Жүйке жүйесінің маңызы. Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы



бет1/4
Дата15.03.2022
өлшемі94.07 Kb.
#456289
  1   2   3   4
Жүйке жүйесінің маңызы


Жүйке жүйесінің маңызы.
Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы.
Жүйеке жүйесінің дамуы және оның маңызы. Жүйке жүйесі жан – жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделіленіп отырады. Осыған байланысты, ішкі – сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оған жауап беріп, организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың, тіндердің және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара және сыртқы ортамен байланыстырып, организмнің біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы жұмысына байланысты организмнің ағзалары мен тіндерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді. Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Тітіркенуден туған жүйке процесі және оның жүйке бойымен өтуін жүйке серпіні деп атайды.
Адам жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және жоғары дәрежеде дамыған. Ол ағзасына айналған. Қорта айтқанда, жүйке жүйесі барлық ағзалардың тұтас организмнің жұмыс әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің соғуы, бездердің сөл бөлуі, зат алмасу процестерінің дұрыс жүріп отыруы. Сонымен қатар әртүрлі ағзалардың атқаратын қызметі бір – бірімен тығыз байланыста болады. Ішкі, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты не күшейеді, не нашарлайды. Бір ағзаның өзгеруіне байланысты басқа ағзалар қызметі де өзгереді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуына байланысты қоректік заттар мен оттегіне мұқтаждығы артады. Осыған байланысты жүрек пен өкпе жұмысын күшейтіп, бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді. Зат алмасу процесін арттырып, организмде жылу пайда болды. Оның сыртқа бөлінуінен тері бездері мен несеп шығару ағзаларының жұмысы да күшейеді. Осы сияқты организмнің сыртқы және ішкі орталықтарды тұрған әсерлері мен өзгерістеріне бейімделуі оның тіршілік етуінің негізі болып саналды. Осы жағдайдың бәрі жүйкенің реттелуімен іске асады.
Жүйкенің реттелуімен іске асады. Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және оларда тарайтын жүйкелерден тұрады. Ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған жүйкелерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі мен жүйке тінінен нейрондар мен нейроглиядан т.б. тіндерден түзілген. Нейроглия жүйке жасушасының тірегі болумен бірге оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады. Нейрон – толық келген негізгі бөлімінен, денесінен және одан тарамдалған ұзынды – қысқалы өсінділерден түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды. Аксон өсірділері жүйке серпінін жасуша денесінен шығарып отырса, дендриттер керісінше, жасуша денесіне жеткізіп отырады. Осы жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.
Ми мен жұлынды кесіп қарғанда олардың сұр және ақ заттан тұратынын байқаймыз. Олардың сұр заттары әрдайым жүйке жасушалары денелерінің шоғырлануынан пайда болса, ақ заттары жүйке талшықтарының тораптануынан пайда болады. Ми мен жұлынның сұр заты мен ақ заты біркелкі орналаспаған. Ми сұр заты сыртқы, ақ заты ішкі жағында жатса, жұлында, керісінше, сұр заты ішінде, ақ заты сыртында жатады. Алдыңғы үлкен ми сыңарының сыртын жауып жатқан сұр заты ми қыртысы немесе сұрғылт қабық деп аталады. Ми қыртысының іш жағын ала жүйке талшықтарынан түзілген ақ зат жатады. Осы ақ заттың қалыңында жасуша денелерінің шоғырланған жерлерін ядролар деп атайды. Мұндай ядролар ми мен жұлыннан тыс жерлерде де кездеседі. Оларды омыртқа аралық түйіндер, жұлын түйіндері және жүйке түйіндері деп атайды. Жұлын мен ми құрамындағы жүйке талшықтары ақ заттар түзіп, орталық жүйке жүйесінің бөліктерін бір – бірімен байланыстырып тұратын өткізгіш жолдар түзеді. Жұлын мен ми бөліктері қан тамырларына өте бай келеді. Олар арқылы жүйке тініне қоректік заттар мен оттегі үнемі жеткізіліп тұрады. Жүйке дегеніміз сырт жағы ақ қабықшамен жабылған жүйке талшықтарының будасы. Жүйкелерді атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөледі : 1) егер жүйке тек қозғалтқыш жасушаларынан, жүйке талшықтарынан түзілсе, оны қозғалтқыш немесе орталықтан тепкіш жүйке деп атайды. Жұлын мен ми бөліктерінде жатқан қозғалтқыш жасушалар шоғыры ядролар түзеді. 2) Егер жүйке құрамы сезімтал жүйке талшықтарынан түзілсе, оны сезімтал немесе орталыққа тепкіш деп атайды. Сезімтал жүйке сезімтал жасушалардың өсінділері. Бұл жасушалар шоғырланып, жүйке түйіндерін түзеді. 3) Егер жүйке құрамына әрі қозғалтқыш әрі сезімтал жүйке талшықтары кіретін болса, оларды аралас жүйкелер деп атайды.
Қозғалтқыш жүйкелердің жүйке ұштары, эффекторлары жұмыс ағзаларында аяқталса, сезімтал жүйкелердің ұштары рецепторлары сезім ағзаларында (теріде, көзде, ішкі құлақта, тіл мен мұрын қуысында т.б.) аяқталады. Организмде барлық ағзалар жүйкемен қамтамасыз етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол жүйкелердің ағзаларда, тіндерде аяқталуы нәтижесінде, жалпы организмнің шет бөлімдерімен тікелей байланыста болады.
Организмде қозу сезімтал жүйке ұштарына тиген тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. Жалпы организмде үздіксіз түрлі тітіркендіргіштер (дыбыс, жарық, иіс, дәм т.б.) әсер етіп тұрады. Олар жүке рецепторлары арқылы орталық жүйке жүйесінің бөліктерін жеткізіледі. Мұны жүйке тінінің қоз өткізгіштік қасиеті деп атайды. Қозу әрбір жүйке талшықтары арқылы жеке дара өткізіледі, берілмейді. Сондықтан бұзылған жүйкенің қозу аппараты (еттің, бездің т.б.) ағзаларының қызметі де бұзылады.
Жүйке жасушалары бір – бірімен жалғасып, нейрондар тізбегін түзеді. Мұндай жағдайда бір жасушаның екінші жасушамен байланысқан жерін түйіспе деп атайды. Нейрон бойындағы жерін түйіспе деп атайды. Нейрон бойындағы жүйке қозуы жасушаның дендрит – дене аксон бағыты бойынша өтеді. Жалпы қозу (жүйке серпіні) сезімтал жүйке арқылы шеттен (рецептордан) жүке жүйесінің орталығына, ал одан қозғалтқыш жүйке арқылы шеткі (бұлшық еттерге, бездер т.б.) ағзаларға өткізіледі. Организмнің орталық жүйке жүйесінің қатысуымен өтетін және ішкі – сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабын рефлекс деп атайды. Мәселен, төрт басты еттің сіңірін, тізеден төмендеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің жиырылуы нәтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады. Жарық көзге түссе, көздің қарашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нәрсе түссе, сілекей өлінеді. Релекстің (жүйке серпінінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.
Рефлекторлық доға бес бөлімнен түзілген : Бірінші – ағзалардан сезім мүшелерінен басталатын рецепторлар (сезімтал нейрондар ұштары), екінші – сезімтал жүйке нейрондарының афференттік жүйкеталшықтары, үшінші – рефлекстің орталығы болып саналатын жұлын мен мидағы жүйке жасушаларының шоғыры, төртінші – қозғалтқыш нейрондардың жүйке талшықтары, бесінші – қызметке енетін ағзаларда аяқталатын эффекторлы жүйке ұштары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет