ЖҰмыс бағдарламасы бакалавриат музыкалық шығармаларды фонетикалық ТҰРҒыдан оқыту



Дата17.06.2016
өлшемі153.48 Kb.
#141823
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА АКАДЕМИЯСЫ
Тілдер және әдебиет кафедрасы

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Бакалавриат

МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ

ФОНЕТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ

Курс – ІІІ

Семестр – ІҮ

Кредит саны –

Жалпы сағат саны – 68

Аудиториялық сағат – 34

СӨЖ – 34

Бақылау түрі – сынақ (8 семестр)

Астана 2006ж.

Оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеген:
Жұмашева Гүлжан Кенжеғалиқызы - филология ғылымдарының кандидаты;
Ташмағанбетова Әсем Жәлелқызы – тілдер және әдебиет кафедрасының оқытушысы;
Рецензия тілдер және әдебиет кафедрасы әдістемелік кеңесі мүшелерінің қатысуымен жазылды.

Тілдер және әдебиет кафедрасының мәжілісінде бекітілді, хаттама №............., .......................................... 2006 жыл.


ҚазҰМА-ның Оқу әдістемелік кеңесінде бекітілді, хаттама №........, .............................. 2006 жыл.

І. Кіріспе
Пәнге сипаттама.

Музыкалық ЖОО-да музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту –тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде бір-біріне ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, сөйлеу мен жазудың арақатынасы (орфография, орфоэпия) т.б. дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелерді музыкалық-теориялық тұрғыда оқытатын пән.



«Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні әсіресе вокалдық-хор факультеттерінде ән айту барысында дыбыстық заңдылықтарды сақтауда оқытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында дыбыстарды қарастырудың үш аспектісі (көзқарас, түр, сипат) ретіндегі ерекшелігі, вокалдық-хор технологиясының мәселелері қозғалып, хордың үндік элементтері бойынша жұмыс жасау туралы ұсыныстар беріледі.

Бакалавриаттың «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні мына пәндер негізінде және тығыз байланыста оқытылады: «Жеке ән салу әдістемесінің негіздері», «Музыкалық шығармаларды талдау».


Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиттер):

Жоғары буындағы «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» курсы вокалдық-хор факультеттерінде арнайы кәсіби пәндер негізінде тереңдетіліп оқытылады.



Оқу пәнінің мақсаты:

Бұл жаңа пәннің мақсаты – қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктерін, тілде болып жататын түрлі дыбыстық өзгерістер мен заңдылықтарын (акустикалық, физиологиялық, артикуляциялық, лингвистикалық) музыкалық шығармаларды орындау кезінде ғылыми-теориялық және практикалық қырынан игеруге машықтандыру.


Оқу пәнінің негізгі міндеттері

келесі білімдерді қалыптастырады:



  • дыбыс жүйесі туралы түсінік;

  • дикция, орфоэпия, орфография туралы жалпы түсінік;

  • үндестік заңын;

  • дыбысқа тән аспектілерді игеруді:

  • анатомия – физиологиялық аспект;

  • акустикалық (физикалық) аспект;

  • лингивистикалық аспект;

  • дыбыстардың алмасуларын, ерекшеліктерін:

  • А-Ә дыбыстарының ерекшеліктері;

  • Ы-І дыбыстарының ерекшеліктері, дауыссыз дыбыстармен байланысы;

  • Н-Ң дыбыстарының ерекшеліктері;

  • М дауыссызының біріккен сөздердегі ерекшелігі;

  • Қ-Ғ, К-Г дыбыстарының жасалу жолдары, тәуелдік жалғаумен байланысы;

  • Ұ-Ү-У дыбыстарының ерекшеліктері;

  • О-Ө дыбыстарының ерекшеліктері;

  • П-Б дауыссыздарының сөз бен қосымша арасындағы заңдылықтары;

  • П дыбысына аяқталатын сөздерге У дыбысының жалғану заңдылықтары;


II Әдістемелік ұсыныстар

«Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні екі бағытта оқытылады:


а) теориялық оқу (дәрістер)

ә) тәжірибелік игеру (семинарлар)



Теориялық оқу (дәрістер)

Дәріс курсының мазмұны қазақ тілі табиғатында кездесетін үндестік заңдарына, дауысты, дауыссыз дыбыстарының айтылуы мен жазылудағы айырмашылықтарына, соның ішінде қазақ тіліндегі төл дыбыстарына фонетикалық түсініктеме берумен, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтауда нақты музыкалық шығармалар арқылы оқытумен шектеледі. Атап айтқанда:



  • дыбыс жүйесі туралы түсінік;

  • дикция, орфоэпия туралы жалпы түсінік

  • ән айту барысындағы орфоэпия туралы ережелерін;

  • үндестік заңын;

  • дыбысқа тән аспектілерді игеруді:

  • анатомия – физиологиялық аспект;

  • акустикалық (физикалық) аспект;

  • лингивистикалық аспект;

  • дыбыстардың алмасуларын, ерекшеліктерін:

  • А-Ә дыбыстарының ерекшеліктері;

  • Ы-І дыбыстарының ерекшеліктері, дауыссыз дыбыстармен байланысы;

  • Н-Ң дыбыстарының ерекшеліктері;

  • М дауыссызының біріккен сөздердегі ерекшелігі;

  • Қ-Ғ, К-Г дыбыстарының жасалу жолдары, тәуелдік жалғаумен байланысы;

  • Ұ-Ү-У дыбыстарының ерекшеліктері;

  • О-Ө дыбыстарының ерекшеліктері;

  • П-Б дауыссыздарының сөз бен қосымша арасындағы заңдылықтары;

  • П дыбысына аяқталатын сөздерге У дыбысының жалғану заңдылықтары;


Тәжірибелік сабақтар (семинарлар)

Семинар сабақтарында тақырып бойынша жауаптары мен ұсынылған әдебиеттерді оқыту негізінде дәрістік материал бойынша білімдері бекітіледі.


Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттердің

өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)

ОСӨЖ аудиториялық сабақ түрі болып табылады және студенттерге пәннің оқу бағдарламасын дифференциялық түрде игеруге мүмкіншілік береді.



ОСӨЖ мақсаты – студенттің білімін түзету және тереңдете оқыту, кәсіби көзқарасын кеңейту, өзіндік зерттеу жұмыстары дағдысын дамыту.
ОСӨЖ нысандары:


  • Композиторлар туындыларын (шығармаларын) фонетикалық тұрғыдан талдау:

Л.Хамиди «Жайдарман»

А.Жұбанов «Қарлығаш», өңд. А.Молодов

М.Маңғытаев «Таң»

М.Маңғытаев «Жайлауда»

Б.Байқадамов «Су тасушы қыз»

Б.Байқадамов «Би-күй»

М.Сағатов «Биылғы май»

М.Сағатов «Тойбастар»

Ев.Брусиливский «Шолпан», өңд. А.Молодов

Ақан сері «Қараторғай», өңд. Д.Мацуцин

Абай «Сегіз аяқ», өңд. Қ.Қожамияров

Абай «Мен көрдім ұзын қайын құлағанын», өңд. Ғ.Жұбанова

Қазақ халық әні «Елім-ай», өңд. Ғ.Жұбанова

Қазақ халық әні «Шилі өзен», өңд. М.Сағатов

Ғ.Жұбанова «Жалғыз емен»

Абай «Көзімнің қарасы», өңд. Вл.Соколов

Абай «Айттым сәлем, Қаламқас», өңд. Д.Мацуцин

Абай «Желсіз түнде жарық ай»

Ә.Бозанов «Жәмилә қарындас»

Ш.Қалдаяқов «Арыс жағасында», өңд. А.Молодов

Л.Хамиди «Қайран шешем»

Ғ.Жұбанова «Дауыл»

Қазақ халық әні «Наз қоңыр», өңд. Жұмабекова

М.Сағатов «Домбыраға қол соқпа»

Л.Хамиди «Жарқын жаз»

Абай «Қыс», өңд. С.Мұхамеджанов

Қазақ халық әні «Япурай», өңд. М.Төлебаев




  • жаттығулар жұмысы;

  • жазбаша реферат;



Жазбаша рефератқа қойылатын талаптар

Жазбаша реферат пәнді теориялық және практикалық тұрғыда игерудің қорытындысы болып табылады. «Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні бойынша рефераттың ерекшелігі дыбыстар жүйесін (фонетикалық заңдылықтарды) музыкалық шығармалар арқылы жазба түрінде жан-жақты талдау. Ол үшін мамандықтан сабақ беретін оқытушымен келісіп, тақырып таңдап алынады. Жұмыс мөлшері талданатын тақырыптың көлемі мен күрделігіне, сонымен қатар терең мағыналығына байланысты анықталады.


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Студенттердің аудиториядан тыс жұмыс істеу нысаны.

«Музыкалық шығармаларды фонетикалық тұрғыдан оқыту» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы арнаулы әдістемелік әдебиетті оқуға, фонетика саласына тән заңдылықтарын игеруге және бекітуге бағытталған.

СӨЖ нысандары:


  1. Фонетика заңдылықтары бойынша музыкалық шығармаларды фонетикалық саласында талдау;

  2. Берілген тақырыпқа жоспар құру;

  3. Жаттығулар жұмысын орындау;

  4. Берілген әдебиеттерді оқу.



III. Бақылау нысаны бойынша жалпы мәліметтер
Аралық бақылау

Бақылау жұмысын ауызша немесе жазбаша өткізеді. Аралық бақылаудың болжаулы нысандары: ауызша сұрау (билет бойынша), тест.



ІҮ. Оқу нәтижесін бақылау және бағалау
Студенттің тілді игеру деңгейін тексеру жүйесі:



тест тапсырмалары

(грамматикалық минимум)



мәтінді

дұрыс оқу

(оқылым)


қазақ тіліне аудару (жазылым)

орыс тілінде мазмұндау

(айтылым)



сұрақтарға жауап беру, мәтін құрау (тыңдалым)

қорытынды баға

20 %

20 %

20 %

20 %

20 %

100 %




Әріптік жүйемен бағалау

Ұпайдың цифрлық баламасы

Ұпайдың проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А


4,0

95-100

өте жақсы 5

А-


3,67

90-94

В+


3,33

85-89

жақсы -4

В


3,0

80-84

В-


2,67

75-79

С+


2,33

70-74

Қанағаттанарлық 3


С


2,0

65-69

С-


1,67

60-64

Д+


1,33

55-59

Д


1,0

50-54

Ғ


0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Ү. Пәннің тақырыптық жоспары




Сабақтың тақырыптары

Барлық сағат саны

ОСӨЖ

СӨЖ

1

Дыбыс жүйесі туралы түсінік

1

1

2

Фонетикалық ерекшеліктер

2

2

3

Дикция, орфоэпия туралы жалпы түсінік

2

2

4

Үндестік заңы


2

2

5

Буын үндестігі

2

2

6

Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар

2

2

7

Дыбысқа тән аспектілерді: анатомия – физиологиялық аспект, акустикалық (физикалық) аспект, лингвистикалық аспект

2

2

8

Дыбыстардың алмасуы


2

2

9

А-Ә дыбыстарының ерекшеліктері

2

2

10

Ы-І дыбыстарына фонетикалық түсінік, дауыссыз дыбыстармен байланысы

2

2

11

Н-Ң дыбыстарына фонетикалық түсінік, айтылуы мен жазылудағы ерекшеліктері

2

2

12

М дауыссызының біріккен сөздердегі ерекшелігі

2

2

13

Қ-Ғ, К-Г дыбыстарының жасалу жолдары, тәуелдік жалғаумен байланысы

2

2

14

Ұ-Ү-У дыбыстарының ерекшеліктері мен айтылу тәртібі

2

2

15

О-Ө дыбыстары, соө ішінде алатын орны

2

2

16

П-Б дауыссыздарының сөз бен қосымша арасындағы өзгерістері

1

1

17

П дыбысына аяқталатын сөздерге У дыбысының жалғануы

2

2



Ү. Оқу пәнінің мазмұны
Дыбыс жүйесі туралы түсінік

Қазақ тіліндегі дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту мүшемізге сезілетін, әсер ететін әр алуан үн-дыбыстардың, сыбыс-сылдырлардың бәріне де қолданылады. Бірақ тілдің фонетика саласы дыбыс атаулыны ондай кең мағынада емес, тіл дыбысы яғни сөйлеу тілінің дыбыстары деген мағынада ғана қолданылады. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері, 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш, қуат - өкпеден шығатын ауа, 3) ауа толқырлық кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ қуыс мүшелері.


Фонетикалық ерекшеліктер

Фонетика – тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді.


Ән айтудағы дикция мен орфоэпия

Сөйлесудегі дикция.

Ән айтудағы дикция, оның ерекшелігі.

Әншілік дыбысталу үнімен әншілік дикцияның сабақтастығы және осыған байланысты артикуляцияның ерекшеліктері. Икемділікті дамыту және артикуляциялық аппараттың қозғалысы, ауыз, ерін, тіл, төменгі жақ - негізгі бөліктер. Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалыптасуындағы артикуляцияның анықтылығы. Дикцияның кемшіліктерін жою. Ансамбльдік орындаудың негізгі элементі ретінде дауысты және дауыссыздардың айтылуы мен біртұтастығын қалыптастыру. Сөздің айтылуының шығарма сипатымен сабақтастығы.

Ән айтудағы орфоэпияның ерекшеліктері:


  • дауысты дыбыстарды бейтараптандыру;

  • дауысты дыбысты біршама созу, жоғарылығы мен және дыбыс сапасын нақты бекіту;

  • дауысты дыбыстарды түрлі регистрлерде айту;

  • дауысты дыбыстарды редуцияланған жерде анық айту;

  • дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктері;

Дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясы.

Дауысты дыбыстардың әншілік редукциясы.

Дауысты дыбыстардың орфоэпиясы.

Әдеби тілде айтылу ережелері.

Оркестрлік сүйемелдеумен берілген шығармаларда тыңдаушыларға мәтінді анық жеткізу шарттары. Оркестр дауысының қаттылығына және мықтылығына байланысты мәтінді қабылдау тәуелділігі. Дауыссыздар кешені бойынша сөзді «тану» ұстанымы. Акустикалық тұрғысынан қарағанда айтылатын сөздегі дауысты, дауыссыздардың дыбысталу күші. Хор және оркестр дауысының қатынасын қалыптастыруда дауыссыздардың естілу анықтылығы бағдарының қажеттілігі.
Үндестік заңы

Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгеріңді – кейінді ықпал жасайды. Үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстармен де байланыста болады. Сөз бен қосымшаның, сөз бен сөз арасында бір – бірімен үндесіп, біріне бірі жасалуы, айтылу жағынан үйлесіп отырады. Морфемалардың біріңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімдеп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үйлесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Үндестік заңын екіге бөліп қараймыз: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, дауыстылар үндестігін буын үндестігі дейміз.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз арасында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі дейміз.




Дыбысқа тән аспектілер

Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтанда оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық аспект.



Анатомиялық-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б.) қосымша атқарады.

Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу аппараты дейді.

Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді.

Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.

Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.

Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр – дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен обертонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.

Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті шығады.

Дыбыстардың алмасуы

Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады.



Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісін (әлсізін) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді.

ҮІ. Әдебиеттер тізімі



  1. С.Мырзабеков. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі / Оқу құралы. Алматы - 1999. Сөздік-Словарь /

  2. Ш.К.Бектұров. Қазақ тілі / Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис. Алматы – 2006. Атамұра /

  3. К.А.Бейсенбаева. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков / Фонетика. Морфология. Алматы-1994. Ана тілі/

  4. С.М.Исаев, Б.Х.Исмагұлова, А.Е.Тажмұратова, С.Ж.Баяндина. Сборник упражнений / Алматы – 1994. Білім /

  5. М.Ә.Қараев. Қазақ тілі / Фонетика. Лексикология. Морфология. Синтаксис. Алматы – 1993. Ана тілі /

  6. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі

  7. Методические рекомендации для работы над согласными в пении / Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консеватория. Алматы – 1990 /

  8. М.Серғалиев. /Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі / Алматы – 1996. /

  9. А.Жүнісбеков. Сингорманизм в казахском языке / Алматы – 1980. /

  10. Ж.А.Аралбаев. Вокализм казахского языка / Алматы – 1970. /


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет