бюджеттен қаражат – 251,2 млн. теңге.

Жоспарланған қаражат Астана қаласында теннис кешенінің, № 41 жалпы оқыту мектебіне спорт алаңының құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Қайсар» спорт клубын, мәдениет және спорт салалары қызметкерлері үшін 2 жатақхананы, ату кешенін, олимпиада резервтерін дайындау орталықтарын жобалауға бағытталатын болады.

2014-2016 жылдарға арналған Астана қаласы нақтыланған бюджетінің негізгі параметрлері осындай.








©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет