10-шы сыныптардағы бейімделу
Оныншы сынып оқушысына:
физикалық дамудың аяқталып бітпеуі;
дисморфофобия синдромы (физикалық тұрғыдағы тартымсыздық);
эмоционалдық өрісінің тұрақсыздығы;
жеке тұлғалық мазасызданудың жоғары деңгейі;
теориялық ойлау дамуындағы іркіліс;
қиялдаудың шынайы еместігі;
еріктік аясының қалыптаспауы тән.
Оныншы сынып оқушысы бетпе-бет келетін қиындықтар:
өзіндік сана-сезім мен тұлға ретінде өсу проблемасы;
әрекеттену мен өмірлік жоспар деңгейінің ақылға қонымсыздығы;
қажеттіліктердің қалыптаспауы;
әлеуметтік мақұлдауға ұмтылу кезіндегі әлеуметтік белсенділіктің төмендігі.
Оқу-танымдық шеңберіндегі қиындықтар: оқушылардың білімін бағалау өлшемшарттарының бірден ауысуы.
Нашар үлгеретін оқушылар 9-шы сыныптан кейін тастап кетеді, педагогтардың талаптары ұлғаяды, оқылатын материал күрделене түседі.
Жоғары сынып оқушыларында жасаған таңдауы үшін жауаптылық пайда болады, бұл кезеңдегі нақты жетістіктер – оқу мен мамандық таңдаудағы жетістіктер. Қатты мазасыздану мен анық байқалатын қорқыныш жүйкелік реакциялар мен басқа да созылмалы аурулардың туындауына алып келуі мүмкін. Өмір салтының өзгеруі, әрекеттің жаңа түріне ену, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау айтарлықтай салмақ түсіреді. Жаңа өмірлік жағдай оған бейімделуді талап етеді. Бұл ретте өзіне сенімділік, біліктілік сезімі, отбасының қолдауы және басқалар көмектеседі.
Табысты бейімделудің белгілері
Баланың оқу процесіне қанағаттануы. Мектепте оқу оған ұнайды, ол батылсыздық пен қорқынышты сезінбейді.
Жасөспірім ерекше күш жұмсамай-ақ бағдарламаны меңгереді.
Сыныптастарымен және мұғаліммен тұлғааралық қатынастағы қанағаттанушылық.
Оныншы сынып оқушыларының ата-аналары мынаны есте ұстағаны жөн:
бұл кезеңде бала басқалармен белсенді байланыс орнатады, мектеп ортасында өз орнын іздейді, басқа балалармен ынтымақтастық жасауды және өзі де олардың көмегін қабылдауды меңгереді, оған көмек керек;
баланың мектептегі оқуының қаншалықты сәтті болатындығы әлеуметтік рөлдерді бөлу кезінде оның қандай орынды иеленетініне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |