67
бойынша заманауи ақпараттық технологияларды тәжірибеде пайдалану үшін
базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен
қамтамасыз ету болып
табылады.
«Цифрлық сауаттылық» пәнінің 1-сыныптағы апталық оқу жүктемесі 0,5
сағатты, оқу жылында 17 сағатты құрайды.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес
жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 188-2к қосымша,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26
шілдедегі № 334 бұйрығына 4-қосымша).
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім
алушыларда алгоритмдік ойлауды ойын программалау ортасындағы
командалық блоктарды пайдалану арқылы қалыптастыруға бағытталған.
Ойынның
дайын кодын іске қосу, кодтағы блоктардың орналасу логикасын
түсіну дағдылары қалыптастырылады.
Робототехника сабақтары робототехникаға арналған жиынтықтың негізгі
блоктарын таныстыруға, дайын программаны іске қосып үйренуге және
басқаруға бағытталады.
«Цифрлық сауаттылық»
пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш
мектепте білім алушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың
белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып табылады.
Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен
байланыстыра
және оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің түрлерін
пайдалана отырып көрсету ұсынылады.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан
бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады.
Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша
практикалық тапсырмаларды
орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: