Жылы №2169 енгізілді



жүктеу 19.96 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі19.96 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

№ __1025_ « 9 » қараша 2012 жыл


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Маңғыстау облысының Әділет департаменті

нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізілімінде



07.12.2012 жылы №2169 енгізілді

Қылмыстық - атқару инспекциясы

пробация қызметінің есебінде тұрған

адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған

адамдар үшін және интернаттық

ұйымдарды бітіруші кәмелетке

толмағандар үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;

интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.

2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Хайрлиева):

1) белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрғандардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандардың жіберілуі;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануы камтамасыз етілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.



4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Е. Жаңбыршин




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет