Машиналар мен механизмдерді пайдалануға кететін шығындар мына формула бойынша есептеледі: -
П=Б+Пж+Тн/Тж+Пал+Тн Мұндағы Б-машиналарды тасымалдауға, жинақтауға және оларды бөлшектеуге, машиналардың жұмыс істеуі үшін қажет уақытша қондырғылар жасауға кететін бір мезгілдегі шығындар (кран жүретін жолдар, электр желілерін тарту және басқалар); Пж-жылдық пайдалану шығындары ( механизмдердің амортизациясына бөлінген қаржы және т.б.); Пал-алмасудағы пайдалану шығындары (машиналардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін машинистердің және басқа да адамдардың еңбегіне төленетін ақы, энергоресурстардың-электр қуатына, отынның, сығымдалған ауаныңғ жағар май мен сүрту материалдарының құны, күрделі жөндеу және соған ұқсастар, қосымша бөлінген қаржылары барлардың басқа барлық жөндеу түрлеріне кететін шығындар); Тн-процесті орындау кезінде машиналарды пайдалану алмасулардың мөлшерлі саны; Тж-бір жыл ішінде машиналардың жұмыс істеу алмасулардың мөлшерлі саны. Құрылыс процесінің өзіндік құнының элементтері БМБ (ҚНжЕ), ҚМЕ-нің (ҚНжЕ) 4 бөліміне сәйкес материалдардың жинақтарында көрсетілген бұйымдардың және жабдықтардың, құрылыс машиналары мен жабдықтардың машина-алмасу бағаларын, осы сияқты басқа да мөлшерлік құжаттарды басшылыққа ала отырып есептеледі. - Құрылыс процесінің өзіндік құнының элементтері БМБ (ҚНжЕ), ҚМЕ-нің (ҚНжЕ) 4 бөліміне сәйкес материалдардың жинақтарында көрсетілген бұйымдардың және жабдықтардың, құрылыс машиналары мен жабдықтардың машина-алмасу бағаларын, осы сияқты басқа да мөлшерлік құжаттарды басшылыққа ала отырып есептеледі.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығы - Жұмыстың еңбек сыйымдылығы-жұмыстарға кеткен еңбек шығындарымен сипатталады. Еңбек сыйымдылығы бірлігінің өлшеміне адам-саағат (ад-с) немесе адам-күн (ад-к) алынады. Олар жұмыс өндірісіндегі мөлшерлі жұмыс уақытының шығынын көрсетеді. Жұмыстардың барлық түрлері бойынша жұмыс бірлігінің еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері БМБ-да көрсетілген.
Процесті орындаудың ұзақтығы
Достарыңызбен бөлісу: |