** Пигмент - шеңбердің доға жəне оның хордасымен шектелген бөлімі.
14.2. Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар
Бейорганикалық жылу өткізбейтін материалдар мен
бұйымдар. Органикалық емес, яғни минералдық жылу өткізбейтін
материалдар мен бұйымдар өндіру үшін шикізат ретінде
таужыныстары, металлургия шлактары, шыны сынықтары, т.б.
қолданылады.
Минералды мақта – оңай балқитын таужыныстарын (мергель, долмит, базальт, т.б.) балқыту арқылы балқыған металлургиялық шлактан өндірілетін жылу өткізбейтін материал. Ол жіңішке ф=5-15 мкм шыны тəрізді талшықтар.
Минералды мақта негізгі мына операциядан құралады.
Шикізатты балқыту жəне пештен сорғалап аққан балқыған затты бу
қысыммен үрлеу немесе ол центрифуганың бірліктеріне түсіріп, шашып талшықтандырады.
Балқыған шлактан өндірілетін мақтаны – шлакмақта деп атайды,
95% -не дейін талшықтар арасы ауалы саңылаулар мен тесіктерден
құралғандықтан, ол өте кеуекті, оның жылу өткізбейтін қасиеті жақсы, тығыздығы 75-150 кг/м3. Минералдық мақта жанбайды, ылғалданбайды (су тартпайды), аязға төзімді.
Минералдық мақтаны əртүрлі байланыстырғыш заттармен өндеп, қатты тығыздығы 300-500 кг/м3, июге беріктігі жоғары – 1,2 МПа-ға
дейін; қатаң тығыздығы – 100-400 кг/м3, жартылай қатаң жəне жұмсақ
тығыздықтары – 35-250 кг/м3 плиталар (тақтайлар), пегменттер
өндіреді.
Қатты плиталар шатыры жоқ үйлердің, басқа да ғимараттардың
жазық төбесіне жылу өткізбеу үшін төселініп, гидроизоляциялық
рулонды материалдармен жабылады. Ал осындай жерде қатаң
плиталарды қолдану үшін олардың жоғарғы бетін алдымен цементпен
тысталып, онан соң гидроизоляциялайды.
Минералдық мақтадан плиталар мен пегменттерден басқа да
бұйымдар, мысалы синтетикалық байланыстырғыш заттармен
(полимерлермен) біріктірілген немесе қағаз, мата, т.б. тысталып,
көрпе тəрізді тігілген ерекше жеңіл, тығыздығы 35-75 кг/м3 маттар
өндіріледі.
Минералдық мақта талшықтарының иілгіштігі жеткіліксіз жəне
олар морт келетіндіктен, пайдаланғанда тозаң (шаң) көп бөлінеді.
Сондықтан олар байланыстырғыш заттардың көмегімен, мысалы
ерігіш шынымен кеуекті түйірлерге айналдырылып, сусымалы ліл
ретінде қолданылады. Мұндай түйірлер қуыс қабырғалар мен
жабындарды толтыру үшін пайдаланылады.
Керамикалық жылу өткізбейтін бұйымдарды: қалыптау, кептіру
жəне күйдіру арқылы өндіреді. Басқа жылу өткізбейтін
материалдармен салыстырғанда, оларды қолдану температурасы
жоғары (300°С-қа дейін); шикізат ретінде: диатомит, трепел, отқа
илікпейтін балшық, перлит пайдаланылады. Оның кеуектігін арттыру
үшін қалыптанатын массаға (қамырға) көбірек түзетін немесе жанып
кететін үстемелер қосады. Бұл бұйымдардың физика-механикалық
қасиеттері 13.3-кестеде келтірілген.
13.1-кесте Қатты бейорганикалық бұйымдардың физика-механикалық қасиеттері
Бұйымдар
|
Қолдану
температу
-расы, °С
|
Тығыз
дық,
кг/м3
|
Беріктік шегі
МПа
|
Жылу
өткізгіштігі,
Вт/м×°С
|
Сыққанда
|
Игенде
|
Диатоммитті кірпіш
|
900
|
500
|
0,6
|
-
|
0,12
|
Қабық, сегменттер
|
|
600
|
0,8
|
-
|
0,14
|
Ұялы қыш бұйымдар –
плита, қабықтар
|
900
|
400
|
1,2
|
-
|
0,12
|
Перлиткерамикалық плита
|
900
|
300
|
0,6
|
-
|
0,08
|
кірпіш, қабықтар
|
|
400
|
1
|
-
|
0,1
|
Цемент, сұйық шыны қосып
дайындаған
|
600
|
250
|
-
|
0,25
|
0,08
|
Перлит плита, қабық
сегменттер
|
|
350
|
-
|
0,3
|
0,09
|
Цемент, сұйық шыны қосып
дайындаған
|
600
|
250
|
-
|
0,15
|
0,09
|
Вермикулит бұйымдары
|
|
400
|
-
|
0,3
|
0,1
|
Вулканитті бұйымдар
|
600
|
350
|
-
|
0,3
|
0,09
|
Ұялы шыны немесе көбікшыны деп – саңылаулары көп, кеуекті
құрылымды шыныны атайды. Кұрамына қарай (қолданылатын шикізаттарға байланысты) ұялы шынының кеуектігі – 80-95% аралығынада болады.
Осыншама кеуектігі жоғары материалдың жылу өткізбейтін
қасиетінде, атап айтқанда тығыздығы – 150-300 кг/м3, ал жылу өткізгіштігі –
0,06-0,12 Вт/м×°С аралығында. Ұялы шынының кұрылыста қажетті басқа да
қасиеттері: беріктігі жоғары (сығуға беріктігі 2 - 6 МПа), суға, аязға, өртке
төзімді, жеңіл өңделеді (оңай тесіледі, кесіледі, т.б.). Қолдану
температурасының шегі шынының түріне байланысты кəдімгі қрамды
шынынікі – 400°С, ал сілтісіз шынынікі – 600 °С.
Ұялы шыныны шыны сынықтарына саңылау түсіргіш материалдар,
мысалы əк тас ұнтағын қосып немесе кəдімгі шыны жасау үшін
қолданылатын шикізаттарды не магмалық төгілген таужыныстарын
(мысалы, трахиттер, обсиондар-вулкандық шыны) балқытып, суытып,
үздіксіз шығып жатқан брусты бұйымға кесіп, оны пеште жасыту* арқылы
өндіреді. Шикізат балқығанда түзетілетін газ (СО) шыны массаны
саңылаулы (тесікті) етіп кеуектейді.
* Жасыту (орысша "отжиг") процесі шыны масса (бұйым) ішіндегі кернеуді жою үшін орындалады (онсыз шыны бұйым шытынауы мүмкін).
Ұялы шыныда ірі саңылаулар мен тесіктер қабырғаларында уақ микросаңылаулар орналасады. Материалдың мұндай кеуектілігі – оның жылу өткізгіштігін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |