Жұмыс бағдарламасы «Қазақстанның Қазіргі заман тарихы»


Қазақстандағы  рухани,  шаруашылықтық  «тоқыраулар»  және



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата02.01.2022
өлшемі346.91 Kb.
#454099
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
f7cee3386af5b3fd39c106a75a0d5a7c

Қазақстандағы  рухани,  шаруашылықтық  «тоқыраулар»  және 

экологиялық дағдарыстар  

Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған 

біржақты  өзгерістер.  Л.Брежнев  бастаған  номенклатуралық  топтың  билікке 

келуі.  1965  –  1966  жж.  экономикалық  реформалардың  аяқсыз  қалуы. 

Экономиканың  экстенсивтік  үлгісінің  орнығуы.  Кеңестік  экономиканы 

басқару  тәсілдерін  орталықтандыру  тұрғысынан  өзгерту  және  өнеркәсіптік, 

аграрлық 

реформалардың 

қайшылықтары. 

Мемлекеттік 

меншіктің 

басымдылығы жағдайындағы кеңестік менеджмент жүйесінің және тұтастай 

модернизациялық  моделінің  тиімсіздігі.  Идеологиялық  тоқырау:  ресми 

марксизмнің  дағдарысы,  зиялылардың  астыртын  әрекеттері,  диссиденттік 

үйірмелер  қызметі.    60-70-  ші  жж.  қазақ  жастарының  бейресми  студенттік 

үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас тұлпар», т.б.). 

КСРО  өнеркәсібінің  дамуына  Қазақстанның  қосқан  үлесі.  Өнідірстегі 

өзін-өзі  басқарудағы  шектеулер  және  оның  дамуындағы  қайшылықтар. 

Жұмысшылардың 

әлеуметтік-тұрмыстық 

жағдайның 

келеңсіздігі. 

Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі. 

Әкімшіл  басқарудың  аграрлық  саладағы  қайшылықтарды  асқындыра 

түсуі.  Кеңестік  өкіметтің  ауыл  мен  деревняны  іс  жүзінде  кедейшілік  пен 

тоқырауға  ұшыратуы.  Ауыл  еңбеккерлерін  материалдық  ынталандырудың 

төмендеуі.  Аграрлық  саланың    басқару  мен  ұйымдастырудың  өмірге  жақын 

жаңа  түрлерін  енгізуге  бағытталған  біржақты  бастамалар  және  олардың 

сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді 

агроөнеркәсіптік  кешендерге  жоғарыдан  біріктірудің  тиімсіздігі.  Қазақ 

ауылының  келеңсіз  әлеуметтік-гуманитарлық  қырлары    «күнделікті  тарих» 

деректерінде.  

Еңбекақыны  төлеудегі  әділетсіз  теңгермешілік,  халықтың  басым 

бөлігінде  негізгі  табыстың  төмендеуі.  Партиялық-мемлекеттік,  әскери  және 

шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік 

әділетсіздікті  өрістете  түсуге  бағытталған  қадам.  Халықтың  материалдық 

тұрмыс  жағдайының  төмендеу  себептері.  Тұрғын  үй  мәселесіндегі 

шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының 

келеңсіз  тұстары:  ішкі  миграцияны,  соның  ішінде  қазақтардың  ауылдан 

қалаға  көші-қонды  тежеуді    паспорттық  жүйе,  «тіркеу»  (прописка),  тілдік 

кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл 

тұрғындарының  азаматтық  құқықтарына  қысым  жасау.    Ақшаның 

құнсыздануы.  Тұтыну  тауарларының  тапшылығы.  «Көлеңкелі  экономика» 

(қара  нарық),  криминалдық  топтардың  таралуы.  Экологиялық  дағдарыстар. 

Арал  қасіреті.  Оның  табиғи  экологиялық  және  техногендік  себептері.  

Кеңестік  милитаристік  империя  жасақтаған  әскери-өнеркәсіптік  кешенінің 

қазақ  халқына  тигізген  трагедиялық  зардабы:  Семей  ядролық  сынақ 

полигоны  (1949-1991).  Атомдық  радиациядан  болған  жергілікті  халықтың 




денсаулығындағы  генетикалық  зақымдар,    жаппай  онкологиялық, 

психикалық,  т.б.  аурулардың  таралуы.  Өнеркәсіп  өндірістерінің  қоршаған 

ортаны ластауы.  

 Мәдениет  пен  ғылым.  Жоғарыдан  әміршіл  басқарудың  күшеюінен 

мәдени  және  рухани  өмірдегі  қайшылықтардың  тереңдей  түсуі.  Ұлт 

саясатындағы  әділетсіз    бұрмалаушылықтардың  асқынуы.    Целиноград 

оқиғасы.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясын  тарылту.  Ғылым,  әдебиет  және  өнер 

саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет