Жылқы экстерьері және конституциясы Жылқы конституциясы



бет2/4
Дата13.03.2024
өлшемі96.8 Kb.
#495221
1   2   3   4
Жылқы экстерьері және конституциясы

Ашаң типті денелілер қай жылқы тұқымына болмасын қажет. Бұл типті жылқылардың басқа типтерден өзгешілігі: мықты денелі, терісі тығыз, каңкасы жеңіл, бұлшық еттсрі жақсы жетілген, буындары мен сіңірлері, тері астындағы қан тамырлары білеуленіп айқын көрініп тұрады. Ашаң жылқылардың денсаулығы жақсы, жұмысқа төзімді, қан айналу, тыныс алу және ас қорыту жүйелері жақсы жұмыс істейді. Жылқы өсірушілердің тәжірибесіне зер салып қарағанда, ашаң типтес жылқылар негізін дон, қостанай, буденный, таза қанды ағылшынның мініс, көшім жылқы тұқымдары және олардың тұқым аралық будандарында көбірек кездсседі.

  1. Босаң типті жылқылардың тері астының ұлпалары және бұлшық еттері арасындағы майлы қабаттары жақсы дамыған. Терісі қалың және босаң, буындары мен оларды байланыстыратын сіңірлері көрінбейді. Бұлшық еттері толық әрі қомақты, мойыны қысқа, кеудесі мен жотасы кең әрі жалпақ, табиғи жайылымда немесе бордақылауда семіруге бейімдірек болады. Босаң типтес жылқылар шабысқа жоқ, ауыр жүк тарту және тасу жұмыстарына лайықты келеді. Бұл типтес жылқылар тек қана совет, орыс, владимир, литва және першерон ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары арасында жиі кездеседі.



Жылқы экстерьері (дене бітімі): Мал денесінің сыртқы тұр-тұлғасы (пішіні) және оның биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа жарамдылық байланысын зоотехника ғылымында экстерьер деп атайды.
«Экстерьер» - француз сөзі, сөзбе-сөз аудармасы сыртқы түрді білдіреді. Барлық тілде экстерьердің нақтылы баламасы болса да, «экстерьер» сөзі зоотехникалық ілімінің аударылмайтын төл сөзіне айналған.
Экстерьер білімінің қалыптасуының алғы шарты, жылқының мүсін-тұлғасы мен өнімділік қасиетінің арасындағы тығыз байланыстың болуы. Сондықтан, жылқы тұқымдарын пайдалану бағытына байланысты жақсарту және асылдандыру тәжірибесіне, оның сыртқы пішініне, яғни экстерьеріне қарап баға беруге және сұрыптауға әрқашанда үлкен мән беріліп келеді.



11-сурет. Жылқының дене бітімінің схемасы.

1-құлақ; 2-кекіл; 3-самай; 4-маңдай; 5-кеңсірік; 6-танау; 7-бет; 8-ерін; 9- бұғақ; 10-бұғақ ойығы; 11-жақ; 12-сағалдырық; 13-желке қыры: 14-желке: 15- мойын қыры; 16-мойын; 17-сағақ: 18-тамақ; 19-иық-жауырын төмпешігі; 20- кеуде; 21-жауырын; 22-шоқтық; 23-арқа; 24-без; 25-сербек; 26-құйымшақ; 27- құйрық түбі; 28-сауырын; 29-сан; 30-бөксе; 31 -шонданай төмпеиіігі: 32-бүйір; 33-қабыргалары; 34-қабырга иіеміриіегі; 35-төс. 36-іші; 37-ұма; 38-шап, 39- артқы аяғының тізесі; 40-сирақ: 41-тілерсек; 42-тірсек; 43-секіру буыны (тілерсек); 44-артқы аягының жіліниіігі; 45-қолаңса (каштан); 46-топшы: 47- шаша; 48-иық; 49-шынтақ; 50-білек; 51-алдыңғы аяғының тізесі; 52-алдыңғы аяғының жіліншігі; 53-бақай буыны; 54-бақай; 55-құндызы; 56-тұяқ ізгегі; 57-тұяқ; 58-тұяқ өкшесі.

Экстерьер — мал конституциясының типін тану тәсілдерінің бірі. Экстерьеріне қарап малдың қандай типке жататынын, дене бітімін, жасын, кездесетін ақаулары мен кемшіліктерін және басқа да көптеген мәселелерді талқылауға болады.
Жылқы экстерьерін зерттеп-үйрену үшін, оларды бағалау мен сипаттаудың келесі негізгі тәсілдері қолданылады. Жай көзбен қарау, өлшемдері арқылы, индекстерін есептеу және суретке түсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет