Жұмыс бағдарламасы 5В050200 «Саясаттану»



Дата16.07.2016
өлшемі308.85 Kb.
#202571
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

«Саяси модернизация» пәнінен

5В050200 «Саясаттану» мамандығының

студенттеріне арналған




ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтық бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасының бекіту парағы







Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/31



БЕКІТЕМІН

ОЖ проректоры

________Пфейфер Н.Э.

«__» _________ 2012ж.

Құрастырушы: с. ғ.к., доцент _________ Елмұратов Ғ.Ж.
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Саяси модернизация» пәні бойынша

5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған оқу түрі жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

Жұмыс бағдарламасы 5В050200 «Саясаттану» мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтық бағдарламаның негізінде әзірленген

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ның Ғылыми кеңес отырысында бекітілді

« » 2012 ж. №__ хаттама
Кафедраның жиналысында ұсынылған « » 2012 ж. № _ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Иренов Ғ.Н. « » 2012 ж.


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі жиналысында бекітілді

« » 2012 ж. хаттама № __


ОӘК төрағасы ___________ Сулейменова Ш.Қ. « » 2012 ж.
КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық

факультетінің деканы _____________ Ақышев А.А. «___» _________ 2012ж.
ОӘБ БЕКІТІЛДІ

ОӘБ бастығы _____________ Жуманкулова Е.Н. «___» _______ 2012ж.


Университеттің оқу әдістемелік кенесімен « » 2012 ж. № хаттама

1 Пәннің мақсаты – саяси өзгерістер жайлы, оның негізгі принциптері, саяси тәртіптің нормалары туралы жүйеленген ғылыми түсінік қалыптастыру,

студенттердің жалпы дүниетанымдық және теориялық-әдістемелік өрістерін дамыту; саяси өзгерістер және саяси модернизация негізгі бағыттарымен магистранттарды таныстыру; мемлекеттік қоғамдық басқарма және басқарудың заманға сай мәселелерін шеше алатын, шығармашылық потенциалды дамытуға жағдай жасай алатын елдің жоғары білікті мамандық потенциалын қалыптастыру, болашақ мамандардың пәндік білімінің іргетасын қалау.

1.1 Пәннің міндеттері – студенттердің саяси мәдениетін көтеру, оларда саяси процестер және саяси ғылым жайлы жалпы түсінік қалыптастыру, бұл , өз кезегінде, қазіргі дүниежүзілік саяси шындықты өз еркімен ойлап, бағалай білуін дамытады;

-саяси модернизация теориясының негізін, саяси ғылым дамуының басты бағыттарын оқу;

-түсінік аппаратын білу және тәжірибелік саясаттанудың негізгі тәсілдерімен танысу;

-саяси өмірді өзгерту институционалдық және әлеуметтік-мәдени аспектілерінің байланысу тәсілдерін, бұл ғылымның функционалдық-прагматикалық бағалы өлшемдерін ашу.



1.2 Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар

-саяси өзгерістер қалыптастырудағы қазіргі қоғам дамуында саясаттың рөлін және мәнін;

-саяси модернизация теориясының негізгі түсініктерін, саяси өзгерістерді зерттеудің басты әдістерін, қоғамдық ғылымдарда тәжірибелік саясаттанудың алатын орнын және рөлін;

-азаматтық қоғам және мемлекеттің өзара қарым-қатынасың, саяси модернизациянің әлеуметтік негізін, саяси қатысу топтық мүддені жүзеге асыру тетіктерін;

-саяси өмірдің өзгерту институционалдық және институционалдық емес формаларын, саяси биліктің саяси өзгерістер барысыңдағы функциялары және ерекшеліктерін, қазіргі саяси жүйе және тәртіптің модернизация әралуандығын, Қазақстан Республикасының модернизация спецификасын;

-саяси өзгерістер нормаларын, адамның және азаматтық құқықтары және бостандықтарын, замани өркениетке сай саяси өзгерістердің ерекшеліктерін, қазақстандық саяси модернизация негізгі белгілерін.


1.3 Бұл пәннің оқу нәтижесінде студент істей білуі тиіс:

-студенттер зертеуге қажет мəліметкөздер мен тиісті ғылыми əдебиетті іздеу;

-қоғамға өмірдегі фактілерді іріктеп алып, тексеруден өткізіп, талдау жасаудың;

-геосаяси материалды қисындық-логикалық тұрғыдан (ауызша жəне жазбаша) баяндаудың; жазбаша жұмыстың негізгі түрлерін (аңдатпа, рецензия, шолу, реферат, ғылыми баяндама жəне т.б. жазудың) дағдыларын дамытады.



2 Пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:

Саяси қошбасшылық

Саяси конфликтология


3 Постреквизиттер:

Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:



Саяси технологиялар
4. Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптардың №


Тақырыптардың атауы


Сағат саны

Дәріс

Тәж.

Лаб. жұмыс

Студиялық

Жеке

СӨЖ

1

Кіріспе.

2

1

-

-

-

6

2

Саяси даму: ұғымы мен критерийлері

2

1

-

-

-

6

3

Саяси даму пішіні түріндегі саяси модернизация

2

1

-

-

-

6

4

Саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт

2

1

-

-

-

6

5

Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация

2

1

-

-

-

6

6

Қоғамдағы саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі

2

1

-

-

-

6

7

Табиғи модернизация

2

1










6

8

Бейтабиғи модернизация

2

1










6

9

Ресейдегі модернизация тəжірибесі

2

1










6

10

Тоталитарлық саяси жүйе аясындағы модернизация

2

1










6

11

КСРО-дағы модернизация

2

1










6

12

Постсоциалистік елдердегі саяси модернизация.

2

1










6

13

Қазақстан қоғамының ұласуының əлеуметтік-экономикалық

негіздері.



2

1










6

14

Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ұластыру ерекшеліктері

2

1










6

15

Қазақстанда саяси плюрализмнің дамуы жəне саяси мəдениеттің қалыптасуы

2

1










6




БАРЛЫҒЫ

30

15

-

-

-

90


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
1тақырып. Кіріспе

«Модернизация», «саяси модернизация» негізгі ұғымдары. Модернизацияның қолданылатын теориялық əдістерге қатысты түсіндірілуі. Модернизацияны зерттеудегі көзқарастар.Тарихи көзқарас. Жаңа дəуір уақыты мен қазіргі замандағы кезеңдердің сапалық тұрғыдан əртүрлігі. Дамудың фазалары мен кезеңдердің бүтіндігі. Меркантилизм кезеңі жəне буржуазиялық революциялар дəуірі. Индустрияландырудың ерте кезеңі жəне өнеркəсіп революциясы кезеңі. Ғылыми-техникалық революция дəуірі. Қазіргі заманды франк тұрғысынан түсіндіру. П. Вагнердің қазіргі заманды дəуірлеуі. «Батыс» ұғымы. Жаңа саяси жүйенің қалыптасуы. Вестфаль парадигмасы. Филадельфия парадигмасы. Т. Иногучидің геосаяси, геоэкономикалық жəне геомəдени қырлар іліміндегі парадигмалардың негізі. Институттық бірліктер. Өзін-өзі ұстау типі. Экономикалық көзқарас. Батыстық тұрпаттағы капитализмнің батыстық емес капитализмнен айырмашылығы. М. Вебердің модернизациялық идеялары. Мемлекет жəне нарық. Ұлттық экономикалардың жаһандануы (глобализация). Дамудағы экономикаға дейін, экономикалық жəне экономикадан кейінгі дəуірлер. «Дəстүрлік қоғам «жəне «қазіргі қоғам», «Батыс» жəне «Батыс емес» ұғымдары. Мəдениеттанушылық көзқарас. Тарихтағы мəдени серпіндер.


2 тақырып. Саяси даму: ұғымы мен критерийлері

«Саяси даму» ұғымы. Саяси даму проблемасы. Саяси дамудың басқа қоғамдық мəселелерден айырмашылығының параметрлері. Саяси процестің өту түзімдері (режимдері). Даму теориясы. Даму жөніндегі зерттеулер санаттары (категориялары) Г.Алмонд. Б. Пауэлл «салыстырмалы саясаттану: даму тұрғысынан көзқарас» А.Ф.К. Органский «саяси даму сатылары» К. Дойч «ұлтшылдық жəне əлеуметтік коммуникация». К.Калман «Жаңадан қалыптасып келе жатқан халықтар: ұлтшылдық жəне даму» М.Дж. Леви «Модернизация жəне қоғамның құрылымы». «Модернизациялау саясаты» Мешеу даму теориясы. Таптық теориялар. 1990-жылдар: бұрынғы жəне жаңа бағыттарға баға беру. Саяси дамуға оңтайлы жағдай туғызатын негізгі шарттар. Саяси дамудың негізгі түрлері. Реформа жəне революция: ұғымдар мен типологиясы. Саяси дамудағы критерийлер. Құрылымдық даралау (дифференциация). Жүйенің «қабілеттері». Тең құқықтылық тенденциясы. Атқарушылық мүмкіндіктер топтары. «Саяси даму» жəне «саяси модернизация» ұғымдары: ұқсастығы мен айырмашылығы.


3 тақырып. Саяси даму пішіні түріндегі саяси модернизация

«Саяси модернизация» ұғымы. Саяси модернизация теориялары-саяси дамудағы бағыттарының бірі. Саяси модернизация – жалпы модернизация процесінің бір бөлігі. Модернизация процесінің сипаттамалары. Саяси модернизацияны жасақтаушы негізгі бөліктер жəне саяси модернизация процесінің белгілірі. Модернизацияны жүзеге асырудың мəні мен басты бағыттары. С. Хантингтонның əлеуметтік институттардың өзгеріске ұшырауы туралы, С. Верба, Л. Пайдың қоғамдық психологияның өзгеріске ұшырауы туралы, У. Мур, А. Экстайнның қоғамның индустрияландырылуы туралы, Р. Грифтің ауыл шаруашылығындағы реформалар туралы пікірлері. Модернизация теориясының эволюциясы. 50-60 жылдардағы модернизациялау теориялары. Дамудағы мешеулік пен тəуелділік теорияларын сынға алу. Дамудың жаңа модельдері. Модернизация типтері. Табиғи (органикалық) жəне бейтабиғи (бейорганикалық) модернизация. Тарихтағы модернизацияның тарихи кезеңдері. Институтталу жəне саяси даму мен модернизация концепцияларындағы «дəстүр» проблемасы. Саяси жүйенің институтталу мен дəстүрлі қоғамның қазіргі қоғамға көшу проблемаларының өзара байланыстылығы. «Дəстүр жəне «дəстүрлік» ұғымдары: əртүрлі көзқараста. «Дəстүрлі қоғам» ұғымындағы дəстүрлік. Дəстүрліктің саяси институттардың жұмыс істеуіне əсері. Саяси дамудың тетіктері мен шарттары. Даралану (дифференциялану) тетігі. Бейімделе білудің ұлғаю. Құндылық тұрғысынан басты бағытты белгілеу.


4 тақырып. Саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт

Тарихи ретроспективада алынған президенттік институты. Қазіргі демократия жағдайындағы президенттік институты. Президенттік институтының типологиясы. Əртүрлі елдердегі президенттік институтының заңнамалық базасы. Президенттік аппаратының ұйымдық-басқарушылық құрылымдары. Ілеспе модернизация елдеріндегі президенттік институттың ерекшеліктері. Президенттік институт рөлінің күшеюі. Биліктің дербестенуі. Модернизацияның «авторитаризм». Жалған модернизациялық авторитарлық

режимдер.

5 тақырып. Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация

«Интеллигенция», «интеллектуалдық элита» жəне «саяси элита» ұғымдары.Интеллигенцияның қазіргі саяси концепцияларын жіктеу, интеллигенцияның саяси тұрғыдан əлеуметтенудің ерекшеліктері. Саяси жəне интеллектуалдық элитаның ұқсастығы мен айырмашылығы. Қазіргі қоғамдағы саяси элитаның əлеуметтік өкілдігі. Құрылуы, қоғамдағы орны. Интеллектуалдық жəне саяси элиталардың саяси модернизациядағы рөлі. Интеллегенция мен биліктің өзара əрекеттесуі. Интеллигенцияның қазіргі қоғамдағы өзгеріс үстіндегі жіктемелік (стратификациялық) құрылымдағы перспективалары. Саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөлінің қызметі.


6 тақырып. Қоғамдағы саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі

Жаңарту ісін талап ететін əлеуметтік-экономикалық, саяси мəдени-идеологиялық факторлар. Модернизациялық процестердің алғышарттары.

Саяси басшылықтың, мемлекеттің, биліктің құрылымы мен мазмұнының өзгеруі. Демократия. Құқықтық мемлекет. Азаматтық қоғам. Адам жəне құндылықтар. Құндылықтар қақтығысы. Модернизация идеологиясы. Дəстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға көшудің қажеттілігі. Модернизация процесіндегі ерекшеліктер, қарама-қайшылықтар.
7 тақырып. Табиғи модернизация

АҚШ-тағы жəне əлемнің өзге де дамыған елдеріндегі модернизация. АҚШ-тағы модернизацияның жалпы сипаттамасы. Франциядағы, Англиядағы, Германиядағы жəне басқа да елдердегі модернизация. АҚШ-тың мемлекеттік құрылысының қалыптасуы. Екіпартиялық жүйенің қалыптасуы.

1929-1933 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, оның АҚШ-тағы ерекшелігі. Рузвельттің «жаңа бағыты» реформалары экономиканы мемлекеттік реттеудегі либералдық моделі ретінде. АҚШ-тағы кейінгі индустриалдық модернизация. Ағылшын абсолютизмнің өзіндік сипаты. Буржуазиялық ағылшын революциясы. Протекторат, оның мəні. Англияның парламенттік монархияға айналуы. Ұлыбританияның партиялық-саяси жүйесіндегі өзгерістер. Ллойдджордизм. Жаңа консерватизм. «Тыныш революция» М. Тэтчердің үш консервативтік үкіметі. (1979-1990жылдар). Ұлы Француз революциясы. Якобшілдердің диктатурасы. Бурбондар монархиясын қалпына келтіру. Наполеон кодекстерінің əрекеті мен басқару жүйесін сақтап қалу. 1848 жылғы революция. 1851 жылғы мемлекеттік төңкеріс екінші империя. Үшінші республиканың конституциясы (1875 жыл) Саяси партиялар. 1920 жылы сайлау жүйесінің өзгеруі. Дирижизм. 1946 жылғы конституция. ıvреспублика. Шарль де Голльдің коалициялық үкіметі. Жаңа конституцияның қабылдануы. (1958 жыл) v республиканың құрылуы. Де Голльдің күшті президенттік билігі. Аралас президенттік-парламенттік түзім.
8 тақырып. Бейтабиғи модернизация

Дамушы елдердегі саяси модернизация. Мемлекет модернизация ісін ұйымдастырушы жəне оның негізгі агенті ретінде. Президенттік билік рөлінің күшеюі. Билік жүйесінің дербестенуі. Саяси модернизацияның авторитарлық-прагматтық теориясы. Неодəстүршілдік. Жалған модернизациялау. Олигархиялық модернизация: Гватемала, Сальвадор, Никарагуа. Тоқырау диктатурасы (Заир). Камерундегі «басқарылатын демократия» концепциясы. Заирдегі Мобуту түзімі. Авторитаризм жағдайда шектеулі консенсус негізінде модернизациялау (Чили, Индонезия, Түркия жəне т.б.). Индонезиядағы Сукарта тұсындағы «бағытталатын демократия» идеясы. Индонезиядағы саяси жүйенің ерекшелігі. «Қосанжар атқарым» концепциясы. Мемлекеттік-саяси менеджменттің ерекшелігі. Чилидегі ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейінгі этикалық модернизация моделі. Пиночеттің əскери хунтасы. «Жеті модернизация» бағдарламасы. Чилидегі саяси жүйе ерекшеліктері. Түркиядағы кемалистік революция. Лаицизм принциптері принциптері. Түрік қоғамдағы əскерилер рөлі. Авторитарлық жағдайда кең көлемдегі консенсус негізінде модернизациялау (Оңтүстік-Шығыс- Азия елдері жəне т.б.). Қытайдағы модернизация. Бірте-бірте модернизациялау. Эволюционизм. Дэн Сяо Пиннің қызметі жəне модернизацияның қытайлық моделі.


9 тақырып. Ресейдегі модернизация тəжірибесі

Ресейлік модернизация толқындары. Империялық модернизация моделі. Ұлы Петр жəне ресейдегі алғашқы модернизациялау талпынысы. Реформалардың алғышарттары жəне объективті қажеттілігі. Олардың нақты жүзеге асуының балама жолдары. Əлеуметтік саясат. Біріңғай мұралау жəне дворянық қызмет туралы жарлық. Шаруалардың мемлекет пен помещик пайдасына басыбайлы қызмет етуінің өсуі. I Александрдің ішкі жəне сыртқы саясаты. Шаруалар мəселесі. Министірліктердің құрылуы. Сперанскийдің түрлендіру жоспарлары жəне император тарапынанан 1809-1811 жылдары қабылданған нақты заңнамалық актілер. Əскери қоныстардың салынуы. Императордың белсенді саяси қызметтен аулақтауы жəне «аракчеевшілдік» дəуірінің туу. ІІ Александрдың ұлы реформалары жəне олардың салдары. Мемлекет қайраткері ретінде ІІ Николай. С.Ю. Витте, оның реформалар бағдарламасы. Бірінші орыс революциясы (1905- 1907). Ресейде саяси партиялар жүйесінің жасақталуы (1905-1907). Елдің орталығы мен шеттегі аймақтарындағы саяси өмір. Ұлттық саяси партиялар. Ресей парламентаризмінің қалыптасуы. Столыпиннің аграрлық реформасы. Дүниежүзілік соғыс жəне орыс қоғамы. 1917 жылғы орыс революциясы.


10 тақырып. Тоталитарлық саяси жүйе аясындағы модернизация

ХХ ғасыр тоталитаризмінің тарихи шарттары, əлеуметтік негіздері. Тоталитаризмнің əлеуметтік-саяси табиғаты, саяси модернизация. КСРО-дағы тоталитарлық түзім жəне модернизация саяси процесс ретінде. СОКП КСРО-дағы саяси жүйенің ұйытқысы жəне оның тоталитарлық жүйе мен моноидеология жағдайында модернизация процесіндегі партиялық-саяси қызметі. Жаңа экономикалық саясаттың дағдарысы, оның өтпелі сипаты. Орталықтандырылған экономиканы жоспарлау жəне басқару. Ресейдегі көптармақты проблема ретіндегі өнеркəсіптік модернизация. Елді индустриалды дəуірі. Өнеркəсіпті басқару ісінің бюрократтануы. «Ұлы бұрылыс» қарсаңындағы елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы. 20 жылдардағы саяси түзім, мемлекеттік құрылыс. Күштеу аппаратын жасау ісінің аяқталуы. 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессия. «Əскерилер ісі» И.Сталиннің жеке билік ету түзімінің дүниеге келуі. 1936 жылғы конституциясы.


11 тақырып. КСРО-дағы модернизация

КСРО-дағы модернизация ісіне қарсылық.Өнеркəсіпке жəне құрылыс ісіне басшылық жасауды аумақтық принцип бойынша қайта құру (кеңестік халық шаруашылықтары). Партиялық жəне мемлекттік бақылау жасау ісін қосу. Əкімшіл-əміршіл жүйенің жандануы. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру. Асыл тұқымдық мал шаруашылығы. Ғылым жəне ғылыми-техникалық прогресс. Əлеуметтік саясат. Əскери-өнеркəсіп кешені. 1965 жылғы реформалар. Кеңестік индустриалық жүйенің дағдарысқа ұшырауы. Тоқыраудың жаңа кезеңі. М.Горбачевтің Бас хатшы болып сайлануы. Қайта құруға бағыт ұстау. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Азаматтық қоғамның өркендеуі. Кеңестердің рөлінің артуы. Жариялылық саясаты. Əлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Экономиканы тұрақтандыру əрекеті. Халықаралық саясаттағы жаңаша ойлау жүйесі. Ұлттық проблемалар. Орталықтандырылған басқару жүйесінің ыдырауы. Қоғамдық күштердің тарамдалуы. Халық депутаттарының съездері. Мемлекеттік төңкеріс əрекеті. (1991 жылғы тамыз). КСРО-ның ыдырауы. М. Горбачевтің «жаңаша ойлау» жүйесіндегі сыртқы саясат концепциясы.


12 тақырып. Постсоциалистік елдердегі саяси модернизация.

Орталық жəне Орталық-шығыс Европа елдеріндегі, Ресейдегі жəне ТМД-нің өзге елдеріндегі саяси модернизация. Посттоталитарлық қоғамдағы демократиялық процестер. Қоғамды демократияландыру процесінің негізгі бағыттары.1989 жылғы Шығыс Европа елдеріндегі ынтымақтастықтың бұзылуы жəне «социалистік достастықтың құлауы. Демократиялық нарықтық реформалар. ГДР: 1989 жылғы қазандағы толқулар. Венгрия: нарықтық демократияға бейбіт көшу. Венгр социалистік революциялық партиясының эволюциясы. Польша: польша біріккен жұмысшы партиясының эволюциясы. В. Ярузельскийдің рөлі: «дөңгелек үстел». Л. Валенсаның «ынтымақтастығы». Румыния: Е. Чаушеску диктатурасы. Болгария: болгар коммунистік партиясын реформалау. Ж.Желев. Югославия: ұлттық-жікшілдік қозғалыс. Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерінің рөлі. АҚШ жəне НАТО. Косово проблемасы. Демократия мен нарыққа көше бастау. Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінің даму перспективалары. КСРО-ның ыдырауы. СОКП-ның таратылуы. Коммунизмнің əлеуметтік-саяси қозғалыс жəне идеология ретіндегі дағдарысы. ТМД елдерінде көппартиялық жүйесінің қалыптасуы.


13 тақырып. Қазақстан қоғамының ұласуының əлеуметтік-экономикалық негіздері.

ҚР-дің егеменденуі. Қоғамда жаңа саяси құрылым жасақтаудың əлеуметтік-экономикалық негіздері. Қазақстанның экономикалық жəне əлеуметтік құрылымын түрлендірудің кейбір қырлары. Əлеуметтік даралануы. Əлеуметтік саясаттың эволюциясы. Орнықты даму. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің рөлі. Жүргізілген əлеуметтік-экономикалық саясаттың ерекшелігі жəне алғашқы нəтижелер. Əлеуметтік саясат жəне экономика. Өзара байланыс жəне өзара тəуелділік. Əлеуметтік қорғау жүйесі. Реформалаудың «қазақстандық моделі». Қазақстан қоғамындағы орташа тап жасақтау проблемасы. Орташа таптың потенциалдық базасының шайылуы. Орташа таптың негізгі сипаттық ерекшеліктері. Қазақстанның саяси жүйесін модернизациялау факторы ретіндегі президенттік институт. Қазақстандағы президенттік жүйенің тегі мен қалыптасуы. Елдегі партиялық жəне сайлау жүйесін демократияландыру ісінде президенттің рөлі. Қазақстанда билік бөлу жүйесіндегі президент тұлғасы. Президенттің өкілдіктері. Олардың қоғамды демократияландыру ісіне ықпалы. Ел басының сыртқы саяси қызметі Қазақстан қоғамын табысты модернизациялау ісінің шарты ретінде. Президенттің сыртқы саясаттағы бастамалары. Көптармақты саясат.


14 тақырып. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ұластыру ерекшеліктері

ҚР парламенті билік бөлу жүйесінде:тарихи тамырлар мен перспективалар. Парламенттік институтты қалыптастыру ерекшеліктері. Парламенттік институтты қалыптастыру бағыттары. Атқарушы биліктің өкілдік биліктен басым болып шығуы. Екіпалаталы парламенттің артықшылықтары. Депутаттар қызметінің құқықтық негіздері. Парламенттік қызмет жəне парламенттік бақылау. Парламенттік фракциялар мен бірлестіктер. Азаматтық қоғам қалыптасуы. Азаматтық қоғамның құқықтық негіздері. Өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу, азаматтардың еркін бастамалары жəне олардың бірлестіктерінің бастамалары принциптері. Республикада үкіметтік емес ұйымдарды дамытудағы проблемалар. Қазақстанда қоғамдық құрылымдардың жеткіліксіз дамуы.


15 тақырып. Қазақстанда саяси плюрализмнің дамуы жəне саяси мəдениеттің қалыптасуы

Социумның ұласу жағдайында партиялық жүйенің қалыптасуы жəне институттарға бөліну заңдылықтары. Саяси партиялардың идеологиялық бағдары. Жетекші саяси партиялар. Көппартиялық жүйенің қалыптасу факторлары. Қазақстандағы саяси жүйенің одан əрі институттарға жіктелу перспективалары. Қазақ ұлтының айрықша ерекшеліктері. Шығыстық ойлау жүйесі. Дүниетаным ерекшеліктері. Дəстүрдің саясатқа əсер етуі. Қазақ консерватизмінің ерекшеліктері. Топшылдық қазақтардың ұлттық мінезінің дəстүрлі қыры ретінде. Қазақстан халқының саяси құндылықтар жүйесі. Қазақстандағы саяси мəдениет ерекшелігі. Трайбализм. Билікке бас ие қарау. Консерватизм. Дəстүршіліктің қоғамдық-саяси жағынан модернизациялау ісіне ықпалы. Саяси элита арасындағы патронаттық-клиентарлық қатынасты сақтап қалуы. Қоғамның құрылымдық-атқарымдық тұрғыдан жаңаруы.



4.3 Семинар сабақтардың мазмұны мен тізімі
1) Тақырып 1. Кіріспе

  1. Жаңа дəуір уақыты мен қазіргі замандағы кезеңдердің сапалық тұрғыдан əртүрлігі.

  2. Дамудың фазалары мен кезеңдердің бүтіндігі.

  3. Меркантилизм кезеңі жəне буржуазиялық революциялар дəуірі.

Ұсынылған әдебиет [2] б. 10-32, [4] б. 51-194.
2) Тақырып 2. Саяси даму: ұғымы мен критерийлері

  1. Даму жөніндегі зерттеулер санаттары (категориялары).

  2. Г.Алмонд. Б. Пауэлл «салыстырмалы саясаттану: даму тұрғысынан көзқарас».

  3. К. Дойч «ұлтшылдық жəне əлеуметтік коммуникация».

Ұсынылған әдебиет [1] б. 25-98, [8] б. 82-99.
3) Тақырып 3. Саяси даму пішіні түріндегі саяси модернизация

  1. Саяси модернизацияны жасақтаушы негізгі бөліктер жəне саяси модернизация процесінің белгілірі.

  2. С. Хантингтонның əлеуметтік институттардың өзгеріске ұшырауы, С. Верба, Л. Пайдың қоғамдық психологияның өзгеріске ұшырауы туралы пікірлері.

  3. У. Мур, А. Экстайнның қоғамның индустрияландырылуы туралы, Р. Грифтің ауыл шаруашылығындағы реформалар туралы пікірлері.

Ұсынылған әдебиет [4] б. 40-65, [9] б. 81-132.
4) Тақырып 4. Саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт

  1. Əртүрлі елдердегі президенттік институтының заңнамалық базасы.

  2. Президенттік аппаратының ұйымдық-басқарушылық құрылымдары.

  3. Ілеспе модернизация елдеріндегі президенттік институттың ерекшеліктері.

Ұсынылған әдебиет [2] б. 27-98, [6] б. 11-56.
5) Тақырып 5. Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация

  1. Қазіргі қоғамдағы саяси элитаның əлеуметтік өкілдігі. Құрылуы, қоғамдағы орны.

  2. Интеллектуалдық жəне саяси элиталардың саяси модернизациядағы рөлі.

  3. Интеллегенция мен биліктің өзара əрекеттесуі.

Ұсынылған әдебиет [3] б. 41-152, [9] б. 61-89.
6) Тақырып 6. Қоғамдағы саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі

1. Демократия. Құқықтық мемлекет.

2. Азаматтық қоғам. Адам жəне құндылықтар.

3. Құндылықтар қақтығысы. Модернизация идеологиясы.



Ұсынылған әдебиет [1] б. 50-112, [8] б. 66-103.
7) Тақырып 7. Табиғи модернизация

1. 1929-1933 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, оның АҚШ-тағы ерекшелігі.

2. Рузвельттің «жаңа бағыты» реформалары экономиканы мемлекеттік реттеудегі либералдық моделі ретінде.

3. АҚШ-тағы кейінгі индустриалдық модернизация.



Ұсынылған әдебиет [5] б. 90-98, [6] б. 21-116.
8) Тақырып 8. Бейтабиғи модернизация

1. Неодəстүршілдік. Жалған модернизациялау.

2. Олигархиялық модернизация: Гватемала, Сальвадор, Никарагуа.

3. Тоқырау диктатурасы (Заир). Камерундегі «басқарылатын демократия» концепциясы.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 12-58, [4] б. 82-99.
9) Тақырып 9. Ресейдегі модернизация тəжірибесі

1. I Александрдің ішкі жəне сыртқы саясаты.

2. ІІ Александрдың ұлы реформалары жəне олардың салдары.

3. Мемлекет қайраткері ретінде ІІ Николай. С.Ю. Витте, оның бағдарламасы.



Ұсынылған әдебиет [4] б. 23-114, [7] б. 31-75.
10) Тақырып 10. Тоталитарлық саяси жүйе аясындағы модернизация

1. Жаңа экономикалық саясаттың дағдарысы, оның өтпелі сипаты.

2. Орталықтандырылған экономиканы жоспарлау жəне басқару.

3. Ресейдегі көптармақты проблема ретіндегі өнеркəсіптік модернизация.



Ұсынылған әдебиет [3] б. 54-98, [8] б. 81-216.
11) Тақырып 11. КСРО-дағы модернизация

1. 1965 жылғы реформалар. Кеңестік индустриалық жүйенің дағдарысқа ұшырауы.

2. Тоқыраудың жаңа кезеңі.

3. Қайта құруға бағыт ұстау.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 24-68, [3] б. 121-210.
12) Тақырып 12. Постсоциалистік елдердегі саяси модернизация

1. ГДР: 1989 жылғы қазандағы толқулар.

2. Венгрия: нарықтық демократияға бейбіт көшу.

3. Польша: польша біріккен жұмысшы партиясының эволюциясы.



Ұсынылған әдебиет [1] б. 80-98, [8] б. 61-127.
13) Тақырып 13. Қазақстан қоғамының ұласуының əлеуметтік-экономикалық негіздері.

1. Əлеуметтік саясат жəне экономика. Өзара байланыс жəне өзара тəуелділік.

2. Əлеуметтік қорғау жүйесі.

3. Реформалаудың «қазақстандық моделі».



Ұсынылған әдебиет [4] б. 10-28, [5] б. 31-97.
14) Тақырып 14. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ұластыру ерекшеліктері

1. Екіпалаталы парламенттің артықшылықтары.

2. Депутаттар қызметінің құқықтық негіздері.

3. Парламенттік қызмет жəне парламенттік бақылау.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 34-112, [6] б. 81-106.
15) Тақырып 15. Қазақстанда саяси плюрализмнің дамуы жəне саяси мəдениеттің қалыптасуы

1. Көппартиялық жүйенің қалыптасу факторлары.

2.Қазақстандағы саяси жүйенің одан əрі институттарға жіктелу перспективалары.

3. Қазақ ұлтының айрықша ерекшеліктері.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 14-119, [3] б. 48-123.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
Пәнді меңгеру барысында, тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес Сіз мына аудиториядан тыс жұмысты орындауыңыз керек:

- дәріс материалына кірмеген, бірақ типтік оқу бағдарламасына сай қосымша тақырыптарды меңгеру;

- оқылған дәріс материалын дәрістер конспектілері, оқулықтар мен оқу құралдары бойынша меңгеру;

- семинар сабақтарына дайындалу;

- аралық және қорытынды бақылауға дайындалу;

- глоссарийді жазу және жаттау.

Практикалық сабақтарға дайындалу үшін орта есеппен 1 сағат (бір сабаққа) бөлінеді. Пән бойынша практикалық сабақтарға дайындалу үшін және қосымша материалды меңгеру үшін тапсырмалар, ресімдеуіне қойылатын талаптар, әдістемелік нұсқаулар алдынғы сабақтарда беріліп тұрады.
4.4.1. СӨЖ мазмұны

(оқу формасы – күндізгі)

1654

СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәрістік сабақтарға дайындық




Сабаққа қатысу

25

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу, үйге берілген тапсырмаларды орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

25

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалдарды оқып-үйрену

Конспект

Ауызша жауап

30

5

Бақылау шараларына дайындық




МБ-1, МБ-2

10




Барлығы







90


4.4.2. Өзіндік зерделеуге арналған тақырыптар
1) Тақырып 1. Кіріспе

Индустрияландырудың ерте кезеңі жəне өнеркəсіп революциясы кезеңі. Ғылыми-техникалық революция дəуірі. Қазіргі заманды франк тұрғысынан түсіндіру. П. Вагнердің қазіргі заманды дəуірлеуі. «Батыс» ұғымы. Жаңа саяси жүйенің қалыптасуы. Вестфаль парадигмасы. Филадельфия парадигмасы. Т. Иногучидің геосаяси, геоэкономикалық жəне геомəдени қырлар іліміндегі парадигмалардың негізі.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 10-32, [4] б. 51-194.
2) Тақырып 2. Саяси даму: ұғымы мен критерийлері

«Модернизациялау саясаты» Мешеу даму теориясы. Таптық теориялар. 1990-жылдар: бұрынғы жəне жаңа бағыттарға баға беру. Саяси дамуға оңтайлы жағдай туғызатын негізгі шарттар. Саяси дамудың негізгі түрлері. Реформа жəне революция: ұғымдар мен типологиясы. Саяси дамудағы критерийлер. Құрылымдық даралау (дифференциация).

Ұсынылған әдебиет [1] б. 25-98, [8] б. 82-99.
3) Тақырып 3. Саяси даму пішіні түріндегі саяси модернизация

Табиғи (органикалық) жəне бейтабиғи (бейорганикалық) модернизация. тарихтағы модернизацияның тарихи кезеңдері. Институтталу жəне саяси даму мен модернизация концепцияларындағы «дəстүр» проблемасы. Саяси жүйенің институтталу мен дəстүрлі қоғамның қазіргі қоғамға көшу проблемаларының өзара байланыстылығы. «Дəстүр жəне «дəстүрлік» ұғымдары: əртүрлі көзқараста.



Ұсынылған әдебиет [4] б. 40-65, [9] б. 81-132.
4) Тақырып 4. Саяси модернизация құралы ретіндегі президенттік институт

Ілеспе модернизация елдеріндегі президенттік институттың ерекшеліктері. Президенттік институт рөлінің күшеюі. Биліктің дербестенуі. Модернизацияның «авторитаризм». Жалған модернизациялық авторитарлық

режимдер.

Ұсынылған әдебиет [2] б. 27-98, [6] б. 11-56.
5) Тақырып 5. Интеллектуалдық элита жəне саяси модернизация

Интеллигенцияның қазіргі қоғамдағы өзгеріс үстіндегі жіктемелік (стратификациялық) құрылымдағы перспективалары. Саяси лидерлер, олардың модернизация процестеріндегі саяси рөлінің қызметі.



Ұсынылған әдебиет [3] б. 41-152, [9] б. 61-89.
6) Тақырып 6. Қоғамдағы саяси модернизациялаудың тарихи қажеттілігі

Модернизация идеологиясы. Дəстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға көшудің қажеттілігі. Модернизация процесіндегі ерекшеліктер, қарама-қайшылықтар.



Ұсынылған әдебиет [1] б. 50-112, [8] б. 66-103.

7) Тақырып 7. Табиғи модернизация

1920 жылы сайлау жүйесінің өзгеруі. Дирижизм. 1946 жылғы конституция ıvреспублика. Шарль де Голльдің коалициялық үкіметі. Жаңа конституцияның қабылдануы. (1958 жыл) v республиканың құрылуы. Де Голльдің күшті президенттік билігі. Аралас президенттік-парламенттік түзім.



Ұсынылған әдебиет [5] б. 90-98, [6] б. 21-116.
8) Тақырып 8. Бейтабиғи модернизация

Түрік қоғамдағы əскерилер рөлі. Авторитарлық жағдайда кең көлемдегі консенсус негізінде модернизациялау (Оңтүстік-Шығыс- Азия елдері жəне т.б.). Қытайдағы модернизация. Бірте-бірте модернизациялау. Эволюционизм. Дэн Сяо Пиннің қызметі жəне модернизацияның қытайлық моделі.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 12-58, [4] б. 82-99.
9) Тақырып 9. Ресейдегі модернизация тəжірибесі

Бірінші орыс революциясы (1905- 1907). Ресейде саяси партиялар жүйесінің жасақталуы (1905-1907). Елдің орталығы мен шеттегі аймақтарындағы саяси өмір. Ұлттық саяси партиялар. Ресей парламентаризмінің қалыптасуы. Столыпиннің аграрлық реформасы. Дүниежүзілік соғыс жəне орыс қоғамы. 1917 жылғы орыс революциясы.



Ұсынылған әдебиет [4] б. 23-114, [7] б. 31-75.
10) Тақырып 10. Тоталитарлық саяси жүйе аясындағы модернизация

«Ұлы бұрылыс» қарсаңындағы елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы. 20 жылдардағы саяси түзім, мемлекеттік құрылыс. Күштеу аппаратын жасау ісінің аяқталуы. 1937-1938 жылдардағы жаппай репрессия. «Əскерилер ісі» И.Сталиннің жеке билік ету түзімінің дүниеге келуі. 1936 жылғы конституциясы.



Ұсынылған әдебиет [3] б. 54-98, [8] б. 81-216.
11) Тақырып 11. КСРО-дағы модернизация

Халықаралық саясаттағы жаңаша ойлау жүйесі. Ұлттық проблемалар. Орталықтандырылған басқару жүйесінің ыдырауы. Қоғамдық күштердің тарамдалуы. Халық депутаттарының съездері. Мемлекеттік төңкеріс əрекеті. (1991 жылғы тамыз). КСРО-ның ыдырауы. М. Горбачевтің «жаңаша ойлау» жүйесіндегі сыртқы саясат концепциясы.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 24-68, [3] б. 121-210.
12) Тақырып 12. Постсоциалистік елдердегі саяси модернизация

Демократия мен нарыққа көше бастау. Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінің даму перспективалары. КСРО-ның ыдырауы. СОКП-ның таратылуы. Коммунизмнің əлеуметтік-саяси қозғалыс жəне идеология ретіндегі дағдарысы. ТМД елдерінде көппартиялық жүйесінің қалыптасуы.



Ұсынылған әдебиет [1] б. 80-98, [8] б. 61-127.
13) Тақырып 13. Қазақстан қоғамының ұласуының əлеуметтік-экономикалық негіздері.

Қазақстанда билік бөлу жүйесіндегі президент тұлғасы. Президенттің өкілдіктері. Олардың қоғамды демократияландыру ісіне ықпалы. Ел басының сыртқы саяси қызметі Қазақстан қоғамын табысты модернизациялау ісінің шарты ретінде. Президенттің сыртқы саясаттағы бастамалары. Көптармақты саясат.



Ұсынылған әдебиет [4] б. 10-28, [5] б. 31-97.
14) Тақырып 14. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ұластыру ерекшеліктері

Өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу, азаматтардың еркін бастамалары жəне олардың бірлестіктерінің бастамалары принциптері. Республикада үкіметтік емес ұйымдарды дамытудағы проблемалар. Қазақстанда қоғамдық құрылымдардың жеткіліксіз дамуы.



Ұсынылған әдебиет [2] б. 34-112, [6] б. 81-106.
15) Тақырып 15. Қазақстанда саяси плюрализмнің дамуы жəне саяси мəдениеттің қалыптасуы

Қазақстандағы саяси мəдениет ерекшелігі. Трайбализм. Билікке бас ие қарау. Консерватизм. Дəстүршіліктің қоғамдық-саяси жағынан модернизациялау ісіне ықпалы. Саяси элита арасындағы патронаттық-клиентарлық қатынасты сақтап қалуы. Қоғамның құрылымдық-атқарымдық тұрғыдан жаңаруы.



Ұсынылған әдебиет [1] б. 90-98, [5] б. 34-46.

Әдебиет тізімі

Негiзгi:


  1. Шутов А.Ю. Саяси процесс. Алматы: Логос, 2011.

  2. Штомпка П. Әлеуметтік өзгерістер социологиясы. Алматы, 2009.

  3. Мухаев Р.Т. Саясат теориясы. ЮНИТИ. Алматы,2010.

  4. Эйзенштадт Ш. Революция және қоғам өзгеруі. Астана, 2010.

  5. Хантингтон С. Өркениеттер қақтығысы. Астана, АСТ, 2009.


Қосымша:


  1. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б., Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. А.: 2010

  2. Елмұратов Ғ.Ж. Транзиттік қоғамдағы әлеуметтік-саяси талдау мәнмәтіңдегі саяси модернизация теориясы. // Қазақ өркениеті, № 4, Алматы 2008.

  3. Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана,.2011.

  4. Аристотель. Саясат. Шығармалары. М., 2009. Т.4.

  5. Исаев Ә. Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру // Саясат. 2008. №6



Мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасынан көшірме





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/29





5В050200 «Саясаттану» мамандығының

Жұмыс оқу жоспарынаң көшірме

Пән атауы: «Саяси модернизация»


Оқыту формасы

Пәннің көлемі

Семестр бойынша бақылау формасы

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академиялық сағат

кредиттер

Аудиториялық сабақтар

(ак.сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емтихан.

сынақ

КП

КЖ

барлығы

дәрістер

тәж.

лаб

барлығы

СӨЖМ

күндізгі

3

135

45

90

4

-

-


-

6 3 45 30 15 90 22,5

Кафедра меңгеруші _____________ Ғ.Н. Иренов « 15 » қараша 2012 ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет