ЖҰмабеков жамбыл азмуханұлы ұлытау өңірінің тарихи географиясы


«Жер өңдеушілік және кәсіптердің дамуы»



бет3/4
Дата24.02.2016
өлшемі479.71 Kb.
#17243
түріДиссертация
1   2   3   4

«Жер өңдеушілік және кәсіптердің дамуы» деп аталатын екінші бөлімшесінде жер өңдеушіліктің қалыптасуы мен тәсілдері, жергілікті халықтың кәсіп түрлері қарастырылады.

Ұлытау өңіріндегі Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Терісаққан, Жезді деп аталатын өзен салаларының бойында, Шу өзені аңғары мен Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының ойпаң жерлерінде суармалы егіншілік дамыды. М. Красовскийдің мәлімдеуінше, 1862 және 1863 жылдары Жыланшық өзенінің бойында, Кішітау бұлақтарында, Қаракеңгірдің оң саласындағы көгалдарында жер өңдеушілікпен айналысатын бағаналының көптеген отбасыларын кездестіреді. Осыған қарай отырып, автор бұл округтегі жер өңдеушіліктің жағдайы Ақмола және Қарқаралы округтеріндегі жағдаймен бірдей деп есептейді.

ХІХ ғасырдың соңында Атбасар уезінің жер өңдеушілікке байланысты статистикалық мәліметтер келесідей: 1 Ұлытау мен Сарысу ауданында – барлығы 2838 шаруашылық тіркелген, оның 356-сы отырықшы болып келеді, соның ішінде жерөңдеушілікпен 148 шаруашылық айналысады; 2 Сарысу мен Шу ауданында – барлығы 2749 шаруашылық тіркелген, оның 82-сі отырықшы, 10 шаруашылық жерөңдеушілікпен айналысады. Атбасар уезінде отырықшы шаруашылықтар Есіл бойында, одан кейін ең көп Ұлытау өңірінде шоғырланған. Алайда, отырықшы шаруашылық міндетті түрде жер өңдеушіліктің негізгі көзі деп айтуға болмайды. Уезд аумағында тіркелген 823 отырықшы шаруашылықтың жер өңдеушілікпен айналысатыны – 3938 болды [3]. Жер өңдеуші шаруашылықтардың саны Ұлытаудан бастап солтүстікке қарай ұлғая түседі. Қазақ егіншілері XIX ғасырдың аяғына дейін жер өңдеу жұмыстарында өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланды. XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басына қарай қазақтар, әсіресе дәулетті адамдар, күрделі жер өңдеу құралдарын пайдалана бастады. XIX ғ. соңында егіншілік дамып, егіс көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылық құралдары жетіле түсті. Ол кезде егіншілік әлі де тауарлы сипат ала қойған жоқ. Ұлытау өңірінің халқының кәсіптерінің ішінде негізгі рөл атқаратын аң аулау болды. Қазақтар аңдардан – қасқыр, түлкі, қоян, борсық, сарытышқан, ал құстардан – қаз, үйректерді т.б. аулады. Мәселен, аң терлері Ақмола облысындағы жәрмеңкелерде 60 мың сомға дейін сатылатын болған.

«Керуен жолдары және сауда қатынастары» үшінші бөлімшесінде керуен жолдарының бағыттары көрсетіліп, өңірдегі сауда қатынастары анықталады.

Орта ғасырларда қолданыста болған керуендердің жолдарының ХІХ ғасырда да өз қызметін тоқтатпағаны белгілі болып отыр. Қазақ хандығы дәуірінде Орта Азиядан Ресей жеріне баратын жолдар Ұлытау өңірі арқылы өткен. Бетпақ даланы тіке бағытта кесіп өткен керуен жолдарының ішінде танымал болған – Орта Азия мен Қазақстанның солтүстік өңірлері арасындағы сауда байланыстарын дамытуда маңызды роль атқарған Жетіқоңыр немесе Кендірлік жолы. Екінші бір маңызды керуен жолы – Сарысу жолы болды.

Қарастырылып отырған кезеңде Ұлытау өңірінде сауданың үш түрі: аралап жүріп айырбастау, мерзімдік жәрмеңкелер және тұрақты сауда түрлері орын алды. Ұлытау өңірінің тарихи географиясындағы шаруашылықтың бір аспектісі – жәрмеңкелердің қызметімен байланысты. Жәрмеңке саудасы таза көшпелі мал шаруашылығы дамыған Ұлытау өңірі үшін маңызды болды. Мәселен, Петропавловск қаласына жыл сайын тек қана қазақ даласынан, оның ішінде Ұлытау өңірінен 550 000 ірі қара және қой малы әкелінеді. Петропавловскіден дала өңіріне 200-1000 шақырым кеңістіктен - Семей облысынан, Балқаш көлі маңынан, Шу өзенінің бойынан, Ташкенттен жыл сайын қазақтар, ташкендіктер мен бұқарлықтар, орыс приказчиктері шілде айында ұлан-ғайыр мал табындарын айдайды. ХІХ ғ. екінші жартысында дала өңірінде мал айдайтын жолдармен, жаз айларында Ақмола облысының ғана емес, Еуропалық Ресейдің де өндіріс орталықтарына мал табындары жеткізілетін болған. Ұлытау өңірінің сауда қарым-қатынастары үшін Есіл қаласының маңызы да үлкен болып табылады. 1858 жылы онда орналасқан Никольск жәрмеңкесінде (екі апталық, 6 желтоқсаннан басталады) 2 661 065 сом тауардың 2 417 780 сомына сату жүргізіледі, яғни барлық тауар қалдықсыз сатылады. Бұл жәрмеңкеге тек қана Ресейдің ішкі губерниялардан ғана емес, тіпті Таганрог пен Одесса қалаларынан сауда жасауға келеді.

Ақмола облысының Атбасар станицасында «Петровская» деп аталатын жәрмеңке 10 мауысымнан 5 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істеп, Ұлытау өңірінің халқы өз малдарын осы жәрмеңкеде саудалады. Бұл жәрмеңкенің ашылуы Ұлытау өңірінің сауда қатынастары үшін тиімді болды. Өңір халқы бұрын өз малдарын Орынбор, Троицк қалаларына апаратын болса, енді осы жәрмеңкеге әкелетін болады. Ұлытау өңірінің «бағаналы» аталатын ең жақсы қойлары жәрмеңкеде негізгі сауда көзі болған [4, 183]. 1897 жылы жәрмеңкеге 94 499 қой әкелініп, жәрмеңкенің сауда айналымы 1 миллион рубльге жетеді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлытау өңірінің тарихи географиясын зерттеудің негізінде келесідей қорытындылар жасауға болады:

1 Ұлытау өңірінің тарихи географиясы, өңірдің ерте ортағасырлардан Қазақ хандығы дәуіріне дейін бірте бірте саяси маңыздылығы арта түскенін көрсетеді. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығының саяси орталықтарының бірі болды. Өңірдің географиялық орналасуының ерекшелігі – оның саяси орталыққа айналуына тікелей әсер етті.

2 XVIII ғ. бірніші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарының жаңа кезеңі басталып, екі ел арасындағы шиеленіс көптеген жылдарға созылған соғысқа алып келді. Жоңғар агрессиясы нәтижесінде қазақ халқы ұлан-ғайыр қайғы-қасіретке ұшырады. Қазақ халқының ұйымдасып, сыртқы жауға алғаш соққы берген жері Бұланты өзенінің бойы, Ұлытау өңірі. XVIII ғ. 50-ші жылдарына дейін Ұлытау өңірі Орта жүз халқының негізгі қоныстанған аумағы болып келді.

3 ХІХ ғ. Саржан, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістердің негізгі оқиғалары Ұлытау өңірінде өрбіді. Кенесары көтерілісінің негізгі күші Ұлытау өңіріне шоғырланды. Көтерілісті басу мақсатында Ұлытау, Ырғыз бекіністері салынып, Құсмұрын округі ашылды.

4 Ұлытау өңіріндегі саяси, әлеуметтік экономикалық және мәдени өмірдің белгілері көбіне материалдық ескерткіштер ретінде сақталып отыр. Өңірде орналасқан Алаша-хан, Жошы хан кесенелері және т.б. қазақ халқының материалдық мәдениетінің құнды ескерткіштері болып табылады. Ортағасырлардағы қалашықтар мен бекіністер көшпелі тайпалардың даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

4 Ұлытау өңірінің этникалық құрамы – негізінен Найман-бағаналы және Арғын-төртуыл руларынан тұрды. Өңір аумағын мекендеуші Найман ішіндегі Бағаналы рулары, Ұлытау тауларынан солтүстікке Теңіз көліне қарай Арғын ішінде Сүйіндікке жататын Жәдігер, Қозған, Қақсал рулары болды. ХІХ ғ. Ұлытау өңірін Кіші жүз рулары қоныстанады.

5 ХІХ ғ. Ұлытау өңірі Ресей империясының реформаларына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылымы қалыптасты. 1822 ж. реформадан кейін Ұлытау өңірі Көкшетау округінің құрамына қаратылды. 1859 ж. Ұлытау өңірін басқару үшін арнайы Атбасар сыртқы округі ашылды. 1867-68 жж. әкімшілік реформаға сәйкес Атбасар уезі ұйымдастырылды. Әкімшілік-аумақтық құрылымы өзгерістерінің нәтижесінде ергілікті халықтың қоныстану аумағы тарыла бастады. Бұрынғы билік жүйесі түбегейлі жойылды.

6 Зерттеліп отырған кезеңде көшпелі мал шаруашылығы жетекші саласы болды. Ұлытау өңірінде мал шаруашылығының негізгі түрі – көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Бұл табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және тарихи факторлардың ықпалымен қалыптасқан еді. Өңірдің оңтүстігі мен таулы аудандарында егіншілік кәсібі болды. Өңірдегі егіншілік тауарлы сипат ала қойған жоқ және халықтың тұрмыстық қажеттілігін өтеуге бағытталды.

7 Сарысу және Кендірлік керуен жолдары Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтары үшін сауда қатынастарының дамуына, солтүстік өңірлерді Орта Азия қалаларымен байланыстыруда маңызды болды. ХІХ ғ. Ұлытау өңірінің халқы үшін жәрмеңкелердің маңызы жоғары болды.

Қорытындылай келгенде, Ұлытау өңірін тарихи географиялық тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде отандық тарих ғылымының ортағасырлардағы және жаңа заман тарихының негізгі мәселелеріне қатысты маңызды сұрақтар анықталып отыр.
Пайдаланылған деректер тізімі

1 Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. Астана: «Аударма», 2002. – 124 б.; Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы: Санат, 1996. – 656 с. және т.б.

2 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1. Алма-Ата: Главная редакция казахской советской энциклопедии, 1984. – 432 с.

3 Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях России с Средней Азией со времени кончины Абул-Хайр хана (1748-1765 г.). Том 1. Уфа: в губернской типографии, 1853. – 231 с.; Красовский М. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами Генерального штаба. Область Сибирских киргизов. СПб., 1868. Ч 1-3.; Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию Степных областей. Акмолинская область. 2. Атбасарский уезд. Том ІІ-й. Воронеж, 1902. – 558 с.

4 Путеводитель по Великой Сибирской железной дороге. Санкт-Петербург: Товарищество художественной печати, 1900. – 600 с.; Диваев А. Мавзолей Кок Кесене // Протоколы заседания и сообщения членов Туркестанского кружка любителей археологии. Год Х. Ташкент, 1905.

5 Марғұлан Ә.Х. Тамғалы тас сыры (Орта ғасырда тасқа жазылған қазақша таңба, ұрандар) // Қазақ тарихы. 1993, №2. бб.10-30. және т.б.

6 Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX - начало XX в.). Алма-Ата, 1968. – 256 с.; Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы: Санат, 1994 – 416 б.

7 Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР, 1972. – 150 б.

8 Валиханов Э.Ж. Кенесары. Москва: Молодая гвардия, 2004. – 232 с.

9 Галиев В. Битва при Буланты // Мысль, №6, 2000. С.61-65; Аныракайский треугольник: историко-географический ареал и хроника великого сражения / И.В.Ерофеева и др. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 276 с.

10 Ахметов Қ. Ұлытау. Астана: Фолиант баспасы, 2006. – 344 бет.; Әбдіғали Б. Арғын Төртуыл тарихынан: Шежіре. Алматы: Қазақпарат, 2007. – 322 бет.

11 Материалы по истории казахских ханств (извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма-Ата: Наука, 1969. – 651 с.

12 Казахско-русские отношения в XVII-XVIII веках (сборник документов и материалов). Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961. – 746 с.

13 Список Султанам, Биям и Старшинам Акмолинского Округа участвовавшим по возмущении с мятежным султаном Кенесарою Касымовым // ҚР ОММ, қ.374, т. 1, іс.1990.

14 Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова. Алматы: Гылым, 1996. – 512 с.

15 Дело о пойманных в Акмолинской области киргизах: Сарджанове и Бекмурзине // РФ ММ, қ.109, 4 эксп., т.212, іс 189, 2 п.

16 Формуляры и списки о службе волостных управителей Внешних Округов // ҚР ОММ, қ.345. т.1. іс 542. 169-169қп.

17 Письма, выписки подполковника Казакова из Оренбурга в III отделение // РФ ММ, қ.3, қ/м, т.3а, іс 1224, 15 п.

18 Об открытии окружного приказа в Атбасарском округе // РМӘТМ, қ.38,т.8, іс 41.

19 Списки киргизских волостей Степного генерал-губернаторства с указанием количества кибиток в каждой волости и аулов // ҚР ОММ. қ.64. т.1. іс.774. 5 п.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі

1 Орталық Қазақстандағы батырларға қатысты тарихи топонимдер // Олжабай есен болса – ел аман. Жоңғар басқыншылығына қарсы жүргізілген қазақ халқының ұлт-азаттық соғысының ірі қолбасшысы Олжабай батыр Толыбайұлының ерлігін еске алуға арналған «Ерлер есімі ұрпақтар есінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. - Б.183-189.

2 Кенесары әскерлерінің Ақтау бекінісін басып алу тарихына орай // Олжабай есен болса – ел аман. Жоңғар басқыншылығына қарсы жүргізілген қазақ халқының ұлт-азаттық соғысының ірі қолбасшысы Олжабай батыр Толыбайұлының ерлігін еске алуға арналған «Ерлер есімі ұрпақтар есінде» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. - Б.117-124 (қосалқы автор Аршабеков Т.Т.)

3 Қарағанды облысының топонимикалық картасы: Жаңаарқа, Ұлытау аудандарындағы елді мекендер мен жер-су атауларының тарихи негіздемесі. Қарағанды: Гласир баспасы, 2007. – 100 б. (қосалқы авторлар Аршабеков Т.Т., Жакин М.С.)

4 Ономастикалық зерттеу тәжірибесі: Тілеуберді тархан // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы. -2007.-№3 (47). - Б.68-71.

5 Ұлытау өңіріндегі бақсылық дәстүр // Историко-культурное наследие Сарыарки: Сборник научных статей. – Караганда: ИП.Е.А.Сытина, 2007. -Б.205-208 (қосалқы автор Аршабеков Т.Т.)

6 ХІХ ғ. Ұлытау өңіріндегі мешіттер // Историко-культурное наследие Сарыарки. Сборник научных статей. – Караганда: ИП.Е.А.Сытина, 2007. -Б.209-211 (қосалқы автор Аршабеков Т.Т.)

7 Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері. Қарағанды: Гласир, 2007. – 250 б. (қосалқы авторлар Аршабеков Т.Т., Төлеуов Т.С.)

8 Ұлытау өңірінің тарихи топонимикасы: Ер Едіге // Ғылыми зерттеулерді жинақтау және инновациялық жаңалықтарды музей тәжірибесіне енгізу ғылыми тәжірибелік конференциясының материалдары, 1 басылым. – Қарағанды: Гласир, 2007. - Б.85-90.

9 Ұлытау өңіріндегі жыланды топонимі // Шоқан тағылымы-13: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (24-26 сәуір). – Көкшетау: КМУ баспаханасы, 2008. - Б.137-139.

10 Ұлытау өңірінің жер-су аттары ХІХ ғасырдағы мұрағат деректерінде // Ертіс өңірінің мәдени және табиғи мұрасын сақтау және зерттеу мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: ПМПИ, 2008. - Б.330-336.

11 Ұлытау өңірінің тарихи топонимикасын топтастыру мәселесі // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы.-2008.-№2 (50). - Б.5-10.

12 Ұлытау өңірінің тарихи топонимикасын зерттеудегі дерек көздері // Жуасов оқулары - 12: республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Қарағанды: Гласир, 2008. - Б.72-75.

13 Ұлытау өңірінің тарихи географиялық тұрғыдан және топонимикасының зерттелуі // ҚарМУ хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы.-2009.-№2 (54). - Б.87-93 (қосалқы автор Жұмашев Р.М.)

14 Ресейдегі тарихи географияның қалыптасуы және дамуы // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы.-2009.-№3 (55). - Б.10-15.

15 Отандық зерттеулердегі тарихи география мәселесінің тарихнамасы // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы.-2009.-№4 (56). - Б.19-26.

16 Ұлытау өңірінің Алтын Орда дәуіріндегі тарихи географиясы // Қарғанды университетінің хабаршысы. Тарих, философия, құқық сериясы.-2009.-№4 (56). - Б.26-33.

17 Қазақстандағы тарихи географиялық зерттеулердің өзекті мәселелері // Историческая память, национальное согласие – основа стабильности общества. Сборник материалов научно-практической конференции. – Павлодар: ТОО «Печатные решения», 2009. - Б.88-90.

18 XV-XVI ғ. Ұлытау өңірінің тарихи географиясы // Қазақстанның ортағасырлық тарихы: нәтижелері мен болашақ зерттеу жолдары. Халықар.ғыл.-практ.конф. материалдар жинағы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - Б.152-155.

19 Ұлытау өңіріндегі этнотопонимдер // Жуасов оқулары – 14: республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Қарағанды: Гласир, 2010. - Б.41-43.

20 Ұлытау өңірі арқылы өтетін керуен жолдары // Жуасов оқулары – 14: республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Қарағанды: Гласир, 2010. - Б.43-45.

Резюме

Джумабеков Джамбул Азмуханович

Историческая география Улытауского региона (XV в. – конец XIX в.)
диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02- Отечественная история (История Республики Казахстан)

Актуальность исследования. Интеграция наук, ставшая одной из ведущих тенденций развития научного мировоззрения в XX столетии, привела к пониманию необходимости междисциплинарного подхода в исторической науке. За последние десятилетия историческая география, изучающая историческое прошлое человечества в пространстве, стала одним из перспективных направлений в современной исторической науке.

Политическая значимость Улытауского региона обусловлена его географическим расположением. Находясь в Центральном Казахстане, он граничит с южными, северными, восточными и западными землями Казахстана. Политические процессы нашли отражение в историко-культурных памятниках региона, которые особо почитаются казахским народом. Многочисленные водные ресурсы являются важным географическим фактором, определяющий экономическую значимость региона.

Изучение исторической географии Улытауского региона позволяет понять исторические процессы в контексте взаимосвязи «человека – общества - природы».

Объектом диссертационного исследования является Улытауский регион в XV- конце XIX века.

Предмет исследования – исторические и этнические процессы на территории Улытауского региона в XV- конце XIX века.

Целью диссертационной работы является исследование исторической географии Улытауского региона в XV- конце XIX века.

Поставленная цель определила задачи диссертационного исследования:



  • охарактеризовать политический аспект исторической географии Улытауского региона в XV- конце XIX века;

  • выявить значение культурно-исторических памятников Улытауского региона;

  • определить этнический состав и расселение казахских родов на территории Улытауского региона;

  • показать систему административно-территориального устройства Улытауского региона в ХІХ веке;

  • определить специфику и значение кочевого скотоводства;

  • проанализировать развитие земледелия и промыслов;

  • обозначить караванные пути и охарактеризовать торговые отношения Улытауского региона.

Хронологические рамки исследования диссертации охватывают период с XV века по конец XIX века. Нижняя граница хронологических рамок обусловлена образованием моноэтнического государства - Казахского ханства, верхняя – с внедрением новой структуры административно-территориального управления Улытауского региона в XIX веке.

Территориальные рамки исследования включает Улытауские и Арганатинские горы, бассейны рек Терсаккан, Кенгир, Жезди, Сарысу, Шу, пески Мойынкум, Жетыконыр, Каракум, которые образуют единый исторический регион.

Научная новизна работы определяется прежде всего тем, что историческая география Улытауского региона впервые в отечественной исторической науке является объектом самостоятельного исследования. Вводятся в научный оборот новые архивные документы, характеризующие историческую география региона. Определены основной ареал расселения казахских родов в Улытау, значение исторических памятников региона, маршруты караванных дорог, развитие видов хозяйства в регионе. Предпринятый анализ позволил выявить общее и особенное исторической географии Улытауского региона.

Научно-практическая значимость состоит в том, что материалы диссертационной работы и содержащиеся в ней выводы могут использоваться при изучении проблем отечественной истории. Результаты исследования могут также применяться разработке и чтении учебных курсов по истории Казахстана, исторического краеведения и исторической географии.

Апробация работы. Основные результаты исследования нашли отражение в 20 публикациях, среди которых 2 – научные монографии в соавторстве, 18 – в материалах научных конференций и научных сборниках, из них 5 – в материалах международных конференций, а также 6 статей опубликованы в научных журналах, рекомендованных ККСОН МОН РК.

Положения, выносимые на защиту:

1. Процессы образования и этапы формирования казахской государственности тесно взаимосвязаны с Улытауским регионом. В XV-XVI вв. Улытау являлся одним из центров объединения Казахского ханства, наряду с Жетысу и Южным Казахстаном. Политическая значимость региона сохранялась до полного завоевания казахами присырдарьинских городов и переноса столицы в г.Туркестан.

2. XVIII в. Улытауский регион имел важное значение для казахского народа в борьбе с джунгарскими завоевателями. 1727 г. в битве на р. Буланты казахское ополчение разбило джунгарское войско и освободило Улытау и сопредельные территории, что предопределило успех Аныракайского сражения. Река Сарысу служила естественной границей между казахами и джунгарами до 50-х годов XVIII в. Улытауский регион служил местом сбора представителей трех казахских жузов.

3. Историческая география Улытауского региона в XIX в. тесно связана с восстанием Кенесары Касымова. Выбор региона местом объединения восставших казахских родов был связан с особенностью географического расположения. Особенность расположения региона позволил К. Касымову объединить казахов Младшего и Среднего жузов. После окончания восстания К. Касымова на территории Улытауского региона была продолжена борьба с колониальной политикой Российской империи во главе с Кошкарбай Саржановым.

4. Формирование этнического состава Улытауского региона происходило в течении длительного периода. В XVIII в. территорию региона занимали племена Среднего жуза, что в последующем определило этнический состав данного региона. В ХІХ в. южную и среднюю часть региона заселяли племена из рода найман-баганалы и балталы, северную – аргын-тортуыл. В бассейне р. Сарысу расселялись некоторые роды из Младшего жуза.

5. В XIX в. административно-территориальная структура Улытауского региона в ходе административных реформ несколько раз претерпевало изменения. В 1839 г. территория региона была включена в состав Кокчетавского, а в 1845 г. в Кушмурунский округ. В 1859 г. Улытауский регион был в ведении новообразованного Атбасарского округа, который по реформе Временного положения 1867-1868 гг. был преобразован в Атбасарский уезд. Административно-территориальные реформы оказали существенное влияние на политическую и социальную жизнь общества.

6. В Улытауском регионе функционировали традиционные виды хозяйств: кочевое скотоводство и арычное земледелие. Кочевое скотоводство преобладало в регионе. Скотоводство региона отличалось преобладанием поголовья верблюд по сравнению с другими регионами Центрального Казахстана. В южных районах региона на рр. Чу, Сарысу и в горных районах Улытау имелись земледельческие хозяйства. Однако земледелие носило ограниченный характер.

7. На территории Улытауского региона пролегали маршруты наиболее значимых караванных путей, которые соединяли Центральные и Северные регионы Казахстана со Средней Азии. В ХІХ в. торговых отношениях важную роль играла ярмарки, которые обеспечивали необходимыми товарами и давали возможность реализовывать сельскохозяйственные продукты.



Структура диссертации состоит из списка обозначений и сокращений, введения, трех разделов, заключения, списка использованных источников и приложений.

Jumabekov Jambul Azmukhanovich

Historical geography of Ulytau region (XV c. – the end of XIX c.)
The dissertation on a scientific degree of the candidate of historical sciences on a speciality 07.00.02 - Native history

(History of the Republic of Kazakhstan)
Summary

Actuality of research. The integration of the sciences which became one of the leading tendencies of scientific outlook development in XX century, led to understanding of necessity of the interdisciplinary approach in a historical science. For last decades the historical geography studying the historical past of mankind in space, became one of the perspective directions in a modern historical science.

Political value of Ulytau region is conditioned by its geographical position. Situating in the Central Kazakhstan it borders with southern, eastern and western lands of Kazakhstan. Political processes reflected in historical and cultural monuments of the region, which are especially respected by the Kazakh people. A great deal of water resources are important geographical factor defining economical value of the region.

Studying of historical geography of Ulytau region allows understanding historical processes in the context of interrelation «person-society-nature».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет