Аналық жыныс жүйесінің қосымша мүшелері.
Жатыр түтіктері.Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары – құрсақ
қуысы мен жатырды байланыстырып тұратын жұп мүшелер.
Дамуы. Ұрық жолдарының парамезонефральді өзектерінің үстіңгі бөлігінен дамиды.
Жатыр – ұрықтық құрсақ ішінде дамуын қамтамасыз етуге арналған
бұлшық етті мүше.
Дамуы. Жатыр мен қынап, ұрықтың немесе нәрестенің сол және оң
жақ парамезонефральді өзектерінің дистальді бөлігінің байланысқан
жерінде дамиды.Кейінірек ұрықтың (нәрестенің ) 4 айына қарай тоғысу
аяқталады да, жатыр алмұрт тәрізді пішінге ауысады.
Сүт бездері.Сүт бездерін тері құрамындағы тер бездерінің өзгерген
түрі деп қараған жөн.Бірақ қызметіне байланысты сүт бездері аналық
репродуктивтік жүйеге жатады.Себебі,нәресте дүниеге келгеннен кейін
плацентарлы қаннан қоректік зат алуы тоқталады, сондықтан нәрестенің
негізгі қорегі ана сүті болып табылады.
Дамуы. Ұрықтық дамудың 6-7 аптасында нәрестенің кеуде бөлігіндегі эпидермисінен тығыздалған екі сызық түріндегі құрылым сүт сызығы пайда болады. Кейіндеу бұдан сүттік нүкте деп аталатын құрылым эпидермистің астындағы мезенхимаға батып еніп, тығыздалады да,эпителиальді тізбектер түзеді. Пайда болған тізбектердің дистальді бөліктері тармақталып сүт бездерінің алғашқы бастамасын қалыптастырады.Қыз балаларда пайда болған сүт безінің бастамасы жыныстық пісіп жетілуге дейін тыныштық кезеңін сақтайды.Бездердің белсенді түрде өсуі жүктілік пен сүттену кезеңінде (лактация) байқалады.
Овуляция. Овуляция немесе фолликулдың жарылып , 2-ші реттік овоциттің құрсақ қуысына шығуы лютеин гормонының әсер етуінен болады. Бұл кезде оның гипофизден бөлінуі көбейеді. Овуляциядан бұрын аналық бездің гиперемиясы, гемато-фолликулярлық сүзгінің өткізгіштігі артады. Фолликулының көлемі, оның бойындағы қан қысымы тез өседі де, қабырғасы жұқарады. Бұл кезеңде бездегі нерв талшықтарының ең соңғы ұштарында катехоламиндардың көп мөлшерде шоғырланып бөлінуі де байқалады. Фолликулярлық эпителиймен қоршалған 2-ші реттік овоцит жарылып шығып, құрсақ қуысынан жатыр түтігіне өтеді. Жатыр түтігінде пісіп- жетілудің екінші рет бөлінуі тез жүзеге асады да, сөйтіп ұрықтануға дайын, жетілген жұмыртқа жасушасы пайда болады.
Cары дене. Овуляцияға себепші болған лютеин гормонының әсер етуі нәтижесінде пісіп-жарылған овоциттің қабырғасындағы қабықтары бездің құрамында қалып, өзгнрістерге ұшырайды да, бұдан бездің құрамындағы уақытша эндокринді қызмет атқаратын – сары дене қалыптасады. Пайда болған сары дененің құрамына біртіндеп қан тамырлары еніп, кейбір бұзылған тамырлардан қан құйылады. Дамыған сары дененің ортасындағы дәнекер тіні тез өсіп ұйыған қанның орнын басады. Осылай пайда болған немесе қалыптасқан сары дененің дамуы төрт сатыға бөлінеді. Бірінші сатысы¬-пролиферация мен васкуляризацияның барысында жасушалары көбейіп бұлардың арасында капилляр пайда болады. Екіншісі –бездің метаморфоз сатысы. Жасушалары өсіп, оларға липохромдары бар сары пигмент жиналады. Осы кезеңнен бастап сары дене гормон бөледі. Ол гормон- прогестерон. Осыдан үшінші сатысы- толысу сатысы басталады. Бұл сатының ұзақтығы әртүрлі. Егер ұрықтану жүзеге аспаса, онда бұл дененің толысу кезеңі 12-14 күнмен шектеледі. Ал анада жүктілік байқалса, сары дене ұзағырақ сақталады. Бұл жүктіліктің сары денешігі деп аталады.
Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелерінің арасындағы айырмашылық тек даму кезеңінің ұзақтығы мен мөлшерінде жүктіліктің сары денесінің d=1,5-2см ал менструальді дененің ,d=5 см астам.
Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелері өз қызметін атқарған соң, инволюцияға ұшырайды. Осының нәтижесінде бұрынғы сары дененің орнына дәнекер тінді – ақ зат пайда болады. Бұл зат аналық безде бірнеше жылға дейін сақталады да, біртіндеп солып, жойылады
Достарыңызбен бөлісу: |