Жылдарға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы ақпарат



Дата03.03.2016
өлшемі154.08 Kb.
#36623


Шығыс Қазақстан облысының

Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың

2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарын

2012 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы

бойынша іске асыру барысы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009-2012 жылдарға арналған Кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешендi жоспар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 17 маусымдағы № 927 қаулысымен қабылданған.

Кешенді жоспарға сәйкес 2009-2012 жылдары орындау мерзімімен барлығы 26 тармақты іске асыру қарастырылған, оның ішінде 12 іс-шараны орындау мерзімі 2012 жылға көзделген. Қарастырылған іс-шаралардың ішінде 11 іс-шаралар орындалып (1.1, 1.2, 1.3, 2.4, 3.6а, 4.2, 5.1а, 5.2а, 5.3а, 6.1 и 6.2 тт.), олар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары С. Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы № 11-9/002-848 (3 т.) тапсырмасымен бақылаудан алынған. Қалған 15 іс-шаралар орындалу және аяқталу сатысында.

Мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мәліметтерінің негізінде 2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Кешендi жоспардың іс-шараларының орындалуы келесідей көрініс табады:



1.1-тармақ «Семей – Қайнар» автомобиль жолының 0 - 8 км учаскесін реконструкциялауды қамтамасыз ету (орындауға жауаптылар – ККМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011 жылғы 3-тоқсан)

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



1.2-тармақ Жаңа аялдама пункттерiн салу және қолданыстағыларын жайластыру (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010-2012 жылдардың 3-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылдың 5 шілдедегі № 5/11036ақпараты бойынша, қала көшелерінде 2,9 млн. теңге сомасына 14 аялдама павильоны дайындалып, орнатылды, жұмыстар толық орындалды.

Сонымен қатар, Семей полигонының жабылуына 20 жыл толуына орай өткізілген халықаралық антиядролық форум шеңберінде құны 20,4 млн. теңге сомасына 50 аялдама павильоны орнатылған.

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.

1.3-тармақ Семей қаласы көшелерiнiң көлік жүретін бөлiгiне орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010-2012 жылдардың 3-тоқсаны)

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



1.4-тармақ Семей қаласы көшелерiнiң жол жүру бөлiгiн қайта салуды қамтамасыз ету (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010-2012 жылдардың 3-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Ядорлық зерттеулерге тыймнан ядорлық қарудан таза әлемге» атты халықаралық конференция өткізу барысында Семей қ. республикалық бюджет есебінен Гагарин көшесіне Елемесов көшесінен Шугаев көшесіне дейін ағымдағы жылы 200,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жүргізілуде.

Семей қаласында Физкультурная к. Рысқұлов көшесінен Докучаев көшесіне дейін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжатының ескіруіне байланысты, 2012 жылы 6,1 млн. теңгеге сомасына сметалық құжатты түзету жүргізілуде. 01.06.2012 жылғы жағдай бойынша мердігер анықталды, 1,8 млн. теңге сомасына аванс төленді, болжамды аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 15 тамызы.



2.1-тармақ Смычка аралындағы бұдан бұрын барланған жер асты су көздерiнiң қорларын қайта бағалау үшiн iздестіру-барлау жұмыстарын, Свобода аралында және қаланың Затон бөлiгiндегi, сондай-ақ Жазық және Новобаженова ауылдарындағы жер асты су көздерiне барлау жүргiзу (орындауға жауаптылар – ИЖТМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010, 2011 жылдардың 3-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Смычка аралында жерасты суларының бұрын барланған кен орындарының қорларын қайта бағалау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын, Свобода аралы мен қаланың Затон бөлігінде және Жазық және Новобаженово ауылдарында жерасты суларының кен орындарына барлау жүргізу жұмыстары жасалынды. Қор жөнінде Мемлекеттік комиссияның Жазық және Ново-Баженова ауылдары бойынша 3.11.2011 жылғы № 563, Смычка о. бойынша 24.11.2011 ж. № 1124-11-у, Семей қаласының Затон ауылы бойынша 24.11.2011 ж. № 1125-11-у, Свобода аралы бойынша 24.11.2011 жылғы № 1125-11-у хаттамалары бар.

Жазық және Ново-Баженова ауылдарына шаруашылық-ауызсу сумен қамтамасыз ету үшін жиынтық мөлшері 1172 м³/жылына (Хаттама МКЗ № 563 03.12.2011 ж.) жерасты суларының қоры бекітілді. Жерасты суларының бнеңтңлге қоры Семей қаласы мен қала жанындағы Жазық және Ново-Баженова ауылдарына су жүйелерін салуды жобалауға негіз болып табылады.


2.2.-тармақ Семей қаласының сумен жабдықтау жүйесiн реконструкциялаудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011 жылғы 3-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің тапсырысы бойынша «ОблDORкомхаз» МКШ Семей қаласы нысандарын сумен қамту және су бұруды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Семей қаласының инженерлік жүйелерінің техникалық жағдайының нақты мәліметтерін жинақтаудың үлкен көлемді жұмысына байланысты, ҚТҮКШІА, «ОблDORкомхоз» МКК және «ВИК Инжиниринг» ЖШС арасында 2011-2012 жылдар мерзіміне техника-экономикалық негіздемесін әзірлеудің инвестициясын негіздеу бойынша 3 жақты шартқа қол қойылды.

Қазіргі уаытта Семей қаласының сумен жабдықтау жүйесiн реконструкциялаудың ТЭН әзiрленуде, аяқтау мерзімі 2012 жылдың соңына жоспарлануда.



2.3.-тармақ Свобода, Смычка, Большой аралдарында су жинағыш құрылыстарды реконструкциялауға, қала аудандарында 3-шi көтергiш сорғы станцияларын және су құбыры жүйелерiн салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011- 2012 жылдардың 3-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Свобода аралында су қорын дәлелдеу бойынша гидрогеологиялық және зертеу жұмыстарының болмауынан, 2011 жылы жер асты жұмыстары жүргізілді, су қорының дәлелдеу қорытындысы ағымдағы жылы берілді. Осыған сәйкес, Свобода аралында су жинағыш құрылыстарды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжат әзірлеу 2012 жылдың соңына жоспарланған.

2011 жылы қалалық бюджет есебінен Смычка аралының су жинағышынан Энергетик кентіне дейін су айырғышының құрылысына және 3-шi көтергiш сорғы станцияларының құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленді.

Мемсараптаманың қорытындысы 30.06.2011 ж. № 06-0134/11 ж., жоба құны 1494,3 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 524,7 млн. теңге сомасына трансферттер бөлінді

Жер асты су қорын дәлелдеу қорытындысының кеш берілуіне байланысты, «Ертіс өзенінен Үлкен көліне дейін су жинағышының» жобалық-сметалық құжатын әзірлеу 76,9 млн. теңге сомасына 2012 жылы басталды. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлену сатысында, жобалық жұмыстарды аяқтау 2013 жылға жоспарланған.



2.4.-тармақ Семей қаласындағы және Семей қаласына әкiмшiлiк бағыныстағы ауылдық елдi мекендердегi сумен жабдықтау объектiлерiн салу және реконструкциялау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу (орындауға жауаптылар – ИЖТМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2009 жылдың тамызы)

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



3.1.-тармақ Семей қаласында суды бұру жүйесін реконструкциялауға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің тапсырмасы бойынша «ОблDORкомхаз» МКШ Семей қаласы нысандарын сумен қамту және су бұруды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Семей қаласының инженерлік жүйелерінің техникалық жағдайының нақты мәліметтерін жинақтаудың үлкен көлемді жұмысына байланысты, ҚТҮКШІА, «ОблDORкомхоз» МКК және «ВИК Инжиниринг» ЖШС арасында 2011-2012 жылдар мерзіміне техника-экономикалық негіздемесін әзірлеудің инвестициясын негіздеу бойынша 3 жақты шартқа қол қойылды.

Қазіргі уақытта Семей қаласының суды бұру жүйесін реконструкциялауға ТЭН әзірленуде, аяқтау 2012 жылдың соңына жоспарланған.

3.2-тармақ Семей қаласының су бұру жүйелерiн реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2012 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараттары бойынша, Семей қаласының су бұру жүйелерiн реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжаттамасы су бұру жүйелерiн реконструкциялауға техника-экономикалық негіздеме алынғаннан кейін әзірленетін болады.

3.3-тармақ Семей қаласында ағынды суды биологиялық тазартатын тазарту құрылыстарын реконструкциялауды және кеңейтуді қамтамасыз ету (орындауға жауаптылар – ҚОҚМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010-2012 жылдардағы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараттары бойынша, тазалау қондырғыларын жаңарту және кеңейту бойынша жобаның техникалық экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың 2011 жылғы 4 наурыздағы № 01-055/11 оң қорытындысы алынып және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 160 –ПИР бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта министрлігінің 21.06.2011 жылғы және «Шығыс-Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке серіктестіктің Өңірлік орталығы» АҚ-ның 15.07.2011 жылғы қорытындылары бар. Құрылыстың жалпы сметалық құны – 4 924,4 млн. теңгені құрайды.

Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, ескертпелер жойылғаннан кейін жобалық ұйым тарапынан 05.06.2012 жылы қайтадан «Мемсараптама» РМК қарауына жіберілді.



Қоршаған орта министрлігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 07-1-39/323-Д ақпараты бойынша, қазіргі уақытта «ШҚО Семей қаласында ағынды суды биологиялық тазартатын тазарту құрылыстарын реконструкциялауды және кеңейтуді қамтамасыз ету» инвестициялқ жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамасында.

3.4-тармақ Семей қаласының жолдарында дренаж-нөсер кәрізін салу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010-2012 жылдардың 4-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, дренаждық –жауындық кәріз орнатуға Семей қаласының бюджетінде ағымдағы жылы 27,0 млн. теңге қарастырылған, жұмыстарды аяқтау мерзімі 2012 жылдың 31 қазанына белгіленген. Интернациональный, Найманбаев, Козбагаров көшелері қиылысында дренаждық –жауындық кәріз орнату бойынша жобалық-сметалық құжатты түзетуге 0,7 млн. теңге бөлінді.

«Томирис» рестораны ауданында Бозтаев көшесіне, Островский көшесі қиылысындағы Бозтаев көшесіне, Докучаев көшесі қиылысында Глинка көшесіне дренаждық –жауындық кәріз орнату бойынша ЖСҚ-қа экологиялық экспертизаның болмауына байланысты аяқтау 2012 жылы жоспарланған жобаларды іске асыру 38,0 млн. теңге сомасына 2013-2014 жылдарға ауыстырылды.



3.5-тармақ Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкерін реконструкциялауды қамтамасыз ету (орындауға жауаптылар – Қоршаған ортамині және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаның ЖСҚ әзірлеуге 2007 жылы 11 960,0 мың теңге сомасына қаржы бөлінде, 10 763,7 мың теңге игерілді (90%). ЖСҚ әзірлеуді аяқтауға ағымдағы жылы 1 196,0 мың теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Тихомиров ағысы ауданында кәріздік дюкерді суасты зерттеу жүргізілді. Дюкерді зерттеу туралы есепке сәйкес, суасты өтудің техникалық жағдайы шекті деп бағаланды. Семей қаласының әкімдігімен қалалық бюджетті нақтылау барысында ағымдағы жылдың сәуірінде кәріздік дюкердің апатты учаскесін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат әзірлеуге 5,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысының нәтижесі 15.06.2012 жылы орындалды және қткізілмеген деп танылды. Қазіргі уақытта бір көзден сатып алу жоспарлануда.



Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, Министрлікте 2006 жылғы 9 қарашасындағы техникалық-экономикалық негіздемесіне ескірген мемлекеттік сараптамасы бар. Осыған орай, аталған жобалар бойынша құжаттаманың толық болмауына байланысты, жобалар 2013-2015 жылдарға арналған Министрліктің бюджеттік өтінімі ретінде қосылмаған.

Аталған жобаны Министрліктің бюджеттік тапсырысына қосу үшін, Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажет.



3.6-тармақ. Семей қаласының Холодный ключ ауылына канализация желісін салу: (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі)

а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу (орындау мерзімі – 2011 жылғы 3-тоқсан);

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



б) кәрiз желiлерiн салу (орындау мерзімі – 2012 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Семей қаласының Холодный ключ кентінен Селевина көшесіне дейін канализация желісін салу» жобасының жобалық-сметалық құжаты әзірленді, 56,1 млн. теңге сомасына мемлекеттік сараптаманың 30.05.2011 жылғы №06-0105/11 қорытындысы алынды.

Жобаны іске асыруға қаржы бөлу мәселесі 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында қарастырылды және ескерілді.



4.1-тармақ Семей қаласын жылумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйесін жаңғыртуды және реконструкциялауды қамтамасыз ету (орындауға жауаптылар – ИЖТМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2009-2011 жылдардың 4-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы Семей қаласындағы қолданыстағы жылу желілерін жаңарту және қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылуда.

2012 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 6 000,0 млн. теңге бөлінді. 01.06.2012 жылғы жағдай бойынша есептік мерзімге көзделген 3 080,0 млн. теңге немесе 100 % игерілген.

Бөлінген қаражат есебінен орталық жылумен қамту сұлбасында сақталған қолданыстағы қазандықтар мен ЖЭО жаңарту, жылу жүйелерін жаңарту, 1,2, және 3 ЖЭО кеңейту және қайта жаңарту жүзеге асырылуда.

ЖЭО-1 құрылысының І кезегі 2011 жылдың ІV тоқсанда енгізілген.



4.2-тармақ Семей қаласын жылумен жабдықтаудың бар схемасын түзетудi аяқтау, нәтижелерi бойынша Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесiн одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу (орындауға жауаптылар – Шығыс Қазақстан облысының әкімі және ИЖТМ, орындау мерзімі – 2009 жылғы 4-тоқсан )

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



5.1.-тармақ «Семей қаласында облыстық онкологиялық диспансерінiң радиологиялық орталығын салуды (3-кезек) аяқтау:»: (орындауға жауаптылар – ДСМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі)

а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу, (орындау мерзімі – 2010 жылғы 3-тоқсан)

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



б) объектіні салуды аяқтау және медициналық жабдықты орнатуды қамтамасыз ету (орындау мерзімі 2010, 2011 жж. 4-тоқсаны)

Денсаулық сақтау министрлігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 08-2/01-431 ақпараттары бойынша, «Семқұрылысжоба» ЖЗИ ЖШС-гі тарапынан жобалық-сметалық құжат әзірленді, 2011 жылдың 29 шілдесіндегі № 01-271/11 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды, жобаның жалпы құны – 6 538, 2 млн. теңге.

Осы жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2012-2013 жылдарға 6 146,5 млн.теңге , сонын ішінде - 2012 жылға - 2 262.2 млн. теңге , 2013жылға -3884,3 млн.теңге қарастырылған. Облыстық бюджеттен 2012-2013 жылдарға ортақ қаржыландыру сомасы 320,3 млн. теңгені, оның ішінде 2012 жылға – 48,4 млн.теңге, 2013 жылға -271,9 млн.теңгені құрады. 01.06.2012 ж. жағдай бойынша қаржыландырудың жоспарына сәйкес 1 517,0 млн. теңге сомасына қаржы игерілді.



5.2-тармақ. Семей қаласында 80 төсектік туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салу (орындауға жауапты – ДСМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі)

а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (орындау мерзімі – 2010 жылғы 3-тоқсан)

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



б) туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салу (орындау мерзімі 2011, 2012 жж. 4-тоқсаны)

Денсаулық сақтау министрлігі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараттары бойынша, құрылыс нысаны Сауд Аравия корольдігінің гранты есебінен қаржыландырылады. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысына сәйкес мердігер ұйым болып «ЕртісЖЭСҚұрылыс» ЖШС анықталды. Құрылысты аяқтау мерзімі – 2013 жыл.

5.3-тармақ. Семей қаласында жедел медициналық көмек станциясын салу (орындауға жауапты – ДСМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі)

а) жобаға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (орындау мерзімі – 2010 жылғы 3-тоқсан)

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



б) Семей қаласында жедел медициналық көмек станциясын салу (орындау мерзімі 2011, 2012 жж. 4-тоқсаны)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жедел медициналық көмек станциясы құрылысының жобасы бойынша 28.09.2010 жылғы №16-0502/10 мемлекеттік сараптама бар, құрылыстың құны 1 794, 025 млн. теңгені құрайды.

Оңтайландыру бойынша хаттамасына сәйкес, жаңа нормативтерді ескере жоба түзетілді, 1 538,4 млн. теңге сомасына 22.01.2012 жылғы № 16-0023/12 мемлекеттік сараптама қорытындысы бар.



Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, құрылыс шығыстары 2013-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізіміне жобаларды енгізу үшін бюджеттік тапсырыстар құрамында ескерілді.

6.1-тармақ. Семей қаласында 320 орындық балабақша салу (орындауға жауапты – БҒМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі 2009 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, нысан пайдалануға берілген. объект пайдалануға берілді. Мемлекеттік комиссия Актісі Семей қаласы Әкімінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-137-Р өкімімен бекілді.

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



6.2-тармақ. Семей қаласының Холодный ключ кентiнде 400 орындық орта мектеп салу (орындауға жауаптылар – БҒМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі 2009 жылғы 2-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2010 жылы Семей қаласы әкімінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 01-74Р8-ө өкімімен бекітілген мемлекеттік комиссия актісімен нысан пайдалануға берілді.

Аталған тармақ Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды.



6.3-тармақ. Семей қаласының Холодный ключ кентінде 230 орындық балабақша салу (орындауға жауапты – БҒМ және Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеу және мемлекеттік сараптама қарауына ұсыну ағымдағы жылдың шілде мерзімінің соңына дейін жоспарланған. Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, бала бақшаның құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланған.

Осыған байланысты, қажет құжаттама әзір болу мөлшеріне қарай ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігіне жолданатын болады.



6.4-тармақ Семей қаласында ұлдар лицей-интернатына акт және спорт залдарын жалғап салу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2010 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2005 жылы әзірленген сметалық құжаттама 2011 жылы түзетіліп, 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 07-045/11 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның сметалық құны 82,9 млн.теңгені құрады.

2011 жылы «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер лицей-интернаты» оқу корпусына спорт-бос уақыт орталығы жапсаржайының құрылысын бастауға облыстық бюджет қаражаты есебінен 61,2 млн.теңге бағытталды, қаражат толық көлемде игерілді. Нысанның құрылысын аяқтауға 2012 жылға арналған облыстық бюджет қаражатынан 19,5 млн.теңге қарастырылған. Нысанды пайдалануға берудің болжамды мерзімі – 2012 жылдың тамыз айы.



6.5-тармақ. № 26 орта мектепке спорт залын жалғап салу (орындау мерзімі – 2010 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және 103,8 млн. теңге сомасына 06.01.2012 жылдың № 07-0001/12 мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы бар.

Нысан құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 30,0 млн.теңге қарастырылды. Қалған соманы бөлу мәселесі мемлекеттік сараптама қорытындысы шыққан соң қарастырылады.



6.6-тармақ. № 5 мектеп-интернатқа шеберхана жалғап салу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба оңтайландырылған, мемлекеттік сараптаманың 06.03.2012 жылғы № 07-0038/12 қорытындысы алынды, жалпы құны – 134,8 млн. теңге. Облыстық бюджет қаражатынан жобаны іске асыруға 2012 жылға 130 млн. теңге бөлінді.

6.7-тармақ. Новобаженово, Чекоман, Прииртышское ауылдарындағы мектептерге қазандықтар салу (орындауға жауапты – Шығыс Қазақстан облысының әкімі, орындау мерзімі – 2011 жылғы 4-тоқсан)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Новобаженово ауылында мектептің қазандығының құрылысы бойынша 38,7 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірленіп және мемлекеттік сараптаманың 31.03.2012 жылғы № 07-0061/12 оң қорытындысы бар. Нысандардың құрылысын бастауға 2012 жылға қалалық бюджет қаражатынан 38,7 млн.теңге қарастырылған, қаржыландырудың жоспарына сәйкес қаржы игеру а.ж. маусым айы мен қараша айы аралығында жоспарланған.

Чекоман, Прииртышское ауылдарындағы мектептерге қазандықтар салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жолданған. Сараптама қорытындысының болжамды шығу мерзімі – 2012 жылғы шілде айы. Қалалық бюджет қаражат бөлу мәселесі мемлекеттік сараптама қорытындысы шыққан соң қарастырылады.


Жалпы қорытындылар:
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспары Семей қаласын келешектегі жылдары толыққанды дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық базасын құру мақсатында қабылданған.

Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 37 163,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 34119,1 млн.теңге, жергілікті бюджетттен 3 044 млн. теңге қарастырылған. 2011 жылға қарастырылған нысандардың аяқталуын ескере 2012 жылға 12 785,2 млн. теңге, оның ішінде респбуликалық бюджет есебінен – 12 146,5 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен – 638,7 млн. теңге қарастырылған (1-қосымша).

Кешенді жоспардың шараларынан есептік кезеңде 11 іс-шара (1.1, 1.2, 1.3, 2.4, 3.6а, 4.2, 5.1а, 5.2а, 5.3а, 6.1 и 6.2 тт.)орындалып, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Ахметовтың 2012 жылғы 4 ақпандағы №11-9/002-848 (п.3 ) тапсырмасымен бақылаудан алынды, 15 іс-шара орындалу және аяқталу барысында.

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Кешенді жоспарды жүзеге асыру жалғасуда екендігін және ол Министрліктің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен мүдделі мемлекеттік органдарадың тұрақты бақылауында болатындығын атап өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет