Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарификациялауды жүргізу оқу



Pdf көрінісі
бет8/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   168
ӘНХ 2020 2021

Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарификациялауды жүргізу оқу 
процесін 
жоспарлаудың 
негізгі 
параметрі 
болып 
табылады. 
Тарификациялық комиссия жұмысын ұйымдастырудың келесі тәртібі 
ұсынылады.
Тарификациялау – бұл мектеп мұғалімдерінің білім деңгейіне, 
біліктілігіне, орындалған жұмыс көлеміне, сондай-ақ олардың жұмысының 
тиімділігі мен сапасына байланысты жалақы белгілеуге бағытталған іс-шаралар 
кешені. 
Тарификациялық комиссия: 
✓ Мектеп мұғалімдерін тарификациялаудан өткізуді дайындау және 
жүргізу үшін тұрақты жұмыс жүргізетін тарификациялау комиссиясы құрылады. 
✓ Тарификациялық комиссия құрамына кемінде үш адам тағайындалады. 
Комиссия құрамына директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 
директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, пәндік әдістемелік 
бірлестіктердің басшылары, бухгалтер, кәсіподақ комитетінің төрағасы, 
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы кіре алады. 
✓ Тарификациялық комиссияның төрағасы мектеп директоры болады.
✓ Тарификациялық комиссияның дербес құрамы және тарификация 
жүргізу мерзімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. 
✓ Тарификациялық комиссияның жұмыс тәртібін комиссия төрағасы 
анықтайды. 
Деректерді тарификациялауға дайындау рәсімі:
✓ Оқу жүктемесін анықтау үшін мұғалімдердің жеке деректерін зерттеу 
(материалды кадр қызметкерлері дайындайды); 
✓ МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің 
санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және 
директордың орынбасары); 
✓ Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыстық оқу 
жоспары мен оқу бағдарламалары бойынша сағаттар санына және мектепте 
кадрлармен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалады; 
✓ Оқу жоспары, әрбір параллель сыныптар бойынша сағат санын есептеу 
жүргізіледі. Сонымен бірге, белгілі бір пәндер бойынша топтарға бөлу 
ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптардың толықтырылуына қарай жүргізіледі; 


15 
✓ Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жоспарында 
белгіленген оқу қызметінің түрлері (вариативтік компонент) бойынша білім 
алушылармен өзара қарым-қатынас жасай отырып, оқу қызметінің орындалуы 
мен оның көлемі белгіленеді; 
✓ Санаудан кейін педагогикалық жүктемелердің саны және бақылау табелі 
анықталады; 
✓ Жеке әңгімелесу өткізу жолымен (директордың орынбасары, 
әдістемелік бірлестіктердің басшылары) оқыту сапасы және кадрлармен 
қамтамасыз етілуін ескере, сыныптарда пәндерді оқыту сабақтастығын сақтай 
отырып, әрбір мұғалімнің оқу жүктемесін алдын ала айқындау; 
✓ Келесі міндетті мәліметтерді қамтитын: мектеп мұғалімінің аты-жөні; 
атқаратын лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – аптасына барлық сағат 
саны; қосымша жұмыс түрлері үшін қосымша ақылар; тұрақты жеке 
үстемеақылар (магистрлік үшін және т.б.) жиынтық тарификациялау тізімін 
құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет