ЕДЕН СҮРТУШІ
2 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сүртетін жердің аумағын алдын-ала босатып электрлі еден сүрткішпен немесе аяқ мәусегімен еденді сүрту. Кір мен қопсықтан еденді тазарту. Электрлі еденсүрткіш жұмыстарындағы кішкене қайшылықтарды жою. Мастика мен балаусыз дайындау, еденнің үстіңгі жағына мастика немесе балаусыз, лак жағу.
Білуі тиіс: электрлі еденсүрткіштерді қолдану ережесін және жұмыс қағидаттарын, құрылғысын; лак, мастика және балаусыз түрлерінің жиынтығын және оларды пайдалану ережесін.
Арнаулы мастикаларды қолдана отырып, ағаштың құнды түрлерінен еденді қолмен сүрту жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде – 3 разряд.
ЖУУ ЖӘНЕ АРНАЙЫ КИІМДЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ
2 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы киімдерді, орамалдарды, перделерді жуу машиналарында және қолмен жуу. Кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру, престерде, каландрларда немесе қолмен үтіктеу. Арнайы киімдерді қолмен және тігін машиналарында жөндеу, тамға тігу. Жуу және зарарсыздандыру ерітінділерін даярлау. Арнайы киімдерді қабылдау, сорттау және беру. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.
Білуі тиіс: әртүрлі материалдардан жасалған арнайы киімдерді жуу технологиясын; жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; құрылғысын; жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолданудағы қасиетін, турлерін және оларды қолдану мен әзірлеу тәсілдерін; белгіленген құжаттың жүргізілу ережесін.
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жөндеу- құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін орындаумен ғимараттардың, құрылыстардың биік бөліктерін ағымдағы жөндеу. Барлық түрлі ғимараттар мен құрылыстардың биік бөліктерінің техникалық күйін мерзімді тексеру және қызмет көрсету: мұнараларын, күмбездерін, карниздарын және т.б. Кез келген заттардың, сонымен қатар ғимараттардың конструкциялардың бөлімдерінің биіктіктен опырылып құлауларының алдын алу және болдырмауға шаралар қабылдау. Қысқы уақытта биік ғимараттар мен құрылыстардың төбелерін қар ме мұздан тазалау. Көтеру механизмдерін, құрылғылар мен құралдарды таза және дұрыс ұстау.
Білуге тиіс: санитария, сәулеттендіру, ғимараттарды сыртқы ұстау сұрақтары бойынша жергілікті органдардың қаулылары; көшелерді, жайларды, қоқыс құбырларын ұстау бойынша санитария және гигиена ережелері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесі.
Орындауда және ғимараттарды жабдықтауда инженерлі пайдаланумен Жөндеу жөніндегі жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |