Жылдарға арналған аудандық бюджет туралы



Дата23.02.2016
өлшемі44.4 Kb.
#6091

Теректі аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ
№7-2 2012 жыл 21 желтоқсан


2013-2015 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы
ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 08.01.2013 жылы №3135 болып енгізілді

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 4 119 003 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 565 654 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4 141 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 549 208 мың теңге;

2) шығындар – 4 119 003 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 71 398 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 80 491 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 9 093 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -71 398 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 71 398 мың теңге:

қарыздар түсімі – 80 491 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 9 093 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

2. 2013 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне және осы шешімнің 4, 5 тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9- бабы қатерге және басшылыққа алынсын.

1) 2013 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 624 666 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға – 8 194 мың теңге;

үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге – 1 600 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 45 427 мың теңге;

қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге – 12 709 мың теңге;

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға – 31 890 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге – 11 160 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге – 3 200 мың теңге;

эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге – 53 433 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін – 13 476 мың теңге;

«Өңiрлердi дамыту» Бағдарламасы шеңберiнде өңiрлердiң экономикалық дамуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды iске асыру үшін – 30 264 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға – 24 212 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 131 865 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін бюджеттік кредиттер – 80 491 мың теңге;

жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасы шеңберінде Покатиловка ауылында ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге – 46 469 мың теңге;

жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға – 60 276 мың тенге;

жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасы шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 70 000 мың тенге;

2) 2013 жылға арналған аудандық бюджетте мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 969 мың теңге қарастырылғаны ескерілсін.

4. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция жалпы сомасы 3 005 033 мың теңге көлемінде түсімдер қарастырылсын.

5. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін жалпы сомасы 9 093 мың теңге түсімдер қарастырылсын.

6. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2013 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100 % есепке алынады;

2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100 % есепке алынады.

7. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

8. 2013 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеуге сомасы 9 093 мың теңге қарастырылсын.

9. 2013 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органдарының резерві 11 396 мың теңге көлемінде бекітілсін.

10. Ауданның жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2013 жылдың 31 желтоқсанына   163 529 мың теңге мөлшерінде құрайды.

11. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес проценті жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

12. 2013 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4- қосымшаға сәйкес бекітілсін.


13. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы А.Қ. Джанназаров

Аудандық

мәслихат хатшысы Ә.Ж. Нұрғалиев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет