«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/3
Дата14.06.2016
өлшемі483.5 Kb.
#135602
  1   2   3
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

2121 қаулысымен



бекітілген

 


«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



1. Жалпы ережелер

 

1. «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайларда «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі-уәкілетті органдар), сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы балама негізде көрсетіледі.



Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 4-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат:



1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz  «Ақпараттық материалдар» бөлімінде;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету Орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz.:

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа берілген 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беру немесе (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күні беріледі (қабылдау күні, ал орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт жетінші жұмыс күні беріледі (қабылдау күні, ал орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);

алаңы 1000 шаршы метрге дейінгі жылжымайтын мүліктің қалған объектілеріне техникалық паспорт оныншы жұмыс күні беріледі (қабылдау күні, ал орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);

алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілерге техникалық паспорт өтініш беруші жүгінген күннен бастап жиырмасыншы жұмыс күні беріледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда ұсынады).

Мерзімді одан әрі ұзарту мемлекеттік қызмет алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына қарай жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім мемлекеттік қызмет алушы жүгінген күннен бастап үш айдан аспауы тиіс.

2) Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша қызмет көрсету жеделдетілген түрде жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:

пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бірінші және екінші жұмыс күндері беріледі (қабылдау күні, ал орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);

жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт екінші және төртінші жұмыс күндері беріледі (қабылдау күні, ал орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);

алаңы 1000 шаршы метрге дейін жылжымайтын мүліктің қалған объектілеріне техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі (қабылдау күні, ал орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);

алаңы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілерін және алаңы 1000 шаршы метрден 10000 шаршы метрге дейін сызықтық құрылыстарға техникалық паспорт оныншы жұмыс күні беріледі (қабылдау күні, ал Орталыққа жүгінген кезде құжаттарды берген күн де мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);

3) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш ұсыну) 20 минуттан аспайды;

4) өтініш берілген күні мемлекеттік қызмет алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

5) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру үшін ақы, мемлекеттік басқару органы бекіткен баға көрсеткішіне (прейскурант) сәйкес айқындалады және уәкілетті органның есеп шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрінде енгізіледі.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.

10. Орталықта мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген, залда үлгі бланкілер толтырылған ақпараттық стендтері орналасқан, қажетті құжаттарды әзірлеуге және күтуге барлық жағдайлар жасалған.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi



 

11. Жылжымайтын мүлік объектісінің иесі (өзге құқық иеленуші) немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортты алу үшін өзінің жеке басын куәландыратын құжатын және мынадай құжаттарды:

1) уәкілетті органның атауы, жылжымайтын мүліктің түрі, оның орналасқан жері, мемлекеттік қызметті алушының (уәкілетті өкілдің) деректері, жеке тұлғаның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері көрсетілген жазбаша өтінішті;

2) мемлекеттік қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын растайтын куәлігі және өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты;

3) жылжымайтын мүліктің қолда бар техникалық паспортын және (немесе) болған жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды;

4) техникалық паспортты бергені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

12. Мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға жүгінгенде өтініш бланктері күту залында арнайы бағандарда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдаушы қызметкерде болады.



Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінгенде өтініштер бланкілері күту залында арнайы бағандарда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттарды өткізу кезінде мыналар:

уәкілетті органға жүгінгенде:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

орталыққа жүгінген кезде мыналар:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны көрсетіліп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

15. Уәкілетті органда дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді құжаттарды беруді жүзеге асырушы қызметкер «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхаттар негізінде жүзеге асырады.



Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхаттар негізінде жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік қызмет алушы қызмет нәтижесіне көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда орталық бір ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етіп, одан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттың бірін мемлекеттік қызмет алушы ұсынбаған жағдайда орталық құжатты қабылдаудан бас тартады. Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда, мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетіп, қолхат береді.



Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздерде:

1) құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталғанда;

2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық берілмегенде;

3) құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде;

4) жылжымайтын мүлік объектісіне қол жеткізуді қамтамасыз етпеген жағдайда бас тартады.

Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға (мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкілі) бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде орталыққа одан әрі мемлекеттік қызмет алушыға (мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкіліне) беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізуден бас тартқан кезде мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсеткені үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып беріледі. Осы құжатты техникалық паспорт алу үшін қайта сұрау бергенде немесе төленген соманы уәкілетті орган қайтарып беруі үшін ұсына алады.

Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін мемлекеттік қызмет алушы ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде орталық қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжатты көрсетіп, қолхат береді.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:



1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;

3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;

4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Мемлекеттік қызметті алушы орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты және шағымды дайындауға көмектесуде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген телефон арқылы орталықтың басшылығына жүгінеді.



Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген телефондар немесе «электрондық үкімет» 1414 call-орталығы ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат түскі үзіліссағат13.00-ден 14.30-ға дейін 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекен-жайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.



Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

Орталық қызметкері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы стандарттың 26-тармағында мекенжайы мен телефоны көрсетілген «Орталық» РМК-на беріледі.

22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.

23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайы: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.



Қажет жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығын және орталықтың, уәкілетті органның қызметкерлерінің тиісінше қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.

25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).



Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.

26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй.



«Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz  интернет-ресурсы.

 

«Жылжымайтын мүлік объектілерінің



техникалық паспортын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы

 


Р/с



Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Телефон нөмірi

Басшының телефон нөмірi

1

2

3

4

5

1

«Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 9-үй

(87162) 23-32-58

қабылдау бөлмесi

40-21-91

2

«Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 108 «а» үй

(87132) 55-73-13

қабылдау бөлмесi

55-73-07

3

«Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 76-үй

(87282) 27-33-93

қабылдау бөлмесi

27-33-91

4

«Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 96 «б» үй

(87122) 45-15-19

қабылдау бөлмесi

45-15-34

5

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Өскемен қаласы, Буров көшесі, 51-үй

(87232) 53-79-73

қабылдау бөлмесi

53-79-99

6

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орал қаласы, Театральная көшесі, 16/2-үй

(87112) 50-91-96

қабылдау бөлмесi

51-10-44

7

«Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69-үй

(87262) 45-56-48

қабылдау бөлмесi

45-58-22

8

«Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй

(87212) 56-51-34

қабылдау бөлмесi

56-56-63

9

«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қостанай қаласы, Досжанов көшесі, 84-үй

(87142) 50-62-87

қабылдау бөлмесi

50-63-45

10

«Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй

(87242) 23-07-34

қабылдау бөлмесi

23-03-84

11

«Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй

(87292) 50-45-26

қабылдау бөлмесi

50-76-11

12

«Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Павлодар қаласы, Есеналиев көшесі, 24-үй

(87182) 32-19-86

қабылдау бөлмесi

32-03-24

13

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Петропавл қаласы, Көшеков көшесі, 10-үй

(87152) 33-38-38

қабылдау бөлмесi

33-96-30

14

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй

(87252) 54-12-72

қабылдау бөлмесi

53-50-53

15

«Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй

(8727) 378-46-58

қабылдау бөлмесi

378-46-50

16

«Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Астана қаласы, Иманов көшесі, 149-үй

(87172) 37-99-12

қабылдау бөлмесi

37-65-58

 

«Жылжымайтын мүлік объектілерінің



техникалық паспортын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет