Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет79/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   168
ӘНХ 2020 2021

Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар: 
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша 
анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу 
мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда 
пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады.


130 
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» оқу пәндерінің (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) 
құрылымы:
5 - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр) 
6 - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар); 
7 - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар); 
8 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы); 
9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге 
дейін).
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 
2017-2018 оқу жылынан бастап 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» 
оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған 
оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды 
тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. 
Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың 
барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі 
тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі 
тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады. 
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру 
деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі әртүрлі (48-кесте). 
48-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
(жаңартылған мазмұн) 
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақстан тарихы 

68 

68 

Қазақстан тарихы 

68 

68 

Қазақстан тарихы 

68 

34 

Қазақстан тарихы 

68 

34 

Қазақстан тарихы 

68 

34 
 
2021-2022 оқу жылында 5-9-сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», 
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын сақтау және 
хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында 9-сыныпта 9-сыныптың 
(қазіргі заман тарихы: XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін
мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі. 
2021-2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады: 


131 
1. 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – 
V ғасыр); 
2. 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан 
тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар 
кезеңі: V - XVII ғасырлар); 
3. 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар)
4. 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі 
тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет