Жүк көтергіш механизмдер құрылғысы мен қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар


-тарау. Адамдарды көтеруге арналған



бет5/12
Дата11.07.2016
өлшемі1.83 Mb.
#190166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6-тарау. Адамдарды көтеруге арналған

көтергіштер мен жүк шығырлар
272. Мұнаралы крандар мен адамдарды көтеруге арналған жүк шығырларға осы бөлімде және 1-4, 7-бөлімдерде баяндалған талаптар қолданылады.

273. Мұнаралы крандардағы жүк көтергіштер және оларды сынау әдістері жобалық құжаттамаға сәйкес келеді.

274. Қол жетекті жүк шығырлары бар тұтқамен жабдықталады, олардың құрылысы көтеруді немесе түсіруді тек тұтқаға үздіксіз әсер ету жолымен ғана жол береді; сонымен қатар, түсіру жылдамдығы секундына 0,33 метрді асырмайды.

275. Электр жетегі бар жүк шығырлар қозғалтқышты сөндіргенде автоматты түрде тұйықталатын, қалыпты жабық түрлі тежеуішпен жабдықталады. Тежелу қорының коэффициенті 2 кем.

276. Электр қозғалтқыш білігінің барабан білігімен байланысы тісті немесе тісті бұранда берілім арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда үйке түзілімді және жұдырықты муфтаны қолдануға жол берілмейді.

277. Жүк шығырлар іргетасқа бекітілген немесе екі есе бесікше мен тұғырнама жұмыс жүктемесі болғанда олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған балластпен жабдықталған.

278. Адамдарды көтеруге арналған бесікше мен тұғырнаманы іліп қою әдісі оларды аудару мүмкіндігін жоққа шығарады. Бесікше мен тұғырнамалар биіктігі 1200 мм кем емес қоршаумен жабдықталған. Отырған түрде адамдарды көтеруге арналған (қоршаулары жоқ) люлькаларда жұмысшы сақтандырғыш белбеуімен байланған. Қоршауда есіктер орнатуға жол берілмейді. Люлькаларды ілгекке іліп қойғанда, соңғысы люльканың құлауының алдын алу үшін сақтандыру құлыбымен жабдықталған.

279. Бесікше мен тұғырнама қозғалысының жылдамдығы секундына 0,33 метр болғанда ғимараттың, құрылыстың шығып тұрған бөлшектеріне бесікшені немесе тұғырнаманы тиіп кету мүмкіндігі болған жағдайларда қатал немесе иілгіш бағыттайтындар орнатылады және көтеріліп жатқан адамдарды, олар ғимараттар мен құрылыстардың шығып жатқан бөлшектеріне тиіп кету мүмкіндігінен қорғау жөніндегі шаралар қолданады.

280. Көтеру және түсіру жылдамдығы секундына 0,33 метр электр жетегі бар жүк шығырларында бесікше немесе тұғырнаманың бірқалыпты тоқтауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылады.

281. Электр жетегі бар стационарлы түрде орнатылатын жүк шығырлар бесікше мен тұғырнама жоғары жұмыс жайына жақындағанда электр қозғалтқышты өшіретін автоматты сөндіргішпен жабдықталады.

282. Стационарды түрде оратылған электр жүк шығырын басқару бесікшеден немесе тұғырнамадан аппаратты басқару батырмасына үздіксіз басу жолымен жүзеге асырылады. Батырмаға басып тоқтатқанда жүк шығыр тоқтайды.

283. Жүк шығырларды орнатқаннан кейін, жұмысқа іске қосу алдында әр он екі ай сайын толық техникалық куәландыруға жатады.

284. Жүк шығырлардың техникалық куәландыруда статистикалық сынау, олардың көтергенде ауырлық күші 1,5 есе асатын жүктемемен, ал динамикалығы-ауырлық күшті 1,1 есе асыратын жүктемесімен жүргізіледі.

7-тарау. Жүк көтергіш машиналарды пайдалану

1-параграф. Есепке қою٭
285. Жүк көтергіш механизмдерді уәкілетті органның аумақтық бөлінісінде есепке қою кезінде өтініш берушіге жүккөтергіш механизмді толық куәландыру актісінің көшірмесі қоса беріледі.٭

Қызмет етудің нормативтік мерзімін өтеген кранды тіркегенде «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес оны әрі қарай іске қосуға рұқсат беріледі.

286. Жүк көтеру машинасы мына рәсімдерден кейін қайта тіркеуге жатады:

1) машинаны басқа иеге тапсырғанда;

2) көпір түріндегі кранды жаңа орынға қайта орналастырғанда.

287. ЖКМ٭ басқа облыстарға жұмыс істеу үшін мерзімі 3 айдан астам уақытқа жібергенде немесе ЖКМ٭ істелетін жұмыстарды мердігер ұйымдармен жұмыс өндірісі мерзімі 1 айдан астам мерзімге тапсырғанда, ал ЖКМ иесі кранды есептен шығарғанда.

288. ЖКМ мына жағдайларда есептен алынады:

1) оны істен шығарғанда;

2) оны басқа иеге тапсырғанда.

289. Ауыстыратын жүк алғыш жабдықтар жеке нөмірмен қамтылады және олардың иелерімен осы нөмірмен жүк көтергіш машиналар мен ауыстыратын жүк алғыш жабдықтарды есепке алу журналында тіркеледі.

Уәкілетті органның аумақтық бөлінісіне жүк көтергіш машинаны есепке қою туралы өтінім оны пайдалануға бергенге дейін ұсынылады. ЖКМ уәкілетті органның аумақтық бөлінісіне есепке қоймай пайдалануға рұқсат берілмейді.٭

_____________________

٭ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 22.09.2010 жылғы № 324 бұйрығына сәйкес өзгертілген.


2-параграф. Жұмысқа іске қосуға рұқсат беру
290. Жүк көтергіш машинаның жұмысын іске қосу:٭

1) қайта тіркелген жүк машинасын жұмысқа іске қосудың алдында;

2) жүк көтергіш машинаны (өздігінен жүретін крандардан басқа) жаңа орынға орнатуға байланысты болған монтаждан кейін;

3) дәнекерлеуді қолданумен жүк көтергіш машинаның металл құрылғыларының тораптарын немесе есептегіш элементтерді ауыстыру немесе жөндеуден кейін ресімделеді.

291. Жүк көтергіш машинаның жұмысын іске қосуға рұқсат мүлік иесімен өткізілген толық техникалық куәландыру актісі негізінде ЖКМ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіп бақылаушы тұлға береді٭. Бұл жағдайда жүк көтергіш машина мен кран жолының жұмыс ахуалы, өндірістік бақылауды ұйымдастыру жағдайы тексеріледі.

292. Жүк көтергіш машиналардың жұмысына рұқсат олардың паспорттарына жазылады. Ауыстыратын жүк алғыш жабдықтар мен жәшікті іске қосуға рұқсат оларды есепке алу және рұқсат берген тұлғамен тексеру журналына жазылады.



3-параграф. Техникалық куәландыру
293. Жүк көтергіш машиналар мен ауыстыратын жүк алғыш жабдықтар жұмысқа іске қосылғанға дейін оларды тіркелмес бұрын толық куәландырудан өтеді.

Техникалық куәландыру ИСО 4310 стандартын есепке алумен құрылған жүк көтергіш машинасын іске қосу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әдістемелік ұсыныстарда тиісті нұсқамалар болмаған жағдайда крандарды куәландыру осы Талаптарға сәйкес жүргізіледі.

294. Жұмыста тұрған жүк көтергіш машиналары мерзімді техникалық куәландырудан өтеді:

1) ішінара-12 айда бір реттен сирек емес;

2) толық-3 жылда бір реттен сирек емес, сирек пайдаланылатын машиналардан басқа (электр және насостық машина залдарына, компрессорлық қондырғыларға қызмет көрсетуге арналған крандар, тек жабдықты жөндеуге пайдаланылатын басқа да жүк көтергіш машиналар).

Сирек пайдаланылатын жүк көтергіш машиналар 5 жылда бір реттен сирек емес толық техникалық куәландырудан өтеді. Крандарды сирек пайдаланылатындар санатына жатқызу мүлік иесімен жүргізіледі.

295. Жүк көтергіш машинаны екінші қайтара техникалық куәландыру мына рәсімдерден кейін жүргізіледі:

_____________________

٭ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 22.09.2010 жылғы № 324 бұйрығына сәйкес өзгертілген.

1) жүк көтергіш машинаны жаңа орынға орналастырумен боған монтаждан кейін;

2) жүк көтергіш машинаны қайта жаңғыртудан кейін;

3) жүк көтергіш машинасын есептік элементтер мен тораптарды ауыстырумен металл конструкциясын жөндеуден кейін;

4) ауыстыратын ату жабдығын орнатқаннан кейін және ату жабдығын ауыстырғаннан кейін;

5) жүк (ату) шығырын күрделі жөндеуден немесе ауыстырудан кейін;

6) ілгіш немесе ілгіш ілгегін ауыстырудан кейін (тек статикалық сынама жүргізіледі);

7) кабель түріндегі крандардың орамалы немесе вантты арқандарын ауыстырғаннан кейін;

8) жаңа жұмыс орнында порталды кранды орнатқаннан кейін;

9) мемлекеттік инспектордың немесе бақылау тұлғасының талабы бойынша.

296. Ескірген жүк, ату немесе басқа арқандарды ауыстырғаннан кейін арқандарды қайта ораудың барлық жағдайларында арқанның дұрыстығын және арқандардың шеттерін бекіту, арқандарды жұмыс жүгімен тартуды тексеру жүргізіледі, бұл туралы жүк көтергіш машиналарды жұмыс істейтін күйінде ұстауды қамтамасыз ететін, бақылаушы тұлғамен паспорт кранына жазбалар енгізіледі.

297. Жүк көтергіш машинаны техникалық куәландыру мүлік иесімен жүргізіледі.

298. Техникалық куәландыру мыналарды орнатуды мақсат етеді:

1) жүк көтергіш машина және оның орнату осы Талаптарға сай;

2) жүк көтергіш машина оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін дұрыс жұмыс істейтін ахуалда;

3) өндірістік бақылауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру осы Талаптарға сай.

299. Толық техникалық куәландырудан өту кезінде мыналардан өтеді:

1) тексеру;

2) статикалық сынау;

3) динамикалық сынау.

300. Жүк көтергіш машинаны техникалық куәландырудан өткізгенде жұмыстағы оның механизмдері мен электр жабдығы, қауіпсіздік құралдары, тежегіштер, жүру аппараттары қаралады және тексеріледі, жарық беру дабыл жүйесі және габариттер тексеріледі.

Кранның көпіріне шығу үшін люктің бұғаттау контактісін іске қосылуының дұрыс жұмыс істеуін тексеру барысында кранда орналасқан троллейлі сымдардағы кернеудің жоқ екеніне көз жеткізу керек.

Жүк көтергіш машинасын техникалық куәландыру кезінде мыналар тексеріледі:

1) жүк көтергіш машинаның металл конструкция ахуалы және оның дәнекерлеу (клапенді) біріктірушілер (жарылған жерлердің, деформациялардың, тот басудың салдарынан қабырғалардың даттануы, басқа ақаулардың клепанды бірігулерінің болмауы), кабинаның, баспалдақтың, алаңшалар мен қоршаулардың ахуалы;

2) ілмектің, жүру доңғалақтарының, блоктардың, барабандардың, тежегіш элементтерінің ахуалы. Балқытылған металл мен сұйық шлак тасымалдайтын жүк көтергіш машиналарда, көтеру және шөміш жиегінің, пластикалық ілмектер алқасының детальдарын тексеру бұзылмайтын бақылауды қолданумен жүргізіледі. Бақылаудың нәтижелері туралы қорытынды кранның паспортымен бірге сақталады. Бұзбайтын бақылау кезінде қармауыш (штампыланған) ілмектің кесу бөлігіндегі жарылулардың болмауы, пластикалық ілмектің айырындағы кесу бөлігіндегі және пластин ілмектің айырымен немесе маңдайшамен бірігу шүлдігіндегі жарылулардың болмауы тексеріледі. Бұндай тексеріс 12 бір реттен сирек емес тәртіпте жүргізіледі. Алқалардың детальдарын тексерудің қажеттілігі мен мерзімділігі мүлік иесімен белгіленеді;

3) көтеру механизмінің соңғы сөндіргіші іске қосылғанда ілмек алқасы мен сүйеу арасындағы нақты арақашықтық;

4) қарсы әрекет ету жағдайын анықтаумен электр кранының сымдары мен жерге жақындауын оқшаулаудың ахуалы;

5) ату түріндегі крандағы қарсы салмақ пен балласттың массасының паспортта көрсетілген мәндерге сәйкестігі;

6) кран жолының ахуалы және оның осы Талаптарға, жүк көтергіш машинаны іске қосу бойынша жоба мен әдістемелік ұсыныстарға сәйкестігі;

7) арқандар мен оны бекітудің ахуалы.

Жүк көтергіш машина элементтерінің арқандарын бракқа шығарудың шегіне жеткен нормалары іске қосу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда көрсетіледі. Әдістемелік ұсыныстарда тиісті нормалар болмаған жағдайда элементтерді бракқа шығару 7 және 8-қосымшаларда берілген ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

Осы тармақтың 1), 2), 4), 5) тармақшалармен қарастырылған жұмыстар техникалық куәландыруға дейін жүргізілсін. Бұл жағдайда қараулар мепн тексерулердің нәтижелері қарау мен тексеру жүргізген тұлғаның қолы қойылған актімен ресімделеді.

301. Жүк көтергіш машинаны статикалық сынау кранды іске қосу бойынша әдістемелік ұсыныстарда берілген әдістеме бойынша, оның жүк көтергішінен 25 %-ға асатын жүктемемен жүргізіледі, және мақсаты оның мықтылығын тексеру.

302. Көпір краны мен жылжымалы консолды кранды статикалық сынау мына жолмен жүргізіледі. Кран жолдарының тіреуіштерінің үстіне орнатылады, ал арбасы (арбалары)-ең үлкен майысуға жауап беретін жағдайға қойылады. Ілмекпен немесе оны ауыстыратын құрылғымен жүк ілініп алынады және 100-200 мм биікке көтеріледі, содан кейін сол күйінде 10 минут бойы ұсталады.

10 минуттың ішінде жүк төмен түсіріледі, содан кейін кран көпірінің қалдық деформациясының ахуалы тексеріледі.

Тіреуіш және көпір кранын статикалық сынау көпір кранына жасалатындай болып жасалады және тиеледі; бұл жағдайда консолдары бар кранда әрбір консоль жеке-жеке сыналады. Кранды жүкпен сынаудың салдары болып табылатын қалдық деформация болған жағдайда, өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасын өткізгенге дейін, деформация себебін анықтағанға дейін және кранның әрі қарай жұмыс істеу мүмкіндігін анықтағанға дейін кран жұмысқа жіберілмейді.

303. Бір немесе бірнеше жүк сипаттамасы бар ату түріндегі кранды сынау мерзімді немесе кезектен тыс техникалық куәландыру кезінде кранның ең жоғарғы жүк көтеру жағдайына сай ережеде жүргізіледі.

Ауыстыратын ату жабдығы бар крандарды сынауға оларға жұмыс істеуге арналған жабдық орнатылған жағдайда жол беріледі.

Кранға ауыстыру ату жабдығы орнатылғаннан кейін сынау орнатылған жабдыққа кранның ең үлкен жүк көтеру жағдайына сәйкес ережеде жүргізіледі.

Шығу механизмі жоқ ату түріндегі крандарды сынау шығуларды сынауға арналған орнатылған жағдайларда жүргізіледі. Осы шығулармен техникалық куәландырудың оң нәтижелері алынған жағдайда кранның одан кейінгі жұмысына жол беріледі.

304. Ату түріндегі крандарды статикалық сынау кезінде ату құралы ең төмен есептегіш тұрақтылығына жауап беретін ахуалдағы тіреу бөлігіндегі жүру платформасына қатысты орнатылады, және жүк 100-200 мм биіктікке көтеріледі.

305. Егер көтерілген жүк 10 минут бойы жерге түспесе, жарықтар, қалдық деформациялар және басқа да металл конструкциясы мен механизмдердің бұзылуы болмаса, кран статикалық сынаудан өтті деп есептеледі.

306. Жүк көтергіш машинаны динамикалық сынау машинаның жүк көтергіш қасиетінен 10 %-ға асатын жүкпен жүргізіледі, және оның мақсаты машинаның механизмдері мен тежегіштер жұмысын тексеру.

Динамикалық сынау кезінде жүкті бірнеше мәрте (3 реттен кем емес) көтеру және түсіру жүргізіледі, іске қосу жөніндегі әдістемелік ұсыныстармен қарастырылған жұмыс қозғалыстарын біріктіру кезінде жүк көтергіш машинаның басқа барлық механизмдерінің қызметі тексеріледі.

307. Екі немесе одан да көп көтергіш механизмдермен жабдықталған жүк көтергіш машинада әрбір механизмі сыналады.

308. Егер жүк көтергіш машина тек жүкті көтеруге немесе түсіруге пайдаланылса (затворларды гидроэлектр станциясында көтеру), оны динамикалық сынауды машинаның өзін немесе оның арбасын қозғалтусыз жүргізуге болады.

309. Гидро және жылу электр станцияларына және подстанцияларға қызмет көрсетуге арналған көпір түріндегі крандарды статикалық және динамикалық сынауды жүкті пайдаланусыз сынама жүктемені жасауға мүмкіндік беретін жабдықтар көмегімен жасауға болады.

Жабдық жүктемемен көтеру механизмін динамикалық сынауды барабанды бір айналдырудан кем емес тәртіпте жүргізуге мүмкіндік береді. Жылжыту механизмінің жүктемесіне сынау қажет етілмейді.

310. Бірнеше жүк алушы ауыстыру органдары бар кранды сынау сәтіне орналастырылған жүк алушы органмен жасауға жол беріледі. Магнитті және грейферлі крандарды сынауға ілінген магнитпен және грейфермен жасауға болады.

311. Егер өндіріс жағдайлары бойынша номиналды жүк көтергіші бар кранды (өздігінен жүретін ату кранынан басқа) пайдалануға қажеттілік болмаса, онда толық куәландырылған жағдайда кранды төмендетілген жүк көтергіштігіне қарай жүргізуге жол беріледі. Бұл жағдайда кранның паспортына оның жүк көтергіштігінің төмендетілгені жайлы жазба жасалады. Тиісті өзгерістер кранда орнатылған тақтайшаға енгізіледі.

312. Қызмет етудің нормативтік мерзімін өтеген крандарды техникалық куәландыру оларды пайдаланудың соңғы мерзімдеріне рұқсат алынғаннан кейін жүргізіледі.

313. Кранды сынау үшін кран иесі олардың нақты массаларын көрсетумен сынау жүктері кешенінің болуын қамтамасыз етеді.

314. Жүк көтергіш машинаны техникалық куәландырудың нәтижелері келесі куәландырудың мерзімін көрсетумен куәландыруды жүргізген тұлғамен машинаның паспортына жазылады.

Мерзімді техникалық куәландырудан өткен қолданыстағы кранның жазбасымен кранның осы Талаптарға сай екені, жөнделген жағдайда тұрғаны және сынақтан өткені расталады. Бұндай жағдайда кранның әрі қарай жұмыс істеуіне рұқсат жүк көтергіш машиналардың қауіпсіз іске қосылуын қамтамасыз ететін бақылаушы тұлғамен беріледі.

315. Жүк көтергіш машиналарды мерзімді қарау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кран жолдарын жөндеу және рихтовкалау жөндеу кестесімен белгіленген мерзімде дайындаушының әдістемелік ұсыныстағы негізінде жүргізіледі. Кесте нақты жұмыс көлемі мен кранның техникалық ахуалын есепке алумен жүргізіледі.

Жүк көтергіш машиналардың иесі кесте негізінде көрсетілген жұмыстардың жүргізілуін және анықталған ақауларды уақытылы жоюды қамтамасыз етеді.

Техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге нормативтік уақытты қайта өңдеу кезінде крандарды іске қосуға жол берілмейді.

316. Қараулар мен техникалық қызмет көрсетулердің нәтижелері, жүк көтергіш машиналарды жөндеу туралы мәліметтер журналға жазылады. Жүк көтергіш машинаның кезекпен тыс техникалық куәландыруын қажет ететін жөндеулер туралы мәліметтер оның паспортына енгізіледі.

317. Ауыстыратын жүк көтергіш машиналардың жабдықтары мен ыдыстарын қараудың нәтижелері мерзімді қарау журналына енгізіледі.

318. Ауыстыратын жүк алған жабдықтар мен ыдысты іске қосу процесінде кран иесі мына мерзімдерде жүйелі түрде олардың тексерісін жүргізеді:

1) траверс, қысқыштар мен басқа алым ендерін және ыдысты-әр айда;

2) жүктерді (сирек пайдаланылатындардан басқасы)-әрбір 10 күнде;

3) сирек пайдаланылатын ауыстыратын жүк алғыш жабдықтарды-оларды жұмысқа тапсыру алдында.

Жүктерді бракқа шығару 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.

Тексеру процесінде анықталған бұзылған ауыстыратын жүк алғыш жабдықтар жұмыстан алынып тасталады.

4-параграф. Бақылау және қызмет көрсету
319. Жүк көтергіш машиналардың, ыдыстардың, ауыстыратын жүк көтергіш жабдықтардың, кран жолдарының иелері оларды дұрыс жағдайда ұстады және өндірістік бақылауды ұйымдастыру жолымен қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеді.

Бұл мақсаттарда:

1) жүк көтергіш машиналардың, ауыстыратын жүк алғыш жабдықтардың, және ыдыстардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін бақылау жөнінде инженерлік техникалық жұмысшылар тағайындалады;

2) жүйелі түрде жүк көтергіш машиналарды, кран жолдарын, ауыстыратын жүк алғыш жабдықтарды және ыдыстарды дұрыс жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсетумен және жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етіледі;

3) өндірістік бақылау туралы талап, технологиялық регламенттер әзірленуде.

320. Жүк көтергіш машиналар жұмыс істегенде және оларға қызмет көрсеткенде ақаулықтары мен осы талаптардың бұзылуын айқындағанда жүк көтергіш машиналардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін бақылау тұлғасы оларды жою жөнінде шаралар қолданады, ал қажет болған жағдайда машинаны тоқтатады.

Келесі жағдайларда жүк көтергіш машиналарды пайдалануға жол беріледі:

1) тежегіштердің, блоктардың, арқандардың және олардың шынжырларының, жүк шығырларының, жүру доңғалақтарының, бұғаттау құрылғыларының және қауіпсіздік құралдары, байлап бекітуді, электр схемасы жоба кранына сәйкес келмегенде;

2) тасымалдаушы металл құрылғылары жарылып бұзылғанда;

3) кран жолының ақаулықтары айқындалғанда (10-қосымша);

4) техникалық куәландырудың мерзімі немесе машинаның қызмет көрсетуінің нормативтік мерзімі өтіп кеткенде;

5) жүк көтергіш машинаның тіркелуі болмағанда;

6) тасымалданатын жүктердің, ауыстыратын жүк алғыш жабдықтардың және ыдыстардың немесе олардың ақаулықтарының тиісті салмағы мен сипаты болмаған жағдайда;

7) бақылау тұлғаларының нұсқауларын немесе мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындамағанда;

8) жерге қонудың немесе электр жабдығының ақаулықтары.

321. Жүк көтергіш машиналарды басқаруға және оларға қызмет көрсету үшін оның иесі кранда жұмыс істейтін адамдарды, слесарларды, электромонтерларды тағайындайды.

322. Кранда жұмыс істейтін адамның көмекшісі кранды пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарда қарастырылған жағдайларда немесе жергілікті жұмыс жағдайлары бойынша бұл қажет болған жағдайда.

323. Жүргізушіге автомобильді кранды басқаруға, ол кран жүргізушілерге арналған бағдарлама бойынша оқу бітіріп, аттестация өткеннен соң ғана жол беріледі.

324. Жүк көтергіш машинаның ілгегіне жүкті іліп, байлап қою (жүк асу) үшін жүк асушылар тағайындалады. Жүк асқыштар ретінде жүкке жүк асу жұмыстарын жасауға оқып, үйренген (такелаждар, монтаждаушылар және басқа да мамандар) жұмысшыларға жол беріледі.

325. Кранда жұмыс істеушінің кабинасынан жүк көтергіш машина қызмет көрсететін зона толық көрінбеген және кранда жұмыс істеуші мен жүк асушы арасында радио немесе телефон байланысы болмаған жағдайларда жүк асу кранда істеушіге дабыл беру үшін жүк асушылар арасынан бір дабыл беруші тағайындалады.

326. Бір типті краннан екінші типті кранға (мысалы, мұнарадан көпірлікке) ауыстырылатын кранда жұмыс істеушілер және олардың көмекшілері ауыстыр алдында осы типті кранда жұмыс істеу үшін үйреніп оқиды.

Кранда жұмыс істеушілер мен олардың көмекшілерін бір типті краннан екінші осындай типті, бірақ моделі, индексі басқа немесе жетегі басқа кранға көшіргенде олар осындай типті кран құрылысының және қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысады және машықтанудан өтеді. Білімдері мен тәжірибелік машықтары тексерілгеннен кейін бұл жұмыскерлерге өз бетімен жұмыс істеуге жол беріледі.

327. Кранда жұмыс істеушілерге, олардың көмекшілеріне, слесарь, электромонтер, қауіпсіздік құралдарын жөндеушілер мен жүк асушыларға жұмысқа рұқсат кран иесінің бұйрығымен рәсімделеді.

328. Қызмет көрсету құқығына куәлігі бар (станокшы, монтаждаушы және басқа) негізгі маман жұмысшыларына жүк көтергіш машинаны еденнен немесе стационарлы пульттан басқаруға және осындай машинаның ілгегіне жүкті іліп қоюға, машинаны басқару мен жүкті биіктікте ұстап тұруды тексергеннен кейін жол беріледі. Радио арқылы крандарды басқаруға мамандығы және кранда жұмыс істеуші куәлігі бар жұмысшыларға жол беріледі.

329. Дабыл берушілер болып жүк асушылардың ішінен аттестациядан өткен жұмысшыларға жол беріледі.

Жүк көтергіш машиналарды жұмыс істер алдында кранда жұмыс істеушілер тексереді, ол үшін кран иесі тиісті уақыт бөледі.

Жүк көтергіш машинаның кранда істейтін жұмысшылары тексерістердің нәтижелерін вахта журналына жазып қояды (1-қосымша).

5-параграф. Жұмыстарды өндіру
330. Жүк көтергіш машиналарға салмағы машинаның жүк көтергіштігінен аспайтын жүктерді ғана көтеруге жол беріледі. Өзі жүретін жебелі және темір жол крандарында олардың шығарылатын тіреулер мен ұшып шығу жайы, ал қозғалмалы қарсы салмағы бар крандарда-қарсы салмақ жайы ескеріледі.

331. Шығарушының әдістемелік нұсқауларын орындағанда ғана грейфермен немесе магнитпен жабдықталған жүк көтергіш машиналарды жұмысқа қосуға жол беріледі.

332. Магнитпен жабдықталған жүк көтергіш машиналарға монолиттік жүктерді (тақталарды, кеспелтектерді) тасымалдауға тек оның жүктемесі асып кетуі мүмкін емес жағдайда жол беріледі.

333. қорытылған металлды, улы және жарылғыш заттарды, сондай-ақ қысымдағы ыдыстарды көтеру және орнын ауыстыру үшін, көтеру механизмдері фрикциялық және жұдырықты қосу муфталарымен жабдықталған жүк көтергіш машиналарды пайдалануға жол берілмейді.

334. Астында өндірістік, тұрғын немесе қызметтік, адамдар болуы мүмкін үй жайлары орналасқан жабындылардың үстінен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.

335. Жүкті бірнеше кранмен көтеруге және ауыстыруға бөлек жағдайларда жол беріледі. Бұндай жұмыс операцияларды орындау бірізділігі, жүк көтергіш арқандардың жайлары, жолдың жағдайына деген талаптар және басқа да жүкті қауіпсіз тасымалдау жөніндегі нұсқаулары бар, жүктің строповкасын жасау және тасымалдау кестелері келтірілген жұмысты ұйымдастыру жобасы немесе технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Жүкті бірнеше кранмен көтергенде немесе тасымалдағанда әр қайсысына келетін ауырлық кранның жүк көтергіштігінен аспайды.

Жүкті бірнеше кранмен тасымалдау жөніндегі жұмыс бақылау тұлғасының тура басшылығымен жүргізіледі.

336. Жұмыстағы жүк көтергіш машиналар тіркеу нөмірі, жүк көтергіштігі мен келесі ішінара және толық техникалық куәландыру күні анық белгіленген маңдайшалармен жабдықталады.

337. Техникалық куәландырудан өтпеген жүк көтергіш машиналарға, ауыстыратын жүк көтергіш жабдықтарға, ыдыстарға жұмысқа кірісуге жол берілмейді.

Биркалары (таңбалары) жоқ бұзылған ауыстыратын жүк көтергіш жабдықтарды өндірістік жұмыс орындарында сақтауға жол берілмейді.

Өндірістік жұмыс орындарында таңбаланбаған және бұзылған ыдыстардың болуына жол берілмейді.

338. Еденнен басқарылатын жүк көтергіш машиналарды пайдаланғанда машинаны басқаратын тұлғаға еркін өту орны қамтамасыз етіледі.

339. Жұмыс үстіндегі кран жолдарына, төселген жолдардың галереяларына және жылжымалы консолды крандарға кіру жерлері құлыпқа жабылған.

Кран жолдары мен қолданыстағы төселген жолдардың өту галереяларына және жылжымалы консолды крандарға жөндеу және басқа жұмыстарын жүргізу үшін крандарға қызмет көрсететін персонал мен басқа да жұмысшыларға өтуге рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

Алда тұрған жұмыс туралы жұмыс атқарылып жатқан аралық, цехтың барлық ауысымдарының кранда істеушілері, ал қажет болғанда аралас аралықтың да кранда істеушілері вахта журналына жазу жазылып хабарланады.

340. Кран жолының бойына өту галереяларымен жабдықталмаған көпірлік немесе жылжымалы консолды крандар жұмыс істеп жатқан әр цех (аралық) үшін техникалық регламентте қонатын алаңшадан тыс кранды амалсыз тоқтатқанда кранда істеушінің кабинадан қауіпсіз түсу тәртібі белгіленеді.

341. Көпірлік крандарды иесінің шешімі бойынша кранда бар алаңшалардан құрылыс, бояу сылақшылық және басқа жұмыстарды жүргізу үшін пайдалануға жол беріледі. Бұндай жұмыстар рұқсаты наряды бойынша орындалады. Аталған жұмыстарды көпірден орындағанда жүктерді тасымалдауға арналған кранды пайдалануға жол берілмейді.

342. Жүк көтергіш машинаның иесі жүкті биіктікте ұстап тұрушылар оқып үйренген дұрыс жүкті арқанға асып қою мен жүкті тасымалдау әдістері әзірленген. жүкті арқанға асып қою жасау және ілгектің әдістері графикалық бейнелеуі жүкті арқанға асып қоюшылар мен кранда жұмыс істеушілердің қолдарына беріледі немесе жұмыс жүргізілетін орындарына ілінеді.

Машинаның иесі олардың монтаж, демонтаждарын және жөндеулерін жүргізу кезінде крандармен тасымалданатын машинаның бөлшектері мен тораптарын байлау әдістерін әзірлейді, ол әдістерде осындай операция жүк көтергіш машина арқылы жүргізілгенде қолданылған жабдықтарды, жүктердің қауіпсіз көмкеру әдістерін белгіленеді.

Жүкті арқанға асып қою жасау, жүктерді көмкеру әдістерінің графикалық бейнелеуі және қолданылатын ауыстыратын жүк алғыш жабдықтардың тізімі технологиялық регламенттерде келтіріледі.

Жүкті арқанға асып қою жасау кестесі әзірленбеген жүктің тасымалдауы бақылау тұлғаның көзінше және оның басшылығымен жүргізіледі.

343. Жүк көтергіш машиналардың иелері:

1) бақылау тұлғаларын, кранда жұмыс істеушілерді және жүкті арқанға асып қоюшылар жұмысты ұйымдастыру жобасымен және технологиялық регламенттермен (қол қойғызып) таныстырады;

2) тасымалданатын жүктердің мөлшері мен сипатына сәйкес келетін, сыналған, таңбаланған алынатын жүк алғыш жабдықтармен және ыдыстармен, айыру белгілерімен жүкті арқанға асып қоюшылар қамтамасыз етіледі;

3) көпірлік кранның кабинасында және жұмыстар жүргізу орындарында массасы белгіленген, кран арқылы тасымалданатын негізгі жүктердің тізімі ілінеді. Жұмыс жүргізгенде жебелі өзі жүретін крандарға қызмет көрсететін кранда жұмыс істейтіндерге және жүкті арқанға асып қоюшыларға мұндай тізім қолдарына беріледі;

4) кранды пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта немесе құрал паспортында белгіленген мерзімдерде кранның жүк көтергіштігін жүкті шектегіш құралмен дәл өлшенген мерзімді сынаулар жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) мұнаралы крандардың қорғау панелдерінің құлыпқа жабу және оларға пломба салу, жебелі өзі жүретін крандардың жүк көтергіштігін шектеуші құралдарының реле блоктарына пломба салу тәртібін белгілейді;

6) жүктерді жинау орындары мен алаңшаларды анықтайды, оларды қажетті технологиялық аспаптармен және құралдармен жабдықтайды (кассеталар, пирамидалар, сөрелер, сатылар, тіреуіштер, төсемдер, аралық қабаттармен және басқа жабдықтармен);

7) жүк көтергіш машиналармен жұмыс жүргізгенде жұмыстарды ұйымдастыру жобаларын, технологиялық регламенттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

8) кран жолдарының дұрыс жағдайда ұсталуын қамтамасыз етеді.

344. Жүк көтергіш машинаның иесі жүкті арқанға асып қоюшы мен кранда жұмыс істейтін адам араларында сигнал берумен алмасу тәртібін белгілейді. Ұсынылатын белгі сигнализациясы 12-қосымшада көрсетілген. Биіктігі 36 метрден аса ғимараттар мен құрылыстарды салғанда екі жақты радио арқылы сөйлесу байланысы қолданылады. Радио арқылы сөйлесуде белгі сигнализациясы мен сигналдармен алмасу жүйесі технологиялық регламенттермен белгіленеді.

345. Жүктерді крандар арқылы тасымалдау жөнінде жұмыстарды жүргізу орны жұмыстарды ұйымдастыру жобасына немесе технологиялық регламенттерге сәйкес жарықпен жабдықталады.

346. Кранның жұмыс істеуі қар, жаңбыр жауғанда немесе тұман басқанда және басқа да кранда жұмыс істеуші жүкті арқанға асып қоюшының сигналын немесе тасымалданып жатқан жүкті ажырата алмаған жағдайларда осы кран үшін шектен асатын жел жылдамдығында тоқтайды.

347. Жебелі, өзі жүретін крандармен жұмыстарды жүргізу кранның көтергіш (жылжымалы) бөлігі жағынан 30 метрге жақын алшақтықта, оның кез келген жайында, жүктен 42 В және одан да аса кернеудегі әуе электр беріліс жолының ең жақын желісінің жерге проекциямен пайда болатын тік кеңістікке дейін 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 «Өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы талаптарына» сәйкес рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

Рұқсат наряд кранда жұмыс істеушіге жұмыс алдында қолына беріледі.

Электр беріліс желілерінің жанында жұмыс істеуге арналған кранды өз еркімен орнатуға жол берілмейді және ол туралы жол парағына жазу жазылады.

Электр беріліс әуе жолдарына жақын жұмыс жасау кранда жұмыс істеушіге кранды орнату орнын көрсететін, рұқсат нарядында қарастырылған жұмыс жағдайларының орындалуын қамтамасыз ететін және кранда жұмыс істеушінің вахта журналында жұмысқа рұқсат беру туралы жазу жазатын бақылау тұлғасының тура басшылығымен жүргізіледі.

Электр беріліс желісінің қорғау зонасында немесе жоғары вольтты электр желілерін қорғау жөніндегі Талаптармен белгіленген үзілулер шегінде жұмыс жүргізгенде рұқсат наряды электр беріліс желісін пайдаланатын ұйымның рұқсаты болғанда ғана беріледі.

Жебені көтергенде белгіленген алшақтықты азайтуға мүмкіндік бермейтін шектеуші құралды (тіреуді) орнатқанда кранның жебесі мен түйісу сымдарының арасында 1000 мм алшақтықты сақтағанда ажыратылмаған сымдардың түйісулердің астында жебелі өзі жүретін крандардың жұмысын жүргізуге жол беріледі. Иілгіш кабельмен орындалған электр берілім желілеріне жақын жерде крандардың жұмыс тәртібі желі иесімен анықталады. Мұндай жағдайда рұқсат нарядын беру қажет емес.

348. Жүктерді крандар арқылы тасымалдау жөніндегі жұмысты қауіпсіз орындау үшін олардың иесі мен жұмысты атқаратын ұйым келесі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:

1) жүктерді кран арқылы тасымалдау бойынша жұмыс жүргізу орнында жүргізіліп жатқан жұмысқа тура қатысы жоқ тұлғалардың болуына жол берілмейді;

2) көпірлік типті крандарға және жылжымалы консольды крандарға кіру және олардан түсу қонатын алаңша арқылы жүргізіледі немесе бөлек жағдайларда өту галереясы арқылы жүргізіледі;

3) тексеріс, жөндеу, кранның механизмдерін, электр жабдығын реттеу, металлдан жасалған құрылғыларының тексерісі мен жөндеуі қажет болса, кіріспе құрылғысының шаппа қосқышы ажыратылады. Бұл талап көпірлік типті кранның көпірдің төсеміне шығуы қажет болғанда орындалады;

4) жүк көтергіш қол арбасының рельстері галерея төсемінің бойында орналасқан көпірлік типті крандарында қызмет көрсету персоналы галереяға шығар алдында қол арба кабинадан төсемге шығу жерден тура жақын орнатылады.

349. Құрылыс-монтажды жұмыстар крандармен жұмыстар ұйымдастыру жобасы бойынша орындалады, оның ішінде:

1) орнатылатын крандардың құрылыс-монтажды жұмыстар жағдайларына жүк көтергіштігі, көтергіш биіктігі мен ұшып шығуына (кранның жүктік сипаты) сәйкес болуы;

2) желілерден электр берілісі әуе жолдарының, қала көлігі мен жүргіншілер қозғалу орындарының қауіпсіз алшақтықтарын, крандардың құрылыстарға және құрылыс бөлшектері мен материалдарын жинау орындарына қауіпсіз жақындау алшақтықтарын қамтамасыз ету;

3) крандардың баурайлар мен қазан шұңқырларға жақын жерлерде орнату жағдайы және жұмыс істеуі;

4) бір жолда және параллель жолдарында бірнеше кранның қауіпсіз жұмыс істеу жағдайы;

5) қолданылатын жүк алғыш жабдықтар тізімі мен жүктерді арқанға асып қою графикалық бейнесі (кесте);

6) жүктерді жинау орындары мен габариттері, кіреберіс жолдары және басқа да орындарда;

7) кран (құрылыс алаңшасының, монтаждық зонасының қоршалуы және басқа іс-шаралар) орнатылған жердегі нақты жағдайларды ескеріп, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.

350. Бақылау тұлғалары, кранда жұмыс істеушілер және стропальщиктар жобамен жұмыстың басталуына дейін (қолдарын қойып) танысады:

1) жүк тиеу-түсіру жұмыстары және жүктерді кран арқылы базаларға, қоймаларға, алаңшаларға жинау технологиялық регламенттер бойынша орындалады;

2) жүкті автомашинаға түсіруге, автомашинаның шанағында немесе кабинасында адамдар болғанда жүкті көтеруге жол берілмейді. Автомашиналар мен жартылай вагондардың жүктерін тұрақты тиеу-түсіру орындарында стационарлы эстакадалар немесе жүкті арқанға асып қоюшыларға арналған аспалы алаңшалар орнатылады. Жартылай вагондардың жүктерін тиеу-түсіру ілгек крандарымен технологиялық регламенттер бойынша жүргізіледі, онда жүктердің тасымалдауында жүкті арқанға асып қоюшылардың болу орны, олардың эстакадалар мен ілгек алаңшаларына шығу мүмкіндігі анықталады. Жүктерді крандармен тиеу-түсіру кезінде жартылай вагондардың ішінде адамдардың болуына жол берілмейді;

3) жүкті тасымалдау, оның астында адамдар болғанда жүргізілмейді. Егер жүк алаңшадан 1000 мм аспайтын биіктікке көтерілсе, жүкті арқанға асып қоюшыға жүкті көтеру немесе түсіру кезінде оның жанында болуға жол беріледі;

4) жүктердің жүкті арқанға асып қоюды арнайы кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Көтеруге арналған жүкті арқанға асып қою үшін олардың тармақтар саны мен көлбеу бұрышын ескере отырып, көтерілетін жүктің массасы мен сипатына тиісті жүкті арқанға асып қою қолданылады; жалпы мақсаттағы жүкті арқанға асып қою, олардың тармақтарының арасындағы бұрышы 90º аспайтындай болып таңдалады;

5) ұсақ даналық жүктердің тасымалдануы арнайы ыдыста жүргізіледі, сонымен қатар, бөлек жүктердің түсіп қалу мүмкіндігі болмайды. Қоршалуы жоқ тұғырықтарда кірпіштерді көтеруді (жерге) көлік құралдарын тиеу-түсіруде жүргізуге жол беріледі;

6) массасы белгісіз жүкті тасымалдау, оның фактіге негізделген массасы анықталғаннан кейін жүргізіледі;

7) жүк немесе жүк алғыш жабдықтар оларды көлденен тасымалдағанда алдын ала жолында кездесетін заттардан 500 мм жоғары көтерілген;

8) жүгі бар жебелі өзі жүретін кранның тасымалданғанда жебесінің жайы мен кранға деген жүктеме кранды пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес белгіленеді;

9) тасымалданатын жүкті тек сол үшін арналған орынға түсіруге жол беріледі, орнатылатын жүктің құлап кетуі, аударылуын немесе жылжып кету мүмкіндігі жоқ жерге. Жүк орнатылған жерге жүкті арқанға асып қою жүктің астынан оңай және бұзылусыз алу үшін алдын ала тиісті мықты төсемдер төселген. Осыларға арналмаған жерлерге жүкті орнатуға жол берілмейді. Жүкті орналастыру және жөнге келтіруді, оларды жинауға арналған белгіленген габариттерді бұзбай және өту жолдарын ыбырсытпай жүргізу керек. Жүкті жартылай вагондарға, платформаларға жүк тиеу паспортына сәйкес жүргізіледі. Жүкті автомашинаға немесе басқа көлікке тиеу жүкті түсіргенде оның ыңғайлы және қауіпсіз жүкті арқанға асып қою қамтамасыз етілетіндей болып жүргізіледі. Жартылай вагондарға, платформаларға, автомашиналарға және басқа көлік құралдарына жүкті тиеу-түсіру олардың тепе-теңдігін бұзбай орындалады;

10) грейфермен немесе магнитпен жабдықталған крандармен жүктерді тасымалдау шегінде адамдардың болуы және қандай да бір жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

Осындай крандарға қызмет көрсететін көмекші жұмысшылар өздерінің міндеттерін атқаруға тек крандардың жұмыс істеуінде үзілістер кезінде және грейфер немесе магнит жерге түсірілгеннен кейін. Бұндай крандармен жұмыстар жүргізу орындары сақтандыратын белгілермен белгіленген және қоршалған;

11) грейферді адамдарды көтеру үшін немесе грейфер арналмаған жұмыстарды орындауда қолдануға болмайды;

12) жұмыс аяқталғанда немесе үзілісте жүкті ілулі тұрған күйде қалдыруға болмайды, кранда жұмыс істеушінің кабинасында немесе кранның порталында шаппа қосқыш ажыратылады және құлыпқа жабылады. Мұнаралы, порталды, тіреуіш кранның және көпірлік артық жүктеушінің жұмысы аяқталғаннан соң басқару кабинасы жабылады, кран өзінде бар барлық ұрлап әкетуге қарсы құрылғыларымен бекітілген;

13) жүктерді крандар арқылы көмкеруді көмкеру алаңшаларында немесе арнайы бөлінген орындарда жүргізу керек. Бұндай жұмысты операцияны орындау бірізділігі, жүкті арқанға асып қою әдісі мен жұмыстарды қауіпсіз орындау жөніндегі нұсқаулар көрсетілетін технологиялық регламент бойынша ғана орындауға жол беріледі;

14) бірнеше қабатқа орнатылған көпірлік крандар жұмыс істегенде, жоғарғы қабаттағы крандардың төменде орналасқан крандардың үстінен, бірақ жүксіз жоғарғы жұмыс жайына көтерілген ілгегі бар өту жайы орындалады;

15) жүкті көтергенде ол алдын ала жүкті арқанға асып қоюдың дұрыстығын және тежеуіштің сенімділігін тексеру үшін 200-300 мм аспайтын биіктікке көтеріледі;

16) қабырғаға, бағанға, қат қабатқа, темір жол вагонына, станокқа немесе басқа жабдықтауға жақын орналасқан жүкті көтергенде көтеріліп жатқан жүк пен ғимарат немесе жабдықтаудың белгіленген бөліктері арасында адамдардың болуына (сонымен қатар, жүкті ілген тұлға) жол берілмейді.

351. Жүк көтергіш машина жұмыс істегенде:

1) қозғалыстағы жүк көтергіш машинаның кабинасына кіруге;

2) жұмыс үстіндегі жебелі өзі жүретін немесе мұнаралы кранның жанында кранның бұрылатын және бұрылмайтын бөлшектерінің ортасында қысылып қалуды болдырмау үшін адамдардың болуына;

3) тұрақсыз күйде тұрған немесе екі мүйізді ілгектің бір мүйізіне ілініп тұрған жүкті тасымалдауға;

4) адамдарды және ішінде адамдар бар жүкті тасымалдауға. Адамдарды кран арқылы көтеруге тек ерекше жағдайларда ғана және тек адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленгеннен кейін арнайы жасалған кабинада жол беріледі;

5) топырақ үйілген немесе жерге қатып қалған, басқа жүктермен басылған, болттармен бекітілген немесе цемент құйылған жүктерді, сонымен қатар пештің ішінде қатып қалған немесе құйылыстан кейін жабысып қалған металл мен шлакты көтеруге;

6) жүк көтергіш арқандардың тіке түскен жайын қамтамасыз ететін бағыттау шығырларын қолданбай жүк көтергіш арқандарының көлбеу жайында жүкті жер, еден немесе рельстер бойымен кранның ілгегімен сүйреу;

7) жүкпен қысылып қалған жүкті арқанға асып қоятын арқан немесе шыжырларды жүк көтергіш машиналар арқылы босату;

8) көтеру, тасымалдау және түсіру кезінде жүкті тарту. Ұзын өлшемді және ірі габаритті жүктердің, қозғалу кезінде оларды бұру үшін тиісті ұзындығына ілгектер немесе созып тарту қолданылады;

9) тасымалданатын жүкті қолмен тегістеу, асылып тұрған жүкті арқанға асып қоюды түзету;

10) жүкті терезе ойықтары мен балкондарға арнайы қабылдау алаңшаларсыз немесе арнайы жабдықтарсыз жеткізу;

11) механизмдерді автоматты түрде тоқтатуға, көпірлік кран ғимараттың шетінде орналасқан қонатын алаңшаға жақындаған жағдайды қоспағанда арналған жұмыс органдары ретінде ақырғы ажыратқыштарды қолдануға;

12) қолданыстан шыққан немесе бұзылған қауіпсіздік құралдары мен тежеуіштерде жұмыс істеуге;

13) адамдар кранның кабинасынан тыс болғанда (галереяда, машинаның орынжайында, жебеде, мұнарада, қарсы салмақта және басқа жерлерде) кран механизмдерін қосуға;

14) жүкті тура оның орналастырылған жерінен жебелі шығырмен көтеруге жол берілмейді.

352. Кранды жөндеуге шығаруды жөндеу жасау кестесіне сәйкес жүк көтергіш машиналардың дұрыс жағдайында қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін бақылау тұлғасы жүргізеді.

Көпірлік және консолды жылжымалы крандардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат наряды беріледі.

Рұқсат нарядта жөндеу жұмыстарын орындауға қауіпсіз жағдайларды жасау жөнінде шаралар белгіленеді. Көбінесе, жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің электр тоғымен жарақаттануын, биіктен құлауын, жұмыс істеп тұрған кранның жөнделіп жатқан жолға құлауын алдын алу жөнінде, жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмыскерлерді қолданыстағы крандардың кран жолдарына шығуларын ескерту жөніндегі шаралар көрсетіледі.

Кранды жөндеуге шығару күні мен уақыты, оны жүргізуге жауапкершілік атқаратын тұлғаның аты-жөні рұқсат нарядта және вахта журналында көрсетіледі.

Рұқсат нарядсыз кранның профилактикалық тексерісін және техникалық қызмет көрсетуін жүргізуге, кранда жұмыс істеушіні шақырып, ақаулықтарды жоюға жол беріледі.

Көпірлік кранда бірнеше бригада жөндеу жұмыстарын орындағанда, рұқсат наряд әр бригадаға беріледі.

Жөнделіп жатқан кезде кранды жұмыс үшін қолдануға болмайды.

353. Жөнделуден кейін кранды жұмысқа қосуға рұқсатты жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін бақылау тұлғасы вахта журналына жазу жазып береді.

___________________

Жүк көтергіш крандарды

орнату және қауіпсіз пайдалану

жөніндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет