Жыныстық жолымен берілетін жұқпалар және аитв/житс, алдын алу



Дата09.07.2016
өлшемі29.28 Kb.
#186224
Жыныстық жолымен берілетін жұқпалар және АИТВ/ЖИТС,

алдын алу.

Жыныс жолымен берілетін жұқпалар (бұдан әрі – ЖЖБЖ) және АИТВ, нақ сондай мүшеқапсыз жыныстық қатынас жасау нәтижесінде берілуі мүмкін. Яғни, егер адам АИТВ-инфекциясы диагностикаланса, онда одан басқа да ЖЖБЖ анықталуы мүмкін. Сондықтан да АИТВ –ны қоса алғанда, жыныс жолымен берілетін кез-келген инфекцияларды анықтау кезінде, басқа да ЖЖБЖ-ға тексерілу ұсынылады.

ЖЖБЖ АИТВ –инфекциясын жұқтыру қаупін арттырады. Біріншіден , гениталды ұшық және мерез секілді осындай инфекциялар, жара шығару арқылы өтеді, осы арқылы АИТВ ағзаға жеңіл өтеді. Екіншіден, соз ауруы және хламидоз сияқты инфекциялар , тіпті симптомдарының болмауы кезінде де АИТВ жұқтыру қаупін арттырады. Егер адамда бірмезгілде ЖЖБЖ мен АИТВ бар болса, онда АИТВ-ның серіктесіне берілу ықтималдығы жоғары болады.

ЖЖБЖ АИТВ-теріспен салыстырғанда, АИТВ-оң адамдар үшін едәуір үлкен қаупі болады. Бұл – АИТВ-инфекциясы кезінде зақымданған иммунды жүйесі, ЖЖБЖ-ға әлі жетпеуіне байланысты болады және олар ауыр өтеді. Себебі ЖЖБЖ –ның көпшілігі емдеуге тез беріледі, сондықтан ЖЖБЖ уақытылы тексерілу және емделу керек.

Соңғы жылдарда ЖЖБЖ-мен ауыратын науқастар саны жылдам өсуде. Осымен бірге, қазіргі заманғы дәрілік препараттардың әсеріне төзімді келетін қоздырушылар саны өсуде.

ЖЖБЖ ерекшелігі, оның халық арасында пандемияның дамуына дейін контагиоздығы жоғары болады. ЖЖБЖ қатты ауруға жатады, ол науқастың денсаулығына орасан зор нұқсан келтіруі мүмкін. Ағзада ЖЖБЖ қандай көрініс белгілерін қауіпті симптомы деп есептеуге болады? ЖЖБЖ алғашқы және дұрыс белгісі, зәр шығару немесе жыныстық қатынас жасау кезінде, жыныс жолынан иісті ылғалдың бөлінуі, жара, қызару, көпіршіктену, терісінде кішігірім жарылу не жыныс органдарының шырышты қабықтануы, қышуы, ауруы болуы мүмкін. Осындай симптомдар өзінде алғаш рет анықтаған пациент, дереу дәрігерге қаралуға тиіс, дәрігер емделуді тағайындайды және елеулі зардабын болдырмауға көмектеседі. Пациент көпшілік жағдайда өзінің серіктесінде инфекция бар ма-жоқ па білмейді және осыны өзі де білмейді. ЖЖБЖ –ны клиникалық белгілері бойынша барлық уақытта бірдей анықталмайды, тек зерттеудің арнайы зертханалық әдістерімен ғана нақты сол не өзгедей инфекцияларды, не олардың әр түрлі ұштасуының бар екендігін анықтауға болады. Тіпті, егер ауруға тән клиникалық белгілері анықталса, онда да бәрібір зерттеудің арнайы әдісінсіз, мысалы, упреплазмендіден гонококкты үдерісті айыру қиын. Талдамалар тапсырғанға дейін, ешқандай дәрілік препараттарды қабылдауға болмайды. Тіпті антибиотиктің бір таблеткасын қабылдаудың өзі, инфекциялар туралы жалған нәтиже беруі мүмкін, сондай-ақ осы қоздырғышқа диагноз қоюды және оған қарсы ем тағайындауды қиындатады.

ЖЖБЖ саны, бүгінге әр түрлі эталогиядағы үш мыңнан астам ауру бар. Осынау аурулардың дамуына бактериялар ( мерез, соз ауруы),вирустар (ұшық ,ЖИТС, үшкір кондиломдар), кәдімгілері (трихомониаз), зеңдер (кандидоз) себепші болуы мүмкін. Жыныстық қатынас жасау кезінде паразиттік тері-қышыма, биттеу аурулары да берілуі мүмкін екендігі анықталып отыр. ЖЖБЖ ауруының көпшілігі симптомсыз , не болмаса оған науқас мән бере бермейтін, аз ғана клиникалық көрініспен өтеді. Оған әр түрлі асқынуы бар жамбас органдарының қабыну ауруы, ұрпақ беретін жастағылар үшін қатерлі аурулардың бір – бедеулік, әр түрлі гормоналды бұзылулар мен әр түрлі органдары мен жүйелерінің функционалды бұзылулары жатады.

ЖЖБЖ кезінде ағзаның өзін –өзі емдеуі жүрмейді. Ал егер белгілібір кезде симптомдар жоғалып кетсе - бұл аурудың жасырын тоүріне ауысқан белгісі болып табылады. Сондықтан да инфекциялар неғұрлым ерте анықталса, солғұрлым инфекциялардан емделуге және оның асқынуын болдырмауға мол мүмкіндік болмақ. Оған хирургиялық араласуды қажет ететін, өткір хал-аухалына дейінгі әйелдердің де, сонымен бірге еркектердің де бедеулігі, ұрықтың жатыр ішінде жұқтыру ықтималдығы, өмірге сиыспайтын ұрықтағы аурудың дамуы, жүктілігі мен босану өтуінің бұзылуы, өмір сүруге қабілетсіз не ауру бала туу жатады.



Жүйелі түрде медициналық тексеруден өтіңіз. Өзіңді-өзің емдеумен айналыспаңыз! ЖЖБЖ-ны тек дәрігер ғана емдей алады!

ЖИТС МОО дәрігер- дерматовенерологы Д.Б. Чотбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет