Жылға Өскемен қаласының жергілікті атқару органдарының



Дата05.07.2016
өлшемі216.74 Kb.
#180241
2015 жылға Өскемен қаласының жергілікті атқару органдарының

жұмыс қорытындысы және 2016 жылға міндеттер бойынша тұрғындармен есептік кездесуде қала әкімі Т.Ж. Қасымжановтың сөз сөйлеу тезистері

 
2015 жылы және ұзақ мерзімді және ағымдық міндеттерді жүзеге асыруда бағдар және негізгі бағдарламалық құжат Ел басының Қазақстан Халқына 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауы болды.

Сыртқы экономикалық және саяси тұрақсыздық қала экономикасының өсімінің баяулауына нақты: өнеркәсіптік өндірістің өсімі 88,1 %, капитал салымы ауылшаруашылығы жалпы өнімі 84,4 %, жекелей тауарайналым 100,6 % өсім әсер етті.

Бұған қарамастан, ішкі резервтерді іздестіру есебінен, «Нұрлы жол» экономикалық саясаттың 7 инфрақұрылымдық бағыты аясында шараларды орындау, барлық деңгейдегі бюджетке салықтың түсімінің өсім қарқыны 107,8 %, оның ішінде жергілікті бюджетке – 103,4%, шағын бизнестің белсенді кәсіпорындардың саны – 100,2 % түсімі қамтамасыз етілді, жаңадан салынған тұрғын- үйлердің саны 37,7% артты.

Мемлекеттік бағдарламалар: Индустриалды-инновационалдық даму, «2020 Бизнестің жол картасы», «2020 Жұмыспен қамту жол картасы», «2020 Қол жетімді баспана» жүзеге асырылуына жұмыстар жалғастырылды және нақты жетістіктерге қол жеткізілді:


Өнеркәсіп

Өтіп кеткен жылда өнеркәсіптік өнімнің шығарылымы 640 млрд. теңгені, салыстырмалы бағада өсім қарқыны – 88,1 % құрады. Көп деңгейде машина жасау саласының кәсіпорындарында, бірінші кезекте «Азия Авто» АҚ және «Востокмашзауыт» АҚ өндірістің көлемінің төмендеуі әсер етті.

Сонымен, доллар курсының артуы қаланың металлургиялық кәсіпорындарының – «Қазмырыш» ЖШС, «УМЗ» АҚ, «УК ТМК» АҚ, сонымен ағаш өңдеу саласына оңды әсер етті. 2016 жылы «Қазмырыш» мырыш өндірісінің – 62 %, мыс 45 % өсімі күтілуде.

Металлургиядан басқа, өндірістің өсімі халықтық тұтыну тауарлар өндірісінде, сүт өнімдері, киім, жиһаз өндірісінде қамтамасыз етілген. Электр жабдығы өндірісі ұлғайтылды.

2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновационалдық маңызды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында Өскемен қаласы бойынша екінші бес жылдыққа 6 инвестициялық жобалар («Азия Авто» АҚ, «Мелисса ЖШС, «Өскемен технологиялық жабдық зауыты» ЖШС, «ТМК» АҚ, АО «ӨК Конденсатор зауыты» АҚ, «Balum Kaz Service» ЖШС) жалпы құны 118,7 млрд. теңгемен өтті, жобаларды жүзеге асырудың қорытындысы бойынша жобалық қуаттылыққа шығуда 4000 аса жұмыс орындарын құру белгіленді.



2016 жылға міндеттер:

2015 жылы «ӨК ТМК» АҚ («Кеуекті титанды қабаттау «ПА-1343» қақтау прессін қайта қалпына келтіру») жобасы бойынша жабдықты күйге келтіру және тәжірибе-өнеркәсіптік пайдалану бойынша жұмыстар басталды, пайдалануға енгізу актісі 2016 жыл.

2016 жылғы ақпан айының екінші он күндігінде «Мелисса» ЖШС жобасын («OSB плиталар өндірісі бойынша зауыт») пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Индустрияландыру картасына енгізу үшін қалалық Үйлестіру кеңесінің 2015 жылы жұмыс тобының отырысында 4 жоба 2,9 млрд. теңге жалпы сомаға қаралған. Олардың 2 жоба («В. Р. Group ЖШС (Б. П. Груп), «Герат-ПВ» ЖШС) ШҚО Үйлестіру Кеңесінің жұмыс тобына қаралуға бағытталған, онда 100-ден аса жұмыс орындарын құрумен, жалпы сомасы 1,3 млрд. теңге Индустрияландыру картасына енгізуге қабылданады. Бүгінгі күнде аталған жобалар бойынша салалық қорытындылар ҚР Инвестиция және даму министрлігінде.

Картаға 2 жоба 3,0 млрд. теңге сомаға («ТАГТИН» ЖШС,«УК ТМК» АҚ) кіргізу мүмкіндігімен жұмыс жасалуда.
Ауылшаруашылығы

2015 жылға ауылшаруашылығы жалпы өнімін шығару 6,7 млрд. теңгені, 2014 жылдың деңгейіне 858 га егістік алаңшалардың қысқаруы және қалалық құрылыстың кеңею есебінен 2014 жылғы сәйкес кезеңге 93,2 % құрады. Мал шаруашылығында өнім шығару және мал басының өсімі сақталды.

«Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Пасека» шаруа қожалығының порционды бал өндірісі бойынша жаңа цехтың құрылысы және кеңейту, «Родничок» шаруа қожалығында 260 ұрғашы шошқа бөлімінің құрылысы, «Айка» шаруа қожалығында 150 бас ІҚМ жемдеу алаңшасының құрылысы сияқты жобалар жүзеге асырылды.

2016 жылға міндеттер:

2016-2018 жылдары жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

- «АльЖан АгроТрейд» ЖШС жылжай кешенін кеңейту,

- «Зеленстрой» ЖШС топинамбурды өсіру және тереңдеп өңдеу,

- «Восток Агро Холдинг» ЖШС майлы дақылдарды өңдеу бойынша зауыттың құрылысы,

- Локотош С. В ЖК мал жемдейтін алаңша және мал сою цехпен «Тірі мал базары» малды сату және сою бойынша базардың құрылысын аяқтау

- «Родничок» ШҚ мал сою цехының құрылысы,

- «Пасека» ШҚ балды фасовкаға салу бойынша жабдықты монтаждау және цехтың құрылысын аяқтау,

- "Өскемен тоған шаруашылығы" ЖШС құртшабақтың өндірісі үшін тоғанақты балыққа толтыру және өндірісті кеңейту есебінен 500 тоннаға дейін тауарлы балық және 500 мыңға дейін еркек шабақтарды жүзеге асыру өндірісін кеңейту,

- Өскемен қаласының су қоймасында балық өндірісін құршабақтарды өсірумен толық циклды өндіріс, 300 тоннаға дейін тауарлы балықты өсіру және өңдеу және "Авитатор 2000" ЖШС 75 тоннаға дейін қызыл уылдырықты өндіру акваториясын құру.



Инвестиция

Қаланың кәсіпорындары өндірісті дамыту және негізгі қорларды жаңартуға қаражаттар салымын жалғастыруда. Былтырғы жылға негізгі капиталға инвестицияның салымы 82 млрд. теңге немесе 2014 жылға 84,4 % құрады. Сонымен, экономиканың нақты секторына капитал салудың өсім қарқыны 86 % құрады.

Былтырғы жылы пайдалануға ірі коммерциялық нысандар: 2 автоцентр «BMW» және «Hyundai» енгізілді, «Юбилейный» кинотеатрын қайта қалпына келтіру аяқталды.

2016 жылға міндеттер:

2016 жылы «Қазақстан Солар Силикон» ЖШС «Фотоэлектрикалық пластиндер өндірісі бойынша зауыт» жобасын жүзеге асыруды аяқтау; «Азия Авто Қазақстан» АҚ «Толық циклді автозауыттың құрылысы» жобасын жалғастыру; «УМЗ» АҚ, УКТМК АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «АЭС УК ГЭС» ЖШС, «АЭС УК ТЭЦ» ЖШС, АО «ВК РЭК» АҚ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру.



Бюджет

2015 жылға мемлекеттік бюджетке 170 млрд. теңгеден аса, 2014 жылға 7,8 % өсіммен түсті, мемлекеттік бюджтке 40 млрд. теңге, 3,4 % аса өсіммен аударылды. 2015 жылға Өскемен қаласының бюджетіне жеке кірістердің түсімі 13 882,8 млн. теңге болжамда 99,9 % орындалды, түскені 13 864,6 млн. теңге, түспегені – 18,2 млн. теңге. Жергілікті бюджетке ішкі резервтерді анықтау есебінен қосымша 521 млн. теңге салық аударылды.



2016 жылға міндеттер:

Жеке кірістер бойынша жылдық болжамның орындалуы, оның ішінде Алгоритим шараларын жалғастыру және бөлінген бюджеттік қаражаттардың толық игерілуі қамтамасыз етілсін.


Сауда

Жекелей тауарайналымның өсім қарқыны біршама төмендеді, ол бір жылға 100,6 % өсім қарқынымен 333 млрд. теңгені құрады (2014 жылы өсім 8,7%). Бұл ең алдымен тұтынушылық сұраныстың төмендеуі, инфляцияның өсімімен пайда болған, тұрғындардың нақты ақшалай кірісі, тұтынушылық сұраныстың төмендеуімен пайда болды. Былтырғы жылға инфляция индексі 113,2 % құрады, бұл 2014 жылға 5,8 пайыздық пунктіге жоғары.

Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсімі - 110,9 %, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына қарағанда, 3,4 пайыздық пунктіге жоғары. Азық-түлік емес тауарлары тобына инфляция индексі - 119,2 %, бұл 2014 жылғы ұқсас аралығына, 10,7 пайыздық пунктіге жоғары.

Азық-түлік өнімдеріне бағаны тежеу мақсатында қаланың жергілікті атқару органдарымен шаралар қабылдануда:

- қоғамдық бірлестіктер, Нұр Отан партиясымен бірлесіп, ірі дүкендер және базарлар бойынша күнделікті баға мониторингі, өсімнің себебін анықтау және шара қабылдау;

- қаланың сауда кәсіпорындарымен сауда үстеме ақысын 10 % асырмай әлеуметтік-маңызды өнімдерге сауда үстемеақысын қолдану туралы 387 меморандум жасалынды;

- қаланың 23 дүкендерінде әлеуметтік бөлімдер жұмыс жасайды;

- тұрақтандыру қорына 65 және 72 теңге толайым баға бойынша қараша мен маусым айлары кезеңінде жүзеге асыру үшін 4 мың тонна жеміс өнімі сатып алынды.

- 2015 жылдың басынан 52 демалыс күн жәрмеңкесі өткізілді.

2016 жылға міндеттер:

Жекелей тауарайналым көлемінің өсім қарқыны 107 %-дан аз емес қамтамасыз етілсін.

Тұтынушылық баға деңгейін тежеу бойынша барлық шаралар қабылдансын.
Шағын бизнес

Жұмыс бастылықты қамтамасыз ету және экономиканың нақты секторын құруда шағын және орта бизнес маңызды рөлді атқарады. 2016 жылғы 1 қаңтар айы жағдайына шағын және орта бизнестің субъектілері 3085 бірлікті немесе 2015 жылғы 1 қаңтар айына 100,2 % құрады.

«2020 Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 44,0 млрд. теңгеге ӨҮК мақұлданған, 248 жоба жүзеге асырылуда.

2015 жылы аталған бағдарлама бойынша қала әкімдігімен кәсіпкерлердің 91 өтініші қаралды:

- 6,7 млрд. теңге сомаға 69 жаңа жобалар, олардың ӨҮК 3,7 млрд. теңге сомаға 59 жоба мақұлданды;

- 22 жоба қаржыландырудың мерзімдерін ұлғайту, өзгерістер енгізуге.

1 бағыт («Моноқалалар, шағын қала және ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес бастамаларын қолдау») аясында қаржылық қолдауды 215 жұмыс орындарын құрумен, 1,4 млрд. теңге сомаға 22 жоба алды.

2 бағыты («Экономиканың басымды секторлары және салалық өңдеуші өнеркәсіпте қызметін жүзеге асыратын, кәсіпкерлерді салалық қолдау») аясында 185 жұмыс орындарын құрумен, 1,3 млрд. теңг сомаға 36 жоба қолдау алды.

3 бағыты («Кәсіпкерлердің валюталық қатерлерін төмендету») аясында қаржылық қолдауды 10 жұмыс орындарын құрумен, 1 млрд. теңге сомаға 1 жоба алды.

Өңдеуші өнеркәсіпті ШБС қолдау бағдарламасы бойынша Ұлттық қордың қаражаттары есебінен 4 млрд. теңге сомаға 48 жоба қаржыландырылды.

Тұрақты негізде Кәсіпкерліктің мәселелері бойынша эксперттік кеңес және қала кәсіпкерліктерін дамытуда әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс тобы жұмыс жасайды. 2015 жылы 4 жұмыс тобының отырысы өткізілді, эксперттік кеңестің 8 хаттамасы қаралды және қол қойылды.

2015 жылы қала кәсіпкерлерінің субъектілерімен 60-тан аса іс-шаралар, оның ішінде Ашық есік күндері, конкурс – «Қазақстанның үздік тауары» көрмесі, «Үздік кәсіпкер» конкурс, қалалық бизнес форум өткізілді.

Өскемен қаласында индустриалды аймақтарға жер учаскелері: «Машиностройтелей көшесі бойындағы Арматура зауыты ауданында және «Өркен-ЖМҚ» бөлінді. «Өркен ЖМҚ» индустриалды аймақта «Дуйсенбай» ЖК - газблок өндірісі бойынша цехтың құрылысы зауыт, ол бойынша жер учаскесінің жал төлеміне шартқа қол қойылды.

ШҚО бойынша ТҮКШ және энергетика басқармасымен бизнесті дамыту аймағы бойынша жүргізілген инженерлік инфрақұрылымның жұмыс жасауының келеңсіздіктерін жою бойынша жұмыстар атқарылды. Бизнесті даму аймағының инфрақұрылымы қайта қалпына келтірілді.

2016 жылға міндеттер:

2016 жылдың басына «2020-Бизнестің жол картасы» бағдарламасына кіргізу бойынша 59 жобаны қарау жоспарлануда.

Арматура зауыты ауданында индустриалды аймақта 4 кәсіпорынның инвестициялық жобаларын жүзеге асыру: «ТехстройИнновация» ЖШС, «Нурбилдинг» ЖШС, «Өскемен қағаз фабрикасы» ЖШС, «НурТөбе» ЖШС жоспарлануда. Кәсіпорын басшыларымен жер учаскесінің жал төлеміне шарт және оларды жүзеге асыру бойынша кесте ұсынылды. 2016 жылғы наурыз айында «Техстройинновация» ЖШС жобаның құрылысын бастау жоспарлануда.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру үшін «2015 жылғы үздік кәсіпкер» конкурс ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Туризм

2015-2020 жылдарға арналған Қаланың туризмді дамыту Жол картасы бойынша 12 жоба ескерілген. 2015 жылы 6 жоба жүзеге асырылған, 145 жаңа жұмыс орындары құрылды. Инвестицияның көлемі 3,5 млрд. теңгені құрайды.

2016 жылға міндеттер:

2016 жылы «Диамант» қонақ үй кешенін, Шоқан Уәлиханов атындағы параходта Ертіс өзені бойынша круиз, мейрамхана және қонақжай желі кешені, тұрғындарға қызмет көрсету бойынша көп салалы кешен, Сол жағалауда Неке қию сарайы, дизайн орталық, ойын-сауық орталығын енгізу жоспарлануда, онда 250 астам жұмыс орындары құрылатын болады. Инвестицияның көлемі 2,5 млрд. теңгеден асады.


Құрылыс

2015 жылға құрылыс жұмыстардың көлемі 38,3 млрд. теңгені, былтырғы жылға өсім қарқыны 100,2 %, құрады, пайдалануға 140,9 мың шаршы метр тұрғын –үй 2014 жылға 37,7 % өсіммен енгізілді. Құрылыс бөлімі, Тұрғын-үй құрылыс банкі, «Ертіс» ӘКС, «Самырұқ Қазына», «ЖБК» ЖШС және ШҚМТУ желісі бойынша 87,3 мың шаршы метр 17 көп қабатты тұрғын-үй енгізілді. Жаңа пәтерлерді 2015 жылы 547 отбасы алды.



2016 жылға міндеттер:

289 мың шаршы метр алаңшалы 3 875 пәтерлі 45 көп қабатты тұрғын-үйлердің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылы 2092 пәтерге 164,3 мың шаршы метр жалпы алаңшалы 22 көп қабатты тұрғын-үйлерді енгізу жоспарлануда.

2016 жылы жеке құрылысшылар есебінен «ЖБК» ЖШС тұрғын-үй, «Ертіс» ӘКС бойынша 2 үй, «Самырұқ-Қазына» және ҚИК АҚ, сонымен «Ривьера» тұрғын-үй кешенінен тұрғын-үйлер енгізіледі. Барлығы ағымдағы жылға 167 мың шаршы метр жаңа тұрғын-үй салу күтілуде.

2016 жылғы 1 қаңтар айына тұрғын-үй алушылар тізімінде 8050 адам кезекте тұр. Тұрғын-үйді енгізу және бөлу бірінші кезекте, тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз санаты, көп балалы аналар, жетім балалар, бюджетте жұмыс істейтіндер, жас отбасылар және басқаларға бөлу жүзеге асырылатын болады.


Аббатандыру және көгалдандыру

Былтырғы жылы Е.П. Славский жағалауын, Гагарин желекжолын аббаттандыру, ойын кешенімен, шамды музыкалық фонтан орнатумен Республиканың алаңшасының фонтан бөлігін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылды.

2015 жылы 10 млн. теңге сомаға 24 шағын сәуле формалы кешендер орнатылды.

Көшені орта жөндеуге 303 млн. теңгеден аса бюджеттік қаражаттар бөлініп және игерілді. 48 млн. теңге сомаға көшенің шұңқырын жөндеу, 41 млн. теңгеге қиыршық жолдар жөнделді.

Крылов көшесі; Дзержинский; Островский; Ворошилов; Киров көшесі бойындағы № 55, Абай даңғылы 63 бойындағы қураған ағаштарды сәндеу, санитарлы кесу және шауып тастау бойынша жұмыстар жүргізілді.

9 қиылыста бағдаршам нысандарын ауыстыру және қайта қалпына келтіру, жүргіншілер 5 қиын жерлерде «Интеллектуалды жүргіншілер өтпесі», 5 – жерлерде көзі көрмейтін адамдар үшін дыбыстық сигнализаторлар, оқу орындарының маңайындағы 20-орындарда – «Жатқан полицейский» жасанды жол бұдырлары орнатылды.

2016 жылға міндеттер:

Көріктендіру бойынша жобаларды жүзеге асыру:

- Ушанов алаңы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойынша көліктік түйінді қайта қалпына келтіру;

- Жеңіс мемориалы ауданда гейзерлі типті фонтанның құрылысымен Е.П. Славский атындағы жағалау;

- Крылов көшесінің қиылысында Үлбі өзені арқылы Жеңіс мемориалының аумағын аббаттандыру;

- Космическая көшесінен Виноградов көшесіне дейін учаскеде Комендантка өзенінің арнасы;

- ММҮ ауданының аумағы;

- А. Күленов атындағы ықшам аудан.

ШҚО, Өскемен қаласында Тәуелсіздік даңғылы бойынша монументтің құрылысы жоспарлануда.

114 ішкі аулалық аумақты және ішкі кварталды өтпе жолын, 312 ш.м гүлдер 12,5 мың ш.м газон құрылғысы, 850 ш.м/2 тротуарлар, 3,0 мың шаршыдан аса жолдардың жүргінші бөлігін асфальтпен төсеу ағымдық және орта жөндеу жоспарлануда. Аталған бағдарлама бойынша 500 аса жұмыс орындары құрылатын болады.

2016 жылы 20 шағын сәулет формаларын дайындау және орнату жоспарлануда.

Бұл жылы Тәуелсіздік даңғылы, Бажов көшесі, Образцовая көшелері бойынша қызыл жолақта ағаштарды сәндеп қию және санитарлы шауып тастау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

2016 жылы мүгедектер үшін 5 жерлерде дыбыс сигнализаторалры және светоидты жол белгілерін орнату жоспарлануда.


Инженерлік қондырғы

Бүгінгі күнде Қазақстан көшесінің қиылысында Ертіс өзені арқылы көпірді қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2016 жылы жұмыстарды аяқтауға нысанға республикалық бюджеттен 800 млн. теңге бөлінді. «Лопатино ө. Ауданында Ахмер ауылына дейін Ертіс өзені арқылы көпірден автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру» нысаны бойынша жобаны әзірлеу аяқталды.



Коммуналдық шаруашылық

2015 жылғы маусым айынан Өскемен қаласының канализацияның тазарту қондырғыларын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұған 832 млн. теңге бөлінді. Нысанды тапсыру мерзімі 2016 жыл, бюджетте бұл мақсатқа 913 млн. теңге ескерілді.

2015 жылы электрменқамтамасыз ету бойынша: Защита ықшам ауданда трансформаторлы подстанцияны ағымдық жөндеу, әуежай ауданы және Отдельный және Тимофеев көшелері бойынша ауа желісін жөндеу, ТП-306 және желіні жөндеу және Ахмер ауылында электрмен қамту желісін ағымдық жөндеу, аз қамтылған тұрғындарды суменқамту желісін жүргізу орындалды, бұған 5,0 млн. теңге бөлінді.

Жылуменқамту бойынша Жаңа Согра ауылында Менделеев көшесін қайта қалпына келтіру, Үлбі ауылы және «Промбаза» ауданында жылу трассасы салынуда.

Былтырғы жылы 72 млн. теңге сомаға лифт жабдығын толық ауыстырумен 10 лифтілерге күрделі жөндеу жүргізілді.

2016 жылға міндеттер:

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша келесі нысандарды жүзеге асыруға қаражаттар бөлу мәселесі қарастырылуда:

- Лениногорская көшесі бойынша сорғын станциясын қайта қалпына келтіру;

- Сол жағалау тұрғын ауданның жылумен қамту трассасы;

- Әуежай ауданында № 4 екінші қазандықты енгізу жобасын жүзеге асыру;

- № 2 қазандықтан 19 тұрғын ауданға дейін магистральді желінің құрылысы;

- Үлбі ауылы ауданда 18 тұрғын ауданның суменқамту және канализация желінің құрылысы;

- Южно-Аульская көшесі бойындағы су құбыр желінің құрылысы.

2016 жылға 129 млн. теңге сомаға 18 лифті күрделі жөндеуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Олардың лифт жабдығын толық ауыстырумен 42 млн. теңге бөлінген.

Сумен қамту және суды бұру – бұл Шмелев Лог, Красин, Ново-Троицкое ауылдары, Защита, Әуежай, аудандары, Южно-Ауыльская көшелері, тазарту канализациялық қондырғыны дамыту;

Жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау жоспарланып және Октябрь су құдығының жобасын жүзеге асыру, Ахмер және Северный ауылдарында сумен қамту және Меновной ауылында желіні және канализацияны қайта қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асыруға кірісу жоспарлануда.


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

2015 жылы оны жүзеге асыруға 1,5 млрд. теңгеден аса бюджеттік қаражаттар бөлінген. Әлеуметтік көмек 773,4 млн. теңге сомаға 29 мың азаматтарға көрсетілді.

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған шаралар 2016 жылғы 1 қаңтар айына 1664 адамға дейін күнкөрістің шегінен төмен орташа кірісі бар, азаматтардың санын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Үлбі» орталығының қызмет көрсетілуінде мүмкіндіктері шектеулі 16 мүгедек-балалар, сонымен 889 қарт зейнеткерлер және мүгедектер тұр.

2015 жылы «әлеуметтік» таксидің қызметімен 1601 мүгедектер оларды жұмысқа, медициналық мекемлерге, мемлекеттік органдар және басқа әлеуметтік-мәдени маңызды ұйымдарға тасымалдау бойынша қызмет көрсетілді.

2020 Жұмыспен қамту Жол картасы бойынша әлеуметтік саланың нысандарын жөндеу бойынша 13 жоба жүзеге асырылды, оларға 22 қатысушы бағытталды. 2015 жылға 19,5 млн. теңге сомаға 7 адам шағын несие алынды, олардың 3 қатысушылар «Ертіс» ӘКС» ХК АҚ арқылы 9,0 млн. теңге сомаға шағын несие алды және 4 қатысушы (мүмкіндігі шектеулі 3 қатысушы тұлға) «Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ШҚҚ АҚ арқылы 10,5 млн. теңге сомаға алды.

Кәсіптік оқуға 21 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 140 адам, жастар тәжірибиесін ұйымдастыруға – 149 түлектер бағытталды.

2015 жылғы тамыз айында 19 тұрғын ауданда 2020 Жұмыспен қамту жол картасы аясында салынған, Көкжал Барақ көшесі, 24/3 бойындағы 70 пәтерлі аз отбасылық жатақхана берілді. Бағдарламаның қатысушылары жұмыс жасайтын жастар, оның ішінде 29 жасқа дейінгі некеде тұрған жастар болып табылады.

Жұмысыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 435 адам қамтылды, тиімді емес өздігімен айналысатын азаматтарды жұмыспен қамту – 708 адам, аз қамтылған отбасының еңбекке жарамды мүшелерін қамтамасыз ету бойынша – 40 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту бойынша 34 адам қамтылды.

2016 жылға міндеттер:

2016 жылы «2020 Жұмыспен қамту жол картасы» Бағдарламасының қатысушыларын несиелендіру үшін 70,0 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Шағын несие алушылардың жоспарланатын саны 25 адам, кәсіпкерліктің негізін оқыту 18 адам.

Кәсіптік оқытуға 113 адамды бағыттау, олардың: қайта даярлау – 80 адам, жалдамалы жұмысшыларды қайта даярлау – 20, кәсіптік даярлық (жаңа мем. тапсырыс) -13 адам бағыттау жоспарлануда.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 112 адамды (2015 жылы жұмысты жалғастыру есебінен- 53 адам) бағыттау жоспарлануда.

Тұрғындардың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға қолдау көрсету бойынша, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, кәсіпорын және ұйымдардан босатылған, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыру және белсендіру қажет. Оқуларын аяқтаған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. «2020-Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының қатысушыларын жұмысқа орналастыру мәселесін уақытында шешу.

2016 жылы «Өрлеу» ақшалай көмекті қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылатын болады.
Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында туу 6,1%, тұрғындардың табиғи өсімі 27 % өсті. Туберкулезбен ауырғандардың көрсеткіштері 13,7% төмендеді және қатерлі ісік аурулармен ауырғандар 0,7 % төмендеді. Ана өлімі тіркелмеген, сәби өлімі 11,5% қысқартылды.

Дәрігерлермен қамтамасыз ету және жас мамандарды тарту бойынша мәселе шешілуде. Тапшылық 47 бірлікті құрады. Өскемен қаласында Семей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Жас мамандар үшін 70 орынды жатақхананың құрылысы басталды.

2015 жылы облыстық аурухананың базасында Саll-орталық, облыстық оңалту орталығы және 2 медициналық орталық ашылды.



Білім беру

2015 жылы саланы қаржыландыруға 9,5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, бұл 2014 жылға қарағанда 413 млн. теңгеге көп. Өскемен қаласының 44 мектептеріндегі 1 мен 11 сыныптың оқушылардың контингенті 30 мың 800 оқушыларды құрады және былтырғы жылмен салыстырғанда 2193 оқушыға ұлғайтылды.

Ыстық тамақтанумен 99,8 % оқушылар қамтылды. Тегін ыстық тамақпен тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен балалар 100 % қамтылды.

2015 жылғы желтоқсан айында 1000 оқушы орынды № 46 мектеп ашылды, бұл қазақ тілін оқытумен ЖМҚ мектебінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Электрондық пошта және Ғаламторға мектептер 100 % қосылды. Барлық мектептер «Кателко плюс» оқу телевидениясының қызметін пайдалану үшін қажетті жабдықпен толық қамтамасыз етілген.

БҰТ 2013 жылы орташа балы 80,4 тен 2015 жылы 86 дейін көтерілді. 3 жылға өсім 5,43 баллды құрады.

1 ден 6 жастағы мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамту 97,3 % және 3 тен 6 жастағы – 100% құрады. Мектепке дейінгі білім беруді алуға кезек 3356 адамды құрады.



2016 жылға міндеттер:

1140 орынды 5 жеке бала бақшаны ашу, 560 орынды екі бала бақшаны қайтару және меморандум бойынша (АЕS компания) 140 орынды құрылысы ескерілуде. Барлығы 1610 орын. 1680 орынды мемлекеттік-жеке серіктестіктің негізінде 6 бала бақшаның құрылысы жоспарлануда.


Мәдениет және спорт

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен облыстық драма театры ашылды.

Ұлы Отан Соғысысының 70 жылдығына арнлаған іс-шаралар кешені өткізілді. Бірінші рет қалада «Өшпес полк» азаматтық-патриоттық акция өткізілді.

Өскемен қаласы күнін мерекелеу аясында дүние жүзілік деңгейдегі АҚШ, Туркия, Ресейден жұлдыз музыканттардың қатысуымен «Ақ Ертіс» классикалық Өнер Халықаралық фестивалі өтті. Азаматтар үшін ерекше оқиға қаланың Республика алаңшасында өлең айтатын фонтанның салтанатты ашылуы болды.

Өскемен қаласында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 416 спорттық қондырғылар бар. Бұқаралық спортпен айналысатын, аззаматтардың үлесі 30 % аса құрайды. 2015 жылы 187 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді. Қаланың жалпы білім беру мектептерінің барлығында 40 хоккей қораптары құйылды.
Қоғамдық қауіпсіздік

Жалпы қылмыс деңгейі былтырғы жылға 14,6 % төмендеді. 5 % жол-көліктік оқиғаны жасағандар саны қысқартылды. 9 % қылмыстың ашылуы, оның ішінде ауыр түрі бойынша – 15 % ұлғайтылды.



«Қауіпсіз аула» жобасын жүзеге асыру басталды, ол аулалық аумақтарды және тұрғын үйлердің подъездерін видеобайқау жүйесімен жабдықтауды ескереді. Видеобайқау жүйесімен 81 көп пәтерлі тұрғын-үйлер жабдықталды, олардың 205 учаскелік полиция пунктеріне шығумен қаланың ІІД желісі бойынша бюджеттік қаражаттар есебінен белгіленді. Подъездерде 245 камералар орнатылды.

30 көп қабатты тұрғын үйлерде жұмыстар жүргізілуде, олар өз қаражаттары есебінен видеобайқау камаераларын орнатуға тілектерін білдірді. 23 үйлер бойынша компаниямен 92 подъездерге камералардың құны бойынша есептеме жүргізілуде.


Қазақстан Халқына «Қазақстан Жаңа Жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму Жолдауы:

Дағдарысқа қарсы және құрылымдық өзгерілімнің бес бағыты: қаржылық секторды тұрақтандыру, монополияға қарсы саясатты өткізу, экономикалық бәсекелестікті, бизнес, бюджеттік саясатты дамыту анықталды.

2016 жылы аталған бағытқа сәйкес іс-қимыл жоспары әзірленді, оларға сәйкес тұрғындар үшін бірінші кезекті бағдарламаларды қайта бөлу үшін, барлық бюджеттік бағдарламаларға тексеру жүргізілуде және мемлекеттік меншіктің нысандарын түгендеу және оларды бәсекелестік ортаға беру мәселесі қарастырылады.

Мемлекеттік-жеке-әріптестік арқылы қаржыландыруға беру бойынша нысандар анықталуда, әлеуметтік нысандардың құрылысына жеке инвесторларды тарту, оларды қайта қалпына келтіру және техникалық қызмет көрсету жалғастырылуда;

Еуропалық Жаңғырту және Даму банкі арқылы (ЕЖДБ) жалпы құны 108 млрд. теңге – 27 жобаны жүзеге асыруға инвестицияны тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазір 83 млрд. теңге жалпы сомаға 7 бірінші кезекті жобалар қаралуда. Бұл сумен қамту жүйесін жаңғырту, көшені жарықтандыруды энерготиімділікке ауыстыру, 300 төсекті аурухананың құрылысы, 11 бала бақша және Виноградов көшесінің қиылысында Ертіс өзені арқылы көпірлі өтпенің құрылысы.

Қойылған міндеттерді ескерумен, 2016 жылға және таяудағы болашаққа аббатандыру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолдар, мектеп, бала бақша, аурухананың құрылысы бойынша бағдарламалар әзірленді.

2016 жылы әлеуметтік саланы дамыту бағдарламасы бойынша 1,0 млрд. теңгеден аса сомаға 42 нысандар бойынша күрделі және ағымдық жөндеу белгіленген, сонымен 448 жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Олардың мәдениет нысандары – 9 нысан, әлеуметтік қорғаныс 3 нысан, білім беру – 24 нысан және спорт – 4 нысан.

Келесі жылы біз аса маңызды міндет облыс орталығының экономикалық дамуында өсім қарқынын қамтамасыз етуді қоямыз:

- өнеркәсіптік өндірісі – 107 % төмен емес;

- ауылшаруашылық өндірісі – 107 %;

- инвестиция – 105 %;

- тұрғын-үй енгізу – 114,7 %;

- жергілікті бюджетке түсім – 102 %.



Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының экономикалық, өнеркәсіптік, қаржылық дамуының негізі болып табылады. Еліміздің жетістіктері, тұрақтылығы, азаматтардың келісімі және бірлігі Ұлт көшбасшысының саяси бағытында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамуда уақытында шараларды қабылдаумен тығыз байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет