Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі



бет1/5
Дата22.11.2022
өлшемі52.12 Kb.
#465418
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Гисто сро


« С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ
БӨЖ

Тақырыбы: Жыныс жүйесі.Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі.
Жыныстық дифференцировкасының факторлары.

Орындалу түрі: реферат
Орындаған: Нұрмахамбетова Дина
Тобы: ЖМ21-026
Тексерген: Ахметов Досымжан Махмутұлы



Алматы-2022
Жоспары:
1.Аталық жыныс жүйесі
2.Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері
3.Аналық жыныс жүйесі
4.Генеративті қызмет.Овуляция.Сары дене.

Жыныс жүйелері ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы.Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады.Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі т.б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне – аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады.


Дамуы. Жыныс жүйелердің дамуы зәр шығару жуйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықты 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше ішектің соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады.Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары,ол аталық безде тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды.Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады.Ал,эндокринді немесе интерстициальді жасушалары
гормональды қызмет атқарады.Бұлар мезенхимадан дамыған белсенді
түрде бөлінетін эндокриноциттер болып табылады. Индифферентті
жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің
6-аптасынан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет