13
кезеңмен өтуді (оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар мен
ұсынымдамалар, элективті курстар бағдарламалары және т.б.) қажетті көмекші
құралдармен қамтамасыз етеді.
5. Білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерінің даму
динамикасын үнемі қадағалап отырады және мониторинг нәтижелерімен ата-
аналарды таныстырады.
6. Білім
алушы тұлғасының зияткерлік, адамгершілік және физикалық
дамуына, оның қабілеттерінің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар
жасайды. Білім алушының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік
береді.
7. Мектептің ішкі ережелерін сақтау жағдайында, оқу үдерісіндегі білім
алушының өмірі мен денсаулығына жауап береді. Егер, білім алушының өмірі
мен денсаулығына төнген қауіп, білім алушы тарапынан кеткен қателік
салдарынан болған жағдайда, мектеп жауап бермейді. Белгіленген санитарлық-
гигиеналық нормаларды, ережелер мен талаптарды сақтауға кепілдік береді.
8. Білім алушының сабақтарға ниетті қарым-қатынас жасау жағдайында
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС)
талаптарына сәйкес әр сатының оқу жоспары шеңберінде білім деңгейіне қол
жеткізуді және оқудың әр деңгейінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын
меңгеруді қамтамасыз етеді. МЖМБС шеңберінде
бағдарламаны меңгермеген
білім алушыға түрлі көмек формаларын ұйымдастырады.
9. Білім алушыларды ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық
цикл пәндері бойынша оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу-дидактикалық
материалдармен қамтамасыз етеді.
10. Білім алушыларға өзге де білім беру ресурстарының (ғаламтор,
кітапхана, мультимедиялық жабдықтар, зертханалар және т.б.) қолжетімділігін
қамтамасыз етеді.
11. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) оқу үдерісінің
мазмұнымен, білім
алушының үлгерімімен, Пилоттық жоба мониторингінің қорытындыларымен
танысуға мүмкіндік береді.
12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардан шыққан
білім алушыларды, мүмкіндігінше әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады.
13. Ата-аналардың өтініштері бойынша
балаларды оқыту мәселелері
бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық көмек
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: