Жылғы 1 шілдеге арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі73.77 Kb.
#2539


04-34

2009 жылғы 1 шілдеге арналған

облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2009 жылдың 1шілде айында облыс бюджетіне 66707,8 млн.теңге болжаммен 66810,0 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 45929,1 млн.теңге сомасында субвенция, нысаналы трансферттер мен қарыздар түсті.



Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (92,0%), азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдер (96,0%), жер телімдерін сатудан түскен түсімдерден (89,3%) басқа, барлық кірістер көздері бойынша жоспар орындалды.

Облыстық бюджеттің 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8799,1 млн.теңге болжаммен 8206,8 млн.теңге меншік кірістері немесе 93,3%-ға орындалды.






Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен субвенциялар, қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 64527,6 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 57844,3 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 6683,3 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білім беруге 22076,1 млн.теңге немесе 98,5% жұмсалды, соның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 814,9 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 15134,3 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 13878,9 млн.теңге, жалпы білім беретін және түзету мектеп-интернаттар – 742,5 млн.теңге, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаттарға – 453,7 млн.теңге, кешкі мектептер - 59,2 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 1324,4 млн.теңге, соның ішінде кәсіптік лицейлердегі мамандарды дайындауға – 832,2 млн.теңге, колледждерге – 644,9 млн.теңге.

Ағымдағы жылдың 6 айында білім беру жүйесін ақпараттандыруға 38,7 млн.теңге жұмсалды.

Жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 404,1 млн.теңге жұмсалды, ол 99,5%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға 2009 жылғы 1-жартыжылында 16819,5 млн.теңге жұмсалды: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты.

2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 167,0 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 252,8 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 171,9 млн.теңге. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 315,1 млн.теңге көмек көрсетілді, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 251,7 млн.теңге.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 77,61% немесе 297,5 млн.теңгені құрайды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен – 272,8 млн.теңге.

Экономикадағы дағдарыс үрдісіне қарамастан облыста әлеуметтік сала объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр: мектептер, ауруханалар, мәдени және спорттық құрылыстар, сондай-ақ тұрығн-үй коммуналдық шаруашылық объектілеріне, облыс елді мекендерінің автожолдары мен көшелері.

Республикалық бюджеттен білім беру объектілерін дамытуға бөлінген трансферттер 1070,1 млн.теңге толығымен игерілді. Сонымен қатар, мектеп және мектепке дейінгі мекемелер құрылысына облыстық бюджет қаражаттары есебінен 397,4 млн.теңге жұмсалды. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылындағы, Аягөз ауданы Ақши ауылындағы, Күршім ауданы Теректі-Бұлақ ауылындағы, Өскемен қаласындағы, Семей қаласының Холодный ключ кенті, Үржар ауданы Благородное ауылындағы, Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы, Катонқарағай ауданы Өрел ауылдарындағы мектеп және Семей қаласындағы балабақша құрылыстары жалғастырылып жатыр.

Денсаулық сақтау объектілерін құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 1457,5 млн.теңге толығымен игерілді. Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы 75 төсектік орталық аудандық аурухана, Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы 150 қабылдаумен 100 төсектік емхана, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы 100 қабылдайтын емханамен 75 төсектік орталық аудандық аурухана, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 50 төсектік туберкулез аурухана құрылыстары жалғастырылды.

Қаражаттардың басым бағыты облыстың елді мекендерін сумен жабдықтауды қамтамасыз етуді дамыту болып табылады, оған ағымдағы жылдың 6 айында республикалық бюджеттен 499,1 млн.теңге сомасында нысналы трансферттер жұмсалды, осы қаражаттар есебінен Қосағаш-Мәдениет-Бидайық ауылдарындағы су құбыр желісін, Аягөз ауданы Айғыз ауылындағы кенттік су құбырын сутоғанымен қайта жаңғырту, Аягөз ауданы Сарыарқа ауылындағы кенттік су құбырын сутоғанымен қайта жаңғырту, Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылының сумен жабдықтау желісін қайта жаңғырту, Зырян ауданы Октябрьский кентіндегі су құбырын қайта жаңғырту, Риддер қаласының ұзындығы 5,6 км су құбырлары-канализация желісін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Жарты жыл қорытындысы бойынша барлық жоғарыда аталған объектілер бойынша жоспарланған жұмыстар көлемдері толығымен орындалды.

Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Өскемен және Семей қалаларындағы инженерлік-коммуникациялық желілеріне жұмыстар жалғастырылды. Зайсан ауданы Зайсан қаласындағы мемлекеттік коммуналдық тұрғын қорының тұрғын үй құрылысы жалғастырылды. Шығыстардың жалпы мөлшері 771,3 млн.теңгені құрады.

Мәдениет және спорт объектілерін дамыту мақстанда облыстық бюджет қаражаттары есебінен Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы мұражай ғимаратын қайта жаңғыртуды жалғастыруға, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі спорттық модульдерін, Семей қласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын жалғастыруға 457,9 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды.

Өскемен қаласындағы облыстық жол полициясы басқармасының ғимаратының құырылысы мен қайта жаңғыртуды жалғастыруға қаражаттар жоспарланды, ағымдағы жылдың 5 айында 71,4 млн.теңге игерілді.

Есепті кезеңде Зырян ауданы Серебрянск және Көкпекті ауданы Самар ауылындағы тазалау құрылыстарын қайта жаңғыртуды жалғастыруға 135,0 млн.теңге жұмсалды.

Ағымдағы жылы Риддер қаласындағы айналма жол құрылысы жаслғастырылды, республикалық бюджеттен келіп түскен барлық 280,8 млн.теңге трансферттер толығымен игерілді.

Сонымен қатар, басталу жылында басталған облыстың автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылды, республикалық бюджеттен 683,6 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер жұмсалды, осы қаражаттар есебінен «Семей-Курчатов», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Үлкен Нарын-Күршім», «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка», «Семей-Қарауыл» автожолдарын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен қатар, облыстық қаражат есебінен облыстың атомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге 458,8 млн.теңге жұмсалды, әуе және теміржол тасымалдау 172,2 млн.теңгеге сусидияланды.

Ағымдағы жылдың басында ауыл шаруашылығы саласын қолдау және дамытуға: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын, сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға, тұқым шаруашылығын қолдауға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – есеп беру кезеңінде республикалық бюджеттен берілетін 1256,2 млн.теңге трансферттер жұмсалды.

«Жол картасы» - өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау бағдарламасы бойынша іс-шараларді іске асыру бойынша коммуналдық шаруашылық объектілерін (су құбырлары мен жылу желілері, елді мекендердегі жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелер) жөндеу жұмыстары мен көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізуге жоспарланған 6 айда 271,2 млн.теңгесі толығымен игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен түскен трансферттер 207,7 млн.теңгеге игерілді.

2009 жылға республикалық бюджеттен дамытуға арналған ағымдағы нысаналы және нысаналы трансферттер «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 11/145-IV шешімімен 25907,9 млн.теңге түсті, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер -10892,7 млн.теңге, дамытуға арналған трансферттер 15015,2 млн.теңге, сонымен қатар, тұрғын салу және сатып алуға кредиттер – 1123,0 млн.теңге.
«2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 13/153- IV шешімімен жол картасы бойынша трансферттерді ескере отырып, республикалық нысаналы трансферттер көлеміне өзгерістер енгізілді, сондай-ақ көлемі 9724,9 млн.теңгеге ұлғайды.

2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 14269,8 мың теңге сомасынада нысаналы трансферттер мен дамытуға арналған нысаналы трансферттер қарастырылған, 1 шілдеде нақты республикалық бағдарлмалар әкімшілерінен 13954,2 млн.теңге түсті, есеп беру кезеңінде 12528,1 млн.теңгесі игерілді немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 89,8%-ы.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –144,4 млн.теңге, медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз болу бөлімшелерінің желісін дамытуға 20,6 млн.теңге, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде басым әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға – 145,7 млн.теңге, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге -1608,9 млн.теңге, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға -101,3 млн.теңге,

сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 499,1 млн.теңге, білім беру объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 1070,1 млн.теңге, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға – 1455,6 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 549,6 млн.теңге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға – 221,7 млн.теңге жұмсалды.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет