ЖҰмыс бағдарламасы «Қазақстаның қазіргі заман тарихы»



бет1/3
Дата28.06.2016
өлшемі409.87 Kb.
#163497
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3

Жұмыс оқу бағдарламасының титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30













Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті
Тарих кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақстаның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

5В020300-Тарих мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_________ п.ғ.д., проф. Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»________


Құрастырушы: ___________аға оқытушы Қасқабасова А.А.

Тарих, археология және этнология кафедрасы

5В020300-Тарих мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақстаның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 050203Тарих мамандығының мемлекеттік стандарты ҚР МЖМБС 3.08.264-2006 және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысында негізінде әзірленді және С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінде «___» _________20__ж. бекітілді
Кафедра отырысында ұсынылған « » 201 ж.

Хаттама №

Кафедра меңгерушісі _____________ Мамытова С.Н

Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған

« » 201 ж. Хаттама №
ӘК төрайымы ______________ Батталов К.К.
КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы___________ Акишев А.А. «___» ___________200__ж.



ОӘБ ҚҰПТАЛҒАН

ОӘБ бастығы________ Варакута А.А. «___» _________200__ж.


Университеттің оқу әдістемелік кеңесімен мақұлданған «_____»______________20__ж. Хаттама №____
1.1 Пәннің мақсаты – Қазақстанда Кеңестік коммунистік жүйенің қалыптасуы, тұрақтануы, дағдарысы және құлдырауы процесстерін зерттеу. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу ерекшелігін зерттеу. Оның әлемдік кеңістікте алатын орнын анықтау. Осыған байланысты келесі міндеттер анықталды.

1.2 Пәннің міндеттері

  • Студенттерде тұжырымдамалық теориялық проблемаларды түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақстанда тарихи процессте жалпы және жеке құбылыстарды анықтау, такрихи заңдылықтарды ажырата білу, себеп салды байланыстарды анықтау дағдыларын қалыптастыру;

  • Студенттерге хронологиялық тұрғыдан Қазақстанның қазіргі замаңғы тарихи білімнің соңғы жетістіктері негізінде кең фактологиялық мәліметтерді беру;

  • XX –XXI жүзжылдықтың бас кезіндегі құбылыстарды жаңа теориялық методологиялық проблемалар аясынан түсіндіру;

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихи процесстерінің мазмұнын ашу.

1.3 Білімдер мен дағдылар

Пәнді оқу барысында студент білуі тиіс:



  • Қазақ халқының тарихи жолы, әлемдік және еуразиялық тарихи және мәдени интеграциялық процесстерде алатын орны жөнінде;

  • Өткен оқиғаларды бағалауда жаңа тұжырымдамалық тұрғыларды пайдалану, жаңңа ғылыми дискуссияларды жүргізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе алу икемдері қолдана білу.

Пәнді оқу барысында студен келесі дағдыларды қалыптастыруы керек:

  • Материалды жұрыс баяндау, өз қорытындыларын дұрыс аргументтеу, тұжырымдау;

  • Ауызша материалды баяндай білу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу;

  • Өздік түрде сынми көзқараспен қолда бар болған ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу, семинарға осы материалды пайдалана білу;

  • Тарихи деректерді талдай білу;

  • Көрнекі құралдарды қолдана білу: карталар, кестелер, оларды оқу процессі барысында қолдана білу.

2 Пререквизиттер Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеу үшін келесі пәндерді білуі тиіс:

  • Қазақстанның ежелгі тарихы; Қазақстанның ортағасырлар тарихы; Қазақстанның жаңа заман тарихы; Ежелгі дүние тарихы; Ортағасырлар тарихы; Азия және Африка, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы; Философия.

3 Постреквизиттер

Пәнді зерттеу барысында студенттер тарихи эволюциялардың заңдарын түсіну, тарихишылық принциптер негізінде тарихи өткенді зерттей білу, қазіргі заман фактілер мен құбылыстарын талдай білу, мұрағат құжаттарымен жұмыс істей білу



4 пәннің мазмұны
4.1 пәннің тақырыптық жоспары

№ п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8




5 семестр

1

Кіріспе .

1

1










6

2

Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде.

1

2










6

3

1917ж. Ақпан буржуазиялық демократиялық революцияы Ресейде және Қазақстанда

1

2










6

4

20ғ бас кезінде Қазақстан мәдениеті.

2










6

5

1917ж. Қазаң төнкерісі және оның алғы шарттары

2

2










6

6

Азаматт соғысы– халық тағдыры (1918-1920жж.)

2

2










6

7

Қазақ кеңес мемлекеттілігінің қалыптасуы.

2

2










6

8

Қазақстандағы ЖЭС

2

2










6

9

Ұжымдастыру – шаруашылықтың тағдыры.

2

2










12




Барлығы 5 семестрде

15

15










60




6 семестр

10

Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, көлемі және географиясы.

2

2










6

11

20-30-ы жж Қазақстанда мәдени құрылыс.

2

2










6

12

Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде

2

2










6

13

ҰОС Қазақстан мәдениеті.

2

2










6

14

1946-1970жж. Қазақстанның қоғамдық саяси және экономикалық жағдайы

2

2










6

15

70-80-і жж Қазақстан

2

2










6

16

Қазақстан егемендік жолында.

1

1










6

17

Қазақстан – егемен, тәуелсіз мемлекет.

2

2
















Барлығы 6 семестрде

15

15










60




Барлығы

30

30










120

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Кіріспе дәріс.

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның қазіргі заман тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі ретінде. Қазіргі заман тарихы бойынша деректер, оларды ерекшелігі. Пәннің тарихнамасы


Тақырып 2 Қазақстанда 1916 ж ұлт азаттық көтеріліс..

Көтеріліс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяи дамуы. Көтерілістің алғышарттары. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Австро-Венгрия, Гермен тұтқындарының Қазақстанға көшірілуі. XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік, сауда-ақша қатынастарының қалыптасуы. XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1916 ж. көтеріліс.


Тақырып 3 1917ж. Ақпан буржуазиялық демократиялық революцияы Ресейде және Қазақстанда

1917 ж. Қазақстан. Ұлт-азаттық және ұлттық демократиялық қозғалыстар. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция, оның Қазақстанға жасаған ықпалының ерекшеліктері. В.И. Лениннің қоғамдық – саяси қызметі. Кеңес мүшелерінің құрылуы. 1917 ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш» қозғалысы және партиясы, «Үш жүз», «Шуро- и улемия» т.б.


Тақырып 4 20ғ бас кезінде Қазақстан мәдениеті.

ХХ ғ. басында Қазақстанда ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстардың қайта көтерілуі. Қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы. (Ә.Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, ағайынды Досмұхамедовтар, М. Тынышбаев, Ш. Құдайбердиев т.б.). Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуындығы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.


Тақырып 5 1917ж. Қазаң төнкерісі және оның алғы шарттары

Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының революцияға қатынасы. Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері (Отарлық революция), «Қаланың революциясы» т.б. мәселелер бойынша туралы дисскусиялар.

Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі саяси-әлеуметтік жағдайы. Азаматтық қарсыласудың басталуы. ІІ жалпы қазақ съезі және оның ұлттық автономия құру туралы шешімі. «Алаш» партиясы – саяси күрес факторы. «Қоқан автономиясын» талқандау. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оның қоғамның қабылдауы.
Тақырып 6 Азаматт соғысы– халық тағдыры (1918-1920жж.)

Саяси ситуацияның ұшуға түсуі, азаматтық қарсыласудың одан әрі өршуі. Қазақстанның солтүстігі мен Солтүстік-шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан соғыс қимылдары жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал, Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. Халық баррикадалардың әр түрлі жақтарында: азамат соғысы кезінде қоғамның соғыс – саяси жағынан дифференциялануы. «Ақ» және «Қызыл» террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қозғалыстардың ролі мен орны. «Революциялық», «контрреволюциялық» өкіметтердің жүргізген идеологиясы, саясаты, ісі. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси қорытындылары.


Тақырып 7 Қазақ кеңес мемлекеттілігінің қалыптасуы.

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы. Ревкомдардан Кеңестерге көшу. РСФСР БОАК мен ХКК-ның Түркістан ісі жөніндегі Комиссиясының қызметі. Кеңес үкіметінің 1920 ж. 26 тамыздағы «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік республикасын құру туралы» Декреті. ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі. «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» және оның мазмұны. Республиканың орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылуы.


Тақырып 8 Қазақстандағы ЖЭС

ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Орта және ұсақ өнеркәсіпорындарын денационализациялау. Тауар-ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы (саудаға еркіндік беру, еңбекке заттай ақы төлеуді ақшамен ауыстыру, 1922 – 1924 жж. ақша реформасы). Азық-түлік диктатурасын жою (алым-салық салғыртын салық қатынастарымен ауыстыру).

Социалистік, капиталистікке дейінгі және стихиялық-рыноктың тенденцияларын күресі: «кім-кімді» мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымның қалыптасуы. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы және оның нәтижесі.

Өнеркәсіпті, транспортты және ауылшаруашылығын қалпына келтірудің басталуы. Кооператив қозғалысы. Сауданың дамуы. Тарихнамадағы ЖЭС-тің аяқталу кезеңі туралы мәселе.

ЖЭС-тің идеологиясынан шегінудің басталуы. 1921-1928 жж. ауылшаруышылық өнімдерін дайындауға дағдарыс. Ауыл шаруфшылық өнімдерін дайындауды күштеуге көшу. Салық режимінің күшеюі. Шаруаларға қарсы жаппай репрессияның өрістей бастауы
Тақырып 9 Ұжымдастыру – шаруашылықтың тағдыры.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.

«Сталиндік аграрлық революция»: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын мемлекет қарамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу проблемасының механизмі.Көшпелелер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің күштеу саясаты. «Отырықшыландыру» саясатының экологиялық, рационалдылық, экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділік мәселелері туралы. Көшпелілерді отырықшыландыруға ауыстырудың экономикалық және саяси мақсаттары : «Таптық қыспақтың» өршуі. Кулактар мен байлардың шаруашылығын жоюға бағыт алу. «Кулактарды» жою. Қазақстанның дәстүрлі құралымын біржолата бұзу және оның трагедиялық салдары. 1932 – 1933 жж. аштық. Халықтың жаппай қоныс аударуы. Шаруалардың қарсылық қозғалыстары. Шаруалардың бас көтерулерін кеңестік режимінің басып жаншуы.
Тақырып 10 Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, көлемі және географиясы.

КСРО-ның халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспары және ондағы Қазақстанның орны.

Республиканың өнеркәсіп инфраструктурасының ұлғаюы. Өндіргіш күш құрылымы өндіруші сектор-доминант (шикізат өндіруге бағыт алу). Жұмысшы табы кадрлары қалыптасуының ерекшеліктері. Урбанизациялау процесі.
Тақырып 11 20-30-ы жж Қазақстанда мәдени құрылыс.

Халыққа білім беру. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Латындандырылған алфавитке көшу. 20-30 жж. Халық ағартудың ұлттық жүйесін жасауға интеллигенцияның қосқан үлесі. Жалпы білім беретін мектептің жетістіктері. Орта арнаулы оқу орындары. Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындары. Ғылымның және ғылыми мекемелердің қалыптасуы Қазақстан зерттеу қоғамы. КСРО-ҒА Қазақ филиалының қызметі (ҒА Қаз Ф). Қаз АССР Наркомпросы. А.Байтұрсынов пен басқа да мәдениет қайраткерлінің ұлттық шығармашылық интеллегенцияны топтастырудағы рөлі.

1936 ж. қазақ өнерінің Мәскеудегі тұңғыш декадасы. Бейнелеу өнері (Н. Хлудов, Ә.Қастеев). Кітап басып шығару және баспасөз. Қазақстандағы мәдени құрылыстың тәжірибесі. Мәдени құрылыстың келеңсіз және жағымды жақтары. Ұлттық интеллигенцияның трагедиялық тағдыры.
Тақырып 12 Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде

Фашистік Германияның СССР –ге шабуылы. Соғыстын басталуы,оның сипаты. Қазақстан фашистік Германияның жоспарларында. Қазақстандықтар майданда. Брест қамалы қорғаушыларының ерліктері. Алғашқы Қазақстандық батырлар, 28-панфиловшылар.

Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының барысындағы түбірлі өзгеріс кезеніңде (1942ж. қараша 1943ж.). Қазақстандықтардың неміс әскерлерін Сталинград түбіндегі талқандаудағы ерліктері. Неміс фашист әскерлерін Курскі доғасында талқандау және оған қазақстандықтардың қатысуы.

Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж). Қазақстандықтардың Орталық және Оңтүстік шығыс Еуропа халықтарын фашистік оккупанттардан азат ету шайқастарына және Берлинге штурм жасауға қатысуы.


Тақырып 13 ҰОС Қазақстан мәдениеті.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанда мәдениетің және ғылымның дамуы. Қазақстан ғалымдарының жауға қарсы қосқан үлесі


Тақырып 14 1946-1970жж. Қазақстанның қоғамдық саяси және экономикалық жағдайы

Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Қазақстан территориясында ядролық полигондардың салынуы. Саяси репрессияның жалғасуы. Е.Бекмаханов ісі. «Лагерлік экономика» (Карлаг, Степлаг т.б.).

Қазақстан «Xрущев декадасы» жылдарында (1953-1964жж.).

Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт алу (1953 ж. қыркүйек), КПСС Орталық Комитет пленумы және оның шешімдері (ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасының өсуі, ауыл шаруашылығы салықтарының кемуі). КПСС ХХ съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау, тікелей Сталинизмнен бастарту емес. Экономиканы басқаруды реформалау. Совнархоздар- халық шаруашылығын территориялық - өндірістік басқару принципі


Тақырып 15 70-80-і жж Қазақстан

«Қайта құру» саясатының негізгі кезендері және олардың сипаттамасы. Реформаларға көнбейтін әміршіл- әкімшіл жүйе: реформалардың сәтсіздікке ұшырауы және жүйелі дағдарыстың өршуі. 1986ж. Алматыдағы Желтоқсандағы демонстрация – Кеңес мемлекетінің этноцетристік саясатының дағдарысы. Мемлекеттік тоталитаризм жағдайында қоғамдық қатынастарды демократияландыру туралы иллюцияның күлі көкке ұшты.

Формальды емес бірлестіктер құру әрекеттері: Экологиялық және ұлттық- мәдени қозғалыстардан алғашқы қоғамдық- саяси бірлестіктерге дейін.

СССР-дің ыдырауы қарсаңындағы жүйелі дағдарыстың шиеленісуі.

Кеңестік экономика мен әлеуметтік – саяси моделді дамыту үмітінің ақталмауы.
Тақырып 16 Қазақстан егемендік жолында.

Қазақстан тәуелсіздік жолында. Отандық тарих пен мемлекеттік тіл- Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке қарай жұмылдыратын әрі топтастыратын факторлар. Қазақтың ұлттық интелегенция өкілдерін: Ш.Құдайбердиевті, Ә.Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты т.б. ақтау (1988ж.). Тілдер заңы (1989) Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы деклорация (1990).

Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

СССР-ді реформалауға дайындық. 1991ж. 19 тамызда өкімет билігін Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің (ТЖМК) басып алуы. Новоогорев келісімінің сәтсіздікке ұшырауы. Қазақстан Компариясының кезектен тыс съезі және партияны тарату. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасы деп атау. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң (1991ж.). Даму жолын анықтау. Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД).

Одақтық келісімнің күшін жою және ТМД құру туралы 1992ж. Белобеж келісімі. Орта Азия мен Қазақстан республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы, ТМД құру туралы Алматы декларациясы (1991ж.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет