Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет145/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   168
ӘНХ 2020 2021

Сабақ (сабақтың әдеттегі түрін ұмытыңыз) 
Қашықтан тиімді жұмыс істеудің негізгі шарттарының бірі – 
тапсырмаларды жиі ауыстыру және көп тәжірибе жинау. Өйткені, балаларға 
ақпараттың көлемін қабылдау немесе ұзақ уақыт бір тапсырманы орындау 
қиынға соғады. Сабақта тапсырманың бірнеше түрінен құрастырыңыз, 
мысалы, бейнені көру үшін 5-10 минут, тапсырмаларды орындау үшін 10 минут 
және қолмен жазу үшін 10 минуттық сабақ жасаңыз. 
Үй тапсырмасын талдауды міндетті түрде қарастырыңыз (әр оқушының 
жеке қателері оқушыға жеке хабарлануы керек, ал жетістіктері мен қызықты 
шешім нұсқалары туралы бәріне хабарлау керек; сондай-ақ оқушылардың оны 
орындау кезіндегі жетістіктері мен сәтсіздіктерінің жалпы шолуын, күрделі 
сәттерді түсіндіруді және т.б. қарастырған жөн). Мұны мәтіндік түрде немесе 
қысқа бейне шолу арқылы жасауға болады, оны телефонға жазып, 
оқушылармен қарым-қатынас жасау орнында орналастыруға болады. 
Қашықтықтан өткізілетін сабақтардың мазмұнын жаңа материалды 
зерттеуді ұйымдастыруда пайдаланатын көмекші материалдар құрайды. Сізге 
өз оқушыларыңызға ұсынатын, өз жұмысыңызда қолданатын материалдардың 
сапасына сыни көзқараспен қарауды ұсынамыз, оларды игеру (оқу, түсіну, 
түсіну мен бекітуді алғашқы тексеру тапсырмаларын орындау) 45 минуттан 
артық болмауы керек – 1 сағат: 
1) Ұзын мәтіндерден аулақ болыңыз. Мәтінде ең маңыздысын 
қалдырыңыз, егер баланың тақырыбы қызықтырса, қосымша материалдың 
болуы туралы белгі жасаңыз. 
2) Мәтінді құрылымдаңыз, мәтін бөліктерге бөлінуі керек. Жоғарыда 
мазмұндалған мәтіннің соңына қысқаша қорытындылар шығару қажет. 
3) Инфографикасы бар мәтіндерді пайдаланыңыз – схемалар және басқа 
да визуалды материалдар сабаты неғұрлым сапалы түсінуге және оны есте 
сақтауға мүмкіндік береді
4) Тапсырмалар мен оқу блоктарының көлемі мен күрделілігі жағынан 
теңдестірілген болуы тиіс. 
Сонымен қатар есіңізде болатын жайттар: 
• 
қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға беріетін тапсырмаларды 
орындау уақытын нақты белгілеу қажет. Тапсырмалардың бір бөлігін олар 


268 
сабақ үшін бөлінген уақытта орындай алады (білім беру онлайн 
платформаларын пайдалану кезінде, бұл оңай). Сізге оқушының жетісітігін 
бірден көруге және қажет болған жағдайда жұмысты түзетуге мүмкіндік береді; 
• 
ашық жауаптары берілген тапсырмалар мен тексеруге жіберілген 
материалдар жаңа сабақ басталғанға дейін 3 сағат бұрын бағалануы тиіс, 
әйтпесе оқушылар қашықтықтан сабақтың маңыздылығын сезінуін және 
мотивацияларын жоғалтады; 
• 
балалардың толыққанды демалысын қамтамасыз ету үшін дүйсенбі 
күнге арналған, яғни жұма күні кешке үй тапсырмасын беруге болмайды; осы 
кезеңде берілген тапсырмалар орындалмауы мүмкін. 
Интерактивтілік
Қашықтан режимінде оқыту білім беру процесіне қатысушылардың 
интерактивті өзара іс-қимылын толық жоққа шығарады деп ойлау қате. Кейбір 
жағдайларда ол тіпті тиімдірек, өйткені әркімнің жеке мүмкіндігін ескеруге 
ықпал етеді. Сіз топтарда талқылауды еркін ұйымдастыра аласыз, жаңа 
материалды оқу кезеңінде де, тапсырмаларды орындау кезеңінде де сөйлесе 
аласыз. Осы мақсаттарға жетуде сапалы кері байланыс жасау үшін дұрыс білім 
беру порталын, хабаршы немесе чат таңдау қажет. Топта орындау үшін 
тапсырмалар жасауға тырысыңыз – жалпы жоба, рөлдерді бөлуде кешенді 
міндет және т.б. Мұның бәрін ашық құжаттардың, вебинарлардың, желілік 
ресурстардың заманауи технологияларының көмегімен жүзеге асыруға болады. 
Ата-аналармен байланыс 
Жаңа оқу түріне көшу оқушылардың ата-аналарында көптеген сұрақтар 
туындатады. Ең маңыздысы жауаптары бар толық ЖАДНАМА жасаңыз: оқыту 
қалай ұйымдастырылады, ол қай уақытта өтеді, үй тапсырмасын қайдан іздейді, 
консультациялар қашан және қалай өтеді, балалардың оқыту нәтижелерін 
қайдан және қалай көруге болады.
Ата-аналар үшін кез келген хабаршы арқылы ортақ сөйлесуді ашыңыз 
(WhatsApp, Viber, электрондық журнал). 
Жадынаманы ортақ чатқа жіберіңіз. 
Мүмкіндігінше (білім беру онлайн платформаларын пайдаланған 
жағдайда) ата-аналарға өз балаларының оқу процесін өз бетінше қадағалап 
отыруы үшін оларға тіркелуге көмектесіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет