Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ



бет2/13
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#15550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ





Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы

Зерттеуге арналған негіздер


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары.

Аймақтың негізгі сипаттамасы


Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 5,6%-ын құрайды. Халқының саны 617,6 мың адамды немесе Қазақстан халқының 3,7%-ын құрайды.

Облыс Ресейдің бес облысымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград және Саратов, Самара, Орынбор және Қазақстанның екі облысы: Ақтөбе және Атырау облыстары. Облыс орталығы – Орал қаласы. Облыстың әкімшілік- аумақтық бөлімі екі қаланы (Орал қ., Ақсай қ.), 12 әкімшілік ауданды, 4 кентті, 446 ауылды құрайды. Өнеркәсіптің негізгі салаларына мұнай-газ, машина жасау және тамақ өнеркәсібі жатады.



Бағыттар


Экономика;

Әлеуметтік сала;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;

Мемлекеттік қызметтер.


Мақсаттар



ЖАӨ-нің нақты жылдық өсуін қамтамасыз ету;

Өңір экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету, экономиканың шикізат емес секторының бәсекеге қабілеттілігін индустриалдық-инновациялық даму жолымен арттыру;

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру, кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың тұрақты дамуы;

Тікелей инвестицияларды тарту және инновацияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

Білімнің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтары және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

Халық денсаулығын жақсарту;

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі;

Кедейлік деңгейін төмендетуге жәрдемдесу, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру;

Аймақтың тарихи-мәдени мұрағатын сақтау, отандық мәдениет және өнердің кең насихаты;

Мемлекеттік тілді дамыту;

Бұқаралық спортты және жоғары нәтижелер спортын дамыту;

Туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін облыстың туристік имиджін қалыптастыру;

Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық отансүйгіштікті нығайту, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастығын жетілдіру арқылы мемлекеттікті нығайту;

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру;

Азаматтардың өмірінің, денсаулығының, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің әлеуметтік қабылдауға болатын деңгейін жасау және ұстау;

Жұмылдыру дайындығы жүйесін жетілдіру;

Өңірдің қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру;

Тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту;

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;

Ауыл халқының тіршілігін қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту;

Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту;

Облыстың орманды өңірін молайту;

Жергілікті мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету.


Міндеттер


Облыс экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

Аймақ өнеркәсібін дамыту;

Өңдеу өнеркәсібін дамыту;

Электр энергия өндірісінің өсуіне ықпал ету;

Жаңғыртпалы және баламалы энергия көздерін дамыту;

Егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру;

АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

Ішкі сауданы дамыту;

Экономиканың шикізат емес секторларына инвестицияларды тарту;

Инновацияны дамыту;

Сатып алу, тауар, жұмыс және қызметтердің жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесін көтеру;

Педагог кадрлардың кәсібилігін көтеру және мұғалім мамандығының беделін арттыру;

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің жүйесін арттыру;

Мектеп жасындағы балаларға білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

Бәсекелестікке қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Әйелдер мен балалар денсаулығын күшейту;

Әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпалылығын азайту;

Әлеуметтік бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

Медициналық ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

Халықтың тіршілік деңгейін көтеру;

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;

Бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау;

Туристік қызмет көрсету сапасын арттыру және халықаралық және ішкі нарықтарда қазақстандық туристік өнімін жылжыту;

Облыс тұрғындарының қоғамдық санасында мемлекеттік саясатты қолдау деңгейін көтеру, аймақта ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, діни сенім мен бостандықты қамтамасыз ету;

Жастар ұйымдарының қызметін белсендету;

Жолдардағы апаттардың және олардың салдарынан ауыртпашылықтарды азайту;

Қылмыскерлікпен күрес және заңсыз есірткі мен нашақорлық айналымына қарсы әрекет ету;

Облыстық табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу немесе жою жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету;

Халықтың компьютерлік сауаттылығы деңгейін жоғарылату;

Жаңа, қазіргі заманға сай байланыс қызметтерін енгізу, телефон байланысын жаңғырту және қайта құру;

Тұрғын үй құрылысының дамуы;

Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту;

Көліктерді дамыту;

Халықтың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету;

Коммуналдық жүйелерді жаңғырту мен дамыту;

Әлеуметтік саладағы кадрлық тапшылықты жеңу үшін жағдай жасау;

Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту;

Ормандарды қалпына келтіру және ағаш егу;

Орман қорын өрттен күзету мен қорғау;



Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Нысаналы индикаторлар


Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі;

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

Электр энергиясын жұмсауды арттыру;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі;

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейінің өсімі;

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы;

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалығына қанағаттанушылық деңгейі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту (3-тен 6-қа жасқа дейінгі);

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі;

Мектептердің жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған балалар үлесі;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі;

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

Жалпы өлім-жітімді төмендету;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы;

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі;

Облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту;

Ішкі және келу туризміне орналастыру орны санының ұлғаюы;

Ішкі және келу туризміне тәуліктік/төсек орын ұлғайту жолымен қонақ үйлерді толтыруды ұлғайту;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

Жастар арасындағы патриотизм деңгейі;

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі;

Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға қосу;

Жақсы және қанағаттандырылық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жүк айналымының көлемі;

Жолаушылар айналымының көлемі;

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттанушылық деңгейі;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Жылумен қамту қызметтерінің қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту;

Зиянды заттардың жаппай шығарылуын төмендету;

Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейі.



Қаржыландыру көзі және көлемі

Қаржыландыру көзі: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаттары, несиелік қаражаттар.

Қаржыландыру көлемі:

2011 жыл – 26718,9 млн. теңге;

2012 жыл – 31158,1 млн. теңге;

2013 жыл – 32240,2млн. теңге;

2014 жыл – 36196,9 млн.теңге*;

2015 жыл – 34632,4 млн.теңге*.
Барлығы: 160946,6 млн. теңге*
* қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау кезінде анықталанатын болады



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Өңірдің жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 5,6%-ын құрайды. Халқының саны 612,6 мың адамды немесе Қазақстан халқының 3,7%-ын құрайды. Облыс Ресейдің бес облысымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор және Қазақстанның екі облысы - Ақтөбе және Атырау облыстары.

Облыс орталығы – Орал қаласы. Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлімі екі қаланы (Орал қ., Ақсай қ.), 12 әкімшілік ауданды, 4 кентті, 446 ауылды құрайды.

Облыс аумағы газ және газ конденсатына, мұнайға, борат кендеріне, жанатын тақта тастарына, калий-магний тұздарына, әктас түрлеріне, цемент шикізатына, борға, керамзит сазына, құрылыс және аллювиалды құмға бай.

Әлем бойынша құрлықтағы ең ірі мұнай-газ учаскелерінің бірі – Қарашығанақ Ақсай қаласының маңында орналасқан. Бұл кен орны 280 шаршы ш. ауданды алып жатыр. Кен орнының қоры 1,35 трлн. текше м. газды және мұнай және газ конденсатының 1,2 млрд.тоннасын құрайды. Сұйық көмірсутек шикізатының алынатын қоры шамамен 320 млн.тонна және газ қоры 450 млрд. текше м. құрайды.

Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» бор-калий тұздарының кен орны игерілуде, мамандардың болжамдары бойынша қор 150 жылға дейін жетеді.

Семиглавый Мар кен орнында бордың қоры - 22 мың. текше м., сазды балшық шикізаты – 21 мың.текше м. және опоктар – 6,1 мың.текше м. құрайды.

Ақсуат селосында қуаттылығы жылына 1300 мың тонна цемент зауытын салуға жеткілікті 1106,5 млн. текше метр цементті шикізат қоры барланған. Гидравликалық қоспа ретінде Шипов кен орнының 21619 мың текше метр қоры барланған кремнийлі сазды пайдалануға болады.

Республиканың өнеркәсіп өндірісінде облыстың үлес салмағы жоғары және 2012 жылы 9,7% құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2009 жылғы 825,1 млн. теңгеден 2012 жылы 1638,5 млн.теңгеге дейін ұлғайды. Аумақтың мамандандырылуын тау-кен өнеркәсібі айқындайды, ол облыс өнеркәсібінің құрылымында 91,5% құрайды. Тау-кен өнеркәсібінде ең жоғары үлеске мұнай өндірісі ие, газ конденсатын, шикі мұнайды, табиғи газды қоса алғанда. Республикада газ конденсатын игеру көлемі бойынша облыс үлесіне 99,0% тиесілі, газды игеру көлемі - 46,0%.

Өңдеу өнеркәсібіне машина жасау мен азық-түлік салалары жатады.

Облыс дамыған агроөнеркәсіптік кешенге ие. 2012 жылы ауыл шаруашылық саласының жалпы өнімі құндық тұлғалауда 73,4 млрд. теңгені құрады, ол 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,4 есе жоғары. Елдің ЖІӨ-сіндегі ауыл шаруашылығының үлес салмағы 3,6%-ды құрайды.  

Негізгі капиталға республикалық инвестициялар көлемінің облыс бойынша 3,0%-ы тиесілі.

Сыртқы сауда айналымының көлемі облыс бойынша 2012 жылы 10418,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 5,7 есе жоғары.

Экспорт құрылымында минералдық өнімдер (99,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (0,7%), машиналар мен жабдықтар (0,1%) басым болып келеді.

Импорттың негізгі салаларына машиналар және жабдықтар (24,5%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (20,9%), жануарлардан және өсімдіктен алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлар (18,3%) және минералды өнімдер (14,0%) болып табылады.

Облыстың еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша өңірдің экономикалық тұрғыдағы белсенді тұрғындары деңгейінің тұрақтылығы байқалады. 2012 жылы жұмыспен қамтылған халықтың ең көп саны ауыл шаруашылығында (28,8%), білім беруде (13,3%), саудада (12,5%) байқалған.

Жұмыссыздық деңгейі үрдісінің 2009 жылғы 6,3%-дан 2012 жылы 5,1%-ға дейін тұрақты төмендегені, экономикалық тұрғыдағы белсенді және жұмыспен қамтылған халық саны көрсеткішінің тұрақтылығы, жұмысқа орналасқан халық санының артуы байқалады.

Жалпы жұмыспен қамтылған санынан халықтың өз бетінше жұмыспен айналысатындардың үлесі 39,8%-ды құрайды, бұл республикалық мәннен жоғары (31,7%).

Кедейліктің салыстырмалы көрсеткішінің (табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен де төмен халықтың үлесі) деңгейі 2012 жылы облыс бойынша 4,1% құрады.

Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті туып-көбеюшіліктің тұрақты өсуін көрсетеді, адам өлімінің азаюының үрдісін және халықтың табиғи өсіп-өнуін бақылауға болады.

Облыс ішіндегі көші-қон жағдайы қаладағы көші-қон сальдосымен салыстырғанда позитивтік және ауылдық жерлер үшін қарсы сальдо болып есептеледі. Ауылдық жерлердегі еңбекке жарамды халықтың қалалық жерлерге материалдық жағдайды жақсарту және өмір сүру дәрежесін арттыру мақсатында қоныс аударуы байқалып отыр.

Облыстың географиялық оңтайлы орналасу жағдайына және өңірдің жоғарғы ресурстық әлеуетіне, аймақтың экономикалық өсімінің оң үрдістеріне, негізгі әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштер деңгейінің жақсаруына қарамастан, аймақты дамытудың келесі түйінді мәселелері шешілмей отыр:

1. Өңір экономикасының құрылымында түбегейлі өзгерістер болған жоқ – экономика үшін салалық теңгерімнің орындалмау сипаты жатады, салалық құрылымның шикізаттық бағыты және «өндіру сипаттамасы» сол қалпында, шағын бизнесті әртараптандыру деңгейі төмен. Мұнай-газ саласы облыс өнеркәсібінің 91,5%-ын құрайды, мұнда жұмыс істейтіндер саны өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардан 21,1%-ды құрайды. Өңір экономикасының мұнай-газ секторындағы кәсіпорындарға тәуелділігі екі түрлі қауіпті төндіреді – «тоқырау» мен өңдеу өнеркәсібінің құлдырауы және әлемдік көмірсутек бағасының төмендеуіне байланысты аймақтағы экономикалық жағдайдың нашарлауы;

2. Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының төмен үлесі;

Өнеркәсіптің базалық салаларында көптеген проблемалар кездеседі, оларға мыналарды жатқызуға болады: өнеркәсіп жабдықтарының жоғарғы дәрежеде тозуы, өндірістік құралдардың баяу жаңартылуы, өңдеу секторындағы бөлек салалардың бәсекеге қабілеттілік дәрежесінің жетіспеушілігі;

3. Еңбек саласының қосымшасы ретінде өндіріс рөлінің төмендеуі. Соңғы екі онжылдықта өнеркәсіп салаларында жұмыспен қамтылған халық саны 44,4 мың адамнан 25,1 адамға дейін қысқартылды, сонымен қатар бұл машина жасау және металл өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарының өнеркәсібі салаларында байқалады;

4. Ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылық көліктердің және технологиялық құралдардың тозуы байқалады, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуі және өндіріс шығындарының өсуі, ауа райы жағдайына дән өндірісінің тәуелділігі (тәуекелділік егіншілік аймағы), халық ауласында мал шаруашылығындағы ұсақ тауарлы өндіріс басымдығы, бұл мал өнімділігінің төмендігін анықтайды;

5. Әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету саласында келесі шешілмеген мәселелер бар:

білім беруде – бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептер үлесінің жоғарылығы (43,2%), мектепке дейінгі ұйымдарға кезек көп (2013 жылдың 1 қаңтарына – 14989 бала), біліктілігі жоғарғы педагогикалық қызметкерлерге қажеттілігі, 27 техникалық және кәсіби білім беру мемлекеттік оқу орнындарының 7-уі бейімделген ғимаратта орналасқан, 4-нің жатақханасы жоқ, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдардың өнеркәсіп кәсіпорындарымен нашар байланысы, өндірістік тәжірибелерді ұйымдастырылуының төменділігі, өңірдің қалалық және ауылдық жерлердің арасында білімнің сәйкессізділігінің жоғарылығы, бұл қалалық және ауылдық мектептердің БҰТ-де орташа баллдардың әртүрлілігімен расталады;

денсаулық сақтауда – дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету көрсеткішінің төмендігі (10 мың тұрғынға – 30,8, республикалық көрсеткіш – 38,8);

6. Халықтың жекелеген топтары арасында табыстарының жоғары деңгейде саралануы, халықтың өз бетімен жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығы және облыс жастары арасындағы жұмыссыздық пайызының жоғарылығы, әсіресе ауылдық жерлерде, еңбекақысы төмен экономика секторларында жұмыс істейтіндер үлесінің жоғарылығы байқалады, бұл нәтижесінде өңірдің кедейлік индексіне кері әсерін тигізіп, оның жоғарылауына және жалпы жұмыспен қамтылғандар көрсеткішінің төмендеуіне ықпал етеді;

7. Ауылдық жерлерді аудан орталығымен, аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын автокөлік жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы. Жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығының 77,0%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда;

8. Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары үшін жалпы проблема техникалық артта қалуы және қолданыстағы негізгі құралдардың тозуы, жөндеу – қайта жанарту жұмыстары, энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар жүргізуге өз қаражаттарының болмауы болып табылады;

9. Облыстың қоршаған ортасына мұнай-газ кешендік кәсіпорындары, қазандықтарды шығаратын шаруашылықтары, автокөлік, өнеркәсіп кәсіпорындары кері әсерін тигізеді. Жайық өзенінің экожүйесін сақтау проблемалары облыстың экологиялық мәселесі болып табылады. «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондарының әсерінен туындайтын, қоқыстарды жою мәселелері, Шалқар көлінің жағдайы жергілікті экология мәселелеріне жатады.


2.2 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

2.2.1 Өңірдің экономикасын талдау

Облыстың өндірілген жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2012 жылы 1711,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 104,6%-ды құрады. Республикадағы ЖІӨ облыстың үлесі 5,6%-ға тең (Қазақстан аймақтарының ішінде 7-орын).

Өңірдің ЖӨӨ құрылымында ең жоғары үлес салмағы өнеркәсіп саласына тиесілі (53,1%), көлік және байланыс, сауда секторларына тиісінше 6,8% және 5,1%-дан келеді. Облыстың ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылық үлесі елеусіз және 3,6%-ды құрады.

1-кесте


Батыс Қазақстан облысының ЖӨӨ құрылымы




2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

млрд.

теңге

%

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

Барлығы

823,0

100,0

1048,8

100,0

1323,5

100,0

1711,4

100,0

Өнеркәсіп

430,1

52,3

557,7

53,2

702,9

53,1

1026,6

60,0

Ауыл шарушалығы

32,2

3,9

35,0

3,3

47,5

3,6

48,0

2,8

Құрылыс

52,3

6,4

68,7

6,6

50,8

3,8

40,9

2,4

Көлік және байланыс

52,9

6,4

79,0

7,6

90,6

6,8

133,0

7,8

Сауда

56,8

6,9

66,7

6,4

68,1

5,1

101,3

5,9

Басқа

198,7

24,1

241,7

22,9

363,6

27,6

361,6

21,1

Мәлімет көзі : Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті, Интернет-қоры: www.batys.stat.kz
Облыстың ЖӨӨ нақты өзгертулерінің индексі 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 101,8%, 2010 жылы – 102,6%, 2011 жылы – 104,3%, 2012 жылы – 104,6% құрады.

Қазақстанның ЖІӨ құрылымының ең жоғары үлесіне Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіп секторы ие – 11,0% (Қазақстан аймақтарының ішінде 3-орын).

2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет