Жүйке жүйесінің маңызы. Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы



бет4/4
Дата15.03.2022
өлшемі94.07 Kb.
#456289
1   2   3   4
Жүйке жүйесінің маңызы

Шеткі жүйке жүйесі.
Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне ми мен жұлыннан таралатын жүйке жатады. Мидың 12 жұп ми жүйкелері тарамдалса, жұлыннан 33 жұп жұлын жүйкесі болады. Оларды жатқан жағдайына қарай 8 жұп мойын, 12 жұп көкірек, 5 жұп бел, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз, 1 жұп құйымшақ жүйкелеріне бөледі. Жұлын жүйкелері жұлынның алдыңғы қозғалтқыш, артқы сезімтал түбірлерінің қосындысынан пайда болады. Сондықтан оларды аралас жүйке деп атайды. Себебі, құрамында соматикалық сезімтал және қозғалтқыш талшықтардан басқа вегетативті талшықтар да кездеседі.
Жұлын жүйкелерінің артқы түбірлерінде сезімтал жасушалар орналасқан жұлын түйіндері жатады. Әрбір жұлын жүйкесі омыртқа аралық тесіктен шығысымен бірнеше тарамдарға бөлінеді. Оның екі ұзын тарамын алдыңғы және артқы десе, екі қысқасын қабықты және жалғастырушы тармдары дейді. Жалғастырушы тарамдар вегетативті жүйке жүйесінің түйіндерімен жалғастырады. Олардың құрамында ішкі ағзалармен байланыстын эфференттік жүйке талшықтары өтеді. Ал қабық тарамдары омыртқа аралық тесіктер арқылы омыртқа арнасына кері өтіп, жұлын қабықшаларын жүйкелендіреді. Сондықтан кері өтіп, жұлын қабықшаларын жүйкелендіреді. Сондықтан оны қабық тарамдары деп атайды. Жұлын жүйкелерінің артқы тарамдар дененің артқы жағында бунақты түрде кездеседі. Бұл тарамдар омыртқа аралық және сегізкөз тесіктерінен шыққаннан кейін өз тұсындағы тұлға еттері мен терісіне тарамдалып, шүйде, арқа, бел, бөксе бөліктерін жүйкелендіреді. Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тарамдарының айырмашылығы, олар бір – бірімен көлденең қосылыстар жсап, тораптар түзеді. Бұл тораптардан шыққан жүйкелер дененің алдығы жағымен қол – аяққа таралады.
Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тарамдарынан пайда болған төртторапты айырамыз. Оларға : мойын, иық, бел, сегізкөз – құымшақ жүйке тораптары жатады. Тек көкірек жүйкелері торап түзбей , бунақты жағдайын сақтайды. Оларға бір біріне қатар жүріп жатқан 12 жұп қабырға аралық жүйкелер кіреді. Олар қабырға аралық жүйкелер іштің алдыңғы бетіне бағытталып, құрсақ еттері мен терісін де жүйкелендіреді. Мойын өрімі негізінен төрт жұп мойын жүйкелерінің алдыңғы бұталарының қосылысынан пайда болады. Ол мойын омыртқаларының жанында мойын еттерінің астында орналасқан. Бұл өрімнен таралатын жүйкелерді ет, тері және аралас жүйкелер деп бөледі. Өрімнен шығатын жүйкелер бастың тік және бүйір бұлшық еттерін бас пен мойынның ұзын еттерін, сатылы және төс – бұғана еттерін жүйкелендіреді. Мойын өрімінен төмендеу жүйкесі төмендеу тіласты жүйкесімен бірігіп, мойын – жүйке ілмегін түзеді. Бұл жүйке ілмегі тіласты сүйегінің төменгі жағындағы еттерді жүйкелердіреді. Мойын торабынан еттерге баратын қозғалтқыш жүйкелерден басқа сезімтал жүйкелер де шығады. Оларға негізінде мойын терісінде тарамдалатын шүйделік кіші жүйке, мойынның көлденең жүйкесі, бұғанаүсті жүйкелері жатады.
Шүйденің кіші жүйкесі төсбұғана – емізікше етінің астынан өтіп, шүйде бөлігінің терісі мен емізік өсіндісінің маңын жүйкелендіреді. Құлақтын үлкен жүйкесі мойын өрімінен шығатын жүйкелердің ішіндегі ең ірісі. Ол төс – бұғана емізікше етінің астынан артқа қарай өтіп, құлақ қалқанының терісіне, беттің сырт және самай терісіне тарамдалады.
Мойынның көлденең жүйкесі төс – бұғана емізікше етінің астынан мойынның алдына қарай көлденең бағыт алады. Осы жерде мойынның тіласты етінен өтіп, мойын алдына қарай бағыт алып, мойын жүйкесін жүйкелендіреді. Бұғанаүсті жүйкесі мойын өмірімінен басталып, төс – бұғана емізік етінің сыртқы жиегімен төмен қарай түсіп, бұғана – иық буынына, көкіректің жоғарғы жағына және дельта тәрізді етке қарай тарамдалып, сол жерлердің тері бөліктерін қамтиды. Мойын өрімінің ең ұзын жүйкесі көкет жүйкесі. Ол өрімнен басталғаннан кейін бұғана асты артериясы мен венасының аралығымен төмен қарай көкірек клеткасына түсіп, көкетке жетеді. Жолында өкпеқап пен жүрек үлпершегіне тарамдалып, аяғында көкетті жүйкелендіреді. Сондықтан негізгі тыныс алу жүйкесі болып саналады. Көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын көкет эмброниальды даму кезіңінде ұрықтың мойын бөлігінде көкірек ағзаларымен бірге пайда болады. Осы ағзалармен бірге дами келе құрсақ қуысына дейін төмендеп, мойын өрімінен алған жүйкесін бірге ұзартып әкетеді. Бұл жүйке негізінде қозғалтқыш жүйкеге жатады. Оның құрамында өкпеқапқа және перикардқа, бауыр байламына баратын сезімтал талшықтары да болады. Бұл өрім мойынның екі жағында сатылы еттердің аралығында жатады. Мұның бұғанаүсті бөлігінен шыққан қысқа жүйкелері адамның иық буынының иық белдеуіне, көкіректің беткей еттеріне тарамдалса, бұғанасты бөлігінен шыққан ұзын жүйкелер қолдың ұзына бойына тарамдалып, бұлшық етері мен терісін жүйкелендіреді.
Иық өрімінің бұғанаүсті бөлімінен жауырынды қоршай жатқан жауырынасты, жаласты, жалүсті, жауырын көтеретін қиықша тәрізді, алдыңғы тіс тәрізді, үлкен және кіші көкірек еттерін жүйкелендіретін тарамдар шығады. Иық өрімінің бұғанасты бөлімнен шыққан ұзын жүйкелер үш ірі будадан басталады. Оларға : сыртқы, ішкі және артқы будалар жатады. Сыртқы будадан ет – тері жүйкесі және ортаңғы жүйке шығады. Ішкі будадан шынтақ жүйкесі мен қол терісін жүйкелендіретін тарамдар шығады. Еттері жүйке аралас жүйке, құстұмсық – тоқпан жілік етін тесіп өтіп, тарамдалып, қолдың құстұмсық – тоқпан жілік, екі басты еттерін және тоқпан жіліктің өзін, шынтақ буынын жүйкелендіреді. Оның тері тарамдары білектің қол басының және бас бармақтың терісін жүйкелендіреді.
Ортаңғы жүйке аралас жүйкеге жатады. Ол иық өрімнінің ішкі және сыртқы будаларынан басталып, қолдың алдыңғы бетінде аттас артериямен қатар жүріп, білек өлігінің беткей және терең еттерінің аралығымен қол басына жетеді де, үш саусаққа тарамдарын береді. Бұл жүйке адамның білек бөлігінде ғана тарамдалып, оның бұрушы және бүгуші еттерін, қол басының еттері мен терісін жүйкелендіреді. Шонданай жүйкесі не оның тарамдары қабынып ауырса, еттерінің жұмысының бұзылуына байланысты адам аяғын бүге алмайды. Ал жалпы шыбық жүйкесі бұзылса, адам әуелі аяғын ұшынан басып, онда сыртқы қырына көшіп барып, өкшесін жерге тигізеді. Шонданай жүйкесінің қабынып ауруы тек зақымданудан ғна емес, жұқпа суық тиюден де болады.
Қолдың бұлшық еттеріне тармдалатын жүйкелер топан жіліктің алдыңғы еттерін ет – тері жүйкесі, ал артқы еттер тобын ортаңғы және шынтақ жүйкелері, артқы тобын кәрі жілік жүйкесінің терең бұталары жүйкелендіреді. Қолдың тері бөліктерінің жүйкелері қардың алдыңғы және іш жағының терісіне қардың ішкі тері жүйкесі, сыртқы бетіне қолтықасты жүйкесі, ал артқы бетіне кәрі жілік жүйкесінің бұталары тарамдалады. Білектің ішкі және алдыңғы бетіндегі терісін жеке білектің ішкі тері жүйесі, сыртқы жағының терсін ет-тері жүйкесі, ал артқы бетін кәрі жілік жүйкесінің бұталары жүйкелендіреді.
Қол басының алақан бетін ортаңғы жүйке, сыртқы бетін кәрі жілік және шынтақ жүйкелері жүйкелендіреді. Аяқтың топ еттерін сан жүйкесі, санның ішкі жағында жатқан еттерін жапқыш жүйкесі, санның артқы жағында жатқан еттер тобын шонданай жүйкесінің тарамдары жүйкелендіреді. Сирақтың алдыңғы жағындағы еттер тобын шыбық жүйкесінің терең тарамдары, сирақтың сырт жақ еттер тобын шыбық жүйкесінің беткей тарамдары, сирақтын артқы жағында жатқан еттер тобын асық жілік жүйкесі жүйкелендіріеді.
Аяқ басының табан жағындағы еттерін асық жілік жүйкесі, ал үстіңгі бетіндегі еттерін шыбық жүйкесінің терең тарамдары жүйкелеңдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет