Аталық жыныс жүйесінің қосымша бездері. Бұлар:ұрық көпіршік-
тері, қуық түбі безі,бульбоуретральді бездер жатады.
Ұрық көпіршіктері.Ұрық шығатын түтікшенің қабырғасының
дистальді (жоғарғы) бөлігінің қалыңдап өсуінен пайда болады.
Бұл жұп секреторлы безді мүше.Негізгі қызметі сперманы сұйылтатын әлсіз,сілтілі реакциясы бар,секретінің құрамы фруктозаға бай, шырышты секрет бөлетін без болып табылады.Қабырғасы үш қабаттан тұрады.Олар:кілегейлі,бұлшық етті және сыртқы адвентициальді қабықтар.Кілегейлі қабықта шырышты экзокриноциттерден тұратын альвеоларлы бездердің терминальді бөлігі орналасады.Бұлшық етті қабығы жақсы дамыған, екі қабаттан тұратын миоциттер тобы.Адвентициальді қабық құрамында эластинді талшықтары бар,тығыз дәнекер тінді құрылым.
Бульбоуретральді бездері- құрылысы жағынан альвеоларлы-
түтікшелі.Секреторлы өзегі зәр шығаратын түтігінің жоғарғы бөлігіне
ашылады.Секрет шығаратын өзегін тыстайтын эпителиі куб немесе
призма тәрізді.Эпителий жасушаларының цитоплазмасында шырышты
көпіршіктер мен жасуша қосындылары да аршылық.Без бөліктерінің
арасында борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінді перделері
мен миоциттер жігі де көрінеді.
Қуық асты безі немесе простата құрамында көптеген бездің өзек-
терінен тұратын несеп ағар каналының жоғарғы бөлігін қамтитын бұл-
шық етті – безді мүше.Без эмбриогенездің 11-12 аптасында дами бастай-
ды.
Аналық жыныс жүйесі.Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс
бездері мен қосымша жыныс мүшелері (ұрық жолы,жатыр,қынап,сыртқы жыныс мүшелері) жатады.
Аналық безі – жұп мүше.Бұл без аналық жыныс жасушаларын қалыптастырумен қоса эндокриндік (жыныс гормондарын синтездеп) қызметтерді де басқарады.
Дамуы.Эмбриогенздің 7-8аптасының соңына қарай бездің бастамасы
біліне бастайды.Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық
дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады.Ұрықтың 6-аптасының
басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады.6-8 апталық ұрықта
аналық бездің ұыртысты заты біліне бастаса,ал боз заты бұдан кейінірек
дамиды.
Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе
овогонийлердің жылдам көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды.Нәрестелік дамудың 3-ші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында орналасқан біріншілк овоциттерге жіктеледі.Нәрестенің дүниеге келу сәтіне қарай овогонийлердің саны кемиді де,ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді.Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны 300-400 мыңдай болады,мұны біріншілік овоциттер дейді.Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің әрі қарай дамуы жалғаса береді.Аналық бездердің эндокриндік қызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады.Гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінетін фолликулин (ФСГ) гормонының әсерінен аналық жыныс жасушаларының шапшаң,әрі қарқынды түрде өсуі байқалады.
Генеративті қызмет.Овогенез.Овогенездің сперматогенезден біраз айырмашылықтары немесе ерекшеліктері бар.
1-ші сатысы – овогонийлердің көбеюі кезеңі – құрсақ ішіндегі нәрестенің даму кезеңінде басталады.
2-ші сатысы - өсу кезеңі туғаннан кейінгі даму барысындағы аналық
безде өтеді де,мұнда алғашқы фолликулдардың 1-реттік овоцитке айналуы басталады.
3-ші саты – пісіп-жетілу кезеңі,2-ші реттік овоциттердің пайда болуы-
мен пісіп жетілген жұмыртқа жасушасының овуляция нәтижесінде
аналық безден жарылып шығумен аяқталады.Пісіп жетілу кезеңі 2 аптадан тұрады және біріншісі екіншісіне интеркинезсіз ұласады.Бұл
хромосомалар санының екі есе азаюына алып келеді, осыдан олардың
жиынтығы гаплоидты болады.
4ші қалыптасу сатысы аналық безінде болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |