Жылы салынған бекініс. Семей (Семипалатинск)



бет3/3
Дата24.02.2016
өлшемі375.49 Kb.
#16256
1   2   3

427. 1886-1891 жылғы «Ережеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны. Соттардың төтенше съезі.

428. ХІХ ғасырдың екінші жартысында әр түрлі ауыр еңбекке тартылған кейбір өндіріс орындарындағы қазақтардың үлесі. 60-70%.

429.1893 жылы алтын өндіріс орнындағы әйелдердің үлесі. 17,8%.

430. ХІХ ғасырдың 90-жылдарындағы кен орнындағы 16 жасқа дейінгі балалардың жұмысшылар арасындағы үлесі. 14%.

431. ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап өндіріс орындарын өзі еркімен тастап кеткендерге қолданылған жаза. Үш айға дейін абақтыға қамау.

432. 1888 жылғы Өскемен уезіндегі кен өндірісінде ереуілге шыққан қазақ жұмысшыларының орындалған тілегі. Жалақы арттырылды.

433. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жұмысшыларының саяси қозғалыстарының әлсіздігін байқатты: Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.

434. ХІХ ғасырдағы ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуының басты себебі. Цинь үкіметінің қысым көрсетуі.

435. 1881-1884 жылдары Шыңжаңдағы ұйғырлар мен дүнгендердің басты қоныс тепкен өлкесі. Жетісу.

436. ХІХ ғасырдың аяғында Жетісу жеріне қоныс тепкен ұйғырлар саны. 45 мыңнан астам ұйғыр.

437. ХІХ ғасырдың аяғында Жетісу жеріне қоныс тепкен дүнгендер саны. 5 мыңдай дүнген.

438. ХІХ ғасырдың аяғында қоныс аударған ұйғырлар есебінен қазіргі Алматы облысы жерінде ұйымдастырылған болыс саны. Алты ұйғыр болысы.

439. ХІХ ғасырдың соңында қоныс аударған әрбір дүнгенге берілген жер көлемі. Үш десятина.

440. Ұйғыр халқының ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші: «Он екі мұқам».

441. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, жан-жақты зерттеу жүргізген ғалым. П.П.Семенов-Тяньшанский.

442. ХІХ ғасырда Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыстанушы, академик. В.В.Радлов.

443. Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған «Орынбор ведомоствосындағы қырғыз даласы» атты еңбектің авторы. Л.Мейер.

444. ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны. Т.Г.Шевченко.

445. Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары. 1847-1857 жылдар.

446. Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі. «Менің ойларым».

447. Орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімшелері ашылды: 1845 жылы.

448. Шоқан Уәлихановтың шын ксімі. Мұхаммед-Қанапия.

449. Шоқан Уәлихановтың туған жері. Құсмұрын бекінісі.

450. Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына ықпал жасады: Әжесі Айғаным.

451. Шоқан Уәлихановтың оқыған Омбы қаласындағы оқу орны. Сібір кадет корпусы.

452. Шоқан Уәлихановтың Омбыдағы Сібір кадет корпусында оқыған жылдар. 1847-1853 жылдар.

453. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы. Он сегіз.

454. Шоқанның досы, көрнекті ғалым, географ. П.П.Семенов-Тяньшанский.

455. Шоқан Уәлихановтың П.П.Семенов-Тяньшанскиймен бірге Құлжаға барып қайтқан жылы. 1856 жыл.

456. Шоқан Уәлихановтың ата-тегі. Ақсүйек Шыңғыс тұқымы.

457. Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапаты. Қашқар саяхаты.

458. 1858-1859 жылдары Шоқан барып қайтқан сапары. Қашқар саяхаты.

459. Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы. Ф.М.Достоевский.

460. 1864 жылы Шоқан Уәлиханов генерал М.Г.Черняевтың әскери экспедициясы құрамында басып алу үшін әскери қимылдарға қатысқан бекініс. Әулиеата.

461. Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал М.Г.Черняевтың әділетсіздігіне налыған Ш.Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы. 1864 жыл.

462. Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетіне өзінің ақырғы еңбегін жариялаған жыл. 1865 жыл.

463. Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер. Алтын Емел.

464. Түркістан статистикалық комитеті құрылған жыл. 1868 жыл.

465. Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі, ақын. Абай Құнанбайұлы.

466. 1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған қала. Семей.

467. 1867-1868 жылдардағы Ережеге сай ағатту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық. Өзі еріктерімен қаржы жинауға.

468. Исламдық метептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» бекітілді: 1867 жылы.

469. 1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектеп ашылған қала. Орск.

470. ХІХ ғасырда теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала. Атырау.

471. ХІХ ғасырда Сырдария және Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына.

472. ХІХ ғасырда Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп. Білімді ұстаздардың жетіспеуі.

473. Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 жылы.

474. ХІХ ғасырда медресені бітіргендер өзі білімдерін жалғастырды: Бұхара мен Ташкенттегі медреселерде.

475. ХІХ ғасырда «Ереже» бойынша оқу орнына қабылданатын оқушылар жасы. 16-ға дейін.

476. «Ереже» бойынша Қазақстанда медреселердің оқу жылы: Мамырда басталып тамызда аяқталған.

477. Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін.

478. 1888 жылғы мағлұмат бойынша Түркістан өлкесіндегі медреселер саны. 206 медресе.

479. 1896 жылы Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны. 50-ге жуық.

480. Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері. Жақып Ақбаев.

481. 1897 жылғы қазақ халқының арасында сауатты қазақтардың үлесі. 10%.

482. Ыбырай Алынсариннің өмір сүрген жылдары. 1841-1889 жылдар.

483. Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог. Ыбырай Алтынсарин.

484. Әкесінен айрылған Ыбырай Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балқожа бидің.

485. 1879 жылы Ыбырай Алтынсарин мектеп инспекторы болып тағайындалған облыс. Торғай облысы.

486. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қала. Ырғыз.

487. Ыбырай Алтынсаринның орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған негізгі еңбегі. «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық».

488. Ыбырай Алтынсарин өзінің «Қыпшақ Сейтқұл» атты әңгімесі арқылы уағыздаған шаруашылық түрі. Егіншілік.

489. Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары. 1845-1904 жылдар.

490. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны. Жазба әдебиетінің негізін салушы.

491. Абайдың Семейде оқыған оқу орны. Ахмет Риза медресесі.

492. Құнанбайдың Абайды Семейдегі оқу орнын аяқтатпай елге алып кетуінің себебі. Ел билеу ісіне тартқысы келді.

493. Абайдың ұлы Әбдрахманның Петербургте бітірген оқу орны. Артиллерия училищесі.

494. Абайдың өсиетке толы шығармасы. «Ғақлиялар».

495. Құнанбай тоғыз жыл басқарған болыс. Шыңғыс болысы.

496. «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы. В.Верещагин.

497. 1896 жылы жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі өткен қала. Петропавл.

498. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған қазақ қолөнер бұйымдары. Зергерлік өнер заттары, ұлттық киімдер.

499. 1872 жылы қазақ музыка аспаптары көрмеге қойылған қала. Мәскеу.

500. Шертпе күй негізін салушылардың бірі, күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.

501. Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі. «Бестөре».

502. 1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.

503. Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді: Бөкей ордасында.

504. Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы. Ханбазар.

505. Құрманғазы Сағырбайұлының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі. «Кішкентай».

506. Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі. «Сарыарқа».

507. Құрманғазы Сағырбайұлының би күйі. «Балбырауын».

508. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы, күйші. Дәулеткерей Шығайұлы.

509. Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасын қалыптастырула ықпал етті: 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс.

510. Біржанның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті: Абаймен кездесуі.

511. Біржанның ыза-кекке толы, сол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталған өлеңі. «Жанбота».

512. Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер. Жаяу Мұса.

513. 1860 жылыЖаяу Мұса Шорман балаларының жаласымен: Тобылға жер аударылды.

514. 1843-1913 жылдары өмір сүрген ақын, сазгер, дарынды күйші. Ақан сері Қорамсаұлы.

515. Ақан серінің әндері. «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша».

516. Ықылас Дүкенұлының тәкаппар патша шенеуніктері мен менменсіген байларды кекейтін күйі. «Жарым патша».

517. 1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қатысқандардың ішінен жер аударылғандардың бірқатары жіберілген өлке. Сібір.

518. Польшадан Қазақстанға жер аударылған Густав Зелинскийдің поэмасы. «Қырғыз» («Қазақ»).

519. Польша азатық күресінің 60-жылдарда Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскені: С.С.Гросс.

520. Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі. С.С.Гросс.

521. Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысты: Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.

522. ХІХ ғасырдың соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі. Шығыс және Орталық Қазақстан.

523. Қазақстанда өлкені зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылды: ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.

524. Абайдың 1900 жылы статистикалық комитеттің басылымында жарияланған «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінде көтерген мәселе. Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау.

525. Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген: Е.П.Михаэлис.

526. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда негізінен дамыған өндіріс: Кен өндірісі.

527. Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалауға берілді: 1906 жылы.

528. 1905-1907 жылдардағы революция қарсаңындағы 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі өнеркәсіп орны. Успен кеніші.

529. 1906-1907 жылдар аралығында қазақтардан тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілген жер көлемі. 17 миллион десятина.

530. ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін жері барлар жатқызылды: Ауқатты орта шаруаға.

531. ХХ ғасырдың басында егістік жері 15 десятинадан асқандар жатқызылды: Кулакқа.

532. ХХ ғасырдың басындағы Жетісу өңіріндегі орыс шаруаларының арасында кулактардың үлесі. 25%.

533. Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға. «Қанды жексенбі» (1905 жылы 9 қаңтар).

534. 1905 жылы Қарқаралыда өткен саяси ереуілге белсене қатысқан ақын. Міржақып Дулатұлы.

535. 1905 жылы қазан айының 15-інде жарияланған жұртты алдаған патша манифесін Алаш қозғалысы: Әшкереледі.

536. ХХ ғасырдың басында құрылға қоныстану қоры айналысты: Қазақтардан жерді тартып алумен.

537. 1905 жылы қараша айының 16 – 25-і аралығында Семейде өткен ереуіл. Пошта-телеграф қызметкерлері ереуілі.

538. 1905 жылы қараша айының 21-інде гарнизон солдаттары патша үкіметінің саясатына қарсылық білдірген қала. Жаркент.

539. 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезіндегі қазақ-орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық ірі бой көрсетуі оқиғаыс болды: Успен (Нілді) кенішінде.

540. 1905 жылы желтоқсан айының 2-інде Успенде құрылған ұйым. «Орыс-қырғыз одағы».

541. Ішкі істер министрі Дурнов қазақ өлкесіндегі қарсылықтарды жаншуға арнайы тапсырма берді: 1906 жылы қаңтар айының 10-ы.

542. Мемлекеттік думаға патша үкіметінің «түземдік» халық арасынан Ақмола облысынан сайланған өкілі. Ш.Қосшығұлов.

543. Мемлекеттік думаға қазақтар арасынан Жетісу облысынан сайланған. М.Тынышпайұлы.

544. Семей облысынан Мемлекеттік думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға. Н.Я.Коншин.

545. 1906 жылғы қараша және 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат бағытталды: Революцияны тұншықтыруға.

546. 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында жергілікті халықтан тартып алған жер көлемі. 45 миллион десятина.

547. 1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтар саны көтерілді: 211 есеге.

548. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі. 36,6%.

549. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 жылы.

550. 1912 жылғы қазан айының 2 – 6-ында саяси ереуіл өтті: Байқоңыр көмір өндірісінде.

551. Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылға дейін: Қарқаралыда мұғалім болды.

552. Ахмат Байтұрсынұлының Орынборда тұрған уақыты. 1910-1917 жылдары.

553. Міржақып Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби-публицистикалық туындысы. «Терме».

554. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі болған шаңырақ салығының көлемі. 600 мың сом.

555. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы. 12-14 сағат.

556. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 12-14 жастағы балалардың біркүнгі еңбекақысы. 20 тиын.

557. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Семей, Ақмола облыстарда майданға тартылған жұмысшылардың үлесі. 50%.

558. 1915 жылы әскери тұтқындардың ереуілі өткен кәсіпорын. Риддер кен байыту орны.

559. Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының ресми баспадан шықты: 1909 жылы.

560. 1911 жылы Орынборда басылған Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы. «Маса».

561. 1913-1917 жылдар аралығында «Қазақ» апталық газетінің редакторы болған: А.Байтұрсынұлы.

562. ХХ ғасырдың басында ағарту идеяларын уағыздаған басылым. «Айқап»



журналы.

563. Абайдың талантты шәкірті. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

564. Ш.Құдайбердіұлының ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан кітабы. «Мұсылмандық шарты».

565. Халық дастандарын ел арасында уағыздауға, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ақыны. Нұрпейіс Байғанин.

566. ХХ ғасырдың басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала. Музыка мәдениеті.

567. ХХ ғасырдың басында қазақтың бұлбұлы атанған әнші. Майра Шамсутдинова.



568. «Майдақоңыр» әнінің авторы. Естай.

569. «Гәкку» әнінің авторы. Үкілі Ыбырай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет