Жылдарға арналған облыстық бюджет туралы



жүктеу 2.31 Mb.
бет1/12
Дата17.07.2016
өлшемі2.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


№472-IV

2011 жылғы 7 желтоқсан



2013 - 2015 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2013–2015 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат ІХ сессиясында ШЕШТІ:

1. 2013–2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2013 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:


  1. кірістер – 121 446 133 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 52 002 676 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 124 914 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –  2 663 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 69 315 880 мың теңге;



  1. шығындар – 119 651 546 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру – 3 499 598 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік несиелер – 3 647 098 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 147 500 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 1 444 425 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 1 449 425 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 5 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 149 436 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 149 436 мың теңге.

2. Атырау қаласы мен аудандар бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2013 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:

Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандарына және меншікті облыстық бюджетке – 100%;

Атырау қаласына және Жылыой ауданына – 50%;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:


Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарына және меншікті облыстық бюджетке – 100%;

Атырау қаласына – 50%;

шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша төлем көзінен ұсталатын:

меншікті облыстық бюджетке – 100%;

шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша төлем көзінен ұсталмайтыннан:

меншікті облыстық бюджетке – 100%;

әлеуметтік салық бойынша:

Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарына және Атырау қаласына – 50%;

меншікті облыстық бюджетке - 100%.

3. Тиісті бюджеттің кірісіне:

бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары;

«Өндірушілер көтерме саудада сататын, өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

«Өндірушілер көтерме саудада сататын, өзі өндіретін дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек есептелетін болып белгіленсін.

4. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

5. Аудан, қала бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алымдардың 2013 жылға арналған көлемдері 37 470 576 мың теңге сомасында, оның ішінде:

Жылыой ауданынан - 5 707 353 мың теңге;

Атырау қаласынан - 31 763 223 мың теңге болып белгіленсін.

6. Облыстық бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін субвенциялар мөлшерлері 2013 жылға 7 683 309 мың теңге сомасында, оның ішінде:

Құрманғазы ауданы – 2 612 872 мың теңге;

Индер ауданы – 1 337 829 мың теңге;

Исатай ауданы – 892 613 мың теңге;

Қызылқоға ауданы – 1 745 338 мың теңге;

Мақат ауданы – 449 126 мың теңге;

Махамбет ауданы – 645 531 мың теңге болып белгіленсін.

7. 2013 жылы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету шығыстарын төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 мың теңге сомасында белгіленсін.

8. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен төмендегідей көлемдерде:

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 102 425 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 2 008 400 мың теңге;

үйден оқытылатын мүгедек балаларды жабдықтар және бағдарламалармен қамтамасыз етуге - 36 400 мың теңге;

жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге - 120 839 мың теңге;

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға – 439 637 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге - 116 503 мың теңге;

эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге – 291 135 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға – 50 000 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге – 177 030 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына (мұғалімдеріне) жалақыдағы айырмашылықты төлеуге – 54 010 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға – 26 667 мың теңге;

мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін – 291 135 мың теңге;

арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді енгізуге – 9 800 мың.теңге;

дәрілік заттар, вакциналар және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға - 1 893 986 мың теңге;

өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақыны белгілеуге - 51 112 мың теңге;

ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға – 213 770 мың теңге;

асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 96 596 мың теңге;

мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға – 141 359 мың теңге;

көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау және материалдық-техникалық жарақтандыруға – 40 085 мың теңге;

оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға – 3 015 мың теңге;

автокөлік жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету – 3 336 мың теңге;

жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен ұсталатын ішкі істер органдары қызметкерлеріне арнаулы атағы үшін қосымша ақыны мөлшерін арттыруға – 614 441 мың теңге;

жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 387 888 мың теңге;

кепілді тегін медициналық көмек мөлшерін қамтамасыз ету және ұлғайтуға – 3 144 465 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 420 000 мың теңге;

облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге – 516 000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.

Осы тармақтағы екінші мен жетіншіні қоса алғандағы абзацтардағы ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне бөлу жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалады.

9. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде келесідей көлемде:

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға – 117 000 мың теңге;

жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге – 10 000 мың теңге;

кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу – кәсіпкерлікке оқыту – 1 478 мың теңге;

ағымдағы жайластыруға – 184 091 мың теңге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер;

кәсіпкерлікке микрокредит беруге – 126 000 мың теңге республикалық бюджеттен кредиттер көзделгені ескерілсін.

10. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» шеңберінде келесідей көлемде:

жалақыны ішінара субсидиялауға – 122 514 мың теңге;

кәсіпкерлікке үйретуге – 8 764 мың теңге;

жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге – 88 726 мың теңге;

жастар саясатын өткізуге – 133 979 мың теңге;

кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлауға – 64 342 мың теңге;

кадрларды кәсіби даярлауға – 409 932 мың теңге;

коммуналдық-инженерлік, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеуге және ауылдық елді мекендерді абаттандыруға – 880 526 мың теңге;

жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 148 016 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері;

ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге 665 028 мың теңге республикалық бюджеттен бюджеттік несиелер көзделгені ескерілсін.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері және бюджеттiк несиелердің сомаларын Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне бөлу жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалады.

11. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде

ауылдық (селолық) округтарда аймақтарды экономикалық дамуға ықпал ету шараларын іске асыруға 224 822 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер;

инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін 507 582 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.

12. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте төмендегідей көлемдерде:

ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшін 42 798 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер;

ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн 96 070 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит беру көзделгенi ескерiлсiн.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер сомаларын Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне бөлу жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалады.

13. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен келесідей көлемде:

облыстың елді мекендерінің және Атырау қаласының сумен қамту және су бұру жүйесінің нысандарын салу және қайта жаңғыртуға – 3 372 171 мың теңге;

білім беру нысандарын салу және қайта жаңғыртуға – 1 769 158 мың теңге;

денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта жаңғыртуға – 1 241 055 мың теңге;

қоршаған ортаны қорғау нысандарын салу және қайта жаңғыртуға – 447 230 мың теңге;

облыстың елді мекендерін газдандыруға – 1 978 036 мың теңге;

облыстық маңызы бар «Индер - Қарабау - Миялы - Сағыз» автокөлік жолын қайта жаңғыртуға – 3 000 000 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 602 000 мың теңге;

Атырау облысы мен Атырау қаласындағы электрмен жабдықтау нысандарының құрылысы және қайта жаңғыртуға – 544 135 мың теңге нысаналы даму трансферттер көзделгені ескерілсін.

Нысаналы даму трансферттердің сомаларын Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне бөлу жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалады.

14. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасында 2013-2015 жылдарға арналған тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4 690 000 мың теңге сомасында, оның ішінде:

тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға (кейінге қалдыруға шартымен) кезекте тұрғандар үшін – 1 400 000 мың теңге;

тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға (кейінге қалдыруға шартымен) жас жанұялар үшін – 700 000 мың теңге;

инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) сатып алуға 2 590 000 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.

15. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте Атырау қаласының бюджетіне Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде нөлдік сыйақы (мүлде) ставкасы бойынша 100 мектеп 100 аурухана қызметкерлеріне тұрғын үй салуды жобалауға, тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2 610 000 мың теңге сомасында, оның ішінде:

тұрғын үй салуды жобалауға, тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 324 000 мың теңге;

тұрғын үй салуды жобалауға, тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға (кейінге қалдыру шартымен) 2 286 000 мың теңге кредиттер көзделгені ескерілсін.

16. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне төмендегідей ағымдағы нысаналы трансферттері көзделсін:

тарифтердің өсуіне байланысты коммуналдық қызмет шығындарына - 40 077 мың теңге;

білім беру мекемелерінің агымдағы шығындарына - 202 820 мың теңге;

облыс аумағында жалпы білім беру мектептерінде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамтуға - 305 580 мың теңге;

балаларды тасымалдау үшін автобус сатып алу үшін – 24 000 мың теңге;

білім беру нысандарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға және күрделі жөндеуге – 643 250 мың теңге;

«Отау» ұлттық спутниктік теледидар тарату жүйесіне аз қамтылған отбасыларды қосу үшін - 14 390 мың теңге;

Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне коммуналдық шығындарын өтеуге – 4 413 мың теңге;

елді мекендерді сумен қамту үшін – 31 000 мың теңге;

азаматтардың жекелеген топтарына мерекелік күндерге әлеуметтік көмек көрсетуге - 5 875 мың теңге;

Қиғаш өзені арқылы өтетін адамдар мен көліктітерді тасымалдауды ұйымдастыру үшін паром өткелін сатып алуға - 60 000 мың теңге;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арнайы техника сатып алуға - 49 000 мың теңге;

облыс аудандарында ауылдық округтер әкімдеріне қызметтік автокөлік сатып алуға – 72 680 мың теңге.

17. 2013 жылға арналған облыстық бюджетте:

сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 421 543 мың теңге;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 136 397 мың теңге;

тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға – 2 702 400 мың теңге;

білім беру объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға - 13 934 мың теңге сомасында Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері көзделсін.

18. 2013 жылға жергілікті атқарушы органдарының резерві 1 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

19. Облыстық бюджетте 2013 жылға жергілікті атқарушы органдар қарызын өтеу үшін 407 264 мың теңге қаралсын.

20. 2013 жылдың 31 желтоқсанға жергілікті атқарушы органдар лимитіндегі борышы 7 479 488 мың теңге сомасында белгіленсін.

21. 2013 жылға арналған жергілікті бюджеттің орындалу процесінде қысқартуға жатпайтын жергілікті бюджеттің бағдарлама тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

22.Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (А.Жұбанов) жүктелсін.

23. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.



Сессия төрағасы Б. Кенжеғұлов
Мәслихат хатшысы C. Лұқпанов


Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №90-V шешіміне




1 қосымша

2013 жылға арналған облыстық бюджет



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет