Жұмыс бағдарламасы «Дискреттік және жоғары математика негіздері»



бет2/3
Дата12.12.2022
өлшемі35.16 Kb.
#467103
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
«Дискреттік ж не жо ары математика негіздері»

Мақсаты:
 Компьютерлік ғылымның теориялық фундаменті болып саналатын дискретті математика ақырлы сипаттағы құрылымдар қасиеттерін зерттейтін математиканың бір саласы болып саналады. Оның жедел қарқынмен дамуы есептеу техникасын, ақпаратты өңдеу, тарату жабдықтарын жасау және табиғатында ақырлы құрылымды модельдерді компьютерде бейнелеу қажеттігімен байланысты. Компьютерлерді жасау және пайдалану-программалау тілдері, ақпаратты өңдеу және тарату жабдықтары, автоматтандырылған басқару және жобалау жүйелері мамандарының зерттеу жұмыстары үшін дискретті математика әдістері негізгі құрал, ал дискретті математика тілі осы мәселелер бойынша пайдаланылатын ғылыми және техникалық тіл болып саналады.
Пәнді оқытудағы мақсат студенттерді ақпараттық технологияда кездесетін қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістермен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру. Студенттерде ақпараттану саласындағы проблемаларды дұрыс қою және шеше білуге қажетті теориялық фундамент қалыптастыру, логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу, программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дәлелдеуде модельдеуді пайдалануға дағдыландыру.
Міндеттері:
Пәндерді оқып-білудің негізгі міндеті – осы әзірленіп отырған жұмыс бағдарламасында көрсетілген барлық тақырыптарды, онымен байланысты түгел теориялық және практикалық мәселелерді оқып үйрену, сөйтіп жоғары да көрсетілген мақсатқа қол жеткізу болып табылады.



    1. Қалыптастырылатын құзыреттіліктер:

- айтылымдар және предикаттар алгебралары комбинаторика , буль функциялары, графтар теорияларының негізгі ұғымдарын және әдістерін білулері қажет;
- теоремаларды, дәлелдеу, формулаларды қорыту, ұсынылған әдебиетерді пайдалану, математикалық ұғымдарды формальді тіл арқылы сипаттау, алған білімдерін математиканың басқа салаларында: теориялық информатика, жасанды ақыл – ой теориясында, логикалық бағдарламалауда және т.б. қолдана білуі тиіс;

- Буль функциялары жүйелерінің толықтығын іс жузінде тексере білу, сипаттамалары бойынша Буль функцияларын құру, математикалық формулаларды формальді тілде жазу, әртүрлі қасиеттерді шекті графтарда тексеру, ақпараттарды кодтауда стандартты әдістерін қолдану, қарапайым сөйлемдер мен қасиеттерді өз бетінше құру және дәлелдеу


Орындай алу:
-теорияны қолданып, есептерді шеше білшу керек.
Дағдысының болуы:
-дискретті математика курсында берілген есептерді шешу және зерттеу әдістерін меңгере білу;
-алған білімдерін нақты жағдайларды қолдана білу.

    1. Пререквизиттер: Математикалық логика курсы алгебра және сандар теориясы, геометрия курстарымен байланысты.

    1. Постреквизиттер: Алгоритмдер теориясы”, “ЭЕМ және бағдарлау”, Логикалық бағдарлау” “Информатиканың теориялық негіздері”, “Жасанды ақыл-ой”.

    1. Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар: видеолекциялар, презентация, слайд, мультимедиялық матемариалдар.

    1. Педагогтің(тердің) байланыс құралдары:

Тегі, аты, әкесінің аты: Сатылхан Әлібек

тел.: +7 705 645 28 41

е-mail: alisatylkhan@mail.ru




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет