Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ


Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдама



бет7/20
Дата25.02.2016
өлшемі2.2 Mb.
#22215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдама

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • иммунизациямен жоғары қамтумен көптеген жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай;

  • стационарлық көмек көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілу;

  • заманауи медициналық технологиялар мен жоғары мамандандырылған медициналық көмек трансфертінің (бұдан әрі -ЖММК) тәжірибесі;

  • көліктік медицинаның дамуы;

  • аккредиттеу жүйесінің енгізілуі.

  • МСАК-ты қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік тетіктерінің болмауы;

  • еңбек ынтасының және медицина қызметкерлерінің кәсіби төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • енгізілген нарықтық механизмдер негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

  • денсаулық сақтау нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және денсаулық сақтаудағы мүмкіншілікті тікелей инвестициялар.

  • жұқпалы емес инфекциялық аурулардың артуы;

  • облыс аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;

  • контрафактілік дәрілік өнім.

Нәресте өлімі көрсеткішінің төмендемеуі, әлеуметтік-маңызды аурулармен тұрғындардың сырқаттану деңгейі: қатерлі ісік аурулары, қан айналым жүйесінің аурулары, кадр мәселесі, тұрғындар тарапынан өз денсаулықтарына жауапкершіліктің жеткіліксіздігі облыстың денсаулық сақтау саласының басты проблемалары болып қалуда.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Облыстың еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 5,1%-дан 2014 жылы 5,0%-ға дейін тұрақты төмендеуімен сипатталады, бұл орташа республикалық деңгеймен бірдей (5,0%). Бұл ретте ауылдағы жұмыссыздық деңгейі (5,1%) қаладағы жұмыссыздық деңгейінен (4,9%) жоғары.

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2012 жылдан 2014 жылға дейін 69,9%-дан 69,8%-ға азайды, жұмыспен қамту 94,9%-дан 95,0%-ға өсті (орташа республикалық көрсеткіш – 95,0%). 2014 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 120,1 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 4,5%-ға аз. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 2012 жылғы 39,8%-дан 2014 жылы 37,9%-ға дейін төмендеді (орташа республикалық көрсеткіш – 30,0%).

24-кесте



Еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жыл 2013 жылға, %-бен

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам

332,5

333,4

333,6

100,1

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

315,4

316,5

316,8

100,1

жалдамалы қызметкерлер

189,7

192,4

196,7

102,2

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

125,7

124,0

120,1

96,9

Жұмыссыз халық, мың адам

17,1

16,9

16,7

98,8

қалалық жерлерде

7,5

7,4

7,5

101,4

ауылдық жерлерде

9,6

9,5

9,2

96,8

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,1

5,1

5,0

х

2012-2014 жылдары облыста 35002 жұмыс орны құрылды, еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 2012 жылы 73,1%-дан (17808 адам) 2014 жылы (20930 адам жолыққан) 82,3%-ға дейін көбейді. Халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға үш жыл аралығында 23967 адам жіберілді.

2015 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істейтін шетел азаматтарының жалпы саны 721 адам құрады (2013 жылы – 616 адам), заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы 100%-ды құрады. 2014 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 776 рұқсаттама (2013 жылы - 604) берілді. 2014 жылдың ішінде жұмыс берушілермен жергілікті қызметкерлерге 314 қосымша жұмыс орны ашылды, 5 шетелдік мамандар қазақстандық кадрлармен ауыстырылды, 301 ҚР азаматтары қайта даярлау,біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

2014 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 96,8%-ды құрады (2012 жылы – 97,9%). Үлес салмағының азаюы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың артуымен байланысты.

Облыс аумағында 9 медициналық-әлеуметтік мекемелер арнаулы әлеуметті қызмет көрсетеді, соның ішінде 6 жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, 1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 балалар мекемесі. Оларда 737 қарттар мен мүгедектер, 352 психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер, 146 психоневрологиялық ауруы бар балалар.

2014 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметпен 1399 адам қамтылды (2013 жылы -1294 адам қамтылды).

Жыл сайын медициналық-әлеуметтік мекемелерінде арнаулы әлеуметтік көмек алушылар саны көбеюде.

Жыл сайын медициналық-әлеуметтік мекемелерді қаржыландыру артып келеді. Мемлекеттік бюджеттен 2014 жылы 1135,7 млн. теңге (2013 ж – 1083,7 млн. теңге), бір қамқорланушыны қамтамасыз ету шығындары артуда (2013 ж. – күніне 3310,3 теңге, 2014ж. – 3464,1 теңге).

2014 жылы облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелері 126 жолдама берді. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мамандарының жұмысының нәтижесі болып отбасыларына қайтарылуы саналады, 2014 жылы отбасыларына 15 адам қайтарылды.

Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің жанында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 30 мүгедекке арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс жасайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету формаларының кеңеюіне байланысты әлеуметтік қызметті алуға мұқтаж адамдардың саны артуда. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің желісін, соның ішінде психоневрологиялық ауруы бар адамдарға арналған МӘМ арттыру қажет. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кезекте 179 адам тұр.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандары дамып келеді. Үкіметтік емес секторда жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2014 жылы жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі 1,3 %-ды құрады (2012 жылы – 1,1%), яғни 2015 жылдың 1 қаңтарына 63 адам қамтамасыз етілді. Алайда үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы жеткіліксіз.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2850 инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жасау міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 477 объектіге түгендеу жүргізілді, оның ішінде 410 нысан (85%) «бейімдеуге мұқтаж» деп айқындалды. 2014 жылдан объектілерді бейімдеу басталды және 25 объекті бейімделді. Негізгі мәселе объектілерді бейімдеуге жергілікті бюджеттен қаржының бөлінбеуі болып табылады.



Халықтың өмір сүру деңгейі

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, олардың әл-ауқаты мен жай-күйінің шамасы мемлекет пен аймақтың экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдау кезінде маңызды әлеуметтік-экономикалық критерий болып табылады.

Еңбекақы халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі болып табылады, ал нақты еңбекақы көлемі көбіне адамдардың материалдық жағдайын айқындайды.

2014 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 108223 теңгені құрады және 2013 жылға қарағанда 10%-ға көп, нақты еңбекақы индексі 104,4% құрады.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде халықты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, арнайы әлеуметтік көмек алатындар ішінен еңбекке жарамдыларын қоғамдық жұмысқа бағыттау 29,5% құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,7% аз (32,9%), ал 2012 жылмен салыстырғанда 5,8% аз (35,3%).

2015 жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасылар саны 752 отбасыны құрады, бұл 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 407 отбасыға аз (2013 жылдың 1 қаңтарына – 1159 отбасы).



Еңбек қызметіне байланысты жарақаттанушылық

2012-2014 жылдары облыс бойынша 196 өндірістік жазатайым оқиға тіркелген (3 жылда орташа есеппен – 65), оның ішінде ауыр жарақатпен – 168 (3 жылда орташа есеппен – 56), өлім жағдайымен – 28 (3 жылда орташа есеппен – 9)

25-кесте

Өндірістік жарақаттанушылық


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

3 жылға орташа есеппен

Жазатайым оқиға саны

бірлік

71

56

69

65

Зардап шеккендер саны

адам

79

62

76

72

Олардың ішінде қаза тапқаны

адам

12

7

9

9

Ж/о жиілігі коэфф.




0,56

0,43

0,53

0,5

Өндірістік жазатайым оқиғадан барлығы 217 адам зардап шекті (3 жылда орташа есеппен – 72), оның ішінде өлім жағдайымен – 28 (3 жылда орташа есеппен – 9), ауыр жарақатпен – 189 (3 жылда орташа есеппен – 63).

Сала бойынша жазатайым оқиғалар бюджеттік ұйымдарда жиі орын алды (3 жылда орташа есеппен – 15 адам немесе 23%), құрылыста (3 жылда орташа есеппен – 13 адам немесе 20%), шағын бизнес субъектілерінде (3 жылда орташа есеппен – 9 адам немесе 14%).

Өндірістік жарақаттанудың түрлерін қарастырған жағдайда, көбінесе қызметкерлер құлаудан және жол-көлік оқиғаларынан зақымданады.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын жағдайлардың негізгі себебі зақымданушының өрескел абайсыздығы, қауіпсіздік ережесін және еңбек қауіпсіздігін бұзуы.

26-кесте


Қызмет салалары бойынша өндірістік жарақаттанушылық

адам


Салалар

Зардап шеккендер саны

Оның ішінде қаза тапқаны

2012

2013

2014

3 жылда орташа есеппен

2012

2013

2014

3 жылда орташа есеппен

Тау-кен металлургия өнеркәсібі

























Энергетика өнеркәсібі

3




9

4

2




3

2

Мұнай газ өнеркәсібі (өндіру, өңдеу)

5

5

7

6







1




Химия өнеркәсібі

























Құрылыс

11

11

18

13

3

5

2

3

Машина жасау

3

5

2

3













Автомобиль көлігі саласындағы кәсіпорындар

3

5

1

3







1




Теміржол көлігі кәсіпорындары

2




4

2













Шағын бизнес ұйымдары

8

10

10

9

2

2




1

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары

3

4

3

3

1










Ақпарат және байланыс кәсіпорыны




1



















Ауыл шаруашылығы

4

5

2

4

2







1

Бюджеттік ұйымдар

21

10

15

15







2

1

Қаржылық ұйымдар

























Басқалары

8

6

5

6

2

1




1

Жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың себептерінің бірі болып жұмыс берушінің өндірістік нысандарды еңбек шарты бойынша аттестациялауға немқұрайлы қарау табылады.

Облыс кәсіпорындарында еңбекті қорғауда және қауіптің алдын алу мақсатында маңызды бағыттардың бірі болып еңбекті қорғаудың басқару жүйесін енгізу (ЕҚБЖ), сонымен қатар еңбекті қорғаудың көпшілікке танылған стандарттары болып табылады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында қазіргі заманғы халықаралық нормаларға, талаптарға және ғылыми-зерттеу жұмыстар қорытындыларына сәйкес өндірісте жазатайым оқиғаларды және кәсіптік аурулар жайында ескерту үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды (құрылыс нормалары және ережелері, стандарттары, стандартты ережелер, гигиена нормативтері, техникалық регламенттер) әкелу қажет.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша SWOT- талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • жұмыссыз халық саны 2012 жылдан 2014 жылға дейін 17,1 мың адамнан 16,8 мың адамға, аз қамтылған отбасылар санының (2012 ж.- 5541 отбасы, 2014 ж. -3885 отбасы) азайды, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,1%-дан 2,9% дейін.

  • жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық пунктке төмендеді және 5,0 %-ды құрады;

  • «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда;

  • жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар қаржыларының жеткіліктілігі.

  • әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын қамту;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектер, қарттар, мүгедек балалар санының артуы;

  • әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілерін бейімдеуді жүргізу.

  • еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, еңбек нарығында дәрігерлер, мұнайшылар, электргаз дәнекерлеушілердің үлкен сұранысқа ие болуы;

  • қала және ауыл тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейлерінің сәйкессіздігі;

  • ауылдық елді мекендерде бос жұмыс орындары санының аздығы;

  • мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар алу белгілі бір азаматтар санаттары үшін ақша алудың жалғыз көзі болып;

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасының болмауы;

  • мүгедектерді жеке оңалту бағдарламалары мүгедектердің өтініштері негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен дайындалады, ал келесі жылға бюджетті қалыптастыру ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қалыптастырылады, сәйкесінше бюджетті қалыптастырғаннан кейінгі ЖОБ уақытылы орындалмайды.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • Ауылдық жерлер тұрғындары үшін басымдығымен жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал жасау;

  • жұмыс орындарын құру, соның ішінде уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы;

  • жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау;

  • бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу.

  • мүгедектерді әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі шектеулі адамдарға максималды тәуелсіздікті, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіби мүмкіндіктерді сақтау мен қол жеткізуге және олардың өмірінің барлық салаларына толық араласуына мүкіндіктер береді;

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-дың қызмет ету аясын кеңейту.

  • кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулілігі;

  • жасырын жұмыссыздық;

  • жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азамат мәртебесін және табыстар туралы анықтаманы ұсынуды талап етеді).

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ-дың белсенділігінің төмендігі.

  • бөгде адамдардың тұрақты күтіміне мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдар санының артуы;

  • психоневрологиялық үй-интернаттардағы кезектілік.



Облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:

халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;

білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;

мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіле бермейді;

қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді;

мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларда нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыру мардымсыз деңгейде қамтамасыз етілуде;

медициналық-әлеуметтік мекемелерде медицина мамандарының жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр дәрігерлер, невропотологтар, терапевтер;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдарды бейімдеуге қаржының жеткіліксіздігі;

қозғалыс кезінде қиындықтар бар мүгедектер үшін бейімделген қоғамдық көліктің болмауы;

әлеуметтік маңызы бар объектілерді ішінара бейімдеу, нысандарға қолжетімділік пандустарды орнатумен ғана шектеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет