Жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



жүктеу 56.14 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі56.14 Kb.


04-34

2010 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2010 жылдың 1 ақпан айында облыс бюджетіне 8037,8 млн.теңге болжаммен 8526,7 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 5651,6 млн.теңге сомасында субвенция түсті.



Меншік кірістер 120,0%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

2010 жылғы қаңтардағы болжам төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (98,1%), алкогольдік өнімдерге акциздер (34,6%), жер беті су ресурстарын пайдалағаны үшін төлем (96,3%), орманды пайдаланғаны үшін төлем (17,6%), коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жалдаудан түскен кірістер (93,6%), жергілікті атқарушы органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар (96,1%) және жер телімдерін сатудан түскен түсімдер (23,5%) басқа, барлық кірістер көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджетке 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1068,3 млн.теңге болжаммен 1205,0 млн.теңге меншік кірістері немесе 112,8%-ға орындалды.



Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 107857,5 млн.теңге жұмсалды.

2010 жылғы облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 105284,9 млн.теңге, инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты даму бюджеттік бағдарламаларына 2572,6 млн.теңге бағытталды.

2010 жылы облыс бюджетіне 4 «Білім беру» функционалдық топ бойынша 38085,5 млн.теңге бекітілді.

2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша білім беру бойынша облыс бюджеті қаржатының игерілуінің 85,3%-ын құрады.

Ағымдағы жылы қалалар мен аудандардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге 1714,4 млн.теңге қарастырылды, 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 113,6 млн.теңге жұмсалды.

Жалпы білім беруге есепьі кезеңде 1845,8 млн.теңге жұмсалды. 2010 жылы осы бағытқа, оның ішінде соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшалар, мектеп-интернаттар мен кешкі мектептерге 28071,4 млн.теңге шығыстар қарастырылды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мамандарды дайындауға 2010 жылға арналған бюджетте 3088,4 млн.теңге бекітілді.

2010 жылы облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 835,3 млн.теңге қарастырылды, қаңтар айында 39,2 млн.теңге жұмсалды.

2010 жылы облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 16228,2 млн.теңге жұмсалды: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі, ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджет есебінен 228,1 млн.теңге, 13 объектіге күрделі жөндеуге – 182,7 млн.теңге, медициналық мекемелерінің 18 объектісіне ағымдағы жөндеуге 45,4 млн.теңге бөлінген болатын. «ШҚО Денсаулық сақтау объектілерінің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 287 қаулысына сәйкес 31 мемлекеттік мекменің 29 –ы КМҚК қайта тіркелді.

2010 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 270,3 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 404,8 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 583,9 млн.теңге көмек қарастырылды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары салаларының қызметінн қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар мен ағымдағы бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштері ағымдағы жылдың қайтар айының қорытындысы бойынша толығымен орындалды. Аягөз ауданы Ақши мен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдарындағы мектеп құрылысы, Зайсан қаласындағы мектеп құрылысына және Аягөз, Шемонаиха аудандары мен Курчатов қаласындағы бала бақшаға, сондай-ақ Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы мен спорт-сауықтыру кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруға аванс төленді. Жалпы аталған объектілерге қаңтар айында 151,4 млн.теңге жұмсалған болатын. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қысқы ұстау бойынша жұмысты төлеуге 122,2 млн.теңге жұмсалды.

«2010 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес облыстық бюджет қаражаттары есебінен білім объектілерін дамытуға 332,5 млн.теңге жолдау жоспарлануда, оның есебінен Бородулиха ауданы Бородулиха және Аягөз ауданы Ақши ауылдарындағы мектеп құрылысын аяқтау, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектеп 4 обектілеріне ЖСҚ әзірлеу жоспарланды. Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінің радиологиялық орталығы мен Зырян ауданы Первороссийкий ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториясына кейінгі жобалық құжаттаманы қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 76,0 млн.теңге жұмсалған болатын.

Ардагерлердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін 2010 жылы «Уба» шипажайының жататын корпусының құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда, сондай-ақ мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақсатында облыстық бюджетте Өскемен қаласындағы 800 орынды қазақ драма театрының құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуге, Семей қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жалғастыруға қаражаттар қарастырылды.

Аталған мақсаттарға жоспарланған қаражаттар көлемі 166,4 млн.теңгені құрайды.

Облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін Семей қаласында ағынды суды биологиялық тазартатын тазарту құрылыстарын реконструкциялауды және кеңейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және жарма ауданының I-IV сыныптағы қаупі бар пестицидтерді көму бойынша полигоны құрылыс облыстық бюджеттен 4,9 млн.теңге жұмсау жоспарланды.

Облыстың автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 945,9 млн.теңге жұмсалған болатын. Халыққа әлеуметтік қолдау көресту мақсатында ішкі облыс іші бағыттарында әуе тасымалдау мен теміржол тасымалдауды субсидиялау жалғастырылатын болатын, сәйкесінше 121,0 млн.теңге және 160,7 млн.теңге жоспарланды. 2010 жылы инвестициялық жобаларды іске асыруға, жолдардың қызметін қамтамасыз етуге, жолаушы көлігін субсидиялауға бағытталған облыстық бюджет қаражаттарының жалпы көлемі 1,9 млрд.теңгені құрайды.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы жылы білім, денсаулық сақтау, спорт, сумен жабдықтау, жол, жылу энергетика жүйесі объектілерін дамыту үшін қаражаттар жұмсау жоспарлануда, одан әрі тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіп кешенін іске асыруға 24,8 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалатын болады.

Облыстық бюджетке республикалық трансферттер облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV шешіміне сәйкес жүргізілетін болады.



2010 жылы облыстық бюджеттен қалалар мен аудандар бюджеттеріне 1 684,7 млн.теңге трансферт қарастырылды. Есеп беру кезеңінде жоспар 131,9 млн.теңгені құрады. Оның 42,2 млн.теңгесі - азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмекке, 1,1 млн.теңге - облыс алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетуге - 0,4 млн.теңге- республика алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетуге, 0,2 млн.теңге – Ауғаныстанда қайтыс болған жауынгерлердiң отбасыларына жәрдемақы төлеуге материалдық көмек көрсетуге, 6,0 млн.теңге - тұрмысы төмен отбасылардағы мектеп түлектерін жоғары оқу орындарында оқытуға арналған материалдық көмекке бөлінді.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет