Жүктілердің патологиясы



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі351.5 Kb.
#124871
  1   2   3
Жүктілердің патологиясы



  1. Жүктілер патологиясы бөліміне 29.,К жүкті әйел мына диагнозбен «Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі». Соңғы тәулікте науқас әйелдің жағдайы нашарлады. Гипертензия, ісіну, протеинурияға қосымша бас ауру, маңдай және шүйде аймақтарының ауырлық сезімі, көз алдында шіркейлердің көрудің нашарлауы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы анық ритмді минутына 140 рет. Сіздің болжама диагнозыңыз?

  1. преэклампсияның жеңіл дәрежесі

  2. преэклампсияның ауыр дәрежесі

  3. гипертоникалық криз

  4. НЦД гипертоникалық түрі

  5. бас миының ісігі




  1. Жүктілер патологиясы бөліміне 29.,К жүкті әйел мына диагнозбен «Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі». Соңғы тәулікте науқас әйелдің жағдайы нашарлады. Гипертензия, ісіну, протеинурияға қосымша бас ауру, маңдай және шүйде аймақтарының ауырлық сезімі, көз алдында шіркейлердің көрудің нашарлауы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы анық ритмді минутына 140 рет. Сіздің тактикаңыз?

А) динамикада бақылау

B) интенсивті терапия бөлмесіне ауыстыру

C) нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстыру

D) жүктілікті қоздыру амниотомиямен

E) абдоминалды босандыру – кесар тілігі


  1. Жүктіліктің мерзімі 32-33 аптасы. Бас ауру, ісіктерге шағымданады. Объективті: аяқтары, алдыңғы құрсақ қабырғасы, беті ісінген. А/ҚҚ 190/120 мм.с.бағ. (алғашқы АҚҚ 110/70 мм с.бағ.). Көз түбін зерттеу барысында дистрофиялық өзгерістер анықталды. Сұйықтық бөлінуінің жетіспеушілігі 30%. Зәрдегі белок 0,99%. Консервативті емді қай уақытта жүргізу тиімді?

    1. 6 сағатқа дейін

    2. 6-12 сағат

    3. 24-72 сағат

    4. 5 тәулікке дейін

    5. 10 тәулікке дейін




  1. Әйелдер кеңесіне С.атты жүкті әйел келді, жүктіліктің мерзімі 34-35 апта. Шағымдары таңертең жоқ болатын аяқтарының, іштің алдыңғы қабырғасының, беттің ісінулері. Соңғы аптада 700 гр салмақ қосқан. АҚҚ 110/70 мм с. бағ. Жалпы қан және зәр талдауы патологиялық өзгеріссіз. Іздің болжама диагнозыңыз?

A) жүктілердің ісінуі

B)преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C)преэклампсияның ауыр дәрежесі

D)жүктілітің 34-35 аптасы

E)эклампсия


  1. Жүктіліктің 32 аптасы. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісінде. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер жағынды түрде. Тері жабындылары қызғылт. Жүрек соғуы минутына 72 рет. АҚҚ 110/70 мм с.бағ. Жатыр қозбаған, ауру сезімінсіз. Қынап және жатыр мойны өзгеріссіз, артқы күмбездің аздап ісінуі байқалады. Сіздің тактикаңыз?

A)кесар тілігі

B)амниотомия

C)сақтаушы терапия

D)окситоцинмен ынталандыру

E)динамикада бақылау


  1. 38 апталық жүктілікте жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөлінді. Дәрігердің тактикасы?

A)жайылған ота бөлімінде қарау

B)Кесар тілігі

C)гемостатикалық терапия

D)амниотомия

E)окситоцинмен ынталандыру


  1. Жүктіліктің 32 аптасы. Себепсіз 1 апта бұрын 3 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Қазір қанды бөлінділер орташа көлемде. Ұрықтың басы кіші жамбас кіреберісінен жоғары. Толғағы жоқ. Сіздің тактикаңыз?

A)кесар тілігі

B)амниотомия

C)консервативті ем әдістері

D)окситоцинмен ынталандыру

E)акушерлік қысқыштар


  1. Жүктіліктің 32 аптасы. Себепсіз 1 апта бұрын 3 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Қазір қанды бөлінділер орташа көлемде. Ұрықтың басы кіші жамбас кіреберісінен жоғары. Толғағы жоқ. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)қалыпты орналасқан бала жолдасының бөлінуі

B)бала жолдасының толық келуі

C) бала жолдасының толық емес келуі

D)жатырдың жыртылу қаупі

E)жатыр жыртылуының басталуы


  1. М.,27 жасар жүкті әйел, жүктіліктің мерзімі 36 апта босандыру үйіне "жедел жәрдем" бригадасымен жеткізілді. Шағымдары бас ауру, көз алдында шіркейлердің ұшуы, лоқсу. Қабылдау бөлімінде бет бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы, кейін барлық қаңқа бұлшықеттерінің тоникалық жиырылуы, тыныстың тоқтауы, естің жоғалуы пайда болды. 20-25 секундтан кейін клоникалық сіңір тартулар пайда болды, аузынан көбік ақты. Дәрігердің талма аяқталғаннан кейінгі алғашқы әрекеттері?

A)интенсивті терапия бөлімшесіне тасымалдау

B)40-60% оттек-ауалы қоспаны 10 минуттан демалу

C)наркоз

D)ота бөліміне тасымалдау

E)магнезиалды терапия



  1. Жүктілер патологиясында К.,29 жасар әйел ем қабылдап жатыр, диагнозбен «Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі». Соңғы тәулікте жалпы жағдайы нашарлады, гипертензия, ісіну, протеинурияға бас ауру, маңдай және шүйде аймақтарының ауырлауы, көрудің нашарлауы көз алдында шіркейлердің болуы қосылды. Жүкті әйел қозған. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ритмді, 140 рет минутына. Қағанақ суы кетпеген. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)жүктілердің ісінуі

B)преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C)преэклампсияның ауыр дәрежесі

D)эклампсия

E)гипертоникалық криз


  1. Жүктілер патологиясында К.,29 жасар әйел ем қабылдап жатыр, диагнозбен «Жүктіліктің 36-37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі». Соңғы тәулікте жалпы жағдайы нашарлады, гипертензия, ісіну, протеинурияға бас ауру, маңдай және шүйде аймақтарының ауырлауы, көрудің нашарлауы көз алдында шіркейлердің болуы қосылды. Жүкті әйел қозған. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ритмді, 140 рет минутына. Қағанақ суы кетпеген. Сіздің тактикаңыз?

A)Бақылауды жалғастыру

B)кесар тілігі

C)интенсивті терапия бөлімшесіне аудару

D)амниотомия

E)окситоцинмен ынталандыру


  1. Мерзімі 32 апта жүкті әйелде дамып келе жатқан бала жолдасының мезгілінен бұрын бөліну белгілері пайда болды. Перзентханаға жедел жатқызылды. Акушерлік тактиканың ең мүмкіні:

A)интенсивті терапия и жүктілікті сақтау

B)босануды қоздыру және окситоцинмен ынталандыру

C)кесар тілігі

D)амниотомия

E)динамикада бақылау



  1. Қайталап мерзімі 36 апта жүкті болған әйел босану алды бөліміне жыныс жолдарынан ашық түсті аз молшерде қанды бөлінділермен түсті. Жатыр тонусы жоғарылаған. Үрықтың жүрек соғуы анық. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын бөлінуі

B)бала жолдасының толық емес жатуы

C)бала жолдасының толық жатуы

D)жатыр жыртылуы

E)мезгілінен бұрын босану


  1. Ашық түсті аз молшерде қанды бөлінділермен жүкті әйелде қарау кезінде бала жолдасының ішкі ернеу аймағын жауып жатқаны анықталған. Ұрықтың болжама салмағы 2200,0 гр. Жүкті әйел түскенде дәрігердің ең мүмкін әрекеті:

A)кесар тілігі операциясы

B)динамикада бақылау

C)спазмолитиктерді енгізу

D)Глюкокортикоидтарды енгізу

E)антианемиялық терапия



  1. Әйелдер кеңесіне алғаш жүкті болған әйел ұрықтың әлсіз қозғалуына шағымданып келді. Жүктіліктің мерзімі 35-36 апта, жатыр түбі семсер тәрізді өсінді мен кіндік аралығында, ұрықтың жүрек соғуы тұйық, ритмді. Аяқтарында ісінулер, 10 кг салмақ қосқан. Қай зерттеу әдісі бұл жағдайда ақпаратты?

A)Гормоналды зерттеу әдісі (эстриол анықтау)

B) функционалды сынама қолданумен кардиотахография

C)сыртқы акушерлік зерттеу әдісі

D)УД-зерттеу әдісі

E)ақуызды анықтау зәр анализіанализ мочи на наличия белка


  1. Қайта жүкті әйел мерзімі жүктіліктің 32 аптасы, жүктілердің патологиясы бөліміне түсті. Ұрықтың көлденең жатуы, іштің төмен тартып ауруына шағымданады. Жатыр қозған. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ритмді, 140 рет минутына. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны сәл қысқарған, цервикалды каналсаусақ ұшын өткізеді, келүші бөлігі анықталмайды. Акушерлік тактика?

A)кесар тілігі

B)ұрықтың сыртқы бұруы

C)жүктілікті жалғатыру

D)окситоцинмен қоздыру

E)амниотомия


  1. 30 жасар алғашбосанушы әйел, жүктілер патологиясы бөліміне бас ауру, төс шеміршек асты аймағының ауру, ұйқы бұзылуына шағымданып түсті. АҚҚ 140/80 мм с. бағ., зәрде ақуыз, жіліншіктері ісінген. Жүктіліктің мерзімі – 37 апта. Баспен келуі. Ұрықтыі жүрек соғуы анық, 140 рет минутына. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A)жүктілердің ісінуі

B)преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C)преэклампсияның ауыр дәрежесі

D)эклампсия

E)НЦД гипертоникалық түрі


  1. 36 жасар алғашбосанушы әйел, жүктілер патологиясы бөлімінде жатыр. Жүктіліктің 34 аптасы, гипертоникалық ауруь 2А сатысы. АҚҚ 160/100 мм с. бағ. УД-зерттеу кезінде ұрық дамуының кідіруі синдромы анықталған. Бұл жағдайдағы асқынуларды атаңыз:

A)гипертоникалық криздің дамуы

B)мезгілінен бұрын бала жолдасының бөлінуі

C)құрсақ ішілік ұрықтың өлімі

D)эклампсия талмасы

E)жоғарыда аталғандардың барлығы


  1. Әйелдер кеңесінің дәрігері жүктіліктің 36 аптасында жамбаспен келуді анықталады. Жүкті әйелде соматикалық және акушерлік патологиясы жоқ. Сіздің тактикаңыз:

A)перзентханаға госпитализациялау

B)емдік гимнастика тағайындау

C)38 аптада госпитализациялау

D)босану басталуымен госпитализациялау

E)босану алдында қағанақ суының кетуімен госпитализациялау


  1. 23 алғашбосанушы перзентханаға үйде болған эклампсия талмасынан кейін перзентханаға түсті. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, есі тежелген. АҚҚ 150/100 мм с. бағ., пульсі 98 рет минутына. Аяқтарында айқын ісінулер. Жүктілікті жүргізу тактикасын анықтаңыз:

A)жүктілікті емдеу фонында созу

B)комплексті интенсивті емді 2-3 күнде жүргізу

C) комплексті интенсивті ем фонында кесар тілігі

D)босануды қоздырудан кейін акушерлік қысқыштар салу

E)босану жолдарын босануды индукциялау мақсатында дайындау


  1. 28 жасар жүкті әйел перзентханаға қанды бөлінділермен түсті. Үшінші жүктілік, 2 босану болған. 10 аптада жоғары дене қызумен тұмараттты, 12 аптада дамып келе жатқан түсік диагнозымен стационарда ем қабылдады. Соңғы етеккірі 4 ай бұрын болған. Объективті қарау кезінде: АҚҚ 120/65 мм с. бағ., пульсі 72 рет минутына. Жатыр түбі кіндік тұсында. Жатыр консистенциясы әркелкі, ауру сезімінсіз. Ұрықтың бөліктері, қозғалысы, жүрек соғуы анықталмайды. Қынаптық тексеру: жатыр мойны қысқарған, цервикалды канал 1 саусақ өткізеді, онымен ішкі ернеу үстінде орналасқан бір жұмсақ тін анықталады. Ұрықтың бөліктері анықталмайды. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A)дамып келе жатқан кеш түсік

B)бала жолдасының келуі

C)жатыр миомасы

D)қалыпты орналасқан бала жолдасының бөлінуі

E)көпіршікті күртік


  1. 24 жасар жүкті әйел, мерзімі 38 апта жүктілікпен патология бөлімшесіне түсті. Дене салмағы 70 кг, бойы - 160 см. Іш айналымы 110 см, жатыр түбі биіктігі - 45 см. Жатыр нормотонуста, үш ірі бөліктери, көптеген ұсақ бөліктер анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)жүктіліктің 38 аптасы. Ірі ұрық

B)жүктіліктің 38 аптасы. Егізсулық

C)жүктіліктің 38 аптасы. Семіру

D)жүктіліктің 38 аптасы. Көпұрықтық

E)жүктіліктің 38 аптасы. Жатыр миомасы


  1. 30 жасар алғашбосанушы әйел патология бөліміне бас ауру төс шеміршек асты аймағының ауру, ұйқы бұзылуына шағымданып түсті. АҚҚ 140/80 мм с. бағ., зәрде ақуыз, жіліншіктер ісінген. Жүктіліктің мерзімі 37 апта, келуі баспен. Қрықтың жүрек соғуы анық, 140 рет минутына. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)преэклампсияның жеңіл дәрежесі

B)НЦД аралас түрі

C)преэклампсияның ауыр дәрежесі

D)эклампсия

E)гипертониклық ауру


  1. Әйелдер кеңесінде бақыланбаған жүкті әйел перзентханаға жедел жәрдем көлігімен түсті. Бас ауру, көру нашарлауы, құсуға шағымданады. АҚҚ 180/120 мм с. бағ, аяқтарында айқын ісінулер. Қарап тексргенде құры чулар пайда болды. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)преэклампсияның ауыр дәрежесі

B)преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C)эклампсия

D)гипертоникалық ауру

E)эпилепсия


  1. 28жасар жүкті әйел. Жүктіліктің мерзімі 38 апта. Анамнезінде 1,5 жыл бұрын кесар тілігі операциясы жасалған. Түскен кездегі шағымдары іштің тұрақты ауру сезімі, ұрық қозғалғанда ұлғая түседі. Жатыр нормотонуста. Келуі баспен орналасқан. Ұрықтың жүрек оғуы анық, 136 рет минутына. Операциядан кейінгі тыртық аймақты пальпациялау кезінде ауру сезімі ұлғая түседі. Қынаптық тексеру: жатыр мойны жұмсақ, ұзындығы 1,5 см, цервикалды канал өтпелі, 1 колденең саусақ ішкі ернеуден өткізеді, оның аймағында «өтпелі белдемше» анықталады. Келуі баспен орналасқан. Мүйіске жетпейді. Бөлінділер шырышты. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A)жүктіліктің 38 аптасы. Жатыр тыртығы. Босану хабаршысы

B)жүктіліктің 38 аптасы. Жатыр тыртығы. Қалыпты орналасқан бала жолдасының C)мезгілінен бұрын бөлінуі беременность 38 недель. Рубец на матке. I период родов

D)жүктіліктің 38 аптасы. Жатырдың тыртық бойымен жыртылу қаупі

E)жүктіліктің 38 аптасы. Жатырдың тыртық бойымен жыртылуының басталуы




  1. 28 жасар жүкті әйел. Төртінші жүктілік, анамнезінде үш жасанды түсік. Мерзімі 28 аптада жыныс жолдарынан мардымсыз қанды бөлінділер бөлінді. Шамамен 30,0 мл қан жоғалтты. Қрықтың орналасуы көлденең. Жатыр нормотонуста. Қынаптық зерттеу кезінде бала жолдасының шеткері орналасуы анықталды. Сіздің тактикаңыз?

A)кесар тілігі операциясын жүргізу

B)амниотомия жасау

C)босану қызметін шақыру

D) спазмолитиктерді тағайындау және жүктілікті созу

E)Қан анализдерін тексеру динамикада бақылау



  1. 36 жасар алғаш жүкті әйел, жүктілер патологиясы бөлімінде жатыр. Жүктіліктің 34 аптасы, гипертоникалық ауру 2 А сатысы. АҚҚ 160/100 мм с. бағ. УДЗ жүргізгенде ұрық дамуының кідіру синдромы анықталды. Бұл жағдайдағы ең мүмкін асқынуды атаңыз:

A)гипертоникалық криздің дамуы

B)қалыпты орналасқан бала жолдасының бөлінуі

C)ұрықтың антенаталды өлімі

D)эклампсии ұстамасы

E)ауыр преэклампсия дамуы


  1. 19 жасар алғаш жүкті әйел перзентханада мына диагнозбен жатыр « жүктіліктің 35 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі». 48 сағат бойы жүргізілген кешенді ем оң нәтиже көрсетті. Сіздің ықтимал тактикаңыз:

A)кешенді емді жалғастырып және жүктілікті созу

B)кесартілігі операциясын жүргізу

C)табиғи босану жолдарынан мезгілінен бұрын босандыруға дайындау

D)әйелдер кеңесінің қатаң қадағалауына шығару

E)кешенді емді тоқтату және жүктілікті созу



  1. Қайталап жүкті болған әйел, жүктілік мерзімі 32 апта, жүктілер патлогиясы бөліміне түсті, ұрықтың көлденең орналасуы, іштің төмен жағына тартып ауру сезіміне шағымданады. Жатыр қозған. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ритмді, 140 рет минутына. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны аздап қысқарған, цервикалды канал саусақ ұшын өткізеді, келуші бөлік анықталмайды. Ең ықтимал акушерлік тәсіл:

A)кесар тілігі

B)ұрықты сырттан бұру

C)жүктілікті сақтау

D)босануды қоздыру

E)амниотомия


  1. 26 жасар қайталап жүкті болған, алғашбосанушы әйел жатырдың төменгі сегментінде толық жыртылу болды. Ұрық өлді, инфекции белгілері жоқ. Науқасқа ең ықтимал көрсеткіш:

A)лапаротомия, жатырдың төменгі сегментіндегі жыртылуды тігу

B)лапаротомия, қынап үстілік ампутация қосалқыларсыз

C)лапаротомия, жатыр экстирпациясы қосалқыларсыз

D)лапаротомия, қынап үстілік ампутация түтіктермен

E)лапаротомия, жатыр экстирпациясы түтіктермен



  1. Жүкті әйелді сыртқы акушерлік қарау кезінде жатыр түбінде жұмсақ консистенциялы ірі бөлік, кіші жамбас кіреберісінде – тығыз консистенциялы ірі бөлік, пішіні шар тәрізді, сол жақ алдынан – еш шоқысыз тегіс бет, оң жақ артынан – бұдырлы бет пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз?

A)бойлық орналасу, жамбаспен келу, 1-я позиция, алдыңғы түр

B)бойлық орналасу, баспен келу, 1-я позиция, артқы түр

C) бойлық орналасу, баспен келу, 1-я позиция, алдыңғы түр

D)бойлық орналасу, баспен келу, 2-я позиция, алдыңғы түр

E)бойлық орналасу, баспен келу, 2-я позиция, артқы түр


  1. Бала жолдасының келуін нақты диагностикалық әдіс:

A)Сыртқы акушерлік тексеру

B) Қынаптық тексеру

C)Жатыр реографиясы

D)Амниоскопия

E)УД-зерттеу



  1. Перзентханаға қайталап жүкті болған әйел мерзімі 32 апта жүктілікпен жеткізілді. Үшінші жүктілік, анамнезінде екі жасанды түсік, екінші түсіктен кейін эндометрит болған. Қалыпты жағдайда жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер пайда болды. Қан жоғалту мөлшері шамамен 300,0 мл. Айырбастау картадан 30 аптада УДЗ кезінде бала жолдасының толық жатуы анықталды. АҚҚ 105/60 мм с. бағ, пульсі 90 рет минутына. Жатыр нормотонуста, пальпацияда оңай қозғыш. Ұрықтың орналасуы колденең. Ұрықтың жүрек соғуы анықталмайды. Ең ықтимал акушерлік әдіс:

A)инфузионды ем және кесар тілігі

B)гемотрансфузия және кесар тілігі

C)амниотомия және сыртқы-ішкі бұрылыс

D)амниотомия и ұрықты бұзу операциясы

E)амниотомия и қынапүстілік ампутация


  1. 40 жасар жүкті әйел перзентханаға жағдайы орташа дәрежеде жетілген жүктілікпен жеткізілді. Жүктілік - 7, босану - 4, түсік -2. Үйде кенеттен, іштің ауру сезімі және қансырау басталды, шамамен 250,0мл. Бір мезгілде жалпы әлсіздік, ентігу, құсу пайда болды. Тускенде: жағдайы орташа дәрежелі, АҚҚ 90/60 мм с. бағ., пульсі 96 рет минутына. Жатыр гипертонуста, оң жақ түтіктік бұрышта аурулық. Ұрықтың жүрек соғуы естілмейді. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны ұзындығы 1,5 см, жұмсақ, цервикалды канал 1 колденең саусақ өткізеді. Қағанақ қабы бүтін, кернелген. Ең ықтимал акушерлік әдіс:

A)инфузионды емді бастау

B)оксигенотерапия

C)ауырсыздандыру

D)кесар тілігі операциясы

E)гемотрансфузия бастау



  1. Мерзімі 32 апта көпбосанушы жүкті әйелде жіліншіктердің, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі байқалады, АҚҚ 150/100 мм с. бағ., 160/90 мм с. бағ. Зәр анализінде: ақуыз - 1,0 г/тәу. Ең ықтимал диагноз:

A)Гипертоникалық ауру

B)Преэклампсияның ауыр дәрежесі

C)Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

D)Созылмалы гломерулонефрит

E)Созылмалы пиелонефрит


  1. Перзентханаға есінен танған жүкті әйел жеткізілді. Туыстарының сөзінен, бір апта бұрын тумаумен ауырған, бас ауруна шағымданған, аяғында ісінулер пайда болған. Құрысулар болған. АҚҚ 150/100 мм с. б., 160/100 мм с. б. Жүктілік мерзімі 34-35 апта. Соңғы тәулікте зәр жоқ. Ең ықтимал акушерлік әдіс:

A)невропатолог, терапевт кеңесі

B)синдромды интенсивті терапия



C)абдоминалды жолмен босандыру

D)гипотензивті терапия

E)табиғи жолдарымен босандыру


  1. 36 жасар қайта босанушы әйел, мерзіміне жеткен жүктілікте, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Жатыр тонуста, босаңсымайды. Ұрықтың жүрек соғуы 80 рет минутына. Қынаптық тексеру: жатыр мойны «жетілген», қағанақ қабы бүтін, жатуы баспен, кіші жамбас кіреберісіне қысылған. Ең ықтимал дәрігер әдісі:

A)табиғи жолдарымен босандыру

B)қағанақ қабын тесуді жүргізу

C)абдоминалды босандыру (кесар тілігі)

D)акушерлік қысқыштар салу (қуыстық)

E)утеротоникалық заттарды қолдану (окситоцин


  1. 36 жасар қайта босанушы әйел, мерзіміне жеткен жүктілікте, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Жатыр тонуста, босаңсымайды. Ұрықтың жүрек соғуы 80 рет минутына. Қынаптық тексеру: жатыр мойны «жетілген», қағанақ қабы бүтін, жатуы баспен, кіші жамбас кіреберісіне қысылған. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A)Бала жолдасының жатуы

B)Төмен плацентация

C)Жатыр мойны жыртылуы

D)Жатыр жыртылуы

E)Бала жолдасының бөлінуі


  1. Қайта босанушы мерзіміне жетілген жүкті ұрықтың жамбаспен жатуы анықталды. Ең ықтимал дәрігер әдісі:

A)табиғи жолдарымен босандыру

B)сыртқы-ішкі акушерлік бұрұды жасау

C)абдоминалды босандыру (кесар тілігі)

D)динамикда УДЗ жүргізу

E)түзету жаттығуларын орындау


  1. 27 жаср қайта босанушы, анамнезінде 3 өздігінен түсік тастау, мерзімі 38-39 апталық жүктілік тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Ең ықтимал диагноз:

A)Босану хабаршысы

B)Бала жолдасының бөлінуі

C)Кіндіктің перделік жабысуы

D)Бала жолдасының жатуы

E)Босану қызметінің басталуы



  1. 27 жаср қайта босанушы, анамнезінде 3 өздігінен түсік тастау, мерзімі 38-39 апталық жүктілік тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды мөлшері 250,0 мл және жалғасуда. Ең ықтимал әдіс:

A)Бақылау

B)Амниотомия жүргізу

C)Абдоминалды босандыру

D)УД зерттеу

E)Симптоматикалық терапия


  1. Науқас М., 24 жаста, әйелдер кеңесіне етеккірдің 3 ай бойы жоқ болуына, тәулігіне 15 рет құсуға, тәбетінің болмауына шағынданып келді. Тері жамылғылары бозарған, құрғақ, пульсі 92 рет минутына, АҚҚ 90\60 мм с. б., көз шелі сарғайған. Қынаптық тексеру: жатыр консистенциясы жұмсақтау, жүктіліктің 11-12 аптасына дейін ұлғайған, ауру сезімінсіз. Қосалқылары анықталиайды. Күмбездері бос. Ең ықтимал диагноз:

A)Жүктіліктің 11-12 аптасы. Жүктілердің құсуы жеңіл түрі.

B)Жүктіліктің 11-12 аптасы. Жүктілердің құсуы ауыр түрі.

C)Жүктіліктің 11-12 аптасы. Жүктілердің құсуы орташа дәрежесі.

D)Жүктіліктің 11-12 аптасы. Жедел гастродуоденит.

E)Жүктіліктің 11-12 аптасы. Жедел тамақтан улану.


  1. Әйелдер кеңесіне мерзімі 15-16 апталық жүкті әйел анда-санда диастолалық қысымның 90 мм с. б. және одан да жоғары көтерілуіне шағымданып келді. Ең ықтимал диагноз:

A)Созылмалы гипертензия

B)Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

C)Жүктілікпен индуцирленген гипертензия

D)Преэклампсияның ауыр дәрежесі

E)НЦД гипертоникалық түрі



  1. Әйелдер кеңесіне мерзімі 15-16 апталық жүкті әйел анда-санда диастолалық қысымның 90 мм с. б. және одан да жоғары көтерілуіне шағымданып келді. Ең ықтимал дәрігер әдісі:

A)Динамикада бақылау

B)Стационарға жатқызу

C)Гипотензивті дәрілердә тағайындау

D)Магнезиалды терапия тағайындау

E)Жүктілікті үзу


  1. Мерзімі 20-21 апталық жүкті әйелде Верльгоф ауруы (идиопатикалық тромбоцитопениялық пурпура). Қан талдауында тромбоциттер саны 42,0х109/л. Ең тиімді әдіс?

A) Глюкокортикостероидтарды қолдану

B)Эритроцитарлы масса трансфузиясы

C)Жүктілікті үзу

D)Плазмоферез қолдану

E)Тромбицитарлый масса трансфузиясы


  1. Жүктіліктің қай мерзімінде ең жиі пиелонефрит өршуі болады:

A)11-12 апта

B)18-19 апта



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет