«Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»



бет1/3
Дата30.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#485005
  1   2   3
Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру

 «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру» 

Автор : Алдаберген Әлғани Берікұлы

Мотивация Және Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру

  • Мотивация дегеніміз – адамдардың белгілі бір дәрежеде күшін, тырысушылығын, адалдығын, қайсарлығын қажет ететін белгілі бір мақсаттарға бағытталған адамдарды белгілі бір жұмысты атқаруға түрткі болатын сыртқы және ішкі итермелеуші күштердің жиынтығы. Белгілі бір жұмысты атқару барысында адам өз қайратын әр түрлі жұмсауы мүмкін. Ол бар күшімен немесе жарты күшімен жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен қатар ол жеңілірек жұмысты немесе қиын және ауыр жұмысты алуға тырысуы мүмкін, жеңіл немесе күрделі шешімдер қабылдауы мүмкін. Осының барлығы адамның қаншалықты күш салатынын айқындайды. Ол адамның өзінің жұмысын атқаруға қаншалықты мотивацияланғанынан тікелей тәуелді болады. 

Басталған жұмысты жалғастыру және дамыту қайсарлығы – қызметтің маңызды мінездемесі. Өйткені, басталған жұмысқа тез арада қызығушылығын жоғалтатын адамдар да жиі кездеседі. Олар қызметтің басында өте жақсы нәтижелер көрсеткенімен, қызығушылықтың азаюы және қайсарлықтың жоқтығы олардың өз күшін өз мүмкіншіліктеріне қарағанда -азырақ жұмсауына әкеліп соғады. Қайсарлықтың аздығы да жұмыстың аяғына дейін жасалуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жұмысшы жақсы идеялар ұсынып, алайда оларды іс жүзінде жүзеге асырмауы ұйымның мүмкіндіктерді жіберіп алуына әкеліп соғады. Адалдық – жұмысты жауапкершілікпен атқару. Яғни ол көптеген жұмыстар үшін қажетті талаптар мен реттеуші нормаларды ескере отырып, жұмысты орындаудың ең басты шарты болып табылады. Адам жоғары квалификациялы және білімді, қабілетті болуы мүмкін. Бірақ ол өзінің міндеттеріне селқос, жауапкершілксіз қараса, оның қызметінің барлық оң нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Ұйымның басшылығы осыны жақсы түсініп, олардың жүріс – тұрысының адалдық сияқты басты мінездемесін дамыту үшін мотивациялау жүйесін дұрыс жасауы керек. 

  • Басталған жұмысты жалғастыру және дамыту қайсарлығы – қызметтің маңызды мінездемесі. Өйткені, басталған жұмысқа тез арада қызығушылығын жоғалтатын адамдар да жиі кездеседі. Олар қызметтің басында өте жақсы нәтижелер көрсеткенімен, қызығушылықтың азаюы және қайсарлықтың жоқтығы олардың өз күшін өз мүмкіншіліктеріне қарағанда -азырақ жұмсауына әкеліп соғады. Қайсарлықтың аздығы да жұмыстың аяғына дейін жасалуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жұмысшы жақсы идеялар ұсынып, алайда оларды іс жүзінде жүзеге асырмауы ұйымның мүмкіндіктерді жіберіп алуына әкеліп соғады. Адалдық – жұмысты жауапкершілікпен атқару. Яғни ол көптеген жұмыстар үшін қажетті талаптар мен реттеуші нормаларды ескере отырып, жұмысты орындаудың ең басты шарты болып табылады. Адам жоғары квалификациялы және білімді, қабілетті болуы мүмкін. Бірақ ол өзінің міндеттеріне селқос, жауапкершілксіз қараса, оның қызметінің барлық оң нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Ұйымның басшылығы осыны жақсы түсініп, олардың жүріс – тұрысының адалдық сияқты басты мінездемесін дамыту үшін мотивациялау жүйесін дұрыс жасауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет