Жұмыс бағдарламасы «Қазақстанның Қазіргі заман тарихы»


Тәуелсіз ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата02.01.2022
өлшемі346.91 Kb.
#454099
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
f7cee3386af5b3fd39c106a75a0d5a7c

 

Тәуелсіз ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар  

Қазақстандағы  ХҮІІІ-ХІХ  ғасыр  басындағы  отаршылдыққа  қарсы 

ұлттық  қозғалыстардың  мақсаты,  ерекшеліктері  және  тарихи  сабақтастығы. 

Қазақ  халқының  ұлттық  қозғалысының  бастаулары.  Ұлттық  қозғалыс 

түрлерін  сипаттау.  Қазақ  зиялыларының  қалыптасуы:  әлеуметтік  құрамы, 

білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. 

Ресей  империясының  түрік-мұсылман  халықтарының  интеллектуалды 

элиталарының  өзара  ықпалдасуы.  Мұсылмандардың  қайырымдылық 

қоғамдары  және  олардың  қызметі.    1905  жылғы  17  қазандағы  патша 

манифесі.  Қоғамда  орталық  биліктің  атына  арыз-тілектердің  жазылуы. 

Қарқаралы  петициясы.  Орал  және  Торғай  облыстарынан  дін  және  жерге 

байланысты  жазылған  арыз-тілектер.  Жер  мәселесінің  қойылуы.  Бұл 

құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты.  

Қазақтардың  Ресейдің  І  –  ІІ  Мемлекеттік  Думаларының  жұмысына 

қатысуы.  Думада  қазақ  жері  туралы  мәселенің  қойылуы  Б.Қаратаев, 

Т.И.Седельников  және  басқа  депутаттардың  қызметі.  Ә.Бөкейхановтың 

Мемлекеттік  дума  қызметіне  арналған  мақалалары.    Аграрлық  мәселе  және 

қазақ  депутаттары  А.Бірімжанов  пен  Б.Қаратаевтың  сөздері.  Қазақ  саяси 

элитасының (Ә.Н.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, 

Ш.Құдайбердіұлы,  М.Тынышбаев  және  т.б.)  қазақ  халқының  тарихы  мен 

мәдениетін  зерттеу  әрекеттері.  Ұлттық  зиялылар:  қалыптасуы,  құрамы, 

қоғамдық  қызметі.  Ғасыр  басындағы  қазақ  ағартушылығы:  ерекшеліктері, 

мақсаты,  жеке  тұлғалары.  А.Байтұрсынұлының  «Әліппе»  (Оқу  құралы) 

(1912).  Қазақ  кітаптары  және  оларда  көтерілген  қоғамдық  мәселелер. 




А.Байтұрсынұлының 

«Маса», 


М.Дулатұлының 

«Оян, 


қазақ!» 

Ш.Құдайбердіұлының, М.Ж. Көпейұлының, Ғ.Қараштың, Ә.Кердерінің және 

басқа  қазақ  жазушыларының  кітаптары.  Қазақ  әдеби  және  ғылыми  тілінің 

қалыптасуы.  «Айқап»  журналы  (ред.  М.Сералин),  «Қазақ»  газеті  (ред. 

А.Байтұрсынұлы). Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы. Қазақ 

ұлтшылдығы: ерекшеліктері, мақсаты, қорғаныстық сипаты.   

Ресейлік  түркіліктің  доктринасы:  қазақ  ұлттық  қозғалысының 

қалыптасуына  әсері.  Қазақ  зиялыларының    дума  жанындағы  мұсылман 

фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 маусым заңы бойынша қазақтан 

депутат  сайлау  құқының  жойылуы.  Қазақ  саяси  тобы    өкілдерінің 

жалпыресейлік  мұсылман  съездеріне  (С.-  Петербург,  Н.-  Новгород) 

қатынасуы. 

Империяның 

түрік-мұсылман 

халықтарының 

консолидациясындағы  «Иттифак-эль-муслиминнің»  (Мұсылмандар  одағы) 

рөлі.      Ұлт-азаттық  қозғалыс  басшыларын  қудалау.  Жандарымдық  – 

полицейлік тәртіптің күшеюі. 

  Бірінші 

дүниежүзілік 

соғыс 

жылдарындағы 



Қазақ 

өлкесі. 


Қазақстандағы  соғыс  тұтқындары.  Қазақстан  аумағындағы  халық  бұқарасы 

жағдайының  нашарлауы.  Жалпыұлттық  дағдарыстың  пісіп-жетілуі.  «Тыл 

жұмыстарына бұратаналарды реквизициялау» туралы 1916 ж. 25 маусымдағы 

жарлық, оның халыққа қарсы мәні. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның 

себептері,  қозғаушы  күштері,  басталуы,  барысы  және  негізгі  кезеңдері. 

Қозғалыстың  көшбасшылары:  А.Иманов,  Т.Бокин,  Б.Әшекеев,  Ә. 

Жанбосынов,  Ұ.  Саурықов  және  басқалар.  Қарқара  көтерілісі  («Албан 

көтерілісі») - 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт  - азаттық көтерілісінің Жетісу 

облысындағы  орталығы.  Орыс  әскерінің  жазалау  әрекеттері.  Көтерілістің 

жеңілу  себептері  және  тарихи  маңызы.  Патша  өкіметінің  жазалау 

шараларының  салдары.  Қазақтардың  Қытайға  (Құлжа  өлкесі,  Қашқар), 

Ауғанстанға  жаппай  иммиграциясының  алғашқы  толқыны.  1916  жылғы 

көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тылдағы қара жұмысқа алынған 

қазақ 


жастарының 

жағдайы. 

Ә.Бөкейхановтың 

шақыруымен 

тыл 

жұмысындағы  жастармен  жұмыс  істеуге  ұлт  зиялыларының  өз  еркімен 



аттаныуы.  Бұл  азаматтық  актінің  салдары  және  тарихи  маңызы.  Тәуелсіз  

Қазақстан  тарихнамасында  1916  ж.  көтерілісті  бағалауға  жаңаша 

көзқарастың қалыптасуы.  

Ресейдегі  ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы  және 

оның  Қазақстанға  ықпалының  ерекшелігі.  Саяси  партиялар:  большевиктер, 

кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» 

және  т.б.  Қазақстандағы  саяси  биліктегі  өзгерістер.  Уақытша  өкіметтің 

жергілікті  басқару  органдарының  құрылуы.  Революциялық  өзгерістерге 

байланысты  ұлт-азаттық  қозғалыстың  жаңа  міндеттері.    Қазақ  саяси 

басқарушы  тобының  Қазақ  комитеттерін  құруға  байланысты  шақырулары. 

Қазақ  комитеттерінің  құрылуы  ұлттық  мемлекеттілікті  жаңғырту  әрекетінің 

көрінісі.  Облыстарда  өткізілген  қазақ  съездері  және  оларда  қаралған 

мәселелер.  Ұлттық  саяси  топ  өкілдерінің  Уақытша  өкімет  органдары 

құрамындағы қызметі.  1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі 




Жалпықазақ  съезі  және  оның  Алаш  партиясын  құру  туралы  шешімі. 

Партияның 

бағдарламасы. 

Жалпыресейлік 

Құрылтай 

Жиналысына 

депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі.  

  Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу 

эволюциясы.  ЮНЕСКО  шешімімен  Алаш  қозғалысының  көшбасшысы 

Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі. 

Алаш  қозғалысының  100  жылдығы:  ұлттық  интеллигенцияның  саяси, 

мәдени-ағартушылық қызметіне жаңа көзқарастың қалыптасуы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет